ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 06:21, курсовая работа

Краткое описание

- Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом Word.docx

— 141.34 Кб (Скачать документ)

Міндетемелер  аудиті.Салық түрінің және басқа да бюджетке төленетін төлем түрлерінің көптігі, салықтық заңдылықтың тұрақсыздығы және жетілмегендігі салықты және бюджеттік төлемдердің есебін қиындатып жіберген.

    Практика  көрсеткендей көптеген мекемелер салықты  дұрыс есептеп, төлей алмайды. Сондықтан  салық инспекторлары бұндайларға  айып пұл салады. Барлық нормативті құжаттарды білу іс жүзінде мүмкін емес, бірақ аудитор оларды қалай  тауып оқуға болатынын білу керек. Компьютер бар болған жағдайда бұл  салықтық нормативтік құжатттар  программасын орнату арқылы шешіледі. Ал компьютер жоқ болса онда нормативтік құжаттар тігіндісін жасау керек болады. (Әр салық пен төлемген әр түрлі тігінді).

    Бюджетпен есептесу дұрыстығын тексергенде аудитор  алдында келесі сұрақтарды анықтап  алу керектігі туады:

    - Мекеме төлейтін салық төлемдерінің  түрінің толық және дұрыс анықталуы.

    - Аудару кезінде салық ставкаларының  дұрыс қойылуы, арифметикалық  қателіктер болмауы.

    - Жеңілдіктерді қолданудың заңдылығы  және негіздігі.

    - Бюджеттік төлемдердің уақытында  және түгелдей төленуі.

    - Төлемдерді есептеу және аудару  кезіндегі бухгалтерлік жазулардың  дұрыстығы.

    - Салық органдарына төлем түрлері  бойынша есептердің уақытылы  және дұрыс тапсырылуы.

    - Аналитикалық және синтетикалық  есептердің бас кітапта және  мекеме балансында дұрыс жүргізілуі.

    Мәліметтердегі  салық және қаржылық органдармен  есептесу сомалары сол органдармен  келісілуі керек және олардағымен  бірдей болу керек. Мекеме балансында түсініксіз сомалар болмау керек.

Міндеттемелерді талдау.Банк кредиттері мекеменің өнім өндіру мен сату кезіндегі қаржылық тапшылықтың орнын толтыратын ақша көзі болып табылады. Ақшаның уақытша тапшылығы әсіресе жұмысы жыл мезгілдерімен байланысты мекмелерде көбірек болады. Бірақ ол ақша түсімі мен керектігі арасында уақытша болған сәйкессіздікте де пайда болады, мысалы жөндеу жұмыстарын жасау.

    Қаржылық  жағдайдың міндеттемелермен терендетілген  талдауын ұзақ мерзімді жұмыстарға байланысты қарастырады.  Кәсіпорындағы міндеттемелердің үлесіне талдау жасау арқылы міндеттемелердің үлес салмақтары бойынша талдау жасау қажет. 
 

4 кесте Міндеттемелердің  құрлымы және құрамы 

      Көрсеткіштер     2009     2010     2011     Ауытқу
Мың  тг     % Мың тг % Мың тг % +/- +/-
    2 Міндеттемелер барлығы 7668 100 8235 100 8138 100 470 -97
    2.1 Қысқа мерізімді  займдар 6707 87 5661 68,74 1226 15,1 -5481 -4435
    2.2 Төленуге тиісті шоттар 168 2,2 618 7,505 1210 14,9 1042 592
    2.3 Төленуге тиісті дивидендттер - - - -     -     -     -     -
    2.3 Алынған авнас 153 2 425 5,161 4140 50,9 3987 3715
    2.4 Бюджетпаен  есеп айырысу 215 2,8 674 8,185 720 8,85 505 46
    2.5 Еңбек ақы бойынша  берешек 391 5,1 558 6,776 462 5,68 71 -96
    2.6 Тағы басқа  берешек 34 0,4 299 3,631 380 4,67 346 81

 

    Жоғарыда  берілген мәліметтер негізінде келесідей  тұжырым жасауға болады өндірілген өнімдердің көлемінің артуынан төленуге тиісті шоттар сомасы 2009ж. 168мың.тг. яғни 2,2%6 2010 ж 618 мың.тг, яғни 7,5 %, 2011ж 1210 мың.тг, яғни 14,9% артып отырғанын көруге болады. Бұл кәсіпорынын өзінің қаражатары жеткілікті екнін көрсетеді. Кәсіпорынның еңбек ақы бойынша 2010 мен 2011 жылды салыстыратын болсақ -96 мың.тг. қарызы төмендеген, бұл ағымдық міндеттемелердің уақтылы өтелуінен екенін көруге болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ 

3.1 Кәсіпорындағы  қосылған құн салығының есебін жетілдіру жолдары 

     Қосылған  құн салығы тауарларға, жұмыстарға  және қызметтерге белгіленетін  жанама салықтар түрлерінің бірі  болып табылады.  Салық базасы  болып тауардың өндірісі мен  өткізудің әрбір кезеңінде қосылған  құн табылады. Қосылған құн өзіне  есептелінген еңбек ақыны, амортизацияны, несие үшін пайда пайызын, пайданы, жарнама шығындарды, транспортты  және т.б. қосады. Бағаға тауардың  тұтынушыларға қарай жылжу кезінде  барлық кезеңдерінде кәсіпкерлермен  енгізілген қосылған құн салығының  жалпы сомасы енгізіледі. Сонымен  тұтынушы осы салықтың жалғыз  да, соңғы төлеушісі болып табылады. ЖШС «СЕРТ» қосымша құн салығы есепке алған кезде кәсіпорынның есеп саясатына сүиеніп бөлек әдісті қолданады, бөлек әдіс- бұл шығындарды шығын статьясына байланысты  бөлек есептеу. Ал барабарлық әдіс шығындарды біріктірп есепке алу әдісі, бұл әдісті қолдану кәсіпорында есеп жүргізудің ең оңтайлы түрі.Бұл әдісті қолданған жағдайда мынандай өзгерістер енгізілген:

    100.00.035-«барабарлық  әдісті қолдануға байланысты  ққс жөніндегі декларацияның  деректері бойынша есепке жатқызуға  жатпайтын ққс» жолы Жолды толтыру алгоритмі (сипаттамасы: қандай деректер, және қандай салықтық тіркелімнен және 100.00-нысандағы декларацияға қосымшадан (қосымша болса) 100.00-СЕН-ның 100.00.035-жолына ауыстырылады.

    100.00.035-жол  барабарлық әдісті қолданумен байланысты есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі және Салық кодексінің 100-бабы 12-тармағының 2-белігіне сәйкес шегерімдерге жатқызылады.

    Қосылған құн салығын төлеуші:

    1) Салық кодексінің 261 және 262-баптарына  сәйкес

    барабарлық  әдісті қолданған кезде есепке жатқызылуға жатпайтын;

    1. Салық кодексінің 258-бабының 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген жағдайда, табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырған кезде пайдаланылған тіркелген активтер, тауар-материалдық қорлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша есептен шығарылуға жататын

    3)амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға беруді қоспағанда, Салық кодексінің 258- бабының 1-тармағының 7-тармақшасында көрсетілген жағдайда, есептен шығарылуға жататын қосылған құн салығын шегерімге жатқызуға құқылы.

түскен табыстың ауытқуларын талдау 

Жол- дың р/с     Көрсеткіштер     Жолдың  коды 2011 жып, сомасы, теңге
      ҚҚС салынатын айналым 300.00.001 А + 300.00.003 А + 300.00.005 А + 300.00.006 А 24 678
    2     Өткізуден түскен табыс     100.00.001 23 434
    3     1-2-жолдардың  АУЫТҚУЫ           1 243 492
    4     Ауытқудың талдамасы            
    5     Тауарларды  өтеусіз беру 100.00.030 VIII арналған  салық тіркелімінде     3488
    6 Басқа да өткізу (жеке километрлер, жеке қоңыраулар) 100.00.026 арналған  салық тіркелімінде     4950
          Негізгі құралдарды өткізу     100.07.003 арналған салық тіркелімінде     399 600
    8 Ауытқулар ЖИЫНТЫҒЫ           1 243
    9 Бақылау, болуы  тиіс = 0 жол 3-8           0
    10 Салық салынатын  айналымның мөлшерін тузету     300.00.004 А -1 000
    11 Табыстарды  түзету     100.00.059 I -1 000
    12 Бақылау, болуы  тиіс = 0 жол 10-11           0

 

   3.2. Кәсіпорындағы ҚҚС қызмет ету механизмін жетілдіру жолдары

Бюджетке  үнемі түсудің нәтижесінде және  қосылған құн салықтың универсалдығы  бірден бір тиімді фискалдық  аспап ретінде қатысады.

     Сонымен  қатар қосылған құн салығы  елдің экономикасын реттеумен  экономикалық интеграция құралы  ретінде пайдаланылады. Мемлекет  қосылған құн салығын алу мәселесі  бүгінгі күні өзекті болып  табылып, қызуғышылықты тұғызады.

     ілерге  қатаң есеп беру бланкісі болап  табылатын қосылған құн салығы  бойынша куәлік, яғни қосылған  құн салығы бойынша төленушіні  есепке алуды білдіретін құжат  беріледі.

     Қосылған  құн салығын төлеушіні тіркеу  мен есепке алу орталықтандырылған  тәртіппен жүргізіліп, қосылған  құн салығын төлеушілердің ел  бойынша ортақ мәліметтер базасы  жасалады. Мәліметтер базасын жасау  жалған шот-фактура бойынша мәселелерді  шешуге мүмкіндік береді.

     Қазақстан  Республикасы “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 211 бабына сәйкес жалған шот-фактура болып қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмайтын салық төлеушімен толтырылған қосылған құн салығын қосатын шот-фактура табылады.

     Салық  бақылауын жүзеге асыру салық  қызметі органдарына қосылған  құн салығын төлеушілердің мәліметтері  базасы арқылы осындай төлеушілерді  анықтауға мүмкіндік береді.

     Қосылған  құн салығы бойынша есепке  тұрмаған төлеушіні  анықтаған  жағдайда салық  қызметі органдары  анықталған күннен бастап 5 жұмыс  күні ішінде салық заңдарын  бұзғанын жою туралы ескертпе  жібереді. Сонымен қосылған құн  салығы бойынша есепте тұрмаған  төлеуші салық қызметі органынан  ескертпе алғаннан кейін тауардың  осы түрі бойынша есепке тұру  жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

     Салық  қызметі органы көрсетілген төлеушіге  салықтық тексеріс жататын салықтық  бақылаудың басқа да шараларын  қолданады.

     Сонымен  бірге осы төлеуші әкімшілік  жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ  Қазақстан Республикасы әкімшілік  тәртіп бұзушылық туралы Кодекстің 211 бабында жалған шот-фактураны  жазғаны үшін айыппұл салуды  қарастырады, айыппұл заңды тұлғаларға  шот-фактурада көрсетілген қосылған  қн салығы сомасынан 200% шамасында болады.

Информация о работе ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі