Меншікті капиталдың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2015 в 13:25, курсовая работа

Краткое описание

Меншікті капиталдың тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады, соымен қатар меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық қүндылықтардың, ақшалай қаражаттың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың ақшалай жиынтығын айқын көрсетеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Аудит: мәні,мазмұны және даму тенденциясы............................................5

1.1 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы..........................................................5

1.2 Аудит мәні қажеттілігі және зерделеу аспектілері.........................................8

ІІ. Меншік капиталының аудиті......................................................................12

2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері.............................................................12

2.2 Жарғылық капиталының аудиті...................................................................13

2.3 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті..........16

2.4 Бөлінбеген табыс аудиті.................................................................................18

ІІІ.«Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті................20

3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама.............................20

3.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті .........................22

Қорытынды..........................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

меншікті капиталдың аудиті.docx

— 69.88 Кб (Скачать документ)

          Аралас жем өндірісі. «Байсерке  АГРО» ЖШС аралас жем зауыты  қүрамында құнарлылығы тиімді, күрделі, біртекті құрамынан тұратын тазаланған  және үгітілген әртүрлі жем  өнімдерін шығарады. Аралас жем  цехында аралас жемге белокпен  витаминдер қосылмайды, сол себепті  өнімнің өзіндік құны азаяды. Аралас жемнің талап етуіне  қарай шашатын түрі шығарылады. Ай сайынғы өнімділігі 3000т құрайды.

          Жарма өндірісі. Қазақстанда жарманы  шығаратын 2-кәсіпорын бар және  оның біреуі «Байсерке АГРО»  ЖШС. Аралас жарманы гүлдің қабығын, ішінара жемістің және ұрықтың  қабықтарын тазалау арқылы арпа  жармасын тегістеп және жылтырату  арқылы алынады. «Байсерке АГРО»  ЖШС жарма зауыты жарманың 2түрін  шығарады.

          Қойма үй-жайлары. «Байсерке АГРО»  ЖШС бір-бірімен жалғасқан 65000т  механикаландырылған қоймалық үй-жайлары  бар. Өндіріс және азық-түлік өнімдерін  қабылдау, сақтау, жүктердің барлық  түрлерін жіберу және жеткізумен  қатар барлық жеке тұлғалар  мен заңды тұлғалар қызмет  көрсетеді.

         «Байсерке АГРО» ЖШС-ның негізгі тұтынатын шикізаттары – арпа мен бидай. Бидайды көбінесе Солтүстік Қазақстаннан тұтынады, соның бірі – Ақмола облысы, Ақкөл бекеті; Көкшетау қаласы. Ал арпаны Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Алтын емел ауылынан және де жеке шаруашылық қожалықтарынан тұтынады. Сөйтіп, арпа және бидайдан - ұн, кеспе, жарма, кебек, аралас жем өнімдерін өндіреді.

         «Байсерке АГРО» ЖШС-ның ірі тұтынушылары: ЖШС «Қараой», ЖШС БК «Монтажник», ЖШС «Асар сүт», ЖШС «Астық», ЖШС ХБК «Ақсай», СПК «Балхашский», ЖШС «Катюша» және  Алматы облысы тұрғындары, тек қана Алматы облысы ғана емес сонымен қатар ТМД елдерінен де тұтынушылар бар, атап айтқанда: Өзбекстаннан ОРТЧП «ГУЗАЛ ДИЕР ЯНГИ АРЫК», КОМП «UNISEL TRADING S.A». Ауғаныстаннан «Rajabi Trading Limited», «RAHMANIAN  LTD» фирмалары. Тәжікстаннан ЖШС «Пиров» ХН, ЖШС «Баракат».

            

 

3.2 «Байсерке Агро»  ЖШС-нің меншікті капитал аудиті

         

   Біздің отандық  тәжірибеде кәсіпорынның меншікті  капиталының құралу көздері болып  мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал, арнайы бағыттағы  қорлар, мақсатты қаржыландыру мен  салымдар (келіп түсулер), жалгерлік  міндеттемелер, баланс пассивінің  бірінші бөлімінде көрсетілген  бөлінбеген табыс, сонымен қатар  құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең  шығындары мен төлемдер резервтері, 1997 жылы құрылған баланс пассивінің  екінші бөлімінде көрсетілген  алдағы кезең табыстары. БЕС-2 сәйкес 1998 жылдың балансында меншікті  капиталға жарғылық капитал, қосымша  төленбеген капитал, резервті капитал  және бөлінбеген капитал (жабылмаған  зиян) кіреді.  

        «Байсерке АГРО» ЖШС өз шаруашылық қызметін 2001 жылы бастады. Ол кезде жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде меншікті капиталы болуы міндет болатын. Бұл мекемені бір құрылтайшы арқылы 226 500 000 теңгеге сатып алып, 775 айлық есептік көрсеткішпен өз шаруашылық қызметін бастаған.

Кесте 2. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар.

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін       шот

Кредиттелетін  шот

  1

Үлес қосушылар мен салымшылардың акционерлік қоғамның жарғылық қорына

қосқан үлесінің сомасы

 

5110

 

5020,5010

  2

Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (қалыптасуы)

2710-2730

2410

1310

1320,1330,1350

1060

1030,1010

 

 

5030

  3

Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының акционерлердің шығып кетуі себебінен азаюы

 

5030

2710-2730

2410

1310 1320,1330,1350

1060

1030,1010

  4

Кәсіпорынның өзінің акцияларының айналымнан шығарылғандарының құнына

 

5020,5010

  Қайтарып

   алынған

   капитал 

  5

Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды

 

5030

 

1030,1010

  6

Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және басқа да салымшылардың акционерлік қоғам жарғылық қорына қосуға тиісті қарыздары

 

5110

 

5020,5010


 

 

  7

Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың оң курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты өсуі

 

5110

 

6250

  8

Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың теріс курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты кемуі

 

7430

 

5110

  9

Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың ақшалай түрде қосқан үлес сомаларының келіп түсуі

 

1030,1010

 

5110

10

Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың акционерлік қоғамға материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы

2710-2730

2410

1310

1320,1330,1350

 

 

5110

11

Акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған өзінің акцияларының құнына

Қайтарып алынған капитал

1030,1010

12

Сатылып алынған акциялардың сатып алу және атаулы құнының арасындағы айырмашылығының сатып алынған уақытында көрсетілуі:

-егер  акциялар өзінің атаулы құнынан

  төмен  бағаға сатылып алынса;

 

 

-егер  акциялар өзінің атаулы құнынан  

  жоғары  бағаға сатылып алынса;

 

 

 

 

Қайтарып алынған капитал

 

5510

 

 

 

 

5510

 

 

 

Қайтарып алынған капитал

13

Өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылған акциялардың айырма сомасы

 

1280,1030,1010

Қайтарып алынған капитал

14

Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуі

2410

5420

15

Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты оларға бұрын есептеліп жинақталған тозу құнының өсуі

 

5410

 

2420

16

Негізгі құралдарды пайдалануына қарай қайта бағалау сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны

 

5410

 

5510

17

Инвесторлардың,серіктестіктердің активтерін қайта бағалаудың салдарынан еншілес немесе тәуелді серіктестіктердің таза активтеріндегі үлесінің өзгеруіне байланысты бастапқы инвестиция құнының азаюына

 

 

5440

 

 

2210

18

Қайта бағалаудың нәтижесінде алын- ған ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының бастапқы құны сомасының өсуі

 

1110-1150

 

5440

19

Бұрын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бастапқы құнының өскен сомасына бағасының кемуі

 

5440

 

1150

20

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды есептен шығарған уақыттағы, олардың бұрын қайта бағалаған сомасы

 

5440

 

6210


       

        «Байсерке Агро» ЖШС-ның резервтік капиталы баланста көрсетілмеген, өйткені мекеме шаруашылық қызметін бастар алдында көп мөлшерде  қарыз- данып, қазірге дейін сол қарыздарын төлеп келеді.

Кесте 3. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы резервтік капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар 

Операциялар

Мазмұны

Дебеттелетін шот

Кредитте-летін шот

1

Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасының қалыптасуы

 

5510

 

5410

2

Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы

 

5510

 

5410

3

Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты артықшылығы бар акциялар бойынша дивидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы

 

 

5410

 

 

3390

4

Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы (өткен) жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы

 

5410

 

5510,5520

5

Ағымдағы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы

5410

5510

6

Өткен (алдыңғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы

 

5410

 

5520

7

Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субъектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома

 

5410

 

5020,5010

5030


 

         «Байсерке Агро» ЖШС-ның бөлінбеген пайдасы 2006жылы – 4 580 000 тг, 2007жылы – 6 113 000тг. 2006 жылы меншікті капитал баланстың 23,2%-ін құраған, 2007жылы 8,4%-ін құрады.

Кесте 4.  Кәсіпорындар мен ұйымдардағы бөлінбеген пайда шоты бойынша жүргізілетін операциялар.

                 Операциялар

                    Мазмұны

Дебитте -

летін шот

Кредитте-

летін шот

1

Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капиталға бөлінген сома

 

5510

 

5410

2

Кәсіпорынның бөлінбеген табысы  есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капиталға бөлінген сома

 

5510

 

5410

3

Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы

 

5410

 

5510,5520

4

Есепті кезеңнің соңында кәсіпорынның бөлінбеген табысына жатқызылатын таза табыс сомасы

 

3310

 

5510

5

Есепті кезеңнің соңында анықталған кәсіпорынның шеккен зиян сомасы

5510

3310

6

Ағымдағы жылғы шеккен зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы

5410

5510

7

Негізгі құралдардың белгіленген әдісіне сәйкес есептелген амортизация сомасының қайта бағалауға байланысты бөлінбеген табысқа жатқызылғаны

 

5420

 

5510

8

Өткен жылғы акционерлерге дивидент төленгеннен қалған бөлінбеген табыс сомасы ағымдағы жылдың бөлінбеген табысына аударылды

 

5510

 

5520

9

Кәсіпорынның өткен (алдыңғы) жылдағы жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы

 

5410

 

5520

10

Кәсіпорынның есепті жылы шеккен зиянының сомасы алдағы кезеңде өтеуге қалдырылды

 

5520

 

5510

11

Кәсіпорынның ағымдағы жылда өнімдерді (тауарларды) сатудан, қызметтерді көрсетуден,негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, құнды қағаздарды сатудан және дивидент түрінде алған табыстарының сомасына

 

6010,6210

7510,7620

 

 

        3310

12

Кәсіпорынның ағымдағы жылда көрсеткен қызметтерінің, сондай-ақ сатқан тауарларының, негізгі құралдарының, материалдық емес активтерінің, құнды қағаздарының өзіндік құнына

 

 

 

3310

6020,6030

7010,7110

7211,7310

7410,7430

7470

7710


 

       

         Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіп- орындардағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының бар- лығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қыз- мет атқарады:

- болашақта пайдалану  үшін ұйымда болып жатқан операцияларды  тіркеп және оны өңдеп отырады;

- ұйымның қаржылық-ақпараттық  мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны  керек уақытына дейін сақтайды;

- қаржылық-ақпараттық мәліметті  пайдаланушыларға уақтылы беріп  отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар  осы деректер арқылы ұйым- ды  басқару барысында түрлі шешім  қабылдайды.

        Кәсіпорындардағы бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын не- гізгі кәсіби міндеті пайдаланушыларға дұрыс есептелген бухгалтерлік-ақпа- раттық мәліметтерді уақтылы, яғни дер кезінде беру болып табылады.

         «Байсерке АГРО» ЖШС-ның арнайы бухгалтерия бөлмесі бар, ол жерде төрт адам қызмет істейді: бас бухгалтер, есеп айырысу бухгалтері, материал- дық бухгалтер және кассир.

         Касссирдің міндеті – шаруашылық операцияларын, яғни кассаға келіп түскен немесе кеткен қолма-қол және қолма-қолсыз ақша-қаражаттарын есеп- теу, тіркеу, сонымен қатар бухгалтерлік құжаттарды, ақпараттық мәлімет- терді сақтау.

        Материалдық бухгалтер - мекемеге келіп