ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 06:21, курсовая работа

Краткое описание

- Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом Word.docx

— 141.34 Кб (Скачать документ)

    Нөлдік  ставкамен халықаралық тасымалдаумен  байланысты жұмыстар мен қызметтерге  де салық салынады, оларға жататындар:

  • Қазақстан республикасынынң аумағынан экспортталатын тауарларды тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жөнелту жұмыстар мен қызметтері, сонымен қатар Қазақстан республикасының аумағы бойынша тразит арқылы жіберілетін тауарлар;
  • поштаны, жолаушыларды, жүкті тасымалдауға байланысты жұмыстар, қызмтер көрстеулер;
  • халықаралық реестерге техникалық, коммерциялық, аэронавигациялық, әуежайлық қызмет көрсету.

    Салықты алу механизмі кезінде нақты  түскен тауарлар, жұмыстар және қызметтер  бойынша төлеуге жататын қосылған құн салығы есепке алудың негізделуі маңызды болып табылады.

    Қосылған  құн салығы төмендегідей шарттар  орындалса есепке алынады:

  • тауарларды, жұмыстар мен қызмттерді алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
  • өнім беруші өткізілген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің шот-фактурасын ұсынса, егер өнім беруші қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмаса, шот-фактура «Қосылған құн салығы жоқң деген белгімен жазылса.

    Импортталған  тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне  кедендік құжат толтыру кезінде  төленген қосылған құн салығы ғана есепке алынады.

    Салық төлеуші есептеулер әдісін қолданған  кезедегі есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасы болып жүктердің  кедендік декларацияларында, төлем  құжаттарында, жолда жүру билеттерінде, коммуналдық қызметтер құжаттарында, тауарлар қалдығының инвентаризациялық тізімінде көрсетілген немесе қолма-қол айырысумен тауарларды сатып алғандағы қойылған шот-фактура бойынша төленуі тиіс салық сомасы болып табылады.

    Төмендегі шарттарды алумен байланысты салық  алуға жататын салық есепке алынбайды:

  • тұрғын үй ғимараттарын;
  • негізгі құрал ретінде автокөлікті алу;
  • жалға берілетін тұрғын үй қорын, ғимаратты жөндеуге қолданған тауарлар мен қызметтер, жалға беру келісім-шартына сәйкес жөндеуге кеткен шығындарды жалға беруші өтейтін болса, және жөндеуді жүзеге асырушы жалға берушінің салық салынатын айналымы болып табылған жағдайды қоспағанда;
  • өтеусіз алынған мүлік (тауар, қызмет, жұмыс), Қазақстан республикасынан тыс жерлерден әкелінсе және осы мүлікті алушы қосылған құн салығын төлеген жағдайды қоспағанда.

    Егер  де салық төлеушіде салық салынатын  және салық салынбайтын айналым  болса, онда жалпы айналым сомасына салық салынатын айналымның үлес салмағымен анықталған салық сомасы қосылған құн салығы бойынша есепке алынады.

    Жоғарыда  қосылған құн салығын алу тәртібі  туралы айтылған жағдайды декларация мысалында қарастырып көрейік.

    Компания  қосылған құн салығы салынатын объектісін иеленіп отырған заңды тұлға, яғни қосылған құн салығының төлеушісі  болып табылады.

    Төртінші  тоқсанда салық салынатын айналым: 9675 мың теңге

    Қосылған  құн салығынан босатылған айналым: 343248мың тг.

    Жалпы айналым:352973 мың тг.

    Салық төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымды  иеленеді, сондықтан үлесімді әдіс бойынша, яғни пайыз қатынасындағы  салық салынатын айналымның жалпы  айналымға қатысымен анықталған қосылған құн салығы сомасы есепке алынады.

    9675/352973‡100%=2,7%

    12% ставкамен есептегенде қосылған құн салығының сомасы

    9675‡12%=1161 мың теңге

    Қосылған  құн салығы көрсетінлген шот-фактура  бойынша Қазақстан республикасы аумағында сатып алынғандықтан, салық төлеуші қосылған құн салығының  сомасын есепке алуға құқығы бар.

    Қосылған  құн салығы жоқ айналым — 4206 мың  теңге, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының жалпы сомасы 4206‡12%=504,72мың теңге.

    Декларацияның 10 жолын толтырғанда «Қосымша Дң қолданылады. Бұл қосымшада есептік  кезеңдегі барлық өндірілген, сатып  алынғандар туралы толық мәліметтер көрсетіледі.

    Үлесімдік әдісті қолдануда есепке жатқызылған  қосылған құн салығының туындысының  салық салынатын айналым үлесіне  тең, есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығының сомасын анықтасық,  504,72‡2,7%=13,62 мың теңге.

    Есептік кезеңде төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасын есептелген қосылған құн салығы мен есепке алуға  жатқызылған қосылған құн салығы сомасының айырмасымен есптейміз: 1161-13,62 =1147,38 мың теңге.

    Халыққа ұсынылатын коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін алғашқы құжаттарды қолдану арқылы банктермен, жолушы тасымалдауда жолда жүру билеттерімен есеп айырысудан басқа халыққа тауарларды өткізу жағдайында бақылау-кассалық машина чегін қолдану, қосылған құн салығынан  босатылатын тауарлар мен қызметтерді  ұсынған кездердегі, қолма-қол ақшамен  айырысуда қосылған құн салығы төлеушілердің  барлығы үшін шот-фактура міндетті құжат болып табылады.

    Салық төлеуші тауарды тиеген немесе жұмысты  орындаған күні алушы тұлғаға  қосылған құн салығы шот-фактурасын ұсынуға міндетті.

    Салық төлеуші салық мерзімі өткен  соң, салық кезеңінен кейінгі  айдың 15 күнінен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынуға міндетті.

    Қосылған  құн салығы бойынша бюджетпен  нақты есеп айырысатын салық кезеңі болып күнтізбелік ай саналады. Егер де бюджетке төленуге жатқызылған салықтың орташа айлық сомасы 10000 АЕК-ті құраса, онда салықтық кезең болып тоқсан есептелінеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін  өндіруші — салық төлеушілер үшін салықтық кезең болып жыл  саналады.

    Салық төлеуші салық комитетіне декларация ұсыну үшін белгіленген күнге  дейін немесе сол күні бюджетке төлем  жасай алады.

    Импортталатын тауарлар үшін салық Қазақстан Республикасының  кедендік заңына сәйкес кедендік баж  төлеу үшін анықталған күні төлейді.

    Есептік кезеңде салық сомасынан есепке алуға жатқызылған қосылған құн  салығының сомасы артық болғанда, алдағы уақыттағы қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебіне аударылады.

    Нөлдік  ставкамен салық айналатын айналымнан артық болса, төмендегі шарттар  сақталғанда салық төлеушіге  қайтарылады: қосылған құн салығын  төлеуші тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді  үнемі нөлдік ставкамен өткізсе; нөлдік ставкамен салық салынатын  айналым бойынша тоқсан ішінде алдыңғы  айға қарату өтінішін өткізу бойынша  салық салынатын жалпы айналымнан 70%-ті құраса.

    Қандай  да болмасын бір сомаға жұмыстар мен  қызметтердің өткізу құны өзгерген жағдайда салық салынатын айналым мөлшеріне  қосымша шот-фактура және басқа  құжаттардың негізінде түзетулер  жасалынуы мүмкін. 
 
 

1.4   Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі 

     Қосылған  құн салығы бұйымның бағасының  өндірісі, қайта өңдеу және өткізудің  әрбір стадиясындағы өсімінен  алынады. Қосылған құн өзімен  бірге пайдалынған шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, отынның, электр қуатының және келісім  бойынша орындалған жұмыстың  шегеріп тастағандағы тиеліп  жөнетілген құнды ұсынады. Заң  салық салу бойынша жеңілдіктер  мен жеткізулер сипатын анықтайды. Мысалы, теңіз флоты мен азаматтық  авиация үшін экспортқа шығарылатын  тауарлар, несиелік операциялар  мен бағалы қағаздармен жасалынатын  операцияларға салық салынбайды.

     Әдетте, салық ставкасы 12 пайызды құрайды жеңілдетілген ставка азық-түлік өнімдеріне (ішімдік сусындары мен кафе, мейрамхана айналымдарынан басқа) және өнер туындыларына қолданылады.

     Азық-түлікті  қоюшы бюджет табысына тапсырыс  берушінің төлем жасауы мен  қаражат аударуын күтпестен төлемдік  талап толтырғаннан соң бірден  қосылған құн салығының сомасын  аударады.

     Қосылған  құн салығы бюджеттің барлық  үш түріне (федералды, жердің және  жергілікті) бөлінеді. ГФР-да қосылған  құн салығы табысты реттеуші  қайнар көзі ретінде қызмет  етеді. Оның көмегімен ағымдық  бюджеттерді қалыптастырғанда жерді  қаржылық жағдайда тегістеу жүргізіледі. Әрбір 2-3 жыл сайын федералдық  үкіметпен жердің қаржылық органдары  қосылған құн салығы болуы  туралы келіссөздер жүргізеді. 1992 жылы ол былай бөлінді: 60 пайызы  — федералды бюджетке, 35 пайызы — жердің бюджетіне, 5 пайзы жергіліктіге.

     Германия  Федерациясының салық заңдарына  сәйкес тұтынуға салынатын салықтар  жекелеген тауарлардың тұтыну  мен қолданудан алынатын алым  ретінде анықталынады.

     Әдетте, тауар салық салу өндірісі  стадиясында немесе шетелден  әкелінген кезде жүзеге асырылады. Тұтыну салығы салынатын тауарлар  төрт негізгі топқа бөлінеді:

    1. Аударымдары федералдық бюджетке түсетін тауарлар (мұнай және мұнай өнімдері, қант, шай, спирт-арақ өнімдері, кофе, жарық беретін құралдар, тұз және т.б.). Федералдық бюджетке осы салық түсімінің үлес салмағы орталық өкіметтің барлық салықтар түсімдерінің 20 пайыздан астамын  құрайды.
    2. Салықтық түсімдері жерлер бюджетіне бағытталатын тауарлар. Бұл негізінен сыраға салынатын салық.
    3. Импроттық айналым салығы салынатын тауарлар. Бұл салық елге енгізілетін тауарлардың басым көпшілігіне салынады. Импорттық айналымға салық бір мезгілде қосылған құн салығының нысаны болып табылады.
    4. Жергілікті органдар салығы салынатын тауарлар (кейбір ішімдікті және ішімдіксіз сусындар, құйып сату мен кафе ұстауға лицензиялық төлем, иттерге салық).

     Тұтынуға  салықтар фискалдық қатынастардағы  салық салу нысандарының ішіндегі  бірден-бір тиімдісі болып табылады. ГФР-да жасалған зерттеулерге сәйкес, оларды жинауға жұмсалған шығындар осы салықтардан алынатын барлық түсімдер шамасына 0,7% құрайды. Негізінен салық салуға көрсетілген тауарларды шығаратын кәсіпорындар санының аздығы тұтыну салығының жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.

     Тұтыну  тауарларынан алынатын салықтық  аударымдардың дұрыстығына бақылауды  негізінен кедендік қызмет, ал  жерлер мен жергілікті салықтардың  бар болуымен қатар бақылауды  қаржылық ведомстваларда жүзеге  асырылады.

     Көптеген  экономистердің айтуынша, ГФР-да  тұтыну салығы салуға жатқызылатын  таурлардың қатаң сыныпталуы  жоқ. Бірінші әлемдік соғыс кезінде  әскери-теңіз флотын қаржыландыру  үшін енгізілген шарапқа салық  қазіргі уақытқа дейін салынады.

     Неміс  фирмалары шетелге тауар шығаратын  кезде қосылған құн салығын  төлеуден босатылады.

     ГФР-дағы  импортқа кедендік салық салу  тауарлардың жекелеген топтары  бойынша ерекшелінеді. ГФР өнеркәсібі  мүдделі импорттағы көптеген  шикізаттық және жартылай фабрикаттар  үшін, не кедендік баж белгіленбейді, не олардың мөлшері елеусіз.

     Дайын  бұйымға кедендік баж жоғары  болса да, бірқатар ерекше айырмашылықтары  бар. Әлде қайда төменгі баж  әлемдік және ішкі нарықта  ГФР фирмалары күшті позицияны  иеленетін тауарларға белгіленеді.

     Германиядағы  салық салудың айрықша ерекшелігі  болып салық жүйесіндегі қосылған  құн  салығы бойынша жалпы және  жеңілдікті ставкаларының болуы  табылады. Бюджеттің табыстарындағы  қосылған құн салығының үлесі  Қазақстан республикасындағыдай 28 пайызындай құрайды.

     1992 жылдан бастап Қазақстан республикасы  салық жүйесінде бірден-бір негізгі  салық болып қосылған құн салығы  табылатындықтан,  осы салықтың, отанының салық жүйесі біз  үшін үлкен қызығушылық тұғызады. 1949 жылы қосылған құн салығын  француз экономисі П.Лоре өңдеп, 1954 жылы Францияда енгізді.

     Соңғы 30 жыл ішінде түсімдер сомасы  бойынша жанама, оның ішінде қосылған  құн салығы басым болып табылады.

     Франциядағы  салықтарды үш топқа топтастыруға  болады, табысты алушыдан оны  алу сәтінен бастап алынатын  табыс салығы; табыс жұмсалғанда  тұтынушыға салынатын салық; меншіктен  алынатын, яғни затқа айналдырылған  табыстан алынатын капиталға  салық. Сондай-ақ, елдің салық жүйесі  тұтынуға салық салуға бағытталған. Табыстар мен меншікке салық  салу қалыпты болып табылады.

     Бюджет  жүйесінің жетекші буыны болып  қосылған құн салығы табылатындығын  бәрімізге мәлім. Елдің аумағында  тұтынылатын және қолданылатын  тауарлар мен қызмет көрсетулердің  барлығын тұтынуға салық туралы  сөз болмақ. Сыртқы нарықпен байланысты  операциялар қосылған құн салығынан  босатылған. Экспортқа жатқызылатын  операциялар жасаған және қосылған  құн салығын төлеген тұлғалар  оларды қайтарып алу құқығын  қолдану мүмкіндігін иеленеді. Импорттық операциялар іштегі құқыққа сәйкес салық салуға жатқызылады.

Информация о работе ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі