ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 06:21, курсовая работа

Краткое описание

- Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом Word.docx

— 141.34 Кб (Скачать документ)

    Осы тармақшада аталған тауарлардың  тізбесін Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекітеді. Пошта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа) импорты; ақша белгілері өндірісі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикізат импорты; төлем карточкаларымен қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдықтар импорты; мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұиымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты. Баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

    Салық төмендегідей қызметтерді атқарады:  
- Фискалды немесе жұмылдыру қызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды;  
- Бөлу қызметі, мелекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардың арасында, территория, облыс, аудандар бойынша жүргізеді;  
- Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арсындағы пропорцияны реттейді;  
- Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады;  
- Шектеу қызметі, мемлект салық саясаты арқылы кейбір өндіріс түлерінің дамуын тежейді немесе шектейді;  
- Бақылау- есептеу қызметі, мұнда кәсіпоры мен тұрғындар топтарының қаржы көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады;  
Салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқталуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осынысы мен салықтардың мемлекет, сондай- ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аудандарынан айырмашылығы болады;   
Бұған әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, соның ішінде бюджеттен тыс қорларға төленетін жарналар мен аударымдар жатады, олар белгілі бір, ұзақ мерзімді көлемде өнімнің, жұмыстың және қызметтер көрсетудің өзіндік құнынан, табыстан, еңбек ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелінеді.  
Салықтардың әлеуметтік- эконмикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын еске ұстанған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.  
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.  
Фискалдық  функция- барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюы мен байланыта пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді. Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функциясының іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; Ол ұлттық табыстың мемлекеттендіру дәрежесін көрсетеді. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің күрделі үлгілері болуы мүмкін.
 

1.3.Кәсіпорынның есеп жүйесіндегі қосылған құн салығының қызмет ету негізі 

    Күрелі  салық түрлерінің бірі болып өзімен бірге тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру мен айналыс  процесіне қосылған, өткізу нәтижесінде  салынатын айналым құнының бөлігі ретінде бюджетке, сондай-ақ Қазақстан  Республикасы аумағында тауарларды импорттау кезіндегі аударылатын  қосылған құн салығы табылады.

    Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төлеуге  жататын қосылған құн  салығы өткізілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге есептелген қосылған құн салығы мен сатып алған  тауарлар, жұмыстар мен қызметтер  үшін төленуі тиіс. Қосылған құн  салығы сомасының айырмасы ретінде  анықталады.

    Қосылған  құн салығы қалыпты қызмет етуі үшін салық төлеушілерді салық салу объектісін, салық салынатын айналым мөлшерін, ставкаларды, қосылған құн салықтық еспке алу мен төлем мерзімдерін  саралау керек.

    Қосылған  құн салығының объектісі болып  салық салынатын айлым мен  салық салынатын импорт табылады. Тауарларға қолданылатын салық салынатын айналым тауарды сату, тиеу, экспорттау; тауарларды қайтарымсыз беруі; жарғылық капиталға жарнаны; жұмыс берушінің жұмыскерге тауарды еңбек ақы есебінен бергенін; төлемдерді кейінге қалдыру шартында тауарларды жөнелтуді комиссиялық келісім шарттары бойынша тауарларды жөнелтуді; кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілдік мүлігін беруді; бір құрылымдық бөлімшенің екіншісіне тауарды жөнелтуін білдіреді.

    Жұмыстар  мен қызметтерді өткізу бойынша  салық салынатын айналымға мүлікті  уақытша иелікке және мүлікті  жалға келісім шарты бойынша  қолдануға ұсыну, интеллектуалдық  меншік объектілеріне құқық беру, жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы есебінен жұмыс берушінің қызмет көрсетуі, бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері  арасында жұмыстарды орныдау, қызметтерді  көрсету жатқызылады.

    Өткізу  бойынша айналымға жатпайтындар: жарнамалық мақсатта тауарды беру не сыйға тарту; дайын өнімді жасау  және жинау, жөндеу үшін тапсырыс берушінің  мердігерге қосылқы тауарларды жөнелту; қайтарылатын тарыны жөнелту, тауарды  қайтару; көрме және басқа мәдени-спорттық шараларды өткізу үшін Қазақстан  Республикасынан тыс жерлерге тауарларды шығару.

    Тауарларға  қатысты өткізу термині кепілді  ұстаушының меншігіне кепілдікке берілетін  тауарларды сатуды, қайтарымсыз беруді немесе беруді білдіреді.

    Салық салынатын импорт болып қосылған құн салығын төлеуден босатылғандарды  қоспағанда импортталған тауарлар табылады.

    Қосылған  құн салығын төлеушілер болып  осы салық салынатын тауарларды өндіретін және өткізілетін заңды  тұлғалар мен жекелеген кәсіпкерлер  табылады.

    Егерде  тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды өткізу бойынша айналым мөлшер төменгі  шектен (минимум) артса, онда төлеуші  қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға міндетті. Есепке тұрмаған жағдайда салық органдары тұлғаның сұрауынсыз қосылған құн салығы бойынша есепке алуға құқылы. Өз кезегінде өткізу бойынша айналымның төменгі шегі кезеңнің соңғы айында белгіленген 10000 еселенген айлық есеп көрсеткіші шамасын құрайды (10000‡919=9190000тенге).

    Егер  төлеушіде соңғы он екі ай мерземінде салық салынатын айналым мөлшері  төменгі шектен аспағанда және салық  салынатын айналым мен қызметін тоқтатса, онда кезеңнен кейінгі, мезгілдің  бірінші күнінде салық бойынша  есептен шығарылады.

    Салық салынатын айналым мөлшері тураптар қолданатын баға мен тариф  мәмілесін  қолдана отырып, одан қосылған құн  салықты алып тастамай, өткізілетін  тауарлар, қызметтер мен жұмыстар құны негізінде анықталынады.

    Тауарлар  қайтарымсыз негізінде берілгенде, салық салынатын айналым мөлшері  баланстық құннан төмен емес өткізу бойынша айналым аяқталған күнде  қалыптасқан баға деңгейімен анықталынады.

    Кепіл берушінің кепілдік мүлікті беру кезінде салық салынатын айналым  мөлшері кепілдік беруші ісі кепілге  берілген мүлікке қосымша құн  салығын қоспағанда алынған қарыздық қаражаттың сомасымен анықталынады.

    Төлемді кейінге қалдыру шарттарында  тауарды өткізу кезіндегі салық  салынатын айналым келісім-шартта қарастырылған алынатын барлық төлемдер ескеріле отырып,  анықталынады.

    Үш  тұлға үшін алдын-ала жасаумен байланысты қызмет көрсету кезінде салық  салынатын айналым мөлшеріне  комиссиондық сыйақы қосылады.

    Салық салынатын айналым мөлшеріне  акцизделетін тауарлар мен қызметтер  түрлері бойынша акциздер сомасы қосылады.

    Қосымша құн салығы бойынша есепке алу  қарастырылмаған тауарларды өткізу кезінде оларды сатып алуда салық  салынатын айналым мөлшері тауарды  өткізу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.

    Салық салынатын импорт мөлшерін анықтау  кезінде тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ Қазақстан республикасында  импортталу кезінде төленуге жататын  жинақтар, баждар, салықтар сомасы қосылады.

    Жаңа  заңда резиденттен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді алған жағдайда, қазақстандық қайнар көзден алынған  табыс алатын резидент еместерден салық  алу туралы ереже сақталған.

    Салық Кодексіне сәйкес, қосылған құн салығынан  төмендегідей тауарларды, жұмыстар мен  қызметтерлі өткізу бойынша айналым  босатылады:

  • пошта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);
  • акциздік алымдар маркалары (акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есептік-бақылау);
  • өкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекет баж алатын қызметтерді;
  • адвокаттық қызметті, нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі өткізетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;
  • мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлікті;
  • Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізгі құралдарды беру, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізгі құралдарды беруді;
  • жарғылық капиталға жарналарды;
  • жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қайтарып алуды;
  • жерлеу бюроларынан, әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулердің, зираттар мен криматорийлердің қызмет көрсетулерін;
  • оларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді өткізу бойынша айналымдар;
  • банк карточкаларымен жасалынатын операциялар бойынша есеп-кисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрестулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық-технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қызметтерді өткізу бойынша айналымдар;
  • жерге және тұрғын үй қорындағы ғимараттарға өткізумен байланысты айналымдар;
  • қаржылық қызметер, оларға жататындар: банк операциялары, бағалы қағаздармен операциялар,  төлемдік карточкаларымен, чектермен, депозиттік сертификаттармен операциялар;
  • сақтандыру және қайта сақтндыру операциялары;
  • зейнетақы активтерін басқару бойынша қызмет көрстеулер, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтері;
  • қаржылық лизингтегі мүлікті беру;
  • коммерциялық емес үйымдардың көрстетін қызметтер мен жұмыстар;
  • геологиялық барлау және геологиялық іздеу жұмыстары;
  • білім беру, ғылым және мәдениет аяларындағы қызмет көрсетулер мен жұмыстар;
  • медициналық және мал дәрігерлік аядағы тауарлар мен қызметтер;
  • кәсіпорынның немесе кәсіпорынның дербес әрекет ететін бөлігін қосылған құн салығы бір төлеуші екінші салық төлеушіге өткізгенде.

    Салық заңдылығына сәйкес импорттың кейбір түрлері қосылған құн салығынан  босатылады, оларға жататындар:

  • шетелдік валютаның, ұлттық валютаның, сонымен қатар бағалы қағаздардың импорты;
  • Қазақстан Республикасының Өкіметі белгілеген тәртіппен ізгілік көмек ретінде әкелінген тауарлар импорты;
  • мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық үйымдар желілері бойынша қайрымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар импорты, оның ішінде техникалық жәрдем көрсету;
  • шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдердің ресми пайдалану үшін, сондай-ақ солармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің, дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес тауалар импорты;
  • дәрі-дәрмектік заттардың, оның ішінде субстанция — дәрігер, протездік-ортопедиялық бүйыдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (мал дәрігерлік) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрігелік) техниканы қоса алғанда, дәрі-дәрмек және диабет заттарын өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар импорты;
  • пошта маркаларының импорты;
  • ақша белгілерінің өндірісі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикізат импорты;
  • төлем карточкаларымен қызмет көрстеуге арналған құрал-жабдықтар импорты;
  • мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдарыдың желісі бойынша берілетін гранттар қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты.

    Қара  және түсті металл сынықтарын экспортын  қоспағанда, экспорттық тауралар өткізу бойынша айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады. Бұл Қазақстан  республикасы аумағында аталған  нарықтардың дамуы үшін, отандық  тауар өндірушілер пайдасы үшін, біздің елден бағалы металлдары шығаруды қиындату үшін жасалған.

    Нөлдік  ставка бойынша салық салу қосылған құнға есептелетін салық мөлшерінің нөлге теңдігін білдіреді.

    Қазақстан республикасының кедендік аумағынан  тауалар шығарылса, онда ол экспорт  деп есептелінеді. Экспортты растайтын  құжат болып экспортталатын тауарларды қою келісім-шарты, жүктерге берілетін  кедендік декларация, тауарға ілеспе құжаттарының көшірмесі табылады.

Информация о работе ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі