Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу, мүмкіндіктері мен жолдарын, мазмұнын анықтап, әдістемесін айқындау. Соның нәтижесінде оқушыларды өлке табиғатын қызғыштай қорғайтын адам етіп тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздерін анықтау.
Оқушылардың экологиялық білімділігін қалыптастырудың ұтымды жолдарын көрсету.
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
І бөлім: Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнының әдіснамалық- теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері және оның мазмұны ( психологиялық-педагогикалық проблема)....
1.2. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары. ...............................
1.3. Биология сабақтарында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, технологиясы және әдістемесі ................................
ΙΙ. бөлім. Эксперименттік-тәжірибе жұмысы жағдайында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдірудың әдістері

2.1.Тіршілік тынысы - өсімдік” атты сыныптан тыс факультативті модульдік сабақ
2.2.“Табиғатым - тағдырым” атты сыныптан тыс сабақты оқушылардың Көңілді тапқырлық клубы ретінде өткізу
2.3.«Гүлді өсімдіктерді қорғау» - өткен материалдарды қортындылау сабағы ( ойын технология элементермен)
2.4. «Өсімдіктер әлемі» - биологиялық ойын
2.5 «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ » ІЗІМЕН – экологиялық ойын
2.6 "ЭКОБІЛІМ" сайысы
2.7. Биология сабағында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістерін қолданудың нәтижесің тәжірибелік – педагогикалық талдау.

Қорытынды............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . ...................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип новый Эк.эдістемесі.docx

— 1.47 Мб (Скачать документ)

 



 

 

 

 

 

 




 



 


 

Б тобының тірек-сызбасы

 


 








 

 

 

Г тобының тірек-сызбасы


Д тобының тірек сызбасы


 


 



 


 

 

 





 

Әр топ жетекшілері сөйлеген кезде, мұғалімнің, сыншы, талдаушы топтарының сұрағына жауап  беріп қорытындылайды.

ІІІ. 1. Ойын “Мен сұраймын, сен ізден”

Екі топ бір-біріне кезек сұрақ береді, жауап қайтарады.

А-Б, Б-В,В-Г, Г-Д, А-Д, А-В,А-Г, А-Д.

2. Мақал –  мәтелдер айту. “Өсімдік туралы”

Сабақты қорытындылау.

1.Сұрақ-жауап.

2.Жұмбақтарды  шешу.

3.Мақал-мәтелдер  айту.

Оқушыларды оқытушы басшылығымен әр топ бірін-бірі өздерін өздері бағалайды.

   Модульдік  сабақты толығымен жүргізу барысында  табиғатты қорғауға арналған  класс сағаттарын, экскурсиялар, әңгімелер  өткіздік. Бірақ эксперимент жүргізбей  тұрып оқушылар өсімдіктердің  оттегі лабороториясы екенін  біле тұра, өсімдіктерді мақсатсыз  жұла беретінін мойындап, енді  оларды қорғайтындарын айтты.

 

2.2.“Табиғатым  - тағдырым”  атты сыныптан тыс сабақты оқушылар-дың Көңілді тапқырлық клубы ретінде өткізу

 

“Табиғатым  - тағдырым”  атты сыныптан тыс топ оқушыларымен Көңілді тапқырлар клубы өткізілді. Сабақтың қысқаша көрінісін ұсынып отырмыз:

Көңілді тапқырлар клубының тақырыбы: “Табиғатым  - тағдырым”            

Жер басып жүрген пенденің өмірінде еш нәрсемен алмастыруға болмайтын мәңгілік тірегі бар. Ол   - Табиғат!

Табиғат – арайлап атқан таң. Қызара батқан күн. Жарық аспан, жұлдызды түн. Самал жел, аптап ыстық, бет қарыған аяз. Жұтатын ауа, ішетін су. Біз басып жүрген киелі Жер, тіршілік көзі топырақ, өндіріс Жер қойнауындағы байлық. Жайқалған жасыл желек, ұшқан құс, жүгірген аң, жорғалаған жәндіктер т.б.

 Бір қызығы жер басып жүрген адамның басым көпшілігі осыны түсінеді, бірақ оған мән бермейді. Ал, шындыққа жүгінсек, адамзаттың баянды, қайғы қасіретсіз өмірінің тірегі тек қана табиғат.  Табиғат – адамды дүниеге келтіргендіктен, адам табиғаты “Ана” деп құрметтейді.

 Табиғат  арқылы халқымыздың мінез-құлқы  қалыптасып, бірте-бірте ондай қасиеттер  атадан –балаға, ұрпақтан-ұрпаққа  асыл мұра ретінде жеткізіліп  отырды.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

                         Дарқандықты қазаққа дала берген секілді.

                         Еркелікті ерікті желден алған  секілді,

     Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді-деп

Бүгінгі тәрбиелік сағатымызды “Табиғатым тағдырым” деп өткізудеміз. Өздерінің білімділігін, табиғатқа деген сүйіспеншілігін жан ашушылығын білдіріп, командалар атсалысу үстінде. Бүгінгі жарысымыздың басты мақсаты: он бір турдан тұрады. Екі командадан тұрады. Командалар аты.

1.Өсімдік командасы.

2.Табиғат командасы.

Таныстыру. “Табиғат” командасы:

                            Мектептегі біз боламыз 7 А

                            Біліміңді  7 Ә бізбен сынас

                            Апталыққа шақырамыз сіздерді

                            Биологияны оқығаның рас болса

  1. Эмблеманы таныстыру.

      Табиғат – күллі тіршілік атаулының  құтты қонысы. Адам – Табиғат  пен Жер – Ананың перзенті. Адамзат өзіне қажетті нәрсенің  бәрін табиғаттан алады. Табиғат  арқылы адамзат өзін рухани  және материалды қамтамасыз етеді. Сондықтан да Табиғат пен Жер  ананы сүйе білу аяулы адамзаттың  борышы, парасатты парызы. Біз командамыздың  атын сол себепті Табиғат деп  атадық.

Бәрі: 2030 – дың біз барысымыз,

         Жетістіккебастайды әр ісіміз

         Өркениетті елімді көркейтіп,

          Табиғатты аялау парызымыз.

4.Мақал-мәтел, жұмбақтар сайысы.

  1. Тау бұлағымен сәнді,

                                                  Көл құрағымен сәнді

  1. Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл
  2. Шөлді жерде ағаш қымбат,

                                                  Адамзатқа нағашы қымбат.

4. Құс патшасы – бүркіт

Аң патшасы – арыстан

5.Жел дауылды шақырады,

Бұлт жауынды шақырады.

6.Кімнің  жерін жерлесең соның суын  сула.

1. Үй ішінде  - үйі,

Жем тасиды жиі  (қарлығаш)

2. Көтеріліп  теңізден,

Аспанға биік барамын,

Биіктен қайта түскенде.

Өңі кірер даланың (жаңбыр)

3. Көлігі  жоқ көшеді,

Өзін кезбе деседі (бұлт)

4. Салынған  көпір керемет,

Қызығушы өте көп

Ал бірақ та не керек,

Кісі өтетін жолы жоқ.     (кемпірқосақ)

5. Сұм жүзді, құралай көзді,  Киікше секірген,

Бура санды, жолбарыс тонды.   (құрбақа)

6. Бір сөз  бар баспана болатын. Ол сөздің “К” әріпін   “Б”  мен “Г”ге өзгертсең, бунақдене болады қаныңды соратын. (күрке, бүрге)

7. Тағы бір сөз шахмат ойынында айтылады. “Ж”

 әріпін  “К”-ге, “Ш”-ға өзгертсе астық тұқымдастардың бірі болады. (жүріс, күріш)

4. Табиғат туралы ырым тиымдар.

1. Көкті жұлма.

2. Жалғыз  ағашты кеспе

3. Ауылға  атпен шауып келме

4.Жерді сабалама, жерді теппе.

5. Жұмбақ сұрақтарды шешу.

1. Неліктен  жапырақ өсімдіктің қажетті мүшесі  деп аталады?

Жапырақтың ең қажетті мүше деп аталатын себебі, оларда барлық тірі ағзаларға қажетті органикалық заттар түзіледі.

2.Жапырақтың  сыртқы құрылысы қандай бөліктерден  тұрады?

Жапырақтың сыртқы құрылысы –сағақшадан және тақшадан тұрады.

3.Органикалық  зат жапырақтың қай жерінде  түзіледі?Органипкалық зат жапырақтың   хлоропластында (хлорофильдерінде) түзіледі.

4. Жапырақты  – “тірі ағзаларды асыраушы” деп неліктен атаған?  Себебі фотосинтез кезінде органикалық заттар түзіп, оттек бөледі.

5. Адамдағы  сұйықтық қызмет атқаратын мүше? (бүйрек)

6. Сөзжұмбақ шешу.

 

7. Қызыл кітап туралы.

    Қызыл  кітап сирек кездесетін және  жойылып кету қаупі бар өсімдіктер  мен жануарлар түрлерін қорғау  мақсатымен жазылған.  Қазақстанда  Қызыл кітап тұңғыш рет 1978 жылы  шықты. Онда омыртқалы жануарлардың  сиреп бара жатқан түрлері  тіркелді. Екінші басылым 1991 жылы  үшінші басылым 1996 жылы шықты. Мұнда  балықтардың -16, қосмекенділердің -3, жорғалаушылардың -10, құстардың -56, сүтқоректілер -40 түрі  енгізілген. Өсімдіктерге арналған  қызыл кітап 1981 жылы жарық  көрді. Бұл кітапта 303 түрі сипатталған.

8. Ол кім?

     Иван Владимирович Мичурин (1855-1935)

Өмір бойы бақта жұмыс істеді, өсімдіктерді зерттеп, олардың тамаша жаңа іріктемелерін шығарды. Мичуриннің арқасында жүзім, өрік, шабдалы, алмұрт сияқты оңтүстікте шығатын жемістерді едәуір солтүстікке қарай жылжытып өсіруге мүмкіндік туды. Негізгі еңбегі: ол біліммен қаруланған адам аянбай күш жұмсап, еңбек етсе, нағыз жасампаз, өсімдік табиғатын қайта өзгертуші бола алатынын іс жүзінде дәлелдеді. И.В. Мичурин нағыз отангер болды. Жас күнінен бастап бағбандық пен әуестеніп, есейген шағында шағын Козлов қаласында таңғажайып бақ өсіріп шығарды.

9. Табиғат туралы өлең оқу.

       1. Ей табиғат, шеберсің –ау, шеберсің,

        Көрмегенді көрсетесің, бересің.

        Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,

        Аш көзденген адамдарға не  дерсің

2.     О, табиғат тіршілікке бесік болған  мекенім,

        Құшағымнан нәр алып, мұратыма  жетемін .  

        Алақанмен аялаймын ұл-қызымдай  үйдегі,

        Азаматтық борышым қорғаушы боп  өтемін.

      Табиғаттың тарылтпайық, мөлдір  кәусар тынысын,

       Қастерлейік оның асыл бар  қазына-ырысын.

       Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік  жасайсың,

       Табиғат – Анаң, ал сен оның  аялаған ұлысың!

10. Құстар туралы кім не біледі?

1. Ең кішкентай  құс – колибрлер

2. Ең ірі, ұша алмайтын құс – нанду

3. Ең әдемі  құс – көгілдір жұмсақ құсы - родольфа

 

  1. Командалар өздерін таныстырады.

“Өсімдік” командасы:                              

Өсімдіктер сырына қанық едік,

Меңгереміз жануарлар әлемін де

Меңгереміз жануарлар әлемін де

Меңгереміз өсімдіктер әлемінде

Сынассақ білімменен сынасайық,

Жеңіліп тіземізді бүкпеп едік!

1.Эмблема, командаларының аттарына түсінік береді.

Эмблемамызда алақандағы өсімдік суреті бейнеленген. Тірі табиғат ішіндегі өсімдікке тоқталатын болсақ, экологиялық жағдайлардың бір шеті осы өсімдіктерге тиіп тұр. Өсімдіктер саны азайып Қызыл кітапқа тіркелуде. Табиғат көркі – тал, жайқалған жасыл өсімдік. Ендеше осы табиғат көркін жоғалтпау,  аялап өтейік деген мақсатта эмблемамызға “Өсімдік” тақырыбын қойдық.

Өсімдік –азық көзі,

Өсімдік – дәрі –дәрмек қоймасы,

Өсімдік адамға көрік беретін киім,

Өсімдік-адамға түрлі бұйым,

Өсімдік –сұлулық сымбаты.

  1. Табиғатқа байланысты  мақал – мәтелдер айтудан, сондай-ақ әр түрлі жұмбақтар шешуден сайысқа қатысу.

 Аққу  көлін аңсайды,

 Адам  туған жерін аңсайды.

 

Қыс салтанатын құрмаса, егін болып жарытпас,

Қыз салтанатын құрмаса, келін болып жарытпас.

 

Қанша қалың жауғанмен,

Қар көктемге қалмайды.

 

Түйнектен ағаш өседі

Түйір дәннен қомба талады.

 

Жаздың бір күні қыстың мың күніне татыр.

 

Қыстың қамын жаз ойласа, Жаздың қамын қыс ойла.

Сәуір болмай тәуір болмас.

 

Қыстағы – суық, жаздағы – ыстық.

3. Табиғат туралы ырым-тиымдар:

1. Құстың  ұясын, құмырсқаның ұясын бұзба.

2. Жәндікті  жәбірлеме

3. Егінді, шалғынды  жерді бейсауыт баспайды. Обал  болады.

 

4.Жұмбақтарды сұрақтарды шешу жолдары:

  1. Шырынды жапырақты өсімдіктер қандай жерлерде өседі? Бөлмеде өсетін түрлері болса, атын атаңдар.

Шырынды жапырақты өсімдіктер ылғалы өте аз шөлді жерлерде өседі. Мысалы, бозкілем. Бөлмеде өсетін алоэ, агава т.б.

  1. Етпен (жәндіктермен) қоректенетін өсімдіетер қандай жерлерде өседі?

Етпен қоректену себебін түсіндіріңдер. Етпен қоректенетін өсімдіктер азоты аз, батпақты сазды жерлерде өседі.

  1. Жәндіктермен қоректенетін өсімдіктердің Қазақстанда өсетін түрлерін атаңыздар.

Жәндіктермен қоректенетін өсімдіктердің Қазақстанда өсетін түрлеріне –Шықшылдық, шықшып жатады.

4.Өсімдіктің жапырағына қандай қалдық заттар жиналады, ол заттар қай кезде, қалай сыртқа шығарылады әлде өсімдікте қалып қоя ма?

Өсімдік жапырағында артық тұздар жиналады да, олар күзде түскен жапырақтар арқылы сыртқа шығарылады.

5.Ішектің ұзындығы? (5,5-6 м)

6.Ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұра алуды? (Имунитет)

7.Қанның дұрыс ұюына әсер ететін дәрумен? (К)

 

6.Сөз жұмбақ шешу:

Ат басты, арқар мүйізді,   Құс қанатты, құмырсқа ізді,

Информация о работе Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі