Меншікті капиталдың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2015 в 13:25, курсовая работа

Краткое описание

Меншікті капиталдың тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады, соымен қатар меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық қүндылықтардың, ақшалай қаражаттың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың ақшалай жиынтығын айқын көрсетеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Аудит: мәні,мазмұны және даму тенденциясы............................................5

1.1 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы..........................................................5

1.2 Аудит мәні қажеттілігі және зерделеу аспектілері.........................................8

ІІ. Меншік капиталының аудиті......................................................................12

2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері.............................................................12

2.2 Жарғылық капиталының аудиті...................................................................13

2.3 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті..........16

2.4 Бөлінбеген табыс аудиті.................................................................................18

ІІІ.«Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті................20

3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама.............................20

3.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті .........................22

Қорытынды..........................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

меншікті капиталдың аудиті.docx

— 69.88 Кб (Скачать документ)

Бұл аудит процедураны жүргізгенде тексерушінің басты  анықтайтыны :субъектінің қашан және қай ауданда тіркелгендігі, құрушылары кім және олардың жарғылық капиталында бөлігі қандай, құрылу тізімі қандай?

Жарғылық капиталының құрылу тізімі заңмен және құрушы құжаттармен реттеледі. Меншік формаларына байланысты әртүрлі құрылады. Мемлекеттік субъектілердің жарғылық капиталы, мемлекеттік бюджеттен субъектіні пайдалану және қызметін жүзеге асыру кезеңінде басталады (барлық құрылыс, монтаждау,жөндеу жұмыстары,құралдардың сомасы, айналым және ақша қаражаттарынан тұрады). Мемлекеттік емес коммерциялық  кәсіпорындардың жарғылық капиталы құрушылардың салымдарынан құралады (ақшалай, материалдық т.б ).сондықтан ол бірнеше құрушы акционерлік қоғамдардың, заңды және жеке тұлғалардың, серіктестіктер және басқа құрушы субъектілердің меншігі болып табылады.

Аудитор білу керек, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тіркелуі және қайта тіркелуінде жарғылық капитал тексерілмейді. Тәуелсіз  экспертпен орындалатын экспертиза қызығушы тұлғамен төленеді. Тексеру орындалуы мүмкін :

1) қатысушының талабы  бойынша, (ол құрушы болады), серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң;

2) соттың шешімі бойынша ;

3) әр қаржылық жылдың  – қаржылық есеп берудің қорытындысы  бойынша.

2.3   Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың   аудиті

Резервтік капитал – іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.

Басқаша айтсақ, резервтік капитал – кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ.

Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қоғамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.

Қоғамның резервтік капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан  бастап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол акционерлік қоғамның жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан (пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады.

Егер қайсыбір төлемдер нәтижесінде қоғамның резервтік капиталы оның жарияланған жарғылық капиталының 15%-нен кем болып қалса, онда қоғам көрсетілген шамаға дейін резервтік капиталды толықтыру үшін аударымды жаңғартуға  міндетті.

Резервтік капиталды қалыптастыру мен пайдалану былайша көрсетіледі.

  1. Резервтік капиталға аударымдар – Кт 551 «Құрылтай құжаттарда белгіленген резервтік капитал», 552 «Басқа да резервтік капитал» шоттары және Дт 5410 «Есепті жылдық бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шоты бойынша.
  2. Резервтік капиталды пайдалану Дт 551,552 шотары бойынша жазба негізінде корреспонденцияда шоттармен бақыланады :

 

 а) «Қатысушылардың дивиденттері бойынша есеп айырысу» 62 бөлімшесі және 4430 «Басқа да» шоты «Басқа да кредиторлық берешектер және есеп айырысу» 68 бөлімшесі бойынша есепті  жылдың    табысы болжаған жағдайда немесе жеткіліксіздігі кезінде серіктестікке қатысушыларға дивиденттер мен кіріс төлеуге; 

ә) «Бөлінбеген табыс ( жабылмаған зиян)»  56 бөлімшесі кәсіпорынның есепті кезең немесе өткен жыл ішіндегі шығындарын жабуға. 

