Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 10:51, курсовая работа
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу, мүмкіндіктері мен жолдарын, мазмұнын анықтап, әдістемесін айқындау. Соның нәтижесінде оқушыларды өлке табиғатын қызғыштай қорғайтын адам етіп тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздерін анықтау.
Оқушылардың экологиялық білімділігін қалыптастырудың ұтымды жолдарын көрсету.
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
І бөлім: Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнының әдіснамалық- теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері және оның мазмұны ( психологиялық-педагогикалық проблема)....
1.2. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары. ...............................
1.3. Биология сабақтарында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, технологиясы және әдістемесі ................................
ΙΙ. бөлім. Эксперименттік-тәжірибе жұмысы жағдайында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдірудың әдістері
2.1.Тіршілік тынысы - өсімдік” атты сыныптан тыс факультативті модульдік сабақ
2.2.“Табиғатым - тағдырым” атты сыныптан тыс сабақты оқушылардың Көңілді тапқырлық клубы ретінде өткізу
2.3.«Гүлді өсімдіктерді қорғау» - өткен материалдарды қортындылау сабағы ( ойын технология элементермен)
2.4. «Өсімдіктер әлемі» - биологиялық ойын
2.5 «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ » ІЗІМЕН – экологиялық ойын
2.6 "ЭКОБІЛІМ" сайысы
2.7. Биология сабағында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістерін қолданудың нәтижесің тәжірибелік – педагогикалық талдау.
Қорытынды............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . ...................................................
Олар:
Қазіргі кездегі экологиялық жағымсыз дағдылардың пайда болуы адамдардың экологиялық сауатсыздықтарының нәтижесі деп есептеу орынды. Экологиялық білім мен тәрбиелеу мәселелрі жалпы білім берудің элементі ретінде оқушыларға айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастырумен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады. Күннен күнге шиеленісіп келе жатқан экологиялық дағдарыстың қауіптілігі баршаға мәлім. Экологиялық білім берудің өмір талабынан туындайтын негізгі жеке экологиялық тәрбие беру істерімен ғана шектеліп қоймай, табиғатты үздіксіз қорғау, іс-әрекеттерін бір тізбекке біріктіру. Мұндай тәрбие жұмыстарының бір бөлігі, экологиялық оқу-ағарту қажетті білім, тұжырым түсінік, сенімдер қалыптастыруға бағытталады.
Қазақстан Республикасының академиясының академигі, профессор А.С.Бейсенова өзінің оқушыларға экологиялық білім беру тұжырымдамасында: “Экологиялық тәрбие ананың сүтімен берілуі тиіс...” деген философиялық көзқарастарын білдіреді. Одан әрі Қазақстанда көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің құрылымын, әдістемелік-педагогикалық негіздерін, оқу тәсілдерін ұсынып келеді. Экологиялық білімнің негізгі - мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады, ал экологиялық, тәрбиенің мақсаты, ғылыми, білім, көзқарас және сенім жүйелерін қалыптастыру болып есептеледі. Экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясы мен практикасында үш үлгісі қалыптасып келеді.
Біріншісі - көп пәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мазмұнына жеке бөлім, тақырып енгізіледі және бұрыннан бар тақырыптардың мазмұны экологиялық мәліметтермен байытылады.
Екіншісі - бір пәнді үлгі, орта мектептердің оқу жоспарына арнайы экология курсын енгізу арқылы жүзеге асады.
Үшіншісі - аралас үлгі. Мұнда экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылып, соңынан сол пәндерді біріктіріп, қорытатын арнайы пән бойынша оқытылады. Оқушыларға үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің құрылымдық жүйесі 1-ші суретте көрсетілген.
Сурет1. Оқушыларға үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің құрылымдық жүйесі
Экологиялық білім беру оқушыларға педагогикалық тұтастық тұрғыда әсер етеді. Осылайша сабақ беру барысында олар экологиялық мәселелерінің тұтастығын ғылыми негізде қабылдайды, табиғатпен қайта түлеген ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі нақты білім мен сарамандық тәжірибені, дағдыны меңгереді.
Табиғат пен қоғамның өзара жан-жақты байланыстығын бірте-бірте аша түсу әлеуметтік шындықтың тұтастығы мен дамуына оқушылардың көзқарсымен сенімін тұжырымдап бекітеді. Біртұтас байланыстың себеп-салдары туралы экологиялық білім, құрылымдық талдаудың жүйесі мен түсініктерді қорыту оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағыттылығын міндеттерді шешуші түбегейлі жақсарта түседі. Оқушылардың сезімі мен сенімін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық-психологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық аяушылық және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту барысында табиғатпен сырласуы жеткіліксіздеу болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке душар болуы. Психологиялық тұрғыдан экологиялық білім мен тәрбие беру дегеніміз мынаған саяды:
а) қазіргі кездегі қоғам мен табиғат арасындағы тәуелсіздіктің бүгінін терең түсініп, келешегін болжай білетін экологиялық сауатты адам тәрбиелеу. Ол үшін оқушыларды экологиялық ұғымдар жүйесін қамтитын біліммен қаруландырумыз керек;
ә) қалыптасқан білім деңгейіне сәйкес табиғи орта туралы жауапкершілік сезім, туған табиғатқа жалпы халықтық қазына деп қарайтын көзқарас пен табиғатты сақтау талаптарын ескере отырып, оқушылардың табиғаттағы жеке мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру;
б) экологиялық мәселелердің тұтастығын ғылыми негізде қабылдап, қоршаған ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі іс-әрекетті, дағдыны меңгеруі қажет.
Л.С. Высотскиидің ойынша, тәрбие процесі негізінде оқушының жеке қызметі алынуы тиіс, ал тәрбиешінің барлық өнері сол аталған қызметті реттеп, бағыттап отыруда ғана... Психологиялық тұрғыдан мұғалім тәрбиелеуші ортада тәрбиеленушімен өзара әрекет кезінде оның ұйымдастырушысы, реттеушісі және бақтаушысы. Әлеуметтік орта – тәрбие процесінің шынайы тетігі. Мұғалімнің қызметі сол тетікті меңгеру болып табылады. Айтылған ойдан шығатын психологиялық қорытынды: баланы қандай да бір қызметке, үйрету үшін оны қызықтыра біліп, осы қызметке дайындай білу қажет. Сол кезде оқушы өздігінен бар жан-тәнімен беріле орындайды да, қажет болған жағдайда ғана мұғалімнен керегін сұрап алады. Сонымен, экологиялық білім мен тәрбие берудің басты міндеті-әдейі және мақсатқа сәйкес балалардың мінез-құлық іс-әрекеттердің жаңа формаларын қолдана білу, яғни олардың экологиялық санасының дамуын жоспарлы түрде дамыту .
1.2. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары .
ХХІ ғасыр – инновация мен индустрияның заманы. Техника өзінің дамуымен бірге жер шарына түрлі экологиялық зиян да әкеледі. Одан алдымен адам баласы зардап шегеді. Ал кез келген экологиялық жағдайға адамның өздері алдын - ала дайын тұрғаны абзал. Экологиялық білім мен тәрбие қоғамның әрбір мүшесіне бағытталып, жалпы халыққа табиғатты қорғау және көркейту шарасын үйретуді көздейді, мұның түпкі мақсаты – табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін біріншіден, білім алушыға тәрбиеленушіге биология пәндерін негізге ала отырып, экологиялық білім беру керек, екіншіден, осы білімін табиғатты қорғау, көркейту ісіне бағыштай білуге тәрбиелеу қажет. Экологиялық білім берудің ең жүйелі де, ұтымды жолы - білім ордаларында пәндерді экологияландыру арқылы экологиялық мәселелерді түсіндіруді үйлесімді жүргізу, сонымен бірге арнайы экологиялық білім беретін курстарды қалыптастыру уақыт талабы.
Экологиялық білім мен тәрбие жас жеткіншектердің экологиялық санасының дамуын қамтамасыз етіп, жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің негізін қалайды, бұл бағдарламаның сызба нұсқасы.
Экологиялық білім – экологиялық тәрбие – экологиялық сана – экологиялық мәдениет – жалпы халықтық міндет. Биология сабағындағы экологиялық білім беру білім стандартына негшізделіп жүргізіледі.
Жаңа ғасырда экологиялықпән енгізіліп, типтік бағдарламасы жасалуы қажет. Сабақта экологиялық білімберудің бірнеше әдіс-тәсілдерін; табиғаттағыкөркемдікті сезіне білуге үйрету; қоршаған ортаның әдістерін байқау, бақылау, өлкетану жұмыстары арқылы зерттеу, зерделеу; қоршаған ортаның ластануы жайлы ғылыми материалды жинақтау; көгілдір экрандағы хабарларды пайдалану.
Биология курсында экологиялық білім мен тәрбие берудің басты жолдары:
-экологияның
білім жүйесін үздіксіз
-оқушылардың ойлай білу жүйесін қалыптастыру және оған экологиялық тұрғыдан қорытынды жасай білу;
-іздену мен
ғылыми-зерттеу жұмыстарының
-жергілікті
экологиялық проблемаларды
1. Дәстүрлі
емес сабақ формалары арқылы
әртүрлі экологиялық
2. Жекелеген
тақырыптарға арналған ғылыми
мазмұндағы экологиялық
3. Экологиялық
мазмұндағы қабырғалық
4. Эколог мамандармен кездесулер өткізу.
5. Өндіріс
орындарына экскурсия жасау
6. Өлкетану
бағытында аймақтық
7. Биология сабақтарындағы экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінде аймақтық компоненттерді пайдалану.
Мектептерде экологиялық мәселелерді танып-білудегі тиімді әдіс түрі – экологиялық мәселелерді ортаға салып талқылау арқылы пікір алмастыру, жарыссөз ұйымдастыру. Бұл оқыту әдісі қарастырылған материалды оқушыларға бір жақты беріп қана қоймай, осыдан туындайтын әртүрлі көзқарастарды бір жүйеге келтіруге және бірыңғай ой-пікірдің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Еліміздің жекелеген аймақтарындағы экологиялық мәселелер жөнінде, мысалы Семей полигоны, Арал аймағының экологиялық мәселелері, өнеркәсіптік қалалар мен жекелеген өндіріс орындарында қалыптасып отырған экологиялық мәселелер мен экологиялық проблемаларды шешуде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы 9-10 сыныптарда сайыс сабақтарын өткізіп, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан сараптама жасау оқушылардың экологиялық білмдерін жетілдіре түсері сөзсіз.
Биология сабақтарында экологиялық білім беру үрдісінде тұрлі көрсеткіш құралдарды қолданудың маңызы өте зор. Экологиялық білім берудің құрамдас бөлігі, ол оқушылардың табиғат пен тікелей қарым-қатынасынан туындайды. Мектептердегі биология курсын оқыту барысында туған өлкені танып –білу мақсатында ұйымдастырылатын өлкетану жұмыстары оқушылардың табиғатпен тікелей қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі мектептердегі басты міндеттердің бірі – оқушылардың экологиялық білімін көтеру, табиғи қорларды тиімді, саналы түрде пайдалану және жас ұрпақты жоғары деңгейдегі экологиялық тәрбиеге баулу. Экологиялық мәдениет көпшілік жағдайда экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің сапалық деңгейімен анықталады. Алайда мектеп биология курстарында қазіргі экологиялық мәселелерді шешу мен тәрбие берудің жолдары жан-жақты жеткілікті түрде беріледі деп айту қиын.
Қазіргі мектептердегі биология сабақтарындағы экологиялық білім беру барысында төмендегі міндеттер жүзеге асырылуы керек:
1.Қоршаған ортаны қорғау мен жақсарту шараларын жүзеге асыруда табиғатты және оны қорғау жөнінде оқушыларды ғылыми-танымдық білім негізімен қаруландыру.
2.Табиғи ортаға антропогендік іс-әрекеттердің тигізетін зиянды әсерлері мен оның көлемі ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар жөнінде түсінікті қалыптастыру.
Биология ғылымның салаларында әлі де жан-жақты зерттеуді қажет ететін жағдайлар кездеседі. Оларға сараптама жасай отырып, тиімді шешу жолдарын қарастыратын, білім мазмұнын жаңартуды көздейтін біртұтас жүйенің қажет екендігі түсінікті. Сондықтан 12 жылдық білім беруге көшуді қуана қуаттай отырып, ондағы жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мазмұнын жүеге асыруға тәжірибелі педагогтардың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері өте қажет.
Өйткені биология пәнінің әртүрлі салалары мазмұнының бірнеше ғылым негіздерімен байланыстылығы, оқыту жүйесінің басқа пәндермен сабақтастығы, білім мазмұнының жеке тұлғаның қалыптасуына тікелей бағдарлануы әлемдік тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беру жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылады. Оқушылардың ой-өрісін жан-жақты, жеке басын үйлесімді дамытуда экологиялық мәдениет комплексті тұрғыда қарастырылуы қажет. Мұны мұғалімдердің мектепте жүзеге асыруына мүмкіндік те мол экологиялық тәрбиені әр пәннен беруге болады. Оқушылар экологиялық тәрбие нәтижесінде адамдардың табиғи ортаға орнықты қатынаста болу қажеттігін түсінеді. Оқушылар адамдардың айналадағы табиғи ортаға ілтипатпен қарау негізгі қоғам байлығы болып есептелетін әрбір адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау екеніне көз жеткізеді. Сондықтан да қазіргі уақытта әрбір оқушыны айналадағы табиғи орта жағдайына жауапкершілік сезіммен қарап, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу көзделіп отыр. Оқушылардың экологиялық мәдениетін тек сонда ғана жоғары сатыға көтеруге болады.
Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты орта білім беру жүйесі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болады.
Адамның қоршаған табиғи ортаға саналы, ұқыпты түрде қарап, оның байлықтарын пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттігін түсінетін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын, оның заңдылықтарына бағынатын көзқарас қалыптастыру – біздің іс-шараларымыздың басты мақсаты.
Осы тұрғыда жасөспірімдердің келешек өмірлері қайнар бұлақтай мөлдір болу үшін экологиялық білім мен тәрбие беруде биология пәнінің мұғаліміне түсетін салмақ та ауыр. Сондықтан мемлекеттік стандарттық бағдарламаға сүйене отырып, биология пәнінен экологиялық білім берілуі бүгінгі таңда аса маңызды.
1.3. Биология курсында оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мазмұны, технологиясы және әдістемесі
Аға ұрпақтың еңбегімен
Информация о работе Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі