Міндеттемелер есебі және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 08:47, дипломная работа

Краткое описание

Екінші әдістемеде «ЛЖВК» АҚ-ның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Кn ≥ 0.5 қалыпты болып есептеледі. Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған «ЛЖВК» АҚ-да 2010 жылы – 60 млн теңгені, 2011 жылы соңы – 68 млн теңгені құрайды, яғни 8 млн теңгеге немесе 13%-ға өскен.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3

Тарау 1. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері мен «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайы..................................5
1.1.Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі.............5
1.2.Кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайы
мен есеп саясаты.......................................................................................................15

Тарау 2. Кәсіпорында ұзақ мерзімді активтердің есебін ұйымдастыру...............29
2.1. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру................................29
2.2. Материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру.....................................38
2.3. Негізгі құрал мен материалдық емес активтердің тозуының есебі.............................................................................................................................47
2.4. Ұзақ мерзімді инвестицияның есебі.................................................................60

Тарау 3. Ұзақ мерзімді активтердің аудиті.............................................................65

3.1. Негізгі құралдардың аудиті...............................................................................65
3.2. Материалдық емес активтердің аудиті.............................................................72
3.3. Ұзақ мерзімді инвестициялардың аудиті.........................................................79

Қорытынды................................................................................................................87

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................91

Қосымша....................................................................................................................93

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМКА.docx

— 92.01 Кб (Скачать документ)

Активте түйінделген болашақ экономикалық пайдалар негізінен оны тұтыну арқылы қолданылады. Актив бос тұрып  қалған кезде моральдық немесе коммерциялық тұрғыдан ескірген басқа факторлар  осы активтен алу мүмкін болатын  экономикалық пайданың азаюына жиі  әкеп соқтырады

Негізгі құралдарға тозу сомасы есептелгенде бухгалтерлік есепшоттары бойынша  жүргізілетін операциялар:

 

 

р\с

Операциялар мазмұны

Дт

Кт

1

Ұйымға келіп түскен кіріске  алынған негізгі құралдардың  тозу сомасына

2410

2420

2

Ұйымның басқа бір заңды және жеке тұлғаларға сатқан немесе басқадай жолмен есептен шығарған негізгі құралдарына бұрын есептелінген тозу сомасының есептен шығарылуына

 

 

2420

 

 

2410

3

Негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасына:

  • негізгі өндірісте
  • қосалқы өндірісте
  • жалпы шаруашылыққа арналған
  • сатуға қызмет көрсететін салада
  • күрделі құрылысқа пайдалануға
  • алдағы есепті кезеңге жатқызылғандары
  • қысқа мерзімга жалға берілгендеріне

 

 

8110

8310

7210

7110

2410

1620

 

7470

 

 

2420

2420

2420

2420

2420

2420

 

2420

4

Негізгі құралдарды қайта бағалауға  байланысты бастапқы құнының өсуіне сәйкес тозу сомасының артуына 

 

5110

 

2420

5

Негізгі құрлдарды қайта бағалауға  байланысты бастапқы құнының кемуіне  сәйкес тозу сомасының азаюына

 

2420

 

6280


Есептен шығарылған негізгі құралдардан  алынған іске жарайтын материалдар  мен басқа бөлшектердің құны: «Материалдар»  деп аталатын шоттың тиістілерінің  дебитіне, «Негізгі құралдарды сатудан  алынатын табыс» шотының кредитіне  жазылады.

        Кәсіпорындарда негізгі құралдарды  сатқаннан алынатын табыс «Дебиторлық  борыштар мен басқа да активтер»  және «Ақшалар» деп аталатын  бөлім шоттарының тиістілерінің  дебитіне, «Негізгі құралдарды  сатудан  алынатын табыс» деп аталатын  шотының кредитіне жазылады. Негізгі  құралдарды есептен шығару операциясының  соңында  одан алынған кірістер мен шыққан шығыстар «Жиынтық кіріс (шығын)» шотына апарылады.

       Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға  тегін берілетін негізгі құралдарға  үлгілі түрі НҚ-1 «Қабылдау- табыс  ету» актісі 2 дана етіліп толтырылады.  Оның біреуі негізгі құралдарды  берушіде қалдырылып, ал екінші  данасы негізгі құралдарды алушыға  табыс етіледі. Осы актінің  негізінде басқа жеке немесе  заңды тұлғаларға берілген негізгі  құралдардың түгендеу (инвентарлық)  карточкасына тиісті мәліметтер  толтырылып, ол карточка актімен  бірге негізгі құралдарды алушыға  беріледі. Негізгі құралдың және  оның түгендеу карточкасының  басқа  жеке немесе заңды  тұлғаға берілуі жайлы негізгі  құралдардың жұмыс істеп тұрған  жері бойынша  жасалған инвентарлық  карточкаларының тізіміне тиісті  мәліметтер жазылады.

       Негізгі құралдарды беруші ұйым  оны тегін алушыға берілген  негізгі құралдардың бастапқы  құны мен тозу сомасын көрсетіп, хат (авизо) жолдауы керек. Бұл  хат, яғни авизо 4 (төрт) дана  етіліп толтырылады. Негізгі құралдарды  алған жеке немесе заңды тұлғаның  бухгалтериясы негізгі құралды  алғандығын  білдіріп, авизоның екі  данасына қол қойып және оларға  мөр басып, негізгі құралды  берушіге қайтарып береді. Сонымен  басқа заңды немесе жеке тұлғаларға  тегін берілген негізгі құралдар  баланстан «Қабылдау-табыс ету»  актісімен оны алушының дәлелдейтін  хатына (авизиоға) негізделіп шығарылады.

       Кәсіпорындарда негізгі құралдарды  басқаларға тегін беруге жазылатын  бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды  басқадай жолмен есептен шығаруға  жазылатын жазулармен бірдей  жазылады.  

II.Қаржылық есеп берудің негізгі  көрсеткіштерін талдау

2.1  «ЛЖВК» АҚ-ның  активтерін талдау

 

         «ЛЖВК» АҚ-ның активтері- кәсіпорынның  қаржылық есеп беруінің маңызды  элементтерінің бірі болып табылады.

Активтер  – бұл құндылық бағасы бар субъектілерінің  мүліктік байлықтары  мен құндылықтары.

Активтерді  сипаттау үшін олардың құрамы мен  құрылымы, олардағы болған өзгерістер зерттеледі.

         Кәсіпорынның активтерінің жұмылдыру  коэффициенті ағымдағы активтерінің  құнын кәсіпорынның барлық мүлкінің  құнына бөлу арқылы есептеледі.

          Қаржы  тұрғысынан бұл көрсеткіштің  артуы кәсіпорынның мүлкінің  жұмылдырылуын, оның айналымдылығының, оның жеделдеуін, оның пайдалану  тиімділігін жоғарлауын көрсетеді.

«ЛЖВК»  АҚ-ның ағымдағы активтері мен  ұзақ мерзімді активтерінің қатынас  коэффициенті төмендегі формуламен анықталады.

К ағымдағы активтер мен ұзақ  мерзімді активтер  = Ағымдағы активтер/ Ұзақ мерзімді активтер.

 

               К = 13781мың/18770мың = 0,734            

 

«ЛЖВК»АҚ-ның  дебиторлық қарыздарын талдау үшін ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын  қарастыру қажет.

      Ағымдағы активтері мен мүліктің  өтімділігінің өсуіне қарамастан  «ЛЖВК» АҚ-ның жетекшілері оның  құрамындағы өзгерістерді бағалау  қажет. Дебиторлық қарыздың пайда  болуымен орнығуын талдауға көп  көңіл бөлу қажет, өйткені олар  кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің  бірі. Кәсіпорынның қаржы жағдайына  дебиторлық қарыздың өсуін емес, ол оның мөлшері мен формасы,  қозғалысы ықпал ететінін атап  өткен жөн.

       «ЛЖВК» АҚ-ы қарыздың екі түрін:  бірқалыпты және ақталмаған деп  бөледі.

Дебиторлық  қарыздың құрамы мен құрылымымен  толық танысып болған соң оған нақты құн тұрғысынан баға беру қажет. Бұл дебиторлық қарыздың қайтарылмай қалуымен байланысты. Оның қайтарымдылығы ағымдағы шарттармен өткен тәжірбиелер нәтижесінде анықталады.        Қарыздың қайтарымының жалпылама көрсеткіші болып   айналымдылық табылады.

«ЛЖВК»  АҚ-ғы дебиторлық қарыздың өтімділік  көрсеткіші – дебиторлық қарыздың ақша құралдарына айналу жылдамдығын  сипаттайды. Осылайша дебиторлық қарыздың өтімділігі мен сапалық көрсеткіші болып – оның айналымдылығы болуы  мүмкін.

Айналым коэффициенті өнімді сатудан алынатын пайда көлемінің орташа дебиторлық қарызға қатынасы ретінде есептеледі.

«ЛЖВК»  АҚ-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын  талдау –кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті  және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

«ЛЖВК»  АҚ-нің қаржылық есебінің маңызды  элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің  нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын  және оның жеке топтарын талдау, олардың  рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік  береді.

Активтердің өсуі  кәсіпорынның болашақтағы  дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы  кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін  сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік  құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің  номиналды көрсеткіштерінің айтарлықтай  ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.

«ЛЖВК»  АҚ-ның баланс мәліметтері бойынша  активтердің құрамы мен олардың  таратылуына талдау жасау үшін келесі 4-аналитикалық кесте құрылады.

 

      «ЛЖВК» АҚ-дағы баланс активтерінің құрамы мен құрылымы. 

 

 

     Көрсеткіштер

 

 

 

 

 

 

 

2010 жыл

2011 жыл

Жыл бойындағы өзгеріс (+;-)

Құрылы-мының өзгеруі (4гр.-2гр.)

сомасы мың тг.

Үлес салмағы, %

сомасы, мың тг.

Үлес салмағы, %

Млн     тг. (3гр.-1гр.)

% (5гр.:1гр.*100)

 
 

Активтер  құны, барлығы соның ішінде:

1.1. Ұзақ мерзімді активтер:

 а) негізгі құралдар;

 ә) Ұзақ мерзімді дебиторлық  қарыз 

1.2. Ағымда-ғы активтер:

а)Қысқа  мерзімді дебиторлық борыш

ә) тауар.

   

б) ақшалар

200,0

 

 

 

 

74,0

 

 

60,0

 

14,0

 

 

 

126,0

 

67,0

 

 

 

37,0

 

22,0

100

 

 

 

 

37

 

 

30

 

7

 

 

 

63

 

34

 

 

 

18,2

 

10,8

349,0

 

 

 

 

94,0

 

 

68,0

 

26,0

 

 

 

255

 

77,0

 

 

 

102,0

 

76,0

100

 

 

 

 

27

 

 

19,5

 

7,5

 

 

 

73

 

22

 

 

 

29,2

 

21,8

+149,0

 

 

 

 

+20,0

 

 

+8,0

 

-

 

 

 

+129,0

 

+10,0

 

 

 

+65,0

 

+54,0

+74,5

 

 

 

 

+27

 

 

+13

 

-

 

 

 

+102

 

+15

 

 

 

+176

 

+245

x

 

 

 

 

-10

 

 

-10,5

 

+0,5

 

 

 

+10

 

-12

 

 

 

+11

 

+11

 

Кәсіпорын-ның өндірістік потенциалы-ның  құны

60,0

30

68,0

19,5

+8

+13

-10,5


  

Кесте мәліметтерінен «ЛЖВК» АҚ-ң активтерінің нақты құнын  көрсететін баланс валютасын 2011 жылы 149 млн теңгеге немесе 74,5%-ке артқандығын  көруге болады.

Бұл «ЛЖВК» АҚ-ның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың  қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен  оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобилдігін анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен  кәсіпорынның өндірістік потенциалының  көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар  кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша  оның құнына негізгі құралдардың,өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің құндары қосылады.

Екінші  әдістемеде «ЛЖВК» АҚ-ның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған  күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің  келесі шегі, яғни Кn ≥ 0.5 қалыпты болып  есептеледі.

Екінші  әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған «ЛЖВК» АҚ-да 2010 жылы – 60 млн  теңгені, 2011 жылы соңы – 68 млн теңгені  құрайды, яғни 8 млн теңгеге немесе 13%-ға өскен. Баланс активтерінің жалпы  құнындағы өндірістік потенциял  үлесі 2010 жылы 13,37 пунктке кемігенмен 2011 жылы  19,5%-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің  қалыпты мәніне сай келеді.

мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына  шешіледі. Егер «ЛЖВК» АҚ-ның ағымдағы активтердің үлесі 2010 жылы  27 пунктке  көп болса (63-37), 2011 жылы  ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 46 пунктке асып кетті (73-27) және 73%-ды құрады. Яғни, «ЛЖВК» АҚ-ның 2010, 2011 жылдарды талдау  барысында  ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 3 есеге артық  болып отыр.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының «ЛЖВК» АҚ-ның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын  кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобилдьді) коэффициентінің  өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат  үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын «ЛЖВК» АҚ-ның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды  өзгеріс болып табылады, яғни мүлік  әлдеқайда мобильді болады. Бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің  өскендігін көрсетеді.

Информация о работе Міндеттемелер есебі және аудиті