ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 06:21, курсовая работа

Краткое описание

- Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом Word.docx

— 141.34 Кб (Скачать документ)

     Қосылған  құн салығы бойынша есепке  алу тәртібі және куәліктің  көмегімен қосылған құн салығын  қолдану жеңілдетіледі.

     Жаңа  Салық кодексінің іске қосылуымен  байланысты салық жүйесін жетілдірумен  салық әкімшілігін жақсартуға  бағытталған перспективалар ерекшелінеді.

     керек.

     Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтерге  қоюшы қосылған құн салығын  төлегенде есепке алуға жатқызудың  негізділігін тексеру келесі  кезең болып табылады. Сонымен  салық төлеушіде әрбір қоюға  шот-фактура немесе қойылым құнында  қосылған құн салығының бар  болуын расстайтын басқа құжаттың  бар немесе жоқтығына тексеріс  жасау керек.

     Алыс  шетелден шығарылған импорттық  тауарлар бойынша тек кедендік  құжат толтыру екзінде Қазақстан  Республикасы бюджетіне төленген  қосылған құн салығы ғана есепке  алынады.

     Қосылған  құн салығын төлеуден босатылған  қызметтер бойынша, ғимараттар мен  жеңіл автокөліктерін сатып алу, кәсіпкерлік қызметке емес басқа  мақсатқа алынған тауарлар қосылған  құн салығы бойынша есепке  алынбайды.

     Салық  кодексіне сәйкес, тауарлар бүлінген  немесе жоғалған кезде осы  тауарлар бойынша есепке алынған  қосылған құн салығы бюджетке  қайтаруға жатқызылады.

     Егер  де салық төлеушілерде салық  салынатын және салық салынбайтын  айналым болса, онда қосылған  құн салығы бойынша есепке  айналымның жалпы сомасынан салық  салынатын айналымның үлес салмағымен  анықталған салық сомасы қабылданады.

     Есепке  алуға жатқызылған есеп сомасы  есптік кезеңде есептелген сомада  артқан жағдайда салық органдары  қосылған құн салығы бойынша  дебеттік сальдоны немен байланысты туындағанына мұқият талдау жасаған жөн. Егер де ол нөлдік ставканы қолданумен байланысты болса, онда барлық растаушы құжаттардың (алыс шетелдің шекарасын өткендігін растайтын жүктердің кеденді декларациясы бір реттік халықаралық тасымалдау құжаттары және т.б. құжаттар) бар болуы міндетті түрде тексеріледі.

     Бюджетке  аударылатын қосылған құн салығы  сомасының толықтық және уақытылы  аударылуына тексеріс жасауда  салық және оның мөлшері бойынша  ағымдық төлемдер жарнасы мезгілінің  сақталуына аса көңіл аудару  қажет. Салық төлеушіге салықты  төлеу бойынша мерзімін кейінге  қалдыру өтеулердің уақыттылығы  мен өсім ақының төлемі ұсыналады, әлде  жоқ па соны тексеру  керек. Осы кезде Салық кодексі  бойынша ұсынылған мерзімді кейніге  қалдыруды ескере отырып өсімшені  есептеуге, өтеудің уақыттылығына  тексерім жасау керек. Салық кодексі  бойынша ұсынылған кейінге қалдыруды  ескеру қажет. Салық кодексімен  ұсынылған бюджеттік мекемелер  үшін кейінге қалдыруларға өсімше  есептелінбейді.

     Қосылған  құн салығы бойынша декларацияларда  көрсетілген мәліметтердің шынайлығына, сондай-ақ салық органына дер  кезінде ұсынылуына дер кезінде  тексеріс жасау керек. Сондай-ақ  салықтардың толық келіп түспеулерді  жою керек. Қосылған құн салығының  дұрыс есептелуімен уақытылы  төлену тәртібін қарастырып, салықтық  бақылау салықтарды толық және  дұрыс төлеуді бақылау емес  екенін атап өту керек. Салықтық  бақылаудың кең мәні — бұл мемлекеттің маңызды  қызметтерінің біріне жатқызылған салық заңдарының орындалуын бақылау. Оның маңыздылығы осы бақылау мемлекеттің мүліктік табысы болып табылатын алымдар мен салықтарды қамтамасыз етуші құрал ретінде қатысуында.

     Нәтижесінде, әдетте, салықтық бақылау мемлекеттік  бақылаудың жақсы ұйымдастырылған  түрлерінің бірі. Салықтық бақылаудың  барлығын қамтыған мемлекеттің  материалдық мүддесі салық төленбеген  жағдайда экономикалық және әлеуметтік  тәртіпте мәселе тұғызады. Салықтық  бақылаудың мамандырылуы оның  материалдылығымен анықталады. Ол  салық қызметі органдарының оның  шегінен шығуына қақысыз екендігінен  көрінеді. Бұл жағдай Салық кодексінде  салық төлеушінің құқығы түрінде  “салық салуға қатысы жоқ ақпараттар мен құжаттарды ұсынбауы керек” деген тұжырым жазылған. Салықтық бақылаудың қызметтілігінің объектісі ретінде меншік нысанына ұйымдық құқықтық нысанына және қызмет түріне тәуелсіз заңды және жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелері қатысады.

