Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу, мүмкіндіктері мен жолдарын, мазмұнын анықтап, әдістемесін айқындау. Соның нәтижесінде оқушыларды өлке табиғатын қызғыштай қорғайтын адам етіп тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздерін анықтау.
Оқушылардың экологиялық білімділігін қалыптастырудың ұтымды жолдарын көрсету.
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
І бөлім: Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнының әдіснамалық- теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері және оның мазмұны ( психологиялық-педагогикалық проблема)....
1.2. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары. ...............................
1.3. Биология сабақтарында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, технологиясы және әдістемесі ................................
ΙΙ. бөлім. Эксперименттік-тәжірибе жұмысы жағдайында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдірудың әдістері

2.1.Тіршілік тынысы - өсімдік” атты сыныптан тыс факультативті модульдік сабақ
2.2.“Табиғатым - тағдырым” атты сыныптан тыс сабақты оқушылардың Көңілді тапқырлық клубы ретінде өткізу
2.3.«Гүлді өсімдіктерді қорғау» - өткен материалдарды қортындылау сабағы ( ойын технология элементермен)
2.4. «Өсімдіктер әлемі» - биологиялық ойын
2.5 «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ » ІЗІМЕН – экологиялық ойын
2.6 "ЭКОБІЛІМ" сайысы
2.7. Биология сабағында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістерін қолданудың нәтижесің тәжірибелік – педагогикалық талдау.

Қорытынды............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . ...................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип новый Эк.эдістемесі.docx

— 1.47 Мб (Скачать документ)

       Оқушылардың табиғатты қорғауға  тәрбиелегенде оның адам денсаулығын  нығайтудағы материалдық және  рухани тәрбиелік әсері бөлекше. Көптеген мәтін адам денсаулығының  қайнар көзі таза су, ауа, күн  нұрының шипалық қасиетін, қозғалыс, орман-бақтарындағы, мектеп учаскесінде дене еңбегі, практикалық жұмыстар организмді шыңдаушы екендігін, әрі табиғатқа пайдалы екенін, табиғат байлықтарын қорғауға керек екендігін танытсын, 2-ші бір мәтіндер табиғаттың әсем көріністеріне сүйсіну, қуану, рахат сезіміне бөленуге және жаңа күш беріп, денсаулығын нығайтуға көмектеседі. Бұндай мазмұндағы тақырыптардың тәрбиелік мәнін аша отырып оқыту – табиғаттың адам организмін сауықтырушы, денсаулығын қамтамасыз етуші ұлы емші екендігін білдіред

Биология өзіне тән пәндік қасиеті мен тәрбиелік жағынан басты ерекшелігі –оқушылардың эмоциялық сезімін тудыра отырып, болмысты, қоршаған дүниені адамгершілік – эстетикалық тұрғыдан танытуы. Сондықтан  балаларға экологиялық тәрбие беруде биология пәні олардың табиғат қорғау, оған сүйіспеншілігін, жауапкершілік, ізгілік қатынасын қалыптастырудағы ең басты жетекші  саласының бірі болып табылады.

Жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарында білім беру заңының негізгі бағыттарына сәйкес 1993 жылғы оқу жылынан бастап пәндерді экологияландыру мәселесі біртіндеп іске асырылып білім беретін жалпы, орта және кәсіптік білім беретін оқу орындарының  жүйесі бойынша экологиялық білім мен тәрбие беру белгіленіп отыр.

Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеттерін шешуде орта білім беретін мектептің соның ішінде биология пәндерінің алатын орны ерекше.

1.Оқушыларды өзінің туған өлкесін сүюге, табиғи ортасын аялауға, туған өлкесіне жанашырлық сезіммен қарауға үйрету, оларды табиғат байлықтарын қорғауға деген сезімін қалыптастыруға машықтандыру.

2. Оқушыларды экологиялық саналыққа  тәрбиелеу, оларды табиғи ортада өзін-өзі ұстау ережесімен қаруландыру.

3. Оқу процесінде оқушыларға экологиялық түсініктер мен ұғымдарды оқып, үйрету, қоршаған ортаның өзгеру себептері, оның тіршілік атаулыға әсері туралы тиянақты білім негіздерін қалыптастыру.

Бұл орайда оқушыларға табиғи орта – тіршіліктің қайнар көзі, адамзаттың тіршілік ортасы, оның күш-қуаты мен денсаулығының кепілі екендігін ұғындыру, табиғат заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан саралау. Бұл заңдылықтар адамзат ұрпағының рухани дамуына бағыт-бағдар сілтейтін басты факторларының бірі, себебі, адамның эстетикалық, этикалық, интеллектуалдық  талғамдарын табиғи ортамен қарым-қатынас жағдайында ғана жүзеге асатындығын оқушыларға түсіндірудің маңызы зор.

Экологиялық білім беру жүйесінің міндеттерін шешуде орта білім беретін мектептің алатын орны зор. Оқушылардың бойында мектептен бастап экологиялық тәрбиенің негіздері, экологиялық мәдениет, табиғи ортаға деген жауапкершілік, адамгершілік сезімдері қалыптасады. Оқушыларға экологиялық білім мен  тәрбие беруде мектептердегі жеке пәндердің орны ерекше. Солардың ішінде экологиялық білім мен тәрбие берудегі бастапқы сатының бірі – дүниетану курсы.

     Оқушыларға экологиялық тәрбие  беру – дүниетануды оқытуда маңызды міндеттердің бірі болуы тиіс. Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар үшін өз өлкесінің табиғатын қорғау жөнінде нақтылы шаралар белгілеп, әрбір тақырыпты оқытуда оқушылардың экологиялық білімін қалыптастырып отыру қажет.

       Оқушыларға тәрбие беруге ықпал  етумен бірге, олардың қоршаға  ортаға деген жауапкершілік сезімдерін  қалыптастырудың үлкен маңызы  бар. Мұғалім балаларды қоршаған  ортамен, табиғаттағы адамдардың  еңбек әрекетімен таныстыра отырып, оқушылардың назарын адам әрекетінен  болып жатқан өзгерістерге айрықша аударуы, оның қандай пайдасы мен зияны болатынына көздерін жеткізеді.

Табиғат пен адам қашанда қарым-қатынаста, үнемі байланыста болады. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Адамның тіршілік әрекеті табиғатқа әсер етеді. Табиғатта кездесіп жатқан өзгерістердің көбі адам қолымен жасалады. Соның ішінде табиғатқа зиян келтіретін келеңсіз әрекеттер де баршылық. Олар ауаның, судың ластануы, өсімдіктер санының азаюы, топырақ құрамының өзгеруі, т.б. Осы өзгерістердің барлығы адам өміріне, денсаулығына әсер етеді. Табиғат пен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялық апаттарға әкеледі.

 Жеке оқушыны жан-жақты дамыту және тәрбиелеу ісінде сабақтан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор, тек осы жағдайда нәтижеге жетуге болады. Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар мазмұндары бірін-бірі ұдайы толықтырып, дамытып отыруы қажет. Белгіленген жоспар бойынша жүргізілетін сабақтар әр уақытта оқушыларды қызықтыратын, ойландыратын, экологиялық проблемаларды жан-жақты ашып көрсете алмайды. Сондықтан сабақта өтілген материалдарды тереңдетіп оқып-үйрену үшін сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің маңызы зор.

    Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу және оған дайындық барысы.

Оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапйым тәжірибелер жасай білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқуына мүмкікдік жасау қажет. Сыныптан тыс жұмыстар да туған өлкенің экологиялық жағдайы туралы ғылыми хабарламалар көбірек қамтылуы тиіс. Қазіргі кезде Үкімет тарапынан, ғалымдар мен білім саласы қызметкерлерінің экологиялық білім мен тәрбие беруге үлкен көңіл бөлуі, оның ғаламдық проблемалар қатарынан орын алып тұрғанын дәлелдейді. Себебі, қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түскені бәрімізге мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Әсіресе, ХХ ғасырдың  екінші жартысынан бастап адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдардың, өндірістің көлемін арттырады,жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. “Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз” деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан табиғи өзгерістер мен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекеттік деңгейде кең көтерудің қажеттігі осыдан туып отыр.  Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігін және оны тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Экологиялық және табиғатты қорғау Заңдарын жетілдіру оларды бұлжытпай орындау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту, қоршаған ортаның табиғаты мен адам денсаулығының үйлестігін арттыру, экологиялық жағдайлар жайлы мәліметтердің халыққа жетуін қамтамасыз ету. Үздіксіз экологиялық білім берудің негіздері қазақ халқының табиғатпен қарым-қатынас үстінде туған тарихи көзқарасы мен салт-дәстүрінен бастау алады. Көшпелі тұрмыс кешкен қазақтар өзінің бүкіл тыныс-тіршілігін табиғатпен байланыстырған. Оны аялап, аң-құсына дейін киелі санап, өзен, су бойын таза ұстаған.

Орта  және жоғары білім беретін оқу орындарының аса маңызды міндеттерінің бірі – болашақ жас ұрпақтарға экологиялық ғылыми негіздерін тереңдете, тиянақты түрде беру, оларды практикада қолдан білуге дағдыландыру, экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастыру болып табылады.

Білімді игерудің жан-жақты тәрбиелік астарын жоғары бағалаған орыстың атақты педагогы Н.И.Пирогов: «Ғылым мен мәліметтер – игеру үшін ғана емес, онда аса маңызды элемент – тәрбиеленушілік жасырынып жатады, кім оны өз мақсатына пайдалана алмаса, онда ол ғылымның барлық қасиетін білмегені және үлкен жүктерді көтере алатын тұтқаны өз қолынан түсіріп алғаны», - дейді.  Сондықтан әрбір ұстаз өз пәнінің экологиялық тәрбие берудегі осы тұтасқан дәл тауып, оны қоғам қажетіне сай пайдалана алуы тиіс.

Экологиялық тәрбие беру мақсаты тәжірибелік – педагогикалық жұмыс тәрбие теориясы мен дидактикасының соңғы жетістіктеріне сүйене отырып жүргізіледі.

Дидактика мәселесін зерттеушілер Ю.Н.Бабанский, Р.Г.Лемберг, И.Ф.Харламов, И.П.Подласый, А.И.Ильина, А.Д.Хмель, Б.Р. Айтмамбетова, А.А. Бейсенбаева, Ж.Б.Қоянбаев және т.б. оқытудың тәрбиелік рөлін күшейту және сабақтың ерекше кең тәрбиелеушілік,  дамытушылық өрістермен астасып, және адамды қалыптастыруды кешенді тұрғыдан шешуі тиіс деген теориялық пікірлерін  басшылыққа алдық.

Мектептерде оқушыларға экологиялық тәрбие мен білім берудегі пәндердің ішінен бастапқы курс биология екеніне көз жеткіздік.

Биология пәнінің экологиялық тәрбие берудегі мүмкіншіліктеріне тоқтала кетеміз:

1.Оқушыларға экологиялық проблемаларға байланысты сұрақтарды, табиғи ресурстарды қорғау, қоршаған ортаны танып білуі, оны жақсарту, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру,оның  мәнін ашып көрсету.     2.Оқу  материалдарының экологиялық мазмұнға, экологиялық талапқа сай келуі.

3.Оқу материалдарының оқып үйренуге оқушы жастардың практикалық іс-әрекеттердің ұйымдастырылуы.

Биология курсының экологиялық білім беруі мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

 1.Экологиялық түсініктерді тереңірек оқып үйрену.

2.Оны қолданудың тәсілдері және оларды сипаттау.

3.Экологиялық түсініктерді қалыптастыруда күнделікті өмірмен байланысты қолдану.

Биология курсы арқылы экологиялық тәрбие берудің түрлі жолдары бар. Олар:

1. Оқу үрдісінде  пән аралық байланыстар арқылы  тәрбие беру әдістері. 2. Сыныптан тыс жұмыстарда студенттердің оқушыларға экологиялық тәрбие беру жүйесі.

Жалпы алғанда, экологиялық білім–барлық халықтың, соның ішінде оқушылардың дүниетанымы мен көзқарасына, мәдениетіне терең бойлауды қажет ететін адамгершілік құндылықтарының проблемасы. Бұл құндылықтарға табиғатқа және тіршіліктегі барлық көріністерге деген аялы сезім, табиғатты қорғау қажеттілігіне деген ішкі сенім жатады.

Оқушылардың экологиялық білім мазмұны нақты шарттар арқылы (мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік), жүзеге асырылады:  мазмұндық – тұжырымдама негізінде жасалған бағдарламалар,  оқулықтар мен құралдар жасаумен айқындалады; Ұйымдастырушылық - оқу–тәрбие процесінде әртүрлі жүмыс формаларын, әдіс–тәсілдерді, амал– жолдарды пайдаланумен айқындалады;  әдістемелік – ғылыми тұрғыда негізделген жұмыстарды практикада қолданумен  анықталды.

Оқушыларға экологиялық білім беру тұжырымдамасы экологиялық білім мазмұнын дұрыс жүзеге асыруға бағдарлайды.

Экологиялық білім мазмұнын жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі оқушылардың экологиялық білім, іскерлік, дағды, әдеп деңгейін арттырады, экологиялық мәдениетін жетілдіріп, қоршаған ортаны қорғауға бағыттайды.

Егер, оқушылардың экологиялық білім мазмұны теориялық -әдіснамалық тұрғыдан дәлелденіп, арнайы тұжырымдама негізінде жасалған тиімді әдістеме арқылы жүзеге асырылса және оқу - әдістемелік кешенмен қамтамасыздандырылса, оқушылардың экологиядан білімі артып,  практикалық іскерлігі мен дағдысы шыңдалады, дүниетанымдық, адами -  эстетикалық көзқарасы қалыптасады, өйткені, бірегей табиғатты сақтау әр оқушының тікелей экологиялық мәдениетіне, табиғатты қорғаудағы сауатты көзқарасына байланысты.

Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиенің табиғаттың қатысында, табиғат арқылы берілуіне байланысты екендігін бүгінде ғылыми педагогикалық  зерттеулер дәлелдеп отыр. Табиғатпен қарым – қатынас баланың ойлау, есте сақтау, бақылағыштық қабілеттеріне, сана – сезімінің жылдам өсіп жетілуіне, түйсігіне т.б. оңды әсер ету мүмкіндігі шексіз. Сондықтан да қоғамның қазіргі талабы - әрбір адамның экологиялық сауатты, мәдениетті болуы. Осы тұста білім саласының барлық буынына экологиялық мазмұнның берілу қажеттігі туындайды. Қажеттілік экологиялық білім беру мәселесін шешуді төменнен жоғарыға  қарай  жүргізілуін, оны жеке пәндермен ғылыми негізде ұштастыра және тәжірибе жүзіне дамыта оқыту барысында, барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланумен байланыстырады.

Экологиялық білім берудің негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабілетін дамыту, теориялық білімдерін іс жүзіне қолдана отырып, шығармашылық жұмыстар жүргізу, өз бетімен ізденіп зерттеулер жүргізуге баулу қажет.

  Экологиялық білім мен тәрбие беру бірін-бірінен ажыратуға болмайтын егіз дүние. Ол:

                                Осы схеманы пайдалана отырып әр оқытушы тақырыпқа сәйкес сабақтан тыс іс-шаралар міндетті түрде өткізуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ΙΙ. бөлім. Эксперименттік-тәжірибе жұмысы жағдайында оқушылардың экологиялық  мазмұнды жетілдірудың әдістері

 

2.1. “Тіршілік тынысы - өсімдік” атты сыныптан тыс факультативті модульдік сабақ

 

“Тіршілік тыныс өсімдік” атты сыныптан тыс (7 сынып оқушыларынан жинақталған ) топ оқушыларымен факультативті  сабақ жүргізілді. Сабақтың қысқаша көрінісін ұсынып отырмыз:       “Тіршілік тынысы өсімдік” - атты факультативтік сабақ модулі.  Сабақты өткізу барысында жалпы  білімділігі: Өсімдіктің тіршілік тынысы екенін дәлелдеу, өсімдік мүшелері, өсімдікке қажетті орта жағдайлары мен олардың түрлерін анықтау туралы түсінік беру.    Дамытушылығы: Оқушылардың өсімдіктер әлемі туралы білімін тереңдету.

Тәрбиелілігі: “Өсімдіксіз тіршілік жоқ” өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу мақсатында қолданылған бұл сабақтардың бірі. 5- сабақ –“Өз бетіммен ізденемін” ойыны арқылы жүзеге асады.

Сабақтың тақырыбы: “Өсімдік - өндіруші”

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің табиғатқа О2 өндіретінін дәлелдеу, оның да онтогенез процесінен өтетінін түсіндіру. Өсімдік мүшелері мен олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Өсімдік көп түрлілігімен таныстыру. Оқушылардың өсімдіктер туралы білімін дамыта отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер.  Оқушылардың  өзіндік эмблемалары, және парталарға қойылаьын нөмірлері. Оқушылардың өздері даярлаған гербарийлері, тірек-сызбалары, жұмбақтары. 4 топқа берілетін ойлан тап сұрақтары.

Сабақтың әдіс – тәсілі  “Өз бетіммен ізденемін” оқыта-үйрету ойыны, топтармен жұмыс жүргізу.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Кіріспе

2.Өткен сабақпен байланыс

3.Жаңа сабақ сыныпты 5 топқа бөлу. Ойын шартымен таныстыру. Әр топ тапсырмалар қойылған парталарға отырады. Әр топ өз тапсырмаларына 5-10 минут дайындалады. Топтар парталарын ауыстырады. Мұғалім, және әр топтан сайланған комиссия тапсырмаларды тексереді.

Ойынның 1-ші нәтижесі жарияланады.

Жаңа партада әр топ ретімен өз тақырыбын әңгімелейді. Ал қалған топтар сыншы, талдаушы рөлін атқарады.

ІІ айналым.

Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына  қайта оралады. Әр топтан бір оқушы шығып, тақтада өз тақырыптарын әңгімелейді. Әр топтың тірек-сызбалары, суреттер тақтада ілініп тұрады.А тобының тірек-сызбасы.

Тұқымынан өнеді.

 

 

Информация о работе Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі