Меншікті капиталдың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2015 в 13:25, курсовая работа

Краткое описание

Меншікті капиталдың тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады, соымен қатар меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық қүндылықтардың, ақшалай қаражаттың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың ақшалай жиынтығын айқын көрсетеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Аудит: мәні,мазмұны және даму тенденциясы............................................5

1.1 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы..........................................................5

1.2 Аудит мәні қажеттілігі және зерделеу аспектілері.........................................8

ІІ. Меншік капиталының аудиті......................................................................12

2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері.............................................................12

2.2 Жарғылық капиталының аудиті...................................................................13

2.3 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті..........16

2.4 Бөлінбеген табыс аудиті.................................................................................18

ІІІ.«Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті................20

3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама.............................20

3.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті .........................22

Қорытынды..........................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

меншікті капиталдың аудиті.docx

— 69.88 Кб (Скачать документ)

 

Кесте 7. Жылу беру ғимаратының 2003-2004ж тозуы.

Мерзімі

Бастапқы

  қалдық                                                                                          

  Кіріс

Шығыс

 Қалдық

   құны

Тозу

Соңғы                 қалдық

1

01,01,03

1 163 318

   

1 163 318

7 755

1 155563

2

01,02,03

1 155 563

   

1 155 563

7 704

1 147859

3

01,03,03

1 147 859

   

1 147 859

7 652

1 140206

4

01,04,03

1 140 206

   

1 140 206

7 601

1 132605

5

01,05,03

1 132 605

   

1 132 605

7 551

1 125054

6

01,06,03

1 125 054

   

1 125 054

7 500

1 117554

7

01,07,03

1 117 554

   

1 117 554

7 450

1 110104

8

01,08,03

1 110 104

   

1 110 104

7 401

1 102703

9

01,09,03

1 102 703

   

1 102 703

7 351

1 095352

10

01,10,03

1 095 352

   

1 095 352

7 302

1 088049

11

01,11,03

1 088 049

   

1 088 049

7 254

1 080796

12

01,12,03

1 080 796

   

1 080 796

7 205

1 073590

13

01,01,04

1 073 590

   

1 073 590

 

1 073590


    Барлығы:  14 532 752                                     14 532 752   89 728    14 443 024 Қаңтар айына тозу есептелінгенде 1 163 318 • 8% = 93 065;  93 065:12 = 7 755; Үйлер мен ғимараттарға тозу есептелінгенде мынандай жазба беріледі: Дт-935, Кт-131, ал егер әкімшіліктегі үйлер мен ғимараттарға тозу есептелінсе Дт-821, Кт-131 болады. Егер үйлер мен ғимараттарға жөндеу жұмысы жүргізілетін бол- са, жөндеуге кеткен шығындар, үйлер мен ғимараттардың қалдық құнына қо- сылады.

         Тауарлы-материалдық қорлар аудиті. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әлі ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бары- сында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар  және басқа материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қорлары түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

           Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын мін- деттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдас- тырудың ең басты мәселесі – оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

  • шикізат;
  • негізгі материалдар;
  • көмекші материалдар;
  • жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді;

        Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.

        Шикізаттар деп бұрын азды көпті еңбек сіңірілген заттарды айтады. Бұлардың құрамына көп өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекеме- лерінің өндірген өнімдері – мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.

        Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш, және тағы да басқалар жатады.

        Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін  материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.

         Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүрте- тін және жөндеуге қажетті басқа да материалдар жатады. Көмекші материал- дардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдар- дың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.

        Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

        Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

  1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі;
  2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі;
  3. ФИФО әдісі;
  4. ЛИФО әдісі;

       Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен-бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл тастардың,асыл металлдардың және т.б.) нақтылы бір металлдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе  кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған маиериалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

        Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына  бөлу арқылы анықталады.

        ФИФО әдісі. ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының  өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

        ЛИФО әдісі. ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын  немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай соңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

        «Байсерке АГРО» ЖШС-ның тауарлы материалдық қорлары ең бірінші орталық складқа келіп түседі, сол орталық складтан складтарға бөлінеді. Материалдық складта - бөлшектер, яғни цехтарға керекті бөлшектер, транспорттық көліктерге керекті бөлшектер, жанар жағар май сақталады. Шикізаттар складында – бидай, арпа, жүгері және тағы да басқа шикізаттар сақталады. Дайын өнімдер складында – ұн, жарма өнімдері, кеспе өнімдері, аралас жем өнімдері сақталады.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Аудит – бұл экономикалық іс – әрекеттер мен оқиғалар туралы обьективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процес.

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр.

  1. Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
  2. Өзін – өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
  3. Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
  4. Компаиялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
  5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;
  6. Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағытты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір – біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруашылық  жүргізуші субъектінің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байланысты.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есеп беру  туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: «Меншікті капитал – субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері».

Меншікті капиталдың ерекшелігі – ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі  ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді (оны қолмен ұстауға болмайды).

30 «Қаржылық есеп беруді  ұсыну» БЕС-де меншікті капиталға  мыналар жатады деп көрсетілген : жарғылық резервтік қосымша  төленген және қосымша төленбеген  капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған  зиян).

Меншік капиталы отандық бухгалтерлік есептің жаңа объектісі болып табылады, яғни ол аудит үшін де жаңа. Жаңа бухгалтерлік есеп – 2-де  «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашулар», меншік капиталына : жарғылық капитал, қосымша төленген және төленбеген капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян)  кіретіндігі көрсетілген.                Бұл меншік капиталының  элементтерінің  әр қайсысы маңыздыболғандықтан,бұлардың әр қайсысының  аудитіне жеке тоқталамыз.

Жарғылық капитал меншік капиталының негізгі элементі болып табылады,өзімен қатысушылардың  (иелік етушілердің) субъект құруда оның қызметін қамтамасыз ету үшін  салымдарын   білдіреді. Жарғылық капиталдың орындалатын функциялары мен құрылуы өндірістің ұйымдастырушы-құқықтық формаларына байланысты. Шаруашылық субъектілердің үш негізгі функцияларын белгілеуге болады. Біріншіден, ол   субъектінің қызметінде меншіктің негізі болып табылады, яғни бастапқы капиталы. Екіншіден,жарғылық капиталының құрылуы құрушылардың (акционерлердің) субъекттідегі  қатысу  бөлігін (процентін) анықтайды, оған жалпы жиналыстағы қатысушылардың дауыс көлемі  және оның табыс көлемі (дивиденді) сай. Үшіншіден жарғылық капитал үшінші жаққа міндеттердің орындалуына кепіл береді, сондықтан заң бойынша  оның минималды мөлшері белгіленген.

Информация о работе Меншікті капиталдың аудиті