Міндеттемелер есебі және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 08:47, дипломная работа

Краткое описание

Екінші әдістемеде «ЛЖВК» АҚ-ның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Кn ≥ 0.5 қалыпты болып есептеледі. Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған «ЛЖВК» АҚ-да 2010 жылы – 60 млн теңгені, 2011 жылы соңы – 68 млн теңгені құрайды, яғни 8 млн теңгеге немесе 13%-ға өскен.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3

Тарау 1. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері мен «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайы..................................5
1.1.Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі.............5
1.2.Кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайы
мен есеп саясаты.......................................................................................................15

Тарау 2. Кәсіпорында ұзақ мерзімді активтердің есебін ұйымдастыру...............29
2.1. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру................................29
2.2. Материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру.....................................38
2.3. Негізгі құрал мен материалдық емес активтердің тозуының есебі.............................................................................................................................47
2.4. Ұзақ мерзімді инвестицияның есебі.................................................................60

Тарау 3. Ұзақ мерзімді активтердің аудиті.............................................................65

3.1. Негізгі құралдардың аудиті...............................................................................65
3.2. Материалдық емес активтердің аудиті.............................................................72
3.3. Ұзақ мерзімді инвестициялардың аудиті.........................................................79

Қорытынды................................................................................................................87

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................91

Қосымша....................................................................................................................93

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМКА.docx

— 92.01 Кб (Скачать документ)

Талдау  жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл  коэффициенттің деңгейі  2010 жылы  0,63, ал 2011жылы  0,72 құрады. «ЛЖВК» АҚ-ның  активтерін таратудың тиімділігін  сипаттайтын келесі көрсеткіш –  мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады. Бұл  қатынастың қолайлы және қауіпті  көлемі, «ЛЖВК» АҚ-ның салалық ерекшеліктеріне  байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен  төмен болмауы тиіс.

Талданып  отырған «ЛЖВК» АҚ-ң бұл көрсеткіш  деңгейі 2010 жылы  – 1,73, ал 2011 жылы  – 2,7 құрайды. Бұл коэффициент деңгейі  мобильді қаражаттардың өсу қарқыны  иммобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. 2011 жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 2 есеге, ал екіншілер – 1,2%-ға ғана өскен. «ЛЖВК» АҚ ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, «ЛЖВК» АҚ-ң міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген  жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың  белгісі болып табылады: ағымдағы ұзақ мерзімді активтер қатынасының  коэффициенті қарыз капиталы мен  меншікті капитал қатынасының коэффициентінен  артық болуы керек.

Әрі қарай  «ЛЖВК» АҚ-ң мүліктік жай-күйінде  қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды  элементтінің жағдайын зерттеу қажет. «ЛЖВК» АҚ-ң мүліктерінің жалпы құнындағы  негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударылады. Өйткені бұл  көрсеткіш «ЛЖВК» АҚ-ң кәсіпкерлік  қызметінің көлемін анықтаудағы  басты бағыт болып табылады. «ЛЖВК» АҚ-ң мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының  коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан  кем болмауы тиіс.

Негізгі құралдардың жалпы құнындағы  оның активті бөлігінің (жұмыс машиналарының  құны) үлесін анықтау өте маңызды  және де бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының  дамуындағы жағымды кезең  болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі. Алайда біздің «ЛЖВК» АҚ-ң  негізгі құралдардың активті  бөлігінің үлес салмағы 2010 жылы-30қарағанда, 2011 жылға-19,5 құрады.  

Негізгі құралдардың активті бөлігінің  үлесінің 0,13 пунктке кемуі, олардың  өсу қарқынының барлық негізгі құралдардың  өсу қарқынынан айтарлықтай дәрежеде артта қалуының нәтижесінде болып  отыр. Барлық негізгі құралдар құны – 13%-ға өскен. Бұл әрине «ЛЖВК»  АҚ-ң материалды-техникалық базасының  дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде  қарастырылуы тиіс.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын  маңызды көрсеткіш – бұл осы  негізгі құралдардың тозу сомасының  оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын  тозу коэффициенті. Біздің кәсіпорынымызда  негізгі құралдардың тозу коэффициенті 2010 жылы  – 0,63, ал 2011 жылы  – 0,68 құрайды, яғни 0,05 пунктке өскен.

Бұл мәліметтер, негізгі құралдардың сапалық  тозуын айтпай-ақ, олардың 2/3-ден көбі табиғи тозғандығын және ескергендігін  көрсетеді. Кейбір экономисттердің  бағалаулары бойынша 50%-дан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс  болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға  және жаңартуға қатаң көңіл аударуы  тиіс. 

Әрі қарай, келесі 5-аналитикалық кестені құрастыра  отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

                                                                                  

 

 

«ЛЖВК» АҚ-ң ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы  
                                                                                                                                Кесте 5

Көрсеткіштер 

     2010 жыл

      2011 жыл

Өсуі (+), кемуі (-), %

сомасы, млн тг.

үлес салмағы, %

сомасы, млн тг.

үлес салмағы, %

1

Ағымдағы активтер, соның ішінде:

1.1Тауарлы-материалдық  қорлар 

1.2.Дебиторлық борыш 

1.3Ақша қаражаттары және қысқа  мерзімді қаржылық  инвестициялар 

1.4.Басқа да ағымдағы активтер 

126

 

 

37

 

 

67

 

22

 

 

 

 

-

100

 

 

29,4

 

 

53,2

 

17,4

 

 

 

 

-

255

 

 

102

 

 

77

 

76

 

 

 

 

-

100

 

 

40

 

 

30

 

30

 

 

 

 

-

х

 

 

+10,6

 

 

-23,2

 

+12,6

 

 

 

 

-





                                                                                                      

5-кестедегі  келтірілген мәліметтер «ЛЖВК»  АҚ-ң активтерінің жалпы алғанда  жағымды динамикасын көрсетеді.  Оларды жеке элементтер тұрғысынан  зерттеу келесідей қорытындыларды  жасауға мүмкіндік береді. Ең  мобильді активтер – яғни ақша  қаражаттар мен қысқа мерзімді  қаржылық инвестициялар 2011 жылда  76 млн теңгеге немесе 12,6% -ға көбейген.

Ағымдағы  активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын  айналым қаражаттарының мобильдік  коэффициенті 12,6 есеге көбейген және 30%-ды  құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.

Ең мобильді қаражаттар сомасының көбеюі және айналым  қаражаттарының мобильдік коэффициентінің  жылдам жоғарлауы кәсіпорынның төлеу  қабілетінің жеткіліктілігін сипаттайды. Алайда, нарық жағдайында айналым  қаражаттарының төмен мобильдігі әрдайым  теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар  болуы немесе олардың болмауы, кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

Кәсіпорынның  материалдық айналым қаражаттары  есепті жылы 10,6%-ға өсті және ол 2011 жылы 102 млн теңгені құрады. Олардың  үлесі 0,36пунктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса  жоғары (40%) болып  отыр. Бұл жағдай, материалды айналым  қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және  де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын  басы артық және қалып қойған материалдық  құндылықтар, нормадан тыс шикізат  қорлары, материалдар, аяқталмаған  өндірістер жоқ па, соны анықтау  үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді  қажет етеді. Біздің «ЛЖВК» АҚ-ң материалдық  ағымдағы активтер негізінен материалдар  есебінен көбейген, олардың көлемі 2011 жылы 102 млн теңгені құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда – 2,5 есеге  көп. Осы мерзімде өндірістік қорлар 9,5%-ға азайған.

2011 жылы  дебиторлық борыш та әжептеуір  өскен. Егер оның көлемі 2010 жылы  – 67 млн теңгені құраса, 2011 жылы  ол – 77 млн теңгені құрайды  немесе 11,6%-ға өскен, алайда ағымдағы  активтер құрамындағы оның үлесі  0,53 пунктке азайды.

Дебиторлық  борыш неге көп өскендігін және бұл  бапты не үшін түсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын  бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді  қарыздарды анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады.

Өтімді  емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық  құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің  үлкен мөлшерде болуы айналым  қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне  әкеліп соқтырады және «ЛЖВК» АҚ-ң  қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің  мобильділігінің өскеніне қарамастан, «ЛЖВК» АҚ-ң басшылығы оның құрамындағы  өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы  сомасында маңызды көрсеткіштердің  бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар  аударуы қажет.

Айта  кеткен жөн, «ЛЖВК» АҚ-ң қаржы жағдайына  дебиторлық борыштың нақты бар болуы  емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда  болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу  жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта  есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде  туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оның меншікті қаражатты  толығымен айналымнан шығару деп  есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің  нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілетіне ешбір ықпал  етпейді.

«ЛЖВК»  АҚ-ң дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлем  мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу  құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. өтелмеген  дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу  негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

Дебиторлық  борыштың құрамы мен құрылымымен  толық танысып шыққаннан кейін  оны нақты құны бойынша бағалау  керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы  бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде  анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі  мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен  ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде  зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың  дұрыстығы мен нақтылығын білуі  керек.

Баланстың активі кәсіпорынның меншігіндегі жалпы мүлкіне  баға береді және де мүліктің құрамында  айналым құралдары мен айналымнан тыс қаржыларды бөліп көрсетеді. Кәсіпорын мүлкіне баланста құны көрсетілген негізгі қорлар, айналым  қаржылары және басқа да құндылықтар  кіреді. 

      «ЛЖВК» АҚ мүлкін бағалаудың  есептері келтірілген.

«ЛЖВК» АҚ  мүлкін бағалау, млн.теңге                                                                       

Көрсеткіштер

2011 жыл

2012 жыл

Ауытқулар 2011 жыл

Ауытқулар

2012 жыл

 

жыл басына

жыл соңына

жыл басына

жыл соңына

абсолютті

шамада

%

абсолютті шамада

%

І.Барлық мүлік, соның ішінде:

160,8

349,0

349,0

730,0

188,2

2,2 есе

381

2,2 есе

Айналымнан  тыс активтер

НҚ және басқа да айналымнан тыс  актавтер

24,4

68,0

68,0

307

43,6

2,8 есе

239

4,8 есе

- мүлікке %-бен қатынасы

15,2

19,5

19,5

42,0

4,3

 

22,5

 

2.1.материалдық емес активтер

-

4,0

4,0

-

4,0

100

-

-

•материалдық емес активтерге %-бен

-

5,9

5,9

         

2.2.негізгі қорлар

24,4

64,0

64,0

307,0

39,6

2,6 есе

234

4,8 есе

• негізгі қорларға %-бен

100

94,0

94,0

100

-6,0

 

6,0

 

2.3.Бітпеген өндіріс

-

-

-

-

-

-

-

-

-Бітпеген өндіріске %-бен

-

-

-

-

-

-

-

-

2.4.Ұзақ мерзімді ; қаржылай салымдар

-

-

-

-

-

-

-

-

-Ұзақ мерзімді қаржылай салымдар %-бен

-

-

-

-

-

-

-

-

3.айналым қаржылары

112,4

255,0

255,0

397,0

142,6

2,3 есе

142,0

155,7

-айналым қаржыларына

%-бен

70,0

73,0

73,0

54,4

3,0

 

-18,6

 

3.1.материалдық айналым қаржылары

45,8

70,0

70,0

89,0

24,2

152,9

19,0

127,0

- материалдық айналым ; каржыларына  %-бен

40,7

27,4

27,4

22,4

-13,3

 

-5,0

 

3.2. ақша қаржылары мен қысқа мерзімді 1 міндеттемелер

0,3

76,0

76,0

36,0

75,7

253,3 есе

-40,0

-47,4

• ақша қаржылары мен кысқа мерзімді 1 міндеттемелерге %-бен

0,27

30,0

30,0

9,0

29,7

 

-21,0

 

3.3. дебиторлық  берешек

52,0

77,0

77,0

246,0

25,0

148,0

169,0

3,2 есе

 дебиторлық берешекке  %-бен

46,3

30,2

30,2

62,0

-16,1

 

31,8

 

3.4.алынған  кұндылықтар бойынша ққс

6,1

2,0

3,0

26,0

-4,1

32,8

23,0

8,7 есе

  алынған құндылықтар бойынша ҚҚС %-бен

5,4

0,8

1,2

6,5

-3,2

 

5,3

 

4.шығындар

24,0

26,0

26,0

26,0

2,0

108,0

0

100

шығындар %-бен

15,0

8,0

8,0

3,7

-7,0

 

-4,3

 

Информация о работе Міндеттемелер есебі және аудиті