Міндеттемелер есебі және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 08:47, дипломная работа

Краткое описание

Екінші әдістемеде «ЛЖВК» АҚ-ның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Кn ≥ 0.5 қалыпты болып есептеледі. Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған «ЛЖВК» АҚ-да 2010 жылы – 60 млн теңгені, 2011 жылы соңы – 68 млн теңгені құрайды, яғни 8 млн теңгеге немесе 13%-ға өскен.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3

Тарау 1. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері мен «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайы..................................5
1.1.Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі.............5
1.2.Кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайы
мен есеп саясаты.......................................................................................................15

Тарау 2. Кәсіпорында ұзақ мерзімді активтердің есебін ұйымдастыру...............29
2.1. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру................................29
2.2. Материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру.....................................38
2.3. Негізгі құрал мен материалдық емес активтердің тозуының есебі.............................................................................................................................47
2.4. Ұзақ мерзімді инвестицияның есебі.................................................................60

Тарау 3. Ұзақ мерзімді активтердің аудиті.............................................................65

3.1. Негізгі құралдардың аудиті...............................................................................65
3.2. Материалдық емес активтердің аудиті.............................................................72
3.3. Ұзақ мерзімді инвестициялардың аудиті.........................................................79

Қорытынды................................................................................................................87

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................91

Қосымша....................................................................................................................93

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМКА.docx

— 92.01 Кб (Скачать документ)

        Материалдық емес активтер кәсіпорынның  балансында бастапқы құны бойынша  кіріске алынады. Бірақ кейбір  материалдық емес активтертердің  бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері  бар.

Материалдық емес активтер шартты түрде 4 топқа  бөлінеді:

  1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер;
  2. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер;
  3. Қолдану, пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер;
  4. Материалдық емес активтертердің басқа да түрлері.

       Бірінші топқа «ноу-хау», ЭЕМ мен  мәліметтер базасын бағдарламалық  жабдықтау, интегралды микросхемалар  технологиясы, ұйымдастыру шығындары,  белгілі бір формуланы пайдалану  технологиясы немесе өнімнің  сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік  үлгілері, сервитуттары және тағы  басқалары жатады.  «Ноу-хау» - құжаттама  өндірістік озық тәжірибесін  құжатталған түрде көрсетілген  нысан және тағы басқа түрінде  көрінетін техникалық білімдерін  айқындау үшін халықаралық қатынастарда  қолданылатын термин.

       Кең мағынасында «ноу-хау» техникалық  құжаттама түрінде рәсімделген,  бірақ патенттелмеген, белгілі бір  өндірістің түрін ұйымдастыруға  қажетті өндірістік тәжірибесінің  техникалық, коммерциялық және басқа  да қыр-сырларын көрсететін білім  жиынтығы. Лицензиялық келісім-шарттарда,  техникалық ынтымақтастық туралы  шарттарда, лизингте, кілті қолма-қол  тапсырылатын құрылыста және тағы басқа қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. «Ноу-хау» өзінің бағасы мен басты көрсеткіштерімен құнды. Өзінің табиғаты мен төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден «ноу-хаудың» өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін.

       Өндірістік ақпаратты пайдалану  құқықтарын есепке алу. Оған  материалдық емес активтертердің  қатарына белгілі бір уақыт  кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік  ақпарат (мысалы, мұнайгаз секторында  дәлелденген мұнай қоры бар  секілді геологиялық барлау мамандарының  ақпараты) немесе субъектінің өнімін  болашақ кезеңдегі тұтынушылары  туралы және тағы да басқа  мәліметтер жатады.

      Ұйымдастыру шығындары. Бірлескен  немесе акционерлік кәсіпорындарды  құру кезеңінде пайда болған  шығындар      ұйымдастыру  шығындарына жатқызылады. Бұл  шығындар пайда болған кезеңнен  бастап, материалдық емес активтер  болып есептелінеді. Мұнайгаз секторында  бірлескен кәсіпорындар көптеп  ашылады, сондықтан да мұндай  шығындарға жарнамаларға кеткен  шығын, кеңесшілерге төленген  ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды  дайындау, банктерде шоттарды ашу  т.б. шығындары жатады.

       ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау  – кәсіпорын иенденген, ұзақ  уақыт бойы пайда әкелуге қабілетті  бағдарламаларды пайдалануға   қажетті мәліметтерді талдау  және бағдарламалық құжаттар  жүйесінің жиынтығы.

       Коммерциялық қызметпен байланысты  материалдық емес активтерге  көбінесе тауар таңбалары, тауардың  шыққан жері және тағы басқалар  жатады. Тауар таңбалары немесе  қызмет көрсету таңбалары деп  тауарларды тиесілі таңбалар  бойынша айыра алатын белгісін  айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы  заңды немесе жеке тұлға атына  тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық  заңдармен қорғалады. Тіркелген  тауар таңбасының иесі тауар  таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып есептелінеді. Заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.

       Тауардың шыққан жерінің атауы  – тауарды таңбалау үшін пайдаланылатын  елдің, елді мекеннің, жердің немесе  басқа географиялық объектінің  атын қоса және басқа да  ерекшеліктері арқылы сипатталады.

       Нарықтық экономика жағдайында  тауар таңбасы кәсіпорынның өте  қымбат тұратын активі болып  табылады, себебі компания оны  сата алады немесе жарғылық  капиталға қосқан үлесі ретінде  пайдалану құқығын береді.

Бірақ ол үшін тауар таңбасының құнын білу керектігін ұмытпайық.

       Қолдану, пайдалану құқықтарымен  байланысты материалдық емес  активтер. Бұл топқа жаңалық ашу  құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану  құқықтары, копирайт лицензиялар  және басқалар жатады.

       Патенттер. Патент оның ұстаушысының  патент қамтыған нәрсесін, процесін  немесе қызмет түрін және дәл  сондай әрекетті басқа тұлғаның  жүзеге асыруына тиым салатын,  бақылайтын, сататын, өндіретін және  пайдаланатын құқық болып саналады. Патенттің күші оны берген  мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет мерзімі ұлттық  заңдармен белгіленеді. Сонымен  қатар, патент деп белгілі бір  кәсіппен, саудамен, тауар сатып  алумен шұғылданатын тұлғаларға  берілген құжат болып саналады. Оны алуға көптеген ірі кәсіпорындар  мүдделі болып келеді. Себебі, патент  сатып алуға да, патенттелінген  жаңалықтарды өндіріске енгізуге  де қаржысы болуы тиіс.

       Өнеркәсіптік үлгілер. Мұндай  материалдық емес активтерді  пайдалануға айрықша құқықты  растайтын патенттер қолданылып  жүрген заңдарға сәйкес беріледі. Өнеркәсіптік үлгілері модельдерімен, суреттерімен немесе екеуінің қосындысымен берілуі мүмкін. Өнеркәсіптік үлгілер авторлардың шығармашылық еңбегі ретінде мойындалады. Өнеркәсіптік үлгілерге патент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң беріледі.

Лицензия (еркіндік, құқық деген латын сөздерінен алынған) – қандай да бір операцияларды  жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттік  органдарының берген рұқсаты. Лицензиялар  келесі белгілері бойынша бөлінеді:

Субъект бойынша:

  • Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына берілетіндер;
  • шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтығы жоқ тұлғаларға, халықаралық ұйымдарға берілетіндер.

Қызмет ету  көлемі бойынша:

  • негізгі – мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатындарға, егер де олардың қызметі бір тұтас технологиялық кешенге кіретін болса, онда бас лицензия қызметтің бірнеше түрімен шұғылданатындарға да беріледі;
  • бір жолғы (бірақ рет пайдалануға берілетіндер) – белгілі бір шаруашылық операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің көлемін, санын немесе салығын  алуға беріледі;
  • операциондық – валюта заңдылығымен анықталған, валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операцияларын жасау үшін беріледі.

Мерзімдік әрекеті  бойынша:

  • тұрақты – берілген мерзімі шектелмеген;
  • уақытша – белгілі бір мерзімге берілген.

       Мұндай лицензия секілді материалдық  емес активтер мұнайгаз секторындағы  кәсіпорындарда ең керекті де  маңызды активтердің бірі ретінде  саналады. Бірде-бір кәсіпорын лицензиясыз  қандай да бір қызмет түрімен  айналыса алмайтындығын бәрімізге  белгілі.

       Инвестицияға тоқталсақ, жалпылай  алғанда, инвестиция дегеніміз  – бүгінгі күні қолда бар  ақшаны, мүлікті және басқа да  заттарды, яғни капиталды қандай  да бір өндірісті дамыту үшін  жұмсап, сол арқылы келешекте  пайыз (процент) түрінде немесе  басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс  табу болып табылады. Бұл жоғарыда  айтылған процеспен екі фактор  байланысты болып келеді. Оның  біріншісі – уақыт, ал екіншісі  – тәуекелділік. Инвестиция экономикалық  дамудың жоғарғы және тұрақты  қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық  прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды  факторы болып саналады.

        Инвестицияның көзі болып жаңадан  жасалған қосымша құнның, яғни  таза табыстың пайдаланылмай  сақталған бір бөлігі болып  саналады. Кәсіпорындар мен компаниялар  инвестицияны өзінің таза табысының  есебінен, өзін-өзі қаржыландыру  немесе ол үшін сырттан несие  алу арқылы жасайды. Тағайындалу  түрлері бойынша инвестициялар  нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.

       Нақтылық инвестиция дегеніміз  – шаруашылық субъектісіндегі  белгілі бір материалдық, өндірістік  қорлардың, яғни активтердің (жер,жабдық,құрылыс)  өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін  салынатын салымдар болып табылады.

        Қаржылық инвестиция дегеніміз  – акционерлік қоғамдар немесе  мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға  және басқадай құнды қағаздарға  банктердің депозиттеріне салынған  салымдар болып табылады.

        Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған  екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші  емес, керісінше оларды бірін-бірі  толықтырады деп түсінген дұрыс.  Қандай да бір кәсіпкер құрылысты  салу үшін қаржы керек етеді.  Мұндай жағдайда құрылыс нақты  инвестицияның объектісі болып  табылады  Кәсіпкер бұл құрылысты  қаржыландыру үшін өзінің акцияларын  шығарып, басқа біреулерге сатуы  мүмкін. Сөйтіп, бұл мысалда кәсіпкердің  құрылысқа салған салымы нақты  инвестиция, ал қатысушының акцияны  сатып алуға жұмсаған шығыны  қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда  аталған инвестицияның қай түрін болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.

        Қаржылық инвестициялар иелену  мерзіміне қарай мынадай категорияларға  жіктеледі:

          а)  қысқа мерзімдік – иелену  мерзімі бір жылға дейін; 

          б)   ұзақ мерзімдік – иелену  мерзімі бір жылдан артық.

        Жылжымайтын мүліктерге салынған  инвестицияларды иеленуші субъектілер  ұзақ мерзімдік ретінде есептейді. 

        Тәуелсіздік алғаннан кейінгі  уақыттары барысында экономика  жолымен даму үшін күресіп  жатқан біздің еліміз үшін  шетелдік инвесторлардың ролі  мен маңызы өте ерекше.  Шетел  капиталының біздің еліміздің  экономикасын көтеру үшін салым  ретінде салынуын, яғни шетел  инвесторларын тартудың артықшылығы  мен пайдалылығын былайша жіктеп  көрсетуге болады:

  1. Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне түсетін түсімдерді көбейтеді
  2. Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сатып алу қабілетін арттырады
  3. Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық дәрежеге сай техника мен технологияны еліміздің кәсіпорындарында қолдануды жылдамдатады.

        Дебиторлық борыш – деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың компанияның алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ қызметкерлердің субъектілерден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы субъектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.

      «Дебиторлық борыш» -дегеніміз, бұл  – иелік ету хұқын қосқандағы  заңды хұқтармен байланысты активте  қамтылған болашақтағы экономикалық  тиімділік болып табылады. Олар, ақша қаражаттарының тікелей  немесе жанама өсуіне мүмкіндікті  қамтамасыз ететін болашақтағы  тиімділікті қамтиды.

       Бір жылдан астам уақыт бойы  алынбаған дебиторлық борыштар  ұзақ мерзімді активтердегі «Ұзақ  мерзімді дебиторлық борыштар»  бабына енгізіледі.

Олардың қатарына төмендегілер жатады:

  • активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын-ала) төлем;
  • тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
  • басқадай дебиторлық борыштар.

        Жоғарыда көрсетілгендей шаруашылық  субъектісінің ұзақ мерзімді  активтері қатарына жататын негізгі  құралдар, материалдық емес активтер, инвестициялар мен ұзақ мерзімді  дебиторлық борыштарды теориялық  аспекті тұрғысынан қарастырдық.  Келесі бөлімді «Лизингтік жолаушылар  вагон компаниясы» акционерлік  қоғамының қаржылық-шаруашылық, экономикалық  жағдайына тоқталамын.

    1. Кәсіпорынның  қаржылық экономикалық жағдайы  мен  есеп саясаты

Қазақстан Республика экономикасының дамуында теміржол көлігі маңызды рөл атқарады. Саланың даму жоспары жалпымемлекеттік мығынада, себебі Қазақстан Республика экономикасының төзімді өсу үшін, теміржол көлігінің тұрақты қызмет істеуі қажет. 6 ақпанда №145 Қазақстан Республикасының бекітілген қаулысы негізінде, 2004-2006 жылдарға Қазақстан Республикасының теміржол көлігін қайта құру бағдарламасына сәйкес, АҚ Жолаушылар тасымалы деректорлар кеңесінің шешімімен,  АҚ Жолаушылар тасымалы президентінің  бұйрығы бойынша, Жолаушылар тасымалы АҚ-ның 100 пайыздық қатысуымен, жарғылық капиталында «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы» акционерлік қоғамы құрылды. Осыған байланысты, «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы» акционерлік қоғамына жолаушылар вагон паркі тапсырылады.

Информация о работе Міндеттемелер есебі және аудиті