Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................................3
Тарау 1. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық
негіздері мен «Теңізшевройл» біріккен
кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайы..................................5
1.1.Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы
мен олардың жіктелуі.............5
1.2.Кәсіпорынның қаржылық экономикалық
жағдайы
мен есеп саясаты.......................................................................................................15
Тарау 2. Кәсіпорында ұзақ мерзімді активтердің
есебін ұйымдастыру...............29
2.1. Негізгі құралдардың бухгалтерлік
есебін ұйымдастыру................................29
2.2. Материалдық емес активтердің есебін
ұйымдастыру.....................................38
2.3. Негізгі құрал мен материалдық емес
активтердің тозуының есебі.............................................................................................................................47
2.4. Ұзақ мерзімді инвестицияның есебі.................................................................60
Тарау 3. Ұзақ мерзімді активтердің аудиті.............................................................65
3.1. Негізгі құралдардың аудиті...............................................................................65
3.2. Материалдық емес активтердің аудиті.............................................................72
3.3. Ұзақ мерзімді инвестициялардың аудиті.........................................................79
Қорытынды................................................................................................................87
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................91
Қосымша....................................................................................................................93
Кіріспе
Нарық қатынастары жағдайында
шаруашылық жүргізуші субъектілерде
бухгалтерлік есептің маңызы
ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде
қолданылып жүрген бухгалтерлік
есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік
есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан
да, бухгалтерлер қаржылық есеп
беруді халықаралық стандарттардың
негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп
беру мәліметтері шаруашылық
жүргізуші субъектілердің және
олардың құрылымдық бөлімшелерінің
қызметін жедел басқару үшін,
экономикалық жоспарлар жасап,
оның орындалуын бақылау үшін
қолданылады.
Еліміздің егемендік алып, өз
алдына ел болғанына да он
төрт жылдан артық уақыт өтті.
Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық
дағдарыстан шығу мемлекеттік
тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер
бойынша күн тәртібінде бірінші
кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың «Қазақстан – 2030»
атты стратегиялық бағдарламасында
«Еліміздің экономикалық саясатының
бірден-бір басымды бағыты –
шағын және орта бизнесті дамыту»
- деп атап көрсетуі дәлел бола
алады. Сонымен қатар қазіргі
кезде халықаралық стандарттарға
өту барысында бухгалтерлік есеп
және аудит жұмысына қойылатын
талап өте күрделі болып саналады.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық
қызметі тек қана материалдық,
еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану
арқылы ғана емес, сонымен қатар,
негізгі қорлар – еңбек құралдары
және белгілі бір қызметпен
айналысуға жағдай туғызатын
матариалдық емес активтерді, яғни
ұзақ мерзімді активтерді пайдалану
арқылы іске асырылатыны баршамызға
белгілі.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі
болып өндірісте ұзақ уақыт
бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы
пішінін сақтай отырып, құнын
шығарылған өнімге біртіндеп
амортизациялық аударым ретінде
ауыстыратын еңбек құралдарын, басқа
да материалдық емес активтердің
есебін ұйымдастыру болып табылады.
Себебі, кез келген өндірістік, немесе,
коммерциялық кәсіпорын құрылған кезде,
бірінші кезекте, яғни ұзақ мерзімді активтерді
қажет ететіндігі бәрімізге белгілі. Кез
келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын
тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары
(шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай
фабрикаттар) және еңбек құралдары болып
бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының
құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың
өндіріс процесінде атқаратын роліне
қарап анықталады.
Қазақстан Республикасының аймағында
әрекет етіп отырған барлық
субъектілерге қаржылық есеп
беруді және бухгалтерлік есепті
жүргізу міндеттілігі жүктеледі.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің
жалпы қағидасы мен ережесі
нормативтік-құқықтық құжаттарда
белгіленген.
Сол себепті, бұл диплом жұмысының
мақсаты болып кәсіпорында ұзақ
мерзімді активтердің есебі мен
аудитін ұйымдастыруды меңгеру
болып табылады. Теориялық негіздерді
практикалық материалдармен сабақтастыра
отырып, алға қойылған мақсатқа
жету үшін келесідей мәселелерді
шешу қажет:
- негізгі құралдардың есебі мен материалдық емес активтердің есебін ұйымдастырудың қағидаларын оқып-білу;
- негізгі құрал мен материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу әдістері;
- ұзақ мерзімді қаржы салымдарының есебін ұйымдастыру;
- ұзақ мерзімді активтердің аудитін ұйымдастыру әдістемесін қарастыру.
Диплом жұмысының
зерттеу объектісі ретінде «Лизингтік
жолаушылар вагон компаниясы»
акционерлік қоғамының «Лиганг-Астана»
аймақтық филиалы болып саналады.
Бұл акционерлік қоғам 6 ақпанда
№145 Қазақстан Республикасының бекітілген
қаулысы негізінде, 2004-2006 жылдарға
Қазақстан Республикасының теміржол
көлігін қайта құру бағдарламасына
сәйкес, АҚ Жолаушылар тасымалы
деректорлар кеңесінің шешімімен,
АҚ Жолаушылар тасымалы президентінің
бұйрығы бойынша, Жолаушылар тасымалы
АҚ-ның 100 пайыздық қатысуымен, жарғылық
капиталында «Лизингтік жолаушылар
вагон компаниясы» акционерлік
қоғамы құрылды.
- Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері мен «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы» акционерлік қоғамының қаржылық экономикалық жағдайы
- Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
Ұзақ мерзімді активтер деп
кәсіпорында бір жылдан артық
уақыт пайдаланылатын, болашақта
экономикалық олжа, табыс әкеледі
деп күтілетін активтерді айтады.
Ұзақ мерзімді активтерге төмендегілер
жатады:
- негізгі құралдар;
- материалдық емес активтер;
- ұзақ мерзімді инвестициялар;
- ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар.
Жалпы негізгі құралдар – деп
өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір
жылдан артық) пайдаланылатын, өзінің
бастапқы заттай нысанын (пішінін,
түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған
өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген
қызметке біртіндеп бөліп-бөліп
есептелген амортизациялық аударым
мөлшерінде ауыстыратын еңбек
құралдарын, яғни материалдық активтерді
айтады. Шаруашылық субъектілерінде
негізгі құралдардың есебі №6
«Негізгі қорлар (құрал-жабдықтардың)
есебі» - деп аталатын бухгалтерлік
есеп стандартына сәйкес жүргізілген.
Қазіргі кезде Қаржылық есептің
халықаралық стандарттарының 16-шы
«Негізгі құралдар» деп аталатын
стандартына сәйкес жүргізіледі.
«Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын
мүлік, жер учаскілері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар
мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аспаптары мен құралдары,
есептеуіш машиналары мен техникалары
және олардың программалық құралдары,
көлік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары,
өнім және жұмыс малдары, көп
жылдық көшеттер, шаруашылықтың
ішкі жолы, тағы да басқалар
жатады.
Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының
азды-көптілігіне қарамастан пайдалану
мерзімі бір жылдан аспайтын
өндіріс құралдары негізгі құралдардың
қатарына жатпайды.
Барлық «негізгі құралдар» өздерінің
өндіріске қатысуына қарай өндірістік
және өндірістік емес болып
екі топқа бөлінеді. Өндірістік
негізгі құралдар – деп өндірісте
қызмет ететін, яғни өнім өндіру
орындарында пайдаланылатын негізгі
құралдарды айтады. Олар: өндіріске
арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш
тетіктер, құрылыс машиналары, көлік
тасымалдау құралдары, әртүрлі
станоктар, двигательдер, құрал-саймандар,
өлшеуіш аспаптары және тағы
басқалары. Өндірістік емес негізгі
құралдардың қатарына шаруашылықтың
өндірістен басқа салаларында
пайдаланылатын негізгі құралдар
жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай
(коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық
сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру және мәдениет салаларында
пайдаланылатын негізгі құралдар
және тағы да басқа негізгі
құралдар жатады. Халық шаруашылық
салаларына және қызмет істейтін
түрлеріне қарай барлық негізгі
құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау,
байланыс, құрылыс, материалды-техникалық
жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары,
қоғамдық тамақтандыру, басқару
органдары, әлеуметтік сақтандыру,
ғылым және білім беру, ғылыми
көмек көрсету және тағы да
басқа салалар бойынша топталады.
«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының
салаларына қарай топтастырған
кезде олардың қатысуымен шығарылған
өнімдердің, болмаса орындалған
жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың
қай түріне жататындығы негізге
алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі
негізгі құралдардың бәрі тек
қана субъектінің негізгі шаруашылығының
түріне ғана қызмет істейтін
болса, онда бұл субъектідегі
негізгі құралдардың барлығы
түгелімен сол шаруашылық субъектінің
атқаратын қызметі саласындағы
топқа жатады.
Материалдық активтер сатылып
алыну мақсатына қарай төмендегідей
3 топқа бөлініп, есептелінеді:
а)
негізгі құралдар;
б)
тауарлы-материалды қорлар;
в)
қаржылық инвестициялар.
Мысалы: субъектінің шаруашылық
қызметін атқару барысында қажет
болып табылатын өзінің пайдалануы
мақсатында сатып алынған көлік
құралы негізгі құралдар құрамында
есептелінсе, ал сату үшін сатылып
алынған көлік құралдары тауарлы-материалдық
қорлар құрамында есептеледі. Шаруашылық
субъектінің өз қызметіне пайдалануы
үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы
салымы мақсатында алынған жер
учаскелері мен үйлері қаржылық
инвестициялар ретінде есептелінеді.
Негізгі құралдар алдына қойған
мақсатына және атқаратын қызметіне
қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а)
үйлер (тұрғын үй, кеңсе үй, қойма,
тағы басқалары)
ә)
ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар,
жасанды су қоймалары, эстокадалар,
мұнай іздейтін және өндіретін
скважиналар, тағы басқалары);
б)
өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары,
энергия бөлетін тетіктер, мұнай,
газ тасымалдайтын құбырлар, тағы
басқалары);
в)
машиналар (бумен жұмыс істейтін
және іштен жанатын двигательдер,
электроаппараттық трансформаторлар,
экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер,
бетон араластырғыш машина, көтергіш
крандар, жүк көтергіш шығырлар,
су өлшегіш құралдар, монометрлар,
таразылар, кассалық аппараттар
мен тағы да басқалары);
г)
тасымалдау құралдары (жолаушылар
және жүк таситын көліктер, жеңіл
көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп),
тракторлар және тағы да басқалары;
ғ)
құрал-саймандар мен жабдықтар
(шкафтар, бактар, контейнерлер, тағы
да басқа негізгі құралдар);
д)
шаруашылық құрал-жабдықтары (диван,
креслолар, кілемдер, сейфтер, тағы
да басқалары);
е)
жер (шаруашылық субъектінің сатып
алған жер көлемінің құны);
ж)
жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған
күрделі шығын;
к)
басқа да негізгі құралдар (кітапхана
қорлары және тағы басқалар).
Негізгі құралдар кімнің меншігінде,
иелігінде екендігіне қарай меншіктік,
яғни шаруашылық субъектінің
өзіне тиісті және уақытша
жалға алынған болып екіге
бөлінеді. Шаруашылық субъектісі
уақытша жалға алған негізгі
құралдардың есебін жүргізу үшін
баланстан тыс «Жалға алынған
негізгі құралдар» - деп аталатын
шот ашуға болады. Қазіргі кезде
пайдалану барысына қарай негізгі
құралдар жұмыс істейтін, жұмыс
істемейтін және сақтауда тұрған
– деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс
процесіндегі, яғни қолданыстағы
негізгі құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың
қатарына тоқтатылған, белгілі
себептермен басқа да жаққа
әзірге беріле қоймаған басы
артық жабдықтар жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың
қатарына келешекте, яғни алдағы
уақытта тозып немесе басқа
да жағдайларға байланысты істен
шығатын негізгі құралдардың
орнына пайдалануға арналған
құрал-жабдықтар жатады.
Мүліктік түгендеуге байланысты
негізгі құралдар инвентарлық
және инвентарлық емес деп
жіктеуге болады.
Шаруашылық субъектілерінде ұзақ
мерзімді активтер қатарына материалдық
емес активтер де кіреді. Сондықтан
да материалдық емес активтер
Қазақстан Республикасы бухгалтерлік
есебінің 28-стандартымен сонымен
бірге, 38-ші Қаржылық есеп берудің
халықаралық стандартына сәйкес
жүргізіледі.
Шаруашылық субъектілерінде объектілерді
материалдық емес активтертердің
қатарына кіргізу тәртібі және
олардың құрамы белгіленген заңдарға
сәйкес тиісті нормативтік актілерде
қарастырылған.
Жалпы материалдық емес активтер
деп – белгілі бір нақтылы
табиғи пішіні жоқ, қандай да
бір бағаға, құнға бағаланатын
болғандықтан субъектіге үнемі,
яғни ұзақ уақыт бойы қосымша
табыс әкеліп тұратын активтерді
айтамыз.
Материалдық емес активтердің
қатарына шаруашылық субъектісінің
сатып алған патенттері, лицензиялық
сауда маркалары мен тауар
белгісі, жер қойнауы мен электронды
есептеуіш машиналарды және өндіріс
жағдайындағы хабарларды пайдалану
құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы,
өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру
шығындары тағы да басқалары
жатады.