Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 21:42, курсовая работа
Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:
- экономикалық өсуді ынталандыру;
- кәсіпорын қызметін тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
Кіріспе………………………………………………………………..
Ι- Кәсіпорындағы активтерді талдауы мен аудитінің теориялық әдістемелік негізі
1.1. Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық
маңызы…………………………………………………………………
1.2. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің экономикалық көрсеткіштерін
талдау……………………………………………………………………
1.3. «Оңүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің активтер есебін ұйымдастыру
мен есеп саясаты…………………………………………………………
ΙΙ- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары.
2.1. Талдаудың маңызы мен активтердің құрамы мен құрылымын
талдау…………………………………………………………………….
2.2. Активтер айналымдылығын талдау…………………………………..
2.3. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау мен табыстылықты
талдау……………………………………………………………………….
ΙΙΙ- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қаржылық жағдайын
талдау мен аудиті.
3.1. Қаржылық тұрақтылығын бағалау мен талдау…………………………..
3.2. Активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін бағалау……………….
3.3. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің активтерінің аудиті……………
Қорытынды………………………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………..
Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффициентінің жалпы өтімділіктің жоғары коэффициентіне сай келуі тән екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негіздеомеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек.
3.3. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің активтерінің аудиті.
Аудитті жүргізудің нормативті-құқықтық базасы
Аудиторлық зерттеуді
1.«Бухгалтерлік есеп және
2.Аудиторлық қызмет туралы
3.Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары 200 жыл және т.б.
Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ескерткіштерінің оның аудитінің мақсаты туындайды. Яғни аудитінің мақсаты – негізгі құралдардың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне енгізілген өзнерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудитор алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап етететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.
Негізгі құралдардың сақталу, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:
· негізгі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін;
· еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншіктік қатынасы және өндріс үрдісіне қатысу сипаты бойнша топталғандығын;
· есепте негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын;
· есепте негізг құралдардың кіріс және шығыс операцияларының дұрыс көрсетіліп құжатталғандығын;
· есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есептеліп құжатталғанжығын;
· негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғандығын;
· бухгалтерлік енсеппен қорытынды есепте нақты қолда бар негізгі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.
Аудитордың міндеті қолда бар негізгі құралдардың сақталуын бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексерумен шектелмейді. Оларды сақтауды қамтамасыз етуге байланысты атқарылған іс-шараларды да тексеруге міндетті.
Ол үшін шаруашылықтың басшылығының бұйрығымен негізгі құралдардың сақталуына жауап беретін материалды жауапкершілікті тұлғаның тағайындалғандығын: тағайындалған тұлғалармен олардың толық материалды жауапкершілігі туралы жазбаша шарт жасалғандығын; негізгі құралдардың сақталуына тексеру жүргізетін тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының тағайындалғандығын; жылдық қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында түгендеу жүргізілгендігін; түгендеудің нәтижесінің дұрыс құжатталғандығын және оны қарау мерзімінің сақталғандығын; негізгі құралдардың кем шығу, жоғалған, бүлінген фактілер орын алған жағдайда кінәлі тұлғаларына қандай әкімшілік шаралары қолданылғандығын анықтауға міндетті.
Аудитор жоғарыда аталған басты міндеттерді тиянақты орындау үшін негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағдарламаларына жасауға тиісті.
Бағдарламада тексерілетін мәселелер, жоспарланған аудиттің іс-әрекеттері, ақпарат көздері және тексеру мерзімі анықталуы тиіс. Отандық және шетелдік авторлардығ жасаған бағдарламаларына сүйене отырып, негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағдарламасы мынадай мәселелерді қамтиды:
Негізгі құралдарды, аудитордың бағдарлама көрсетіп отырғандай, алдымен олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін тексеру үшін 2410 «Негізгі құралдар», 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімшелерінің құрамына енген синтетикалық шоттарындағы қалдықтарының Бас кітаптағы басқа есеп регистрларындағы, машина жазбалардағы көрсетілген мәліметтермен және аналитикалық есеп шоттарындағы көрсеткіштерінің қосындысының жиынтығы синтетикалық есеп шоттарындағы мәліметтермен сәйкестігін анықтау қажет.
Аудитордың тексеру бағдарламасы бухгалтерлік есеп жүргізуге, оның күшіндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін анықтауға, сондай-ақ қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің ақиқаттығын растауға бағытталған. Аудитор бағдарламада құралған әрбір тармақтардың ауқымын кеңейтіп, қаралатын мәселелерді толық қамтитын және ішкі бақылаудың
Аудитор шаруашылықтың басшысының негізгі құралдар нысандарын қабылдап, кіріске алуды жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы бұйрығымен және қабылдау комиссиясы құрамымыен танысқаннан кейін, негізгі құралдардың кіріске алынуы көздерін анықтауы тиіс. Сондай-ақ, аудитор шаруашылықтың пайдалануына кіріске алынған негізгі құралдарды жаңартып және толықтырып отыру көздеріне аудит жүргізгенде мынадай мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс:
Аудитор негізгі қралдардың келіп түсу кездеріне қарай дер кезінде кіріске алу құжаттары толтырылып тіркелгендігіне көз жеткізу керек.
Негізгі құралдарды кіріске алуды жүзеге асыратын шаруашылықтың басшысының бұйрығымен немесе өкімімен тағайындалған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның құрамының түгелдей қатысып, оның құрамына әр түрлі саланың бас мамандары мен механиктерінің, құрылыс мамандарының, техникалық бөлімнің өкілдерінің, техникалық қауіпсіздендіру, мамандарының бухгалтерлердің ж.б. мамандық иелерінің қатыстырылғандығын анықтау қажет.
Аудитор нақты қолда бар негізгі құралдардың сақталуын тексеруге кіріскенде, олардың аналитикалық есебіне назар аударады. Яғни, әрбір негізгі құралдар нысандарының техника-экономикалық сипаттамасын, оның тұрған орнының, бастапқы құнын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижелерін көрсетіп ашылатын мүліктік карточкаларының дұрыс толтырылғандығын және дер кезінде ашылғандығын, нақты қолда барлығын тексереді.
Негізгі құралдарды пайдалану барысында олардың құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне елеулі әсер еткен өзгерістерге байланысты қосымша сипаттамалар көрсетіледі. Мүліктік карточкаларындағы көрсетілген мәліметтер бастапқы құжаттарындағы мәліметтерін салыстыра отырып, негізгі құралдардың пайдалану және тұрған орындары бойынша қорытынды есеп ақпараттарындағы жағдайына сәйкестігін анықтауға болады. Аудитор шаруашылықтың қабылдап есепті ұйымдастыру нысанына қарамастан, аналитикалық есеп пен синтетикалық есеп регистраларының, есеп мәліметтерін өндеу үрдісін, олардың өзара байланысының жазылу дәйектілігінің сақталуына және қозғалыстарының бірыңғай типтік үлгідегі бастапқы есеп құжаттарында жазылып толтырылғандығын тексеру тиісті. Бастапқы құжаттарының реквизиттерінің бекітілген тәртіпке сәйкес толтырылғандығын, құжатты рәсімдеуге қатысқан жауапкершілікті тұлғаларының қойған қолдарының тұпнұсқалығын тексеруге тиісті. Кеткен кемшіліктер мен анықталған тәртіп түзу факторларына сілтеме жасалып, аудитордың қорытындысына көрсетілуі тиіс. Қажет болған жағдайда, аудитордың қарама-қарсы тесеру жүргізуді талап етуіне құқы бар. Аудитор негізгі құралдар нысандарының амортизацияланып тозу есебіне тексеру жүргізген кезінде мынадай мәселелерге назар аударуға міндетті:
Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзінлегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеудегі, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.
Аудитор бұл объектілерді тексергенде 38 ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары), 28 БЕС (Бухгалтерлік есеп стандарттары), ҚР-ның «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық-нормативтік актілерді басшылыққа алады.
Қорытынды
Осы дипломдық жұмысты қорыта келе активтер есебіне талдау мен аудитті жүргенде кіріспеде көрсеткендей жоспарлау бойынша бөлімдер толық ашылды деп ойлаймын. Осыдан қорыта айтатын болсам: қандай бір ұйым және мекемелер табыс пен шығыссыз болуы мүмкін емес.
Аудиті кәсіпорынның іс-қызметінде де, мемлекеттік экономикасын басқарудың жалпы жүйесінде де өте зор мәнге ие болып келе жатыр. Өндіріс циклі шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық әлеуетінің өзгеше құрамдасы екенлігі белгілі, сондықтан әрбір кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен одан әрі экономикалық дамуы олардың есебінің дұрыстығына, тиімді қолдану мен кешенді бақылауына байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық процесстерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барасында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.
Өндіріс тиімділігін талдау мен кәсіби аудиттің жеткілікті дәрежеде әзірленбеу мәселесі оның біршама дайын нұсқасын нақтылауды ғана емес, сондай-ақ белгілі бір экономика секторының әр түрлі салаларындағы дағдырыс жиілігінде, нарық конюнктурасы өзгергенде және бәсеке деңгейінің болжап білуге болмайтын өзгеше жағдайларында оны ұйымдастырудың принциптік жаңа тәсілдемелерін әзірлеуді де талап етеді. Аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен мен шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Кез келген ұймның мақсаты максималды түрде пайда табу болып табылады. Ал сауда ұйымдарының негізгі табыстылығы өнімді, тауарларды сатудан өткізуден түседі. Енді міне мен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қызметін сипаттай қорыта айтсам, ол-қоғам бірінші кезекте қажет ететін тауарлырды сатып алады да, нарықта өткізеді. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің тауарларды біздің отандық өндірушілермен қатар шетелден де алады. Оның шетелмен үнемі болатын шаруашылық операцияларының негізінде отандық жабдықтаушылармен болатын операцияларға қарағанда біраз ерекшеліктері пайда болады. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің баланс өтімділігі бар, бірақ дебиторлық берешектер уақытында қайтарылмаса қысқа мерзімді міндеттемелерін өтуге қиындық туғызу мүмкін. Сондықтан қолда бар ақша қаражаттарын дұрыс ұйымдастыру қажет деп осы дипломдық жұмысты қорытындылаймын. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балансты талдау кезінде өтімділігі жоқ болып шықты активтердің өтімді болып табылуына және қаржылық тұрақтылықты сақтауға шаралар қолдану қажет. Сондықтан осы сияқты талдау нәтижелерін дұрыс пайдалану үшін есептік көрсеткіштерге аудиттік тексеру мен талдау жасалады.
Информация о работе «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау мен аудиті