ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 06:21, курсовая работа

Краткое описание

- Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом Word.docx

— 141.34 Кб (Скачать документ)

    Салықтардың орысша-қазақша терминологиялық  сөздігі бойынша “Жанама салықтар — бұл тауарлардан, операциялардан және көрсетпе тамашалардан алынатын салықтар. Жанама салықтар мемлекеттік  кірістердің ең ежелгі көзі болып  табылады”. Мысалы ретінде ҚҚС атаймыз.

    Өз  анықтамасын Карагусова Г.Н. былай  дейді: “Жанама салықтар — бұл  бір тұлғаның салық ауыртпалығын сатып алушы тұлғаға өткізетін  салық түрі”.

    Ең  толық анықтама Қазақстан республикасының  “Салықтар және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер” туралы Заңда берілген, мұнда “Жанама  салықтар — бұл тауарларға және көрсетілетін қызметтерге, олардың  бағасына үстеме ретінде қосылатын  салықтарды жатқызамыз, олар салық  төлеушінің кірісі мен мүлкіне тікелей  байланыссыз болады”.

    Жанама  салықтардың қолайлы жақтары  да сөзсіз, оларға төмендегілерді жатқызуға  болады:

  1. Жанама салықтарды дұрыс пайдалана білсе, мемлекетке үлкен қаржы түсімдерін түсіреді. Мысалы, ҚҚС қазіргі күні бюджеттік түсімдердің ең негізгі көзі болып отыр.
  2. Жанама салықтар салық төлеушілерге көп салмақ салмайды, өйткені олар оны бөліп кіші бөліктермен төлеп отырады.
  3. Жанама салықты төлеу, олар күнделікті тұрмысқа аса қажетті зат болмаса, тек төлеушіде ақша болған кезде ғана төленеді. Ал тікелей салықтар салық төлеушінің жағдайына қаратпай белгілі бір мерзімде төленуін талап етеді.
  4. Жанама салықтар мемлекетке салық төлеушілердің одан іс тәжірибеде бас тарта алмайтындығымен пайдалы.
  5. Жанама салықтарды жинау да тікелей салықтарды жинаумен салыстырғанда жеңіл, өйткені салықтардың көп бөлігі көтеріп жүруші болады, ал оны, әдетте, өндіруші немесе сатып алушы ғана төлейді.

    Міне, жанама салықтардың осындай позитивті  жақтары оны кеңінен қолдануға  мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде  негативті нәтижелерді беруі  де әбден мүмкін, сондықтан да жанама салықтар мен тікелей салықтар арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ететін ұтымды шешім қабылдануы керек.

    Атап  айтқанда, жанама салықтармен тек  тұрмысқа екінші ретте қажетті заттар  ғана салынуы тиіс, өйткені жанама салықтар тауарлардың бағасының  өсуіне әкеледі, ал мемлекет халықты  кедейліктен, аштықтан, ауырудан сақтауы  үшін бірінші реттік тұрмысқа қажетті  өнімдердің бағасын төмен деңгейде ұстап тұруы тиіс. Сондықтан да бұл тауарларға салық салынбауы керек. 

1.2.Кәсіпорында қосылған құн салығы бойынша есептеу және төлеу тәртібі

     

    Қосылған  құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың  айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын  айналым құнының бір бөлігін  бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды  білдіреді. Салық салынатын айналым  бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған  тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн  салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

    Мыналар: салық салынатын айналым; салық  салынатын импорт қосылған құн салығын  салу объектілері болып табылады.

    Қосылған  құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында  қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар болып табылады.

    Тауарлар  импорты кезінде қосылған құн  салығын төлеушілер Қазақстан Республикасының  кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады. Кез келген (он екі айдан аспайтын) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналымның мөлшері осы  баптың 3-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған  күннен бастап он бес күнтізбелік  күннен кешіктірмей қосылған  құн  салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.

    Салық кодексінің 256-бабының 3-тармағына енгізілген түзетулер қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесі орындалған салық кезеңінде кедендік одаққа мүше мемлекеттерден импортталатын тауарларға қосылған құн салығы сомаларын есепке жатқызуды көздейді. Баптың 1-тармағының мақсаттары үшін шаруа (фермер) қожалығына арналған арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеуші, өткізу бойынша айналым мөлшерін анықтау кезінде осы арнаулы салық режиміне кіретін қызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмауына болады.

    Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда, өткізу бойынша айналым  көлемі осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өткізу бойынша айналымдары  ескеріле отырып айқындалады.  Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі  осы баптың 1-тармағында көрсетілген кезеңнің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген шамасын құрайды.

      Қосылған құн салығы бойынша  есепке қойылуға жатпайтын, бірақ  қосылған құн салығын салуға  жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет  көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын  немесе жүзеге асыруды жоспарлаған  тұлға қосылған құн салығы  бойынша есепке қою туралы  өтінішті салық органына ерікті  түрде бере алады. 

    Тұлға қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы өтініш беруге міндетті  болатын немесе ерікті түрде өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы  күнінен бастап  қосылған құн  салығын төлеушіге айналады.

    Тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей  қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш берген жағдайда, мұндай тұлға салық  органы оған қосылған құн салығы бойынша  есепке қою туралы куәлік берген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушіге  айналады.

    Уәкілетті мемлекеттік орган қосылған құн  салығын төлеушінің өтініші бойынша  оның құрылымдық бөлімшелерін қосылған құн салығын дербестөлеушілер ретінде  қарастыра алады.

      Қосылған құн салығын дербес төлеушілер деп танылған қосылған құн салығын төлеуші құрылымдық бөлімшелердіңорналасқан жері бойынша салық органдарына қосылған құн салығы бойынша оларды есепке қою туралы өтініш беруге (немесе өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тапсырма беруге) міндетті.

    Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде, оның  Кодекстің 235-бабына сәйкес есепке қойылған күніндегі тауарлар (негізгі құралдарды қоса алғанда) қалдығы  бойынша қосылған құн салығы сомасын  есепке жатқызуға құқығы бар.

    Салық органы  көзделген жағдайлар анықталған тұлғаның өтінішінсіз, оны қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға  құқылы.

    Қосылған  құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеуші  ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті, онда:

    тұлғаның  атауы және оның деректемелері;

      Кодексте 523-бабына сәйкес салық  төлеушіге берілетін салық төлеушінің  тіркеу нөмірі;

    тұлға Кодекстің 208-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші  болған күн көрсетіледі.

    Қосылған  құн салығы бойынша есепке қою  туралы куәліктің бланкісі қатаң  есеп беру бланкісі болып табылады және салық төлеушіге ақша төлетпей беріледі.

    Қосылған  құн салығы бойынша есепке қою  туралы куәліктің нысаны мен оны  беру тәртібін осы Кодекске сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган  белгілейді. Қосылған құн салығы бойынша  есепке қойылғаны жөніндегі куәлік қосылған құн салығын төлеушіде  сақталады. Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлік салық органына қайтарылуға тиіс.

    Егер  қосылған құн салығын төлеушінің соңғы он екі айлық кезеңдегі  салық салынатын айналым мөлшері  салық салынатын ең төмен айналым  мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі  салық органына өзін қосылған құн  салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы.

    Қосылған  құн салығын төлеуші мұндай құқықты  өзін қосылған құн салығы бойынша  есепке қойған кезден бастап, кем дегенде  екі жыл өткеннен кейін пайдалана  алады.

    Егер  қосылған құн салығын төлеуші  болып табылатын тұлға салық  салынатын айналымдарға байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық  кезеңінен кейінгі алты айдың  аяқталуынан кешіктірмей, өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.

    Салық органы қосылған құн салығын төлеуші  болып табылатын әрекетсіз заңды  тұлғаны тапқан жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды уәкілетті мемлекеттік орган  белгілеген тәртіппен салық органы жүргізеді.

    Қосылған  құн салығын төлеуші болып  табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушілердің  мемлекеттік тізілімінен алып тасталған  күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға тиіс.

    Тұлға қосылған құн салығы бойынша өзін есептен шығару туралы өтініш берген кезеңнен кейінгі салық кезеңінің  алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын телеуші болуын тоқтатады.

    Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есептен  шығару кезінде  Кодекстің 235-бабына сәйкес олар бойынша қосылған құн  салығы есепке алуға жатқызылған  оның тауарларының (соның ішінде негізгі  құралдардың) қалдығы салық салынатын  айналым ретінде қарастырылады.

    Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым: 

    тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде: тауарды сатуды; тауарды тиеп  жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) алмастыруды; тауар экспортын; тауарды тегін  беруді; жарғылық капиталға жарна  төлеуді; жұмыс берушінің жалдамалы  қызметкерге жалақы есебінен тауар  беруін; тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді, соның ішінде қаржы лизингіне беруді; комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді; қарызды төлемеген жағдайда кепіл  берушінің кепіл ұстаушыға кепілге  қойылған мүлкін (тауарын) беруін;

    кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған  тауарды кәсіпкерлік қызметке жатпайтын  шараларды өткізу үшін, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушінің не оныңжалдамалы  қызметкерлерінің, қатысушылардың немесе басқада тұлғалардың жеке тұтынуы  үшін пайдалануын;

    Кодекстің 208-бабының 6-тармағына сәйкес бір  заңды тұлғаның қосылған құн салығын  дербес төлеушілері болып табылатын  бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне тауар жөнелтуін білдіреді.

    Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша  айналым кез келген жұмыстар орындауды  немесе қызмет көрсетудің, соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай - ақ тауарды өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:

    мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті  жалдау (жалгерлік) шартымен пайдалануды; санаткерлік меншік объектілеріне, соның ішінде жарғылық капиталға  салым ретінде берілетін құқықгар беруді; жұмыс берушінің жалдамалы  қызметкерге жалақы есебінен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін; Кодекстің 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушілер болып  табылатын бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін  білдіреді.

    Мыналар: бірлігінің құны екі айлық есептік  көрсеткіштен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау; тапсырысшының  мердігерге оның дайын өнімді әзірлеу  және (немесе) құрастыру және (немесе) жөндеу үшін алыс-беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан  Республикасының шегінен тыс  жерлерде дайындалған және (немесе) Құрастырылған және (немесе) жөнделген  жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан  Республикасының кеден заңдарына  сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан  тыс жерлерде ұқсату" режимімен  жүзеге асырылса, аталған тауарлардың  тиеп жөнелтілуі өткізу бойынша айналым  болып табылмайды. Ұқсату режимі экспорт  режиміне өзгеотілген жағдайда, бұрын әкетілген алыс-беріс тауарлары немесе оларды ұқсату өзгертілген жағдайда айналым болып табылады;

    Құны  онымен жіберілетін өнімді өткізу құнына кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі  шартта (келісім-шартта) белгіленген  талаптармен және мерзімде, бірақ  ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім берушіге қайтарылуға тиіс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгіленген мерзімде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткізу бойынша айналымға  енгізіледі;

    тауарды қайтару;

    шартта  белгіленген талаптар мен мерзімдерде  қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт  шараларын өткізу үшін Қазақстан  Республикасының шегінен тыс  жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан  Республикасының кеден заңдарына  сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимімен ресімделсе, өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

Информация о работе ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі