Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 06:21, курсовая работа
- Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
«СЕРТ»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құжаттарының нысандары: шаруашылықтың өнімі мен қызметі, еңбек және еңбекақы, негізгі құралдар менматериалдық емес активтер, материалдар, капиталдық жұмыстағы құрылыс, құрылыс машиналары, автокөліктегі жұмыстар, түгендеу нәтижелері, кассалық және банк операциялары т.с.с.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды. Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизацияны есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Сонымен қатар есепті жүргізіп қана қоймай, оның тиімділігін қатаң талап етіп, әділ бағасын беретін және де кеңес беріп, нұсқау көрсететін бухгалтерлік есептің дұрыстылығын қадағалайтын аудит болып табылады. «СЕРТ»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есебі аудиттің зерттеу объектісі болып саналса, аудит – бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді және оны талдаудыңда ерекшелігі зор көмек береді. «СЕРТ»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық қызметін талдау келесідей бірқатар шешімдер қабылдауға үлкен үлесін қосады:
Кәсіпорынның өз міндеттемелері
бойынша есептеу мүмкіндігі
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның еркіне бағынышты емес.
Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен
үздіксіз байланысқан
Кәсіпорынның өндірілетін өнім
және өндіріс технологиясымен
тығыз байланысқан қаржылық
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі,
маңызды факторларының бірі –
бұл қаржылық ресурстарының
Кәсіпорынның қаржылық
Кәсіпорынның қаржылық
· Кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
· Шығарылатын өнімнің (жұмыс,қызмет) құрылымы және оның жалпы
· төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
· Төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
· Шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
· Қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
· Кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық
жүргізудің экономикалық
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық
жағдайын қалыптастыруда оның
өз контрагенттерімен (салық
Қаржылық жағдай кәсіпорынның
бәсекелестік қабілетін және
оның іскерлік қарым –
Нарықтық экономика
Қаржылық жағдайды талдау
Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылығына мыналар жатады:
«СЕРТ»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты келесідей нышанда жүргізіледі:
Есеп
саясатының әдістемелік жағына мына
элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді
бағалау әдістері, мүліктің әрбір
түрлері бойынша амортизация
есептеу әдістері, табысты есептеу
әдістері және тағы сол сияқты. Кәсіпорынның
есеп саясатына еңгізілген өзгертулер
осы ұйымның басқару
Қорыта
келгенде «СЕРТ»жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің тиімді қызмет етуіне
жалғыз бухгалтерлік есеп қана еместігін
көре аламыз.
2.2.«СЕРТ» ЖШС-де ҚҚС
бойынша шегерімдер және есептеулер есебі
«СЕРТ» ЖШС-гі ҚҚС төлеуші болып табылады және есепке жатқызудың бөлек әдісін пайдаланады. Серіктестіктің бухгалтері есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын анықтау кезінде салық салынатын айналымның жалпы айналымдағы үлес салмағын қолданады.
Салық кодексінің 56-бабының 5-тармағына сәйкес салықтық есепке алу саясаты салық төлеуші (салық агенті) қабылдаған, Салық кодексінің талаптарын сақтай отырып салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейтін құжат. Салық кодексінің 60-бабы 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес салықтық есепке алу саясатында корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың Салық кодексінде көзделген, салық төлеуші таңдап алған әдістері туралы ереже белгіленуге тиіс. Салық кодексінің 262-бабында ҚҚС-ын бөлек есептеу әдісін қолдану тәртібі айқындалған. Сонымен қатар, Салық кодексінің 262-бабының 1-тармағына сәйкес, белек есептеу әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезінде, қосылған құн салығный төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшін алған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргізеді. Бұл ретте салық салынатын айналымдардың мақсаты үшін ғана пайдаланы латын тауарлар, жұмыстар, керсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС-ның сомасы есепке жатқызылады.
Есепке жатқызудың бөлек әдісін пайдаланатын қосылған қүн салығын төлеушілердің бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы бөлігінде барабарлық әдісті қолдануға қүқығы бар. Осы жағдайда есепке жатқызылудан алып тасталатын ҚҚС-ы сомалары Салық кодексінің 258-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес табыс алуға бағытталған тіркелген активтер, тауар-материалдық қорлар, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша ҚҚС-ын есепке жатқызудың бөлек әдісі қолданылған кезде КТС бойынша шегерімдерге жатқызылады. Мысалы, дәрі-дәрмек құралдарын (салық салынбайтын айналым) және санаторий-курорт қызметтерін көрсетуге арналған материалдарды (салық салынатын айналым) сату- мен айналысатын компания есепті кезеңде жеткізу- шіден тауарлар сақтауға арналған үй-жай үшін 56 000 теңге сомаға (ҚҚС-сыз сома 50 000 + ҚҚС 12% 6 000) шот-фактураны есепке қабылдады. Салық салынбайтын айналымдар үшін пайдаланылатын ҚҚС-ын анықтау үшін ҚҚС-ын төлеуші салық есебінде салықтан босатылған айналымның үлес салмағын анықтайды және осы үлес салмаққа сәйкес
Информация о работе ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі