Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу, мүмкіндіктері мен жолдарын, мазмұнын анықтап, әдістемесін айқындау. Соның нәтижесінде оқушыларды өлке табиғатын қызғыштай қорғайтын адам етіп тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздерін анықтау.
Оқушылардың экологиялық білімділігін қалыптастырудың ұтымды жолдарын көрсету.
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
І бөлім: Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнының әдіснамалық- теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері және оның мазмұны ( психологиялық-педагогикалық проблема)....
1.2. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары. ...............................
1.3. Биология сабақтарында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, технологиясы және әдістемесі ................................
ΙΙ. бөлім. Эксперименттік-тәжірибе жұмысы жағдайында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдірудың әдістері

2.1.Тіршілік тынысы - өсімдік” атты сыныптан тыс факультативті модульдік сабақ
2.2.“Табиғатым - тағдырым” атты сыныптан тыс сабақты оқушылардың Көңілді тапқырлық клубы ретінде өткізу
2.3.«Гүлді өсімдіктерді қорғау» - өткен материалдарды қортындылау сабағы ( ойын технология элементермен)
2.4. «Өсімдіктер әлемі» - биологиялық ойын
2.5 «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ » ІЗІМЕН – экологиялық ойын
2.6 "ЭКОБІЛІМ" сайысы
2.7. Биология сабағында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістерін қолданудың нәтижесің тәжірибелік – педагогикалық талдау.

Қорытынды............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . ...................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип новый Эк.эдістемесі.docx

— 1.47 Мб (Скачать документ)

I топқа қойылатын сұрақтар:

1.Бөлінуге қабілетті ұлпа ?

2. Ұрық тамыршасынан пайда болған  тамыр қалай аталады ?

3. Органикалық заттар сабақтың  қай ұлпасымен жылжиды ?(cүзгілі түтіктер )

4. Өркен неден дамиды ? тұқымның  ұрық бүршігінен

5. Қандай жасушалардың  бөлінуінен сабақ  жуандап өседі ? (камбий )

6. Беде  өсімдігінің гүлшоғыры.( шоғырбас)

II топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Су және онда еріген минералды заттар , сабақтың қандай ұлпалары арқылы жылжиды ? ( түтікшелер )
  2. Өсімдіктің қай мүшесінде мынадай ұлпалар кездеседі : қабықша , өткізгіш , бағаналы , саңылау немесе лептесік ? ( жапырақта)
  3. Жапырақтың түсуіне не себеп болады ? ( температураның төмендеуі , күннің қысқаруы)
  4. Түйнек дегеніміз не? ( Түрі өзгерген жер асты өркені)
  5. Ұрықтанғаннан кейін  тұқымбастамадан не түзіледі?( Тұқым)
  6. Жүгері өсімдігінің гүлшоғыры ( собық )

III кезең. Қарама-қарсы сұрақ.Әр  топ өздері дайындаған сұрақтарын  бір – біріне қояды.

IVкезең. Ол кім бұл не? Ол кім сұрақтары.

  1. Өсімдіктану оқулығынан жазған ғалым. Ол кім? ( Ж.Кудерин )
  2. Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеп , 130 түрін ашқан ғалым .Ол кім?  ( Н.В.Павлов) 
  3. Қазақстанның зоотехнигі, малдың қолтұқымы қазақтық ақбас сиырын шығаруға қатысқаны үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын алған ғалым?(  Б.Мусин )
  4. Фотосинтезде хлорофиллдің рөлін алғаш сипаттаган ғалым ?                  ( К.А. Тимирязев )
  5. Жанартану оқулығын жазған ғалым ? ( Х.Досмұхамедов )
  6. Өсімдіктердің ұрықтану үрдісін ашқан ғалым ? ( С.Г.Намедов )
  7. Өте ұсақ майда ұяшықтарды микроскоп арқылы көріп , жасуша деп атаған ғалым ?( Р.Гук )
  8. Жасуша теориясының негізін салған ғалымдар (  Т.Шванн.,М.Шлейден)
  9. 6- сынып биология биология оқулығының авторлары ( Қ.Жұмағұлова ,К.Жүнісқызы , Р. Әлімқұлова )
  10. Ең  алғаш жарық микроскобын ойлап тапқан ғалымдар ( Янсендер )

Бұл не сұрақтары.