Резервтік капитал есебі 13 журнал-ордерде жүргізіледі. Аудитор резервтік капиталды тексергенде оны құру мен пайдаланудың дұрыстығын, баланста көрсетілген «Резервтік капитал» бабы бойынша жыл басы мен соңындағы қалдықтарды 13-ші журнал-ордердің мәліметтеррі бойынша Бас кітапта келтірілген 501 шот қалдқтарымен сәйкестігін міндетті түрде анықтауға тиіс.

Қосымша төленген капитал – меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құннан артқан сомасы болып саналады. Акциялар бойынша сияқы, меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құнынан артқан сомасы Кт 531 «Қосымша төленген капитал» шотының корреспонденциясында Дт 1050, 1040,1010 шоттарымен бірге немесе 334  «Басқа да дебиторлық берешек» шотында көрсетіледі.  

Аудитор қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеруі, баланстағы осы бап бойынша қалдықты 531 «Қосымша төленген капитал» шоты және осы шот кредиті бойынша 13 журнал-ордердің мәліметтерімен салыстыру қажет.

Меншікті капиталдың тағы бір элементі – қосымша төленбеген капитал, ол негізгі құралдардың және ұзақ мерзімді инвестициялардың оларды қайта бағалау нәтижесінде бастапқы құнның ұлғайған сомасы болып табылады.     Төленбеген капиталдың пайда болу есебі :

1) мемлекеттің тарапынан  кәсіпорынның барлық активтері  қайта бағалансын деген қаулысына  сәйкес нарықтың сұранысқа сәйкес  бағаланады. Бұл процес әр активтің өзіндік коэфицентіне сәйкес жүргізілді.

2) кәсіпорын басқа кәсіпорындарға  өзінің үлестік қатынасы бойынша  алған дивиденттін көлемінен  төленбеген капиталдың үлес салмағы  артады.

3) 2006 жылдың қаңтарынан  бастап Қазақстанның экономикасын 70 % -н құрайтын технопарктердің  бағалы қағаздары артуына байланысты.  

Негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалау сомасына бар болуымен айналымы туралы ақпаратты жинақтап қорытуға 541 «негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал», 5320 «Инвестицияларды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» және 5320 «Басқа да активтерді бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» шоттары арналған.

Аудитор жоғарыда аталған шоттардағы ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау бойынша операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексергені жөн. Бұл шоттардың кредиті бойынша негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестициялардың бастапқы құны 12 бөлімшенің «Негізгі құралдар», 14 «Инвестициялар» және 40 «Қаржы инвестициялары» тиісті шоттардың дебетімен бірге корреспонденцияға жасаған қайта бағалау нәтижесінде ұлғаю сомасы көрсетіледі, ал дебеттеледі бойынша :

а) қайта бағаланатын негізгі құралдар бойынша тозуды түзету сомасы («Негізгі құралдардың тозуы» 13 бөлімшесінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденцияда) : Дт 12 бөлімше шоттары  Кт 5320 шоты, Дт 5320 шоты, Кт 13 бөлімше шоттары;

ә) істен шыққан негізгі құралдар бойынша қайта бағаланған қызмет ету мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа көшірілмеген сома (5410 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шотымен корреспонденцияда; Дт 5320  шоты Кт 5410 шоты – НҚ істен шыққанда);

б) істен (есептен) ығарылған ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары бойынша қайта бағалау сомасы (5410 немесе 6210 «Инвестициялардың, қаржы инвестицияларының шығарылуынан түсетін табыс» 72 бөлімшелерінің шоттары мен бірге корреспонденцияда). 54 «Қосымша төленбеген капитал» шоты бойынша кредиттік айналымдар 13 журнал-ордерде көрсетіледі. Тексеру барысында баланстың қосымша төленбеген капитал» бабы бойынша. 

 

2.4 Бөлінбеген  табыс (жабылмаған зиян) аудиті

 

Аудит жургізу барысында ен алдымен бухгалтерлік баланстың осы бабы бойынша тексеру кезеңі басындағы және соңындағы қалдықтарды Бас кітаптің 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» және 5430 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоттары арқылы және бұл шоттардың кредит бойынша айналымдары көрсетілетін 13 журнал- ордер мәліметтерімен салыстыру қажет.

Сосын бұл шоттардағы шаруашылық операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексерген жөн. Есептік кезең ішіндегі табыстың (зиянның) жиынтық сомасы шоттардың бірінғай жоспарыны сәйкес 571  « Жиынтық табыс (зиян)» шотында белгіленеді.

Корреспонденцияда бұл шоттың кредиті бойынша VII  «Табыстар» бөлімнің шотымен алынған табыстың жиынтық сомасы, ал  дебет бойынша VIII «Шығындар» бөлімнің шотымен алынған шығындардың  жиынтық сомасы көрсетіледі. ДТ 571 және КТ 80 шоттары ; ДТ 70 және КТ 571 шоттары; ДТ 7700  және КТ 3110 шоттары; ДТ 571 және КТ 7700; ДТ 571 және КТ 5410 шоттары.

571 «Жиынтық табыс зиян»  шоты бойынша дебит кредит  айналымдарын салыстыру арқылы  5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотына көшірілетін таза пайданың (зиянның) сомасы анықталады.

Егер есепті  кезеңде пайда алынса, онда  571 «Жиынтық табыс зиян» шоты дебеттеледі және 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты кредиттеледі, ал зиян шексе, онда керісінше бухгалтерлік жазу түседі, яғни 5410 шот дебеттеледі және 571 кредиттеледі.

Жоғарыда атап өтілгендей, заңнамалар мен құрылтайшы құжаттарға сәйкес  жасалатын резервтік капиталға аударымдар есепті жылдың бөлінбеген табысы есебінен атқарылады. Есептегі жылдың зиянын жабуға бағытталған резервтік капитал қаржысы сомасына 55- бөлімшенің «Резервтік капитал» шоттары дебиттеледі және 5410 «Есептік жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты кредиттеледі.

Есепті жылдың бөлінбеген табысының едәуір бөлігі серіктестікке қатысушыларға дивидендтпен пен табыс төлеуге кетеді. Оның қалған сомасы 5410 шотынан 5430 шотына көшіріледі, сол корреспонденцияда кредит бойынша «Резервтік капиталдың» 55- бөлімше шоттарымен резервтік  капиталдың қаржысын өткен жылдың зиянын жабуға бағыттау көрсетіледі, ал дебит бойынша «Қатысушылардың дивидентттерімен табыстары бойынша  есеп айырысудың» 62- бөлімше шоты, «Басқалардың»  3390 шоты және «Басқа да кредиторлық берешек және есеп айырысудың» 68- шоттарымен серіктестікке қатысушыларға дивидендтер  мен табыс төлеуге өткен жылдың бөлінген табыс сомасын бағыттау көрсетіледі. Тексеру соңында аудитор бөлінбегн табыстың шамасын бағалау қажет. Бұл осы көрсеткіштің қарқынын көріп, оның өзгеру тенденциясын айқындау үшін, өткен есепті кезеңдер мен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау үшін әр түрлі ақпарат көздері тартылады, бұған бастапқы құжаттар, бухгалтерлік регистірлер мен соңғы 2-3 жыл ішіндегі қаржылық есптілік  формалары да кіреді.  

 

 

                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IІІ. «Байсерке  Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының  есебі

3.1 «Байсерке Агро»  ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама

 «Байсерке» агрокешені  оңтүстік астанадан 15шақырым жердегі  Алматы облысының, Іле ауданында, Байсерке ауылы, Д.Қонаев көшесі  №1-де орналас- қан, 19,1га жері бар. «Байсерке АГРО» 2001жылы 7желтоқсан  күні құрылып, ұнтарту, жарма және  макарон өнімдерінің ассортиментін  кеңінен өндіретін ірі тауар  өндіруші ретінде Қазақстан және  ТМД елдерінде кеңінен танылды. «Байсерке АГРО» ЖШС негізгі  қызметі ауылшаруашылығы шикізаттарын  қабылдау, тазалау, кептіру, қайта өндіру, сақтау және қайта қорытып  олардан халық тұтынатын тағам  түрлерін (ұн, жарма, макарон тағамдары) және үй жануарларына арналған  жем дайындайды. Сонымен қатар  қойма үй-жайларын жалға береді.

Агрокешеннің Қазақстан, ТМД және алыс шетелдерге азық-түлік жіберу үшін қолайлы автокөлік кіретін және теміржолдары бар. Осы қазіргі уақытта кәсіпорында мына төмендегідей цехтар мен өндірістер жұмыс істейді:

-тәулігіне 120т өнім өндіретін  диірмен;

-тәулігіне 5т макарон  шығаратын цех;

-тәулігіне қуаты 100т күрделі  құрама жем зауыты;

-механикаландырылған мұнара;

-өнімділігі тәулігіне 80т  жарма цехы;

-қуаттылығы жылына 70000т  жүгері сорттау зауыты;

-жүгері сабағын кептіруге  арналған СКП-24;

-австриялық «PITKUS» кептіргіші;

-«Целинная 30» кептіргіші;

-жанар-жағар май қоймасы (ГСМ).

          Ұн тарту өндірісі. «Байсерке  АГРО» ЖШС Солтүстік Қазақстаннан  жеткізілген азық-түлік бидайынан  алынатын үш түрлі сорттан  жоғары дәрежеде тартылған бидай  ұнын шығарады. Диірменнің ай  сайын шығаратын өнімі 3500т құрайды. Сорттарды тарту кезінде шығарылатын  сорттар саны қатаң шектетіледі. Әр бір сортқа мемлекеттік  стандарттарды және уақытша техникалық  жағдайларда реттейтін көптеген  көрсеткіштер орнатылған. Бұл шикізаттарды  аймақтық пайдалануға және өнімдердің  сапасын тиісінше дәрежеде ұстауға  мүмкіндіктер береді.

         Ұн тарту кешенінде өндірілген ұндар, оның сапасын үнемі және жоғары сапада ұстап тұру үшін күнделікті бақылауды қажет етеді. Диірмендегі барлық технологиялық процесті бақылау және өнім сапасын технологиялық бақылау туралы Ережеге сәйкес және зертхана жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты «Диірмендерде технологиялық процестер енгізу және ұйымдастыру» Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

         «Байсерке АГРО» ЖШС-де астықтың сапасына және оның өнімдерінен жасалған азық-түліктерді тексеруді жүзеге асыратын өндірістік-техникалық зертхана бар. Зертхана 2003 жылы «НАЦЭКС» ААҚ Алматы филиалында аттестацияланудан өтті. Зертханада оның қызмет істеуіне қажетті барлық жағдайлар бар.

            Макарон шығару өндірісі. «Байсерке  АГРО» ЖШС Италияндық «La Parnigiana»  жабдығында ұнның жоғарғы сорттарынан  макарон тағамдарын дайындайды. Айлық өнімділігі-150 тонна. Макарон  бұйымдарын дайындау кезінде  пайдаланылатын шикізаттар нормативтік-техникалық  құжаттарға, медикобиологиялық талаптарға  және санитарлық нормаларға сәйкес.

         «Байсерке АГРО» ЖШС макарон бұйымдары В тобының, 1-класына жатқызылады. Өнімдер Мемлекеттік стандарттың 875-92 талаптарына сәйкес санитарлық нормалармен рецептураларды және технологиялық нұсқаулықтар- ды сақтай отырып белгіленген тәртіппен дайындалады. Органолептикалық көрсеткіштер бойынша макарон бұйымдары «В» тобының талаптарына сәйкес келеді: біртүсті, ұнның сортына сәйкес, сырты жылтыр, формасы атауына сәй- кес келеді. Фабрика әртүрлі үлгідегі 10 түрлі макарондар шығарады.

Информация о работе Меншікті капиталдың аудиті