Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2015 в 13:25, курсовая работа
Меншікті капиталдың тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады, соымен қатар меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық қүндылықтардың, ақшалай қаражаттың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың ақшалай жиынтығын айқын көрсетеді.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Аудит: мәні,мазмұны және даму тенденциясы............................................5
1.1 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы..........................................................5
1.2 Аудит мәні қажеттілігі және зерделеу аспектілері.........................................8
ІІ. Меншік капиталының аудиті......................................................................12
2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері.............................................................12
2.2 Жарғылық капиталының аудиті...................................................................13
2.3 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті..........16
2.4 Бөлінбеген табыс аудиті.................................................................................18
ІІІ.«Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті................20
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама.............................20
3.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті .........................22
Қорытынды..........................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................36
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИМНСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және құқық» факультеті
«Қаржы, есеп және аудит»кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Аудит»
Тақырыбы: «Меншікті капиталдың аудиті»
Орындаған: Қалпыш Ұ.К
Уа-11-01 тобының студенті
Тексерген: Кисаева З.Н
Ақтау,2014ж
Мазмұны
Кіріспе.......................
І. Аудит: мәні,мазмұны
және даму тенденциясы...................
1.1 Аудиттің пайда болуы мен
қалыптасуы....................
1.2 Аудит мәні қажеттілігі
және зерделеу аспектілері.....
ІІ. Меншік капиталының
аудиті........................
2.1 Меншік капиталын аудиттеу
көздері.......................
2.2 Жарғылық капиталының
аудиті........................
2.3 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті..........16
2.4 Бөлінбеген табыс аудиті.......
ІІІ.«Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті................20
3.1 «Байсерке Агро»
ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама.....................
3.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті .........................22
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Меншікті капиталдың тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады, соымен қатар меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық қүндылықтардың, ақшалай қаражаттың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың ақшалай жиынтығын айқын көрсетеді.
Нарық шартында кәсіпорын, кредиттік мекемелер және тағы басқа иелік ететін объектілер мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдалану арқылы келісім шартқа түседі. Бүл қарым-қатынас сенімді болуы үшін қатысушылар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет. Ақпараттардың сенімді болуы аудитормен тексеріліп жүргізіледі.
Коммерциялық ұйымның, кәсіпорындар табыстың көлемі неғүрлым жоғары болуын қалайды. Меншік иелерінің капиталға салған салымдарының кері қайтарылымы кәсіпорыннан тыс саладан түскен табыстың көлемінен кем болмауы керек. Сонымен қатар, жүмыс жасап түрған кәсіпорындардың негізгі мақсатының бірі — табыс көзін сақтап қалу, соның ішінде меншікті капитал. Меншікті капиталдың сол кәсіпорын өзінің әрі қарай жұмыс жасау қабілетін сақтап қалудағы рөлі жоғары.
Меншік иелері, соның ішінде ұжымдық меншік иелері — акционерлер, сонымен қатар кредиторлар өздігінен көптеген кәсіпорын операцияларының және қорытынды есептердің жүргізілуіне қатысып, бақылай алмайды. Сондықтан олар квалификациясы бар тәжірибелі мамандардың қызметін пайдаланады. Аудиторлық қызмет — сенімді қаржылық ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын және сол кәсіпорындағы қызметтерді жүргізуде сақталынатын заңдылықтар жэне қызметтердің нәтижесі туралы ақпараттар мемлекетке салық салу жэне экономика саласында шешімдер қабылдау үшін қажет. Ақпараттардың сақталуы нарықтағы капиталдың тиімді жүмыс жасауын жоғарылатады, сондайақ зкономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі әрі баға береді. Меншікті капитал тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мәнге ие. Ол шаруашылық қызметте қажет материалдық құндылықтардың, қаржы-қаражаттардың яғни, ақшалай қаражаттардың, қаржырық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығы.
Шаруашылық субъектісі алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасының заңында қаралған мөлшерден кем бомауы тиіс жэне де ол сол субъект қүрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай жэне басқадай түрде ақционерлік қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы жэне сондай-ақ басқа көздерден, тегін түскен мүліктермен, ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жұмысымды талдау барысында меншікті капиталдың көптеген тусініктерімен кездестім. Бухгалтерлік есепте меншікті капитал: жарғылық капитал, қосымша капитал, резервтік капиталдан, өзге де меншікті капиталдан түрады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Меншікті капиталдың есебін, аудитін талдау және анықтау, аудиторлық қорытынды жасау жүмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді қарастырдым:
Жұмыстың зерттеу көздері. Негізгі зерттеу көздерін кітапхана қорынан қарастырдым және XXI ғасырдың дамыған технологиясы болып табылатын интернет көзін пайдаландым.
Зерттеу жұмысының әдіс — тәсілдері: салыстырмалы түрғыдағы зерттеу әдісі және жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, топтау, талдау, сипаттама беру тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Аудит: мәні, мазмұны және даму тенденциясы
1.1 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп – өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы»Жолдауында ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдарв айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономикасының әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге обьективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге,аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микродеңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми – техникалық жетістіктерді жылдам енгізетін, адамның қажеттіліктерін жан – жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп береді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субьектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән.
Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты – бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші – кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан, шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан, ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс –әрекетін жоспарға құратын болса, адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін қамтиды. Шешім қабылдаушы, шаруашылық жоспарын дербес жасайтын әрі оларға сәйкес әрекет ететін барлық экономика бірліктері шаруашылық жүргізуші субьектілер деп аталады.
ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берушілер туралы»заңда «жеке кәсіпкер» және «ұйым» терминдерінің мәні мен айырмашылығы ашып көрсетіледі. Ал, бұл терминдердің мағынасы республика резиденттері болып табылатын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық заңды тұлғаларды, содай – ақ ел аумағында тіркелген бейрезидент өкілдіктер мен филиалдарды білдіреді.
Ұлттық экономиканы реформалау бойынша түбегейлі процестер шаруашылық қызметті басқаруда жаңа ұйымдық және бақылаушы –талдамалы құрылымның пайда болуының обьективті қажеттілігімен шарттастырылған. Халық шаруашылығын басқару жүйесін қайта құрудың алғашқы жылдарында – ақ жоспарлы экономиканың дәстүрлі бақылау оргондары өсу үстіндегі, яғни арта түскен қажеттіліктерді қанағаттандыру мен барлық мүдделі тұтынушыларды обьективті ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша пайда болған проблемаларды кешенді өзінің қабілетсіздігін көрсетті.
Әміршіл – әкімшілік жүйеде төменгі басқару буынының жоғрыға қатаң бағынуы тек жоспарланған тапсырмалардың орындалуын, шаруашылық операциялардың заңдылығын сақтау, яғни оның заңға сәйкес болуын және мемлекет қарауындағы жалпы халықтық ресурстардың сақталуын тексеру бойынша тиісті ревизиялық қызметтерді ғана талап етті. Ал, нарықтық экономика жағдайындашаруашылық жүргізуші субьектілердің серіктестермен, инвесторлармен, кредит берушілермен, меншік иелерімен, акционерлермен және басқа да пайдаланушылармен деңгейлес байланыстары бойынша шындыққа жанасымды ақпараттарға қажеттілік бірден артады. Бұл арада тек белгіленген параметрлердің сәйкестігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шарушылық жүргізуші субьектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсынысын әзірлеуді,оларға кеңес беруді және басқадай да жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді.
Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы – бұл бүгінгі таңда да жалғасын тапқан айтарлықтай ұзақ прцесс. Аудиттің қоғамдық ролін түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу керек.
Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметін басқарудың маңызды құралдарының бірі қаржылық бақылау болды.ТМД елдеріндегі нарықтық қатынастың дамуы өндіріс саласындағы бизнестің жаңа қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыратын алғышарттарды тудырады.
Қаржылық – шаруашылық бақылау жүйесін түбегейлі қайта өзгерту,
енгізу және тәуелсіз аудиттің поскеңестік өңірде «қарқынды» дамыту негізінде мына принциптер жатқызылады:
Аудит тарихы көрсеткендей, оның дамуы әкімшілік пен инвесторлар арасындағы мүдделердің бөлініунен болды.
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясының зерттеуіне сәйкес аудитке қажеттілік мына негізгі шарттарды тудырды:
Қажетті ақпаратты алу мен бағалаудағы пайда болатын қиындықтар
аудиторлық қызметтің аясын тарылтады. Оның негізгі міндеті – есеп берулерді анық күмәнсіз ету, тұтынушыға ақпаратты маманның пікірін араластырмай жеткізу.