  1. Үстіне тігіп көк шатыр , астында қызғылт дәу жатыр  ( қызылша )
  2. Біреу бердім , көп қып тердім ( тұқым немесе дән )
  3. Атасы қисық ағаш , анасы жайма шелпек , бір сабақта құж-құж жентек( жүзім )
  4. Жерде жатып желіндейді , күз түскенше желінбейді , үндеместен төлдеп жатыр, су беріңдер шөлдеп жатыр.  ( Қауын, қарбыз )
  5. Куннен көзін алмайды , мойны бірақ талмайды ( күнбағыс )
  6. Ақ көйлекті , көк желек , орманда орны бір бөлек , әннің аты деседі , сызды жерде өседі ( қайың )
  7. Дауылға нық күшті , ағаштың мықтысы ( қарағай )
  8. Жасыл болып жыпырлап өнеді , сары болып үзіліп түседі  ( жапырақ )
  9. Күн нұрымен піседі , , уылжып қолға түседі ( жеміс )
  10. Ең ұзын сабақты өсімдік (  ротанг пальмасы ұзындығы- 200-300 м )
  11. Тіршіліктің қуатын , өз бойына жинайтын , жинай- жинай азықты , адамзатқа сыйлаймын ( өсәмдік )

Vкезең. Ти кестесін толтыру. Музыкалық сәлемдеме

Өсімдіктердің маңызы

Өсімдіктерді қорғау шаралары

   

 

VI кезең. Сөздіктер  сыр  шертеді . Жаңа сөздердің мағынасын ашу.

Микроскоп , жасуша , саңылау немесе лептесік , жасунық, түрөзгеріс, жүйкеллену , фотосинтез, тозаңдану, ұрықтану, гүлсерік, қосжынысты, бір үйлі, эндосперм, жұмыртқа, спермий, дара жынысты.

VII Кезең. Ой толғаныс . мына заттарды  топырақ, су, өсімдік қатыстырып, эссе жазу. Берілетін уақыт – 7 минут . Музықалық сәлемдеме.

VIII Кезең. Гүл формуласы. Гүлдің атын атап , формуласын жазып, талдау жасау.

IX Кезең.  Мақал – мәтел сайысы. Әр топ өздері дайындап келген мақал – мәтелдер арқылы сайысқа түседі , қай топ тоқтап қалса, сол топ жеңіледі.

Өсімдік табиғат қазынасы демекші, табиғат адам бойына қуат, көңіліне шабыт беретін бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, өніп – өсер мекені екені баршамызға мәлім.

Олай болса табиғатты сүю, оның байлығы мен тіршілігін сақтау әрбір адамның міндеті.

 

 

       2.5 «ХХІ  ҒАСЫР  КӨШБАСШЫСЫ » ІЗІМЕН – экологиялық ойын

 

 Апталықтың ұраны:  «Киелі табиғатты аяла, сүй Компьютерлік сауаттылықты санаңа құй».

     Осы апталық кезеңінде 8-9 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр  көшбасшысы» ізімен өткізілген  сыныптан тыс шараның үлгісін  ұсынып отырмыз.

Сыныптан тыс өткізілген шара география, биология, информатика, қазақ тілі пәндерімен байланыста төмендегідей жоспармен өткізілді.

  • Бәйге.
  • Тіл өнері.
  • Көкпар.
  • Ғажайып төрттік.
  • Кім шапшаң?
  • Лездеме сұрақ.

Жүргізуші. Ежелден халқымыздың «Қына тастан, ақыл тастан шығады» деген ұлағатты сөзі бар емес пе? Еліміздің болашағы білімді жастар. ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры. Олай болса, қазіргі заманның талабына сай білгеннің үстіне біле беруіміз керек. Осы мақсатта өткізгелі отырған сайысымызға қош келдіңіздер.

Бәйге.

1. Дүние жүзіндегі  ең үлкен арал. (Гренландия)

2. Жер шарын  бірінші аралап шыққан саяхатшы. (Магеллан)

3. Қайта қалпына  келетін табиғат ресурсы. (Биологиялық)

4. Excel-де кез келген формула қандай таңбамен басталады. (=)

5. Дүние жүзіндегі  ең биік сарқырама. (Анхель)

6. Логикалық  амалдарды атаңыз. (Конъюкция, дизъюкция,

терістеу)

7. Кабул қай  мемлекеттің астанасы. (Ауғанстан)

8. Позициялық  емес санау жүйесі. (Римдік)

9. Аустралияның  байырғы тұрғындары тіліндегі  түсінбедім 

дегендегі аң аты. (Кенгуру)

10. Павлодар  облысындағы көмір алабы. (Майбүбү)

11. Израиль  мемлекетінің астанасы. (Тель-Авив)

Тіл өнері.

Малды ауылды торыған

Малшы малын қорыған

Құйрығын жымып жорытқан

Аңшыдан қатты қорыққан(Қасқыр – волк - walt)

 

Тиіскенді түйірген,

Киімі бар инеден     (Кірпі – эжик – hedgehog)

 

Басын жер астына тығып жатыр,

Шашы жер бетіне шығып жатыр    (Сәбіз - морковь – carrot)

 

Байланған желісі бар,

Жайылар өрісі бар

Жесең жұмсақ жемісі бар (Қарбыз – арбуз – melon)

 

Жарқырап шықты алыс жол жүріп,

Қараңғыға бұқты (Күн – солнце – sun)

 

Тоқыған ауы

Шыбын-шіркейдің жауы  (Өрмекші – паук - spider)

 

Көкпар.

1. Балапандарын сүтпен асырайтын  құс?

А) көгершін

Ә) аққу

Б) бүркіт

2. Ксероксты ойлап тапқан ғалым?

А) Джон фон Нейман

Ә) Ч.Карлсон

Б) Р.Декарт

3. Дәнінде йод элементі бар  жеміс?

А) алма

Ә) алмұрт

Б) шие

4. Адамның қанына құрамына темір  элементін жеткізетін жеміс?

А) алма

Ә) алмұрт

Б) анар

5. Белоруссияның астанасы:

А) Минск

Ә) Киев

Б) Рига

6. Дүние жүзіндегі ең биік  шың?

А) Хантәңірі

Ә) Джомалунгма

Б) Коммунизм

7. Аталғандардың қайсысы дыбысты  тез естиді?

А) адам

Ә) ит

Б) мысық

8. Ең ірі ескек аяқты сүтқоректі

А) морж

Ә) кит

Б) тюлень

Ғажайып төрттік.

Бұл бөлімде оқушылар қосымша мүмкіндік ала алады. Алған жағдайда ұпайдың жартысына ғана ие болады.

Тамаша табиғат

2

4

6

Ғажайып елдер мекені

2

4

6

Ақпараттық технология

2

4

6

Өсімдіктер әлемі

2

4

6


 

Тамаша табиғат (2 ұпай). Ұшып келе жатып жеміне қарай самғаған кезде сағ.300 шақырым одан да көп жылдамдықпен зулайды. (Қосымша көмек. Ол құстардың ішіндегі ұшу шапшаңдығы жөнінен «ең рекордшы құс» атағына ие болған.)                  (Сұңқар)

(4 ұпай). Оның биіктігі 2,5 метр, салмағы 120 кг. Олардың жұмыртқасы да өте  ірі. Ол сағатына 70 шқ. Жылдамдықпен  жүгіреді. (Қосымша көмек, Ол африкада мекендейді).          (Страус)

 

(6 ұпай). Оның ұзындығы 30 метр, салмаға 150 мың кг. Оны тіпті бес қабатты  үймен салыстыруға болады. (Қосымша  көмек, ол дүние жүзіндегі алып  жануар).                                               (Көк кит)

 

Ғажайып елдер мекені (2 ұпай). Қара, Жерорта, Эгей теңіздерімен көмкерілген ел. Жер аумағы 814 578 шқ, халқының саны 60 млн. (Қосымша көмек. Оның астанасы Анкара).                  (Түркия)

 

(4 ұпай). Ол елдің халқы үйлеріне  көп дүние жинамайды, үй ішінде  шұлықпен немесе жалаң аяқ  жүреді. Тамақты еденге дастархан  жайып ішеді, ұйықтарда да еденге  жатады. (Қосымша көмек. Күн елінде  орналасқан үлкен державалардың  бірі).             (Жапония)

 

(6 ұпай). Орталық Еуропада орналасқан  біздің ұлтымызбен астасын жатқан  ел. Оның тілі қазақ тіліне  өте ұқсас. Үлкен қалалардағы  Икарус автобустары сол елде  жақсы дамыған. (Қосымша көмек. Астанасы  Будапешт)                                                          (Венгрия)

Өсімдіктер әлемі (2 ұпай). Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Емдік қасиеті жағынан Орта Азияда ертеден белгілі болса, Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады.

Түйетабандар тұқымдасына жататын жағымсыз иісті, улы өсімдік. (Қосымша көмек. Халқымыз «пәле жаладан сақтасын»- деп түтінімен аластайды).                                                          (Адыраспан)

 

(4 ұпай). Тамыры, сабағы, жапырағы болмайтын  паразит өсімдік. Жабысқақ тұқымдарына  жіңішке жіпшелер өсіп шұғып, басқа ағаштың діңдері мен  тамырларын  орайды да, біртіндеп  өсе бастайды. Ұзындығы 90 см, кейбір  үлкен түрлері 1 жастағы баланың  салмағындай болатын ең үлкен  гүл. (Қосымша көмек. Ғалымдар оны  Британ губернаторы Томас Стемфорд  Раффлездің құрметіне атаған).                                                                    (Раффлезия)

 

(6 ұпай). Бұл өсімдік фотосинтез  үрдісінде түзілетін, қоректік заттардан  басқа бунақденелілермен және  ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Оларды ол түрін өзгерткен  аушы жапырақтары арқылы аулайды. Әдемі түсі, жағымды иісімен бунақденелілерді  өзіне тартып, жапырақ бетін бірден  жайлап алады. (Қосымша көмек. Жапырақта  ерігіш ферменттер бөлініп, бунақденелілерді  қорытады. Жыртқыш өсімдік).                                                             (Шыбынжұт)

 

Кім шапшаң? Қалған екі оқушы комьпютерде уақытқа мәтін тереді.

Лездеме сұрақ.(Бірінші жағы оқылады, екінші жағын оқушы тез айтуы қажет).

 

А- нұсқасы

 

1. Ақ тұңғиық-гүл

2.Гренландия-арал

3. Мариян – шұңғыма

4. Х.Колумб – саяхатшы

5. Ганг – өзен

6. Аустралия – материк

7. Греция-мемлекет

8. Киев-Астана

9. Беринг-бұғаз

10. Керік-жануар

11. Құлпынай – жеміс

12. Карпат-тау

 

Ә-нұсқасы

 

1. Анхель – сарқырама

2. Африка – материк

3. Анд -  тау

4. Чад – көл

5. Кірпікшелі кебісше- жәндік

6. Амазонка- өзен

7. Тайланд-мемлекет

8. Ереван- Астана

9. Охот-теңіз

10. Кенгуру-жануар

11. Қарақат – жеміс

12. Гибралтар- бұғаз

Оқушылардың білімге деген қызығуын ояту және ойын нақты жеткізе білуге үйрету мақсатында өткізілген іс-шара өз дәрежесінде өтті.

 

                                                                        

    2.6 "ЭКОБІЛІМ" сайысы

 

Тірі ағзалардың бір-бірімен қатынасы, олардың қоршаған ортамен байланысы, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды, биологиялық микро және макроэкожүйелерді зерттейтін ғылым - экология туралы өткен тарауды қайталау сабағын сайыс түрінде өткіздім.

 

Барысы:

1. Ұйымдастыру  бөлімі.    5. Логикалық ойлар.

2. Сайысқа  дайындық тренингі.   6. Ойтолғаныс.

3. Ол кім, бұл не?     7. Бейнет түбі - зейнет.

4. Адасқан  әріптер.     8. Қорытынды.

 

1. Ұйымдастыру

Мұғалім. Айналамызда болып жатқан жағдайлардан үнемі хабардар болып, тіршілікте болып жатқан кереметтерге кейде таңқалуға болады. Еліміздегі экологиялық проблемалар әлі де өз шешімін табар емес.  Ал, біздің бүгінгі сайысқа қатысушы оқушылар алдағы сындар сұрақтарынан қалай өтер екен? Олардың экология туралы білімдері қандай дөрежеде екен? Осыны байқау максатында ұйымдастырылып отырған "Экобілім" сайысын бастаймыз.

 

2. Сайысқа дайындық  тренингі.

Сіздердің есте сақтау қабілеттеріңізді байқау мақсатында "Суретті тренинг" өткізіп көрелік. Сіздерге әртүрлі 15 сурет көрсетіледі. 1 минут ішінде қарап, алған   суреттеріңізді қағазға салып шығу қажет.

Информация о работе Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі