Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2015 в 13:25, курсовая работа
Меншікті капиталдың тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады, соымен қатар меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық қүндылықтардың, ақшалай қаражаттың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың ақшалай жиынтығын айқын көрсетеді.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Аудит: мәні,мазмұны және даму тенденциясы............................................5
1.1 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы..........................................................5
1.2 Аудит мәні қажеттілігі және зерделеу аспектілері.........................................8
ІІ. Меншік капиталының аудиті......................................................................12
2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері.............................................................12
2.2 Жарғылық капиталының аудиті...................................................................13
2.3 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті..........16
2.4 Бөлінбеген табыс аудиті.................................................................................18
ІІІ.«Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті................20
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама.............................20
3.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті .........................22
Қорытынды..........................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................36
1.2 Аудиттің мәні,
қажеттілігі және зерделеу
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс – әрекеттер мен оқиғалар туралы обьективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі».
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр.
Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағытты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір – біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот –бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы – талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В.Соколовтың айтуынша тексерудің мақсаты – кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты – кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.
Әкімшіліктің құқы бар және сатылас байланысты ұсынатын тексерушіні клиент өз қалауымен талдамайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым – қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми неізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексертетін, сондай – артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.
Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс – әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат кең ауқымды мәселелерін жан – жақты зерделеу қажет.
Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір салалар мен шаруашылық жүргізуші субьектілер іс –әрекеттің жағдайы туралы мәліметтерді алу бойынша бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқамсалар нұсқамсалар 310 «Бизнесті білу» атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайда бұл стандарт қаржылық есеп берулерің аудиттің ұйымдастыруда қолданылады, ал аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында болатын оқиғаларды, процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудиттің озық түрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс – тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.
Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін қаржылық – кредиттік, материалдық – техникалық қамтамсыз етудің, өндірістік ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланыстылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субьектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да оргондар белсенді әсер етуі мүмкін. Бірақ осы буындардың бірде біреуі салықтық жеңілдіктер беру кредит және баға саясатын жақсарту, өндірісті, отандық өнімдердің, жұмыс, қызметті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы экономикалық жағдай тудыратын мүмкіндіктері мен белгілі бір өкілеттіліктері болса да елеулі көмек көрсете алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйымдастыруды жақсартуға ықпалын тигізбейді.
Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, инфляция деңгейін төмендетпейінше, өндірісті ұйымдастыруы мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, шаруашылық жүргізуші субьектілердің жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады.
Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:
Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді өзара тығыз байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторларындағы шаруашылық жүргізуші субьектілерінің жабдықтаушылық, өндірістік қаржылық және өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен процестердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша, ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді.
ІІ. Меншік капиталының аудиті
2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері
Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруашылық жүргізуші субъектінің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байланысты.
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: «Меншікті капитал – субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері».
Меншікті капиталдың ерекшелігі – ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді (оны қолмен ұстауға болмайды).
30 «Қаржылық есеп беруді
ұсыну» БЕС-де меншікті
2.2 Жарғылық капитал аудиті
Меншік капиталы отандық бухгалтерлік есептің жаңа объектісі болып табылады, яғни ол аудит үшін де жаңа. Жаңа бухгалтерлік есеп – 2-де «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашулар», меншік капиталына : жарғылық капитал, қосымша төленген және төленбеген капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) кіретіндігі көрсетілген. Бұл меншік капиталының элементтерінің әр қайсысы маңыздыболғандықтан,бұлардың әр қайсысының аудитіне жеке тоқталамыз.
Жарғылық капитал меншік капиталының негізгі элементі болып табылады,өзімен қатысушылардың (иелік етушілердің) субъект құруда оның қызметін қамтамасыз ету үшін салымдарын білдіреді. Жарғылық капиталдың орындалатын функциялары мен құрылуы өндірістің ұйымдастырушы-құқықтық формаларына байланысты. Шаруашылық субъектілердің үш негізгі функцияларын белгілеуге болады. Біріншіден, ол субъектінің қызметінде меншіктің негізі болып табылады, яғни бастапқы капиталы. Екіншіден,жарғылық капиталының құрылуы құрушылардың (акционерлердің) субъекттідегі қатысу бөлігін (процентін) анықтайды, оған жалпы жиналыстағы қатысушылардың дауыс көлемі және оның табыс көлемі (дивиденді) сай. Үшіншіден жарғылық капитал үшінші жаққа міндеттердің орындалуына кепіл береді, сондықтан заң бойынша оның минималды мөлшері белгіленген. Толық көлемде жарғылық капитал бұл функцияларды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде және акционерлік қоғамдарда орындайды, яғни жарғылық капитал қатысушылардың салымдары мен акцияға жазылуларына байланысты құрылады. Жарғылық капитал толық және командитті серіктестіктектерде бір ғана функцияны орындайды – меншік негізі болып табылады. Меншік салымы өндіріс кооперативінің бастапқы капиталы және қызметті ұйымдастыру және оны құруда кететін шығыстарды жабу үшін арналған. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы – бұл мүлік сомасы, меншік иесімен бекітілген (республикалық немесе жергілікті басқару органымен) өндірістік қызметтердің орындалуы үшін. Бұл меншік бөлінбейді,салымдар бойынша үйлестірілмейді, сәйкесінше бұған жұмыс коллективі де,бөлек еңбек өндірістерінің де құқы жоқ.
Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы, өндіріс кооперативі сияқты, екі функцияны орындайды – мүліктік және кепілдік.
Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылық жүргізуші субьектінің іс – қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдастыру – құқықтық түріне байланысты.
Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдайларды қарастырады :
1) Бас кітап бойынша
баланстық көрсеткіштерді
2) синтетикалық және
3) жарғылық капитал құрылуының дұрыстығын тексеру;
4) құрушының салымдары толық және уақытылы келуін жазуды тексеру;
5) жарғылық капиталының өзгеруінің дәлелділігін және қатысушылардың құжаттарының және уақытылы енгізілуін тексеру;
6) мүлікті түгелдеу және басқа мүліктік құқық, өндірістің жарғылық капиталына жарна ретінде негізу
7) жарғылық капиталы есебінде табылған қателіктерді,өңделген және дәл ұсыныстар бойынша жұмыс істеп тұрған заң бойынша жою;
8) жарғылық капитал көлемінің
құқықтық-нормативтік акті
9) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;
10) бухгалтерлік есепте жарғы капиталының шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған корреспонденциялардың дұрыстығы, көбінесе олардың ішінде төменгідей өткізбелерге ерекше көңіл бөлінеді :
-Дт 5020 «Төленбеген капитал» шотына және Кт 5010 «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына;
-жарғы капиталы мөлшері ұлғайғанда Кт 5010 «Салымдар мен пайлар» шотына, 12 «Негізгі құралдар», 20 «Материалдар», 22 «Тауарлар», 42 «Банктердегі аккредитивтегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шотардағы ақша», 44 «Ұлттық валюта ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша» және 45 «Кассадағы қолда бар ақшалар» бөлімшелердің шоттарына жазу түседі.
Жарғылық капиталды тексеру бағдарламасына мынадай аудит процедуралары кіреді.
Кесте-1. Жарғылық капитал аудитінің бағдарламасы
Аудит процедуралары |
Ақпарат көздері |
1 баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтеріне сәйкестігін тексеру |
Баланс, 5020,5010,5030,5110 шоттары бойынша Бас кітап |
2 Жарғылық капитал қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру |
Бас кітап, 13 журнал-ордер, акционерлердің тізілімі, акционерлердің есеп карточкалары, құрылтайшы құжаттар, НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, төлем тапсырмалары кірістік кассалық ордерлер және т.б |
3 Жарғылық капиталды қалыптастырудың дұрыстығын тексеру |
Қолданылып жүрген заңнама құрылтайшы құжаттар, бухгалтерлік анықтама |
4 құрылтайшылардың жарнасын (салымдарын) кіріске алудың толықтығы мен мерзімділігін тексеру |
НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, ТМҚ қабылдау актілері, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары, кірістік кассалық ордерлер, бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазуларжәне т.б |
5 Жарғылық капитал өзгерісінің негізділігін және оны құрылтайшы құжаттарға енгізудің мерзімділігін тексеру |
Құрылтайшылардың (меншік иелерінің) және акционерлерінің жалпы жиналысының шешім хаттамалары,эмиссия жобасы мен құрылтайшылық шарты |
6 кәсіпорынның жарғылық капиталға жарна ретіндесалынған мүлікті құқықтарды түгендеу |
Түгендеу актілері, түгендеу тізімдемесі, салыстыру тізімдемесі (ведомость) және с.с |
7 қолданыстағы заңнамамен салыстырғандағы жарғылық капитал есебінде анықталған ауытқуларды жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мен негіздеу |
Аудитордың тұжырымдары, есептеулері және ұсыныстары |