     Біздің  елімізде салықтық бақылау сәйкесінше  билік құзырлығымен қамтылған,  “билік пен бағыну” үлгісіндегі  салықтық қатынастарда бақылаушы субъектісі болып табылатын мемлекеттік органмен жүзеге асырылады. Сондықтан не бір азамат, не бір еңбек ұжымы, не бір кәсіодақ салықтық бақылау субъектісі ретінде қатыса алмайды. Осы себептерге байланысты кең таралғанымен де аудиторлық тексерістер салықтық тексеруші бола алмайды. Бақылаудың мәні “тексеру”, тексеру мақсатындағы “барлауды” білдіреді. Бақылаудың мақсатымен міндеттің толықтығы, уақыттылығы және тиімділігі, сондай-ақ операция әрекеттің және салық төлеушінің жауапкершілікке тартудың, заңдылығы мәліметтерінің шынайлығы белгіленеді. Сондықтан бақылау салық төлеушілердің салық заңдарын сақталуына бағытталған. Салықтық тексерістерді жүргізудің тиімділігіне қол жеткізу үшін салықтық қызмет органдары атқарушы билік органдарымен құқық қорғау, қаржы және басқада бақылаушы органдармен өзара әрекет етіп, біріккен бақылауды жүргізудің шараларын қабылдап, сәйкесінше,  салық қызметінің, өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған  ақпараттардың құпиялығын сақтай отырып, ақпараттардың өзара айырбасын қамтамасыз етеді.

     Салық  кодексі мемлекеттік органдарының  міндеттерін белгілеп, Қазақстан  Республикасы салық заңдарының  орындалуына бақылау бойынша  міндеттерді, сондай-ақ салықтық  тәртіп бұзушылықпен күресте  міндеттерді орындауына әсер  етеді.

     Қазіргі  уақытта барлық әлемде салық  жүйесін жеңілдету тенденциясы  байқалады. Салық жүйесі қарапайым  болса, экономикалық нәтиже оңай  анықталады. Салық органдарында  жұмыс істейтіндер санын азайтуға  мүмкіндік береді.

     Осындай  тенденция кейбір елдерде тек  жалғыз қосылған құн салығының  бар болуымен бекітіледі.

     Біздің  елімізде салық жүйесі өте  күрделі құрылымды иеленеді. Онда  бір-бірінен мәні жағынан еш  айырмашылығы жоқ әртүрлі салытар, аударымдар, акциздер және алымдар  бар. Осындай төлемдердің көптігі  кәсіпорындар бухгалтериясында  үнемі қателіктерге әкелсе, нәтижесінде  ксіпорын салықты уақытында төлемділігі  үшін өсім төленуіне тура келеді. Салықтардан өсім алу үшін  салық жүйесін арнайы қиындықтан  дегенде ой келеді.

     Сонымен  бірге, салық ставкалары мен олар  төленетін табыстар өте қажетті  салық элементтерінде әркелкі  көрсетіледі. Сондықтан Заң шыққан  соң біраз айлар өткеннен кейін  нұсқаулар шығарыла бастайды. Біздің  еліміздің салық жүйесінің тағы  бір кемшілігі — оның тұрақсыздығы болып табылады.

     Салықтар  енгізілген соң бір жылда қызмет  етпей алынып тасталады.

     Салықтар  төңірегіндегі осындай жағдайлар  біздің  экономикамыздың тұрақсыздылығына  әкеледі. Сондықтан, дағдарыс жағдайынан  шығу үшін салық жүйесін жөнге  келтіру, кәсіпорындарға қалыпты  жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік  береді.

     лікті  нығайту мен қолдауға бағытталған  салық жүйесін құрудың мақсаты  бағытталған бағдарламасын құрудың  қажеттігіне куәлік етеді.

     Салық  саясаты салық базасын кеңейтуге  бағытталған болу керек. Салық  базасын кеңейту салық ауыртпалығын  күшейтпей-ақ, бюджетке тапсырыстардың  шынайы түсуін арттырады. Осы  проблеманы шешпей экономикалық  өсудің, қаржылық базасын қамтамасыз  ету мүмкін емес. Салық салатын  базаны кеңейтудегі шынайы қадам  болып шағын кәсіпкерліктің дамуын  барынша ынталандыру болып табылады.

     Салық  жүйесі нарықтық экономиканың  бірден-бір басты элементтерінің  бірі болып табылады. Шаруашылықты  дамытуға экономикалық және әлеуметтік  дамудың басымдылығын анықтағанда  салық жүйесі мемлекеттің әсер  етуінің басты аспабы болып  қатысады. Осыған байланысты Қазақстанның  салық жүйесі жаңа қоғамдық  қатынастарға бейімделіп, әлемдік  тәжірибеге сәйкес болуы керек.

     Біздің  салықтардың тұрақсыздылығы ставкалардың  жеңілділігінің үнемі қайта қаралуын  Қазақстанның нарықтық қатынастарға  өту кезеңінде теріс рөлді  иеленіп отандық және шетелдік  инвестицияларға кедергі болды. Салық жүйесінің тұрақсыздығы  бүгінгі күндегі салық салудың  басты проблемасы. Өмір салық  жүйесінің таза қазыналық қызметіне  жасалған басымдылығының оң нәтижесін  бермеді.

     Салық  саласындағы реформаторлық қайта  құрудың талдауы негізінен тартылған  ұсыныстар салық жүйесінің элементтеріне  ғана екенін көрсетті (ең алдымен  ставка мөлшері, ұсынылатын жеңілдіктер, салу объектісі).

     Бірақ  бүгінгі уақытта нарықтық қатынастардың  қазіргі кезеңіне сәйкес келетін  салық жүйесі қажет.

     Бүгінгі  күні Батыс елдерінде салық  алу мен оны қолданудың жалпыланған  теориясы мен ойластырылған тәжірибесі  бар. Бірақ олардың тәжірибесіне  бейімделу қиын, себебі өзінің  ұлттық шаруашылығын қайта құрудың  жарқын жолдарын іздеуші бүгінгі  Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік  және саяси шарттарының ерекшеліктеріне  бірінші дәрежелі көңіл бөлмеу  мүлдем мүмкін емес.

     Салық  салу аясындағы проблемалардың  көп қалыптасқандығы сондай, оларды  жекелеген жарлықтар мен түзетулер  арқылы шешу мүмкін емес. Біздің  салық жүйеміз өзіне жүктелген  қызметтерді жүзеге асыруға қабілетсіз. Ол өз кезегінде елдің экономикалық  дамуына кедергі келтіреді.

     Осы  қайшылықтарды жоюдың ойластырылмаған  амалдарды көптеген түзетулер  өз кезегінде одан әрі қайшылықтар  мен тұрақсыздыққа әкеледі. Ставкалар  мен жеңілдіктерді үнемі қарастыру  біздің салық органдарының тұрақсыздығы  нарықтық қатынастардың қалыптасуында  жағымды рөлді иеленген жоқ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

    Қазақстан Республикасында қолданыста бар  салықтар және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер ішінде қосылған құн салығы ерекше орын алады. Ол халықаралық  шарттарды қолдану барысында (акциз  салығымен бірге) жанама салықтар болып  есептеледі. Қосылған құн салығы бюджетке, салық салынатын айналымның, тауаурларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша және импортталған тауарларды Қазақстан Республикасында енгізендегі  айналымның ударылатын бөлігі. Бюджетке аударылатын ҚҚС, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша  айналымның ҚҚС-мен алынған тауарлардың, қызмет көрсетулердің ҚҚС-ның айырмашылығынан  анықталады. ҚҚС есептеу және бюджетке төленуі Қазақстан Республикасының  Салық Кодексімен реттеледі. ҚҚС-ның  ставкасы 12 пайыз есебінде салық  салынатын айналымға және импортқа қолданылады. ҚҚС Салық кезеңі болып  күнтізбелік тоқсан табылады.

       Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады.Дипломдық жүмысты толық қарастырып, жан-жақты зерттедім, бірінші бөлімінде салық жүйесіндегі жаңама салықтарды есептеудің теориялық негізіне жеке жеке бөлімшелерде қарастырдым. Екінші бөлімінде «СЕРТ» ЖШС-нің тарихына  қысқаша тоқталып, қаржылық жағдайы мен технико-экономикалық көрсеткіштерін талдадымтөлеуші ҚҚС декларациясын орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.

    Декларациямен бір мезгілде салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша  шот-фактуралардың тізілімдері табыс  етіледі, олар декларацияға қосымша  болып табылады. Сатып алынған  және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті  орган белгілейді.

    Қосылған  құн салығын төлеуші бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен  кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей  әрбір салық кезеңі үшін төлеуге  міндетті.

    Айта  кететін жайт, Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың  қосылған құн салығы бойынша салық  міндеттемесін орындауының ерекшеліктері  байқалады. Бұл ерекшеліктер Қазақстан  Республикасы Салық Кодексінің 271-1 бабында айтылған.

    Қосылған  құн салығы (ҚҚС) бойынша  бюджетпен өзара қатынасында Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге қайтаруға аса мән берілген.

    Жоғарыдағы  айтылғандарға сай,  қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша  бюджетпен өзара қатынас Қазақстан Республикасы Салық Кодексімен қатаң реттелген.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 

Информация о работе ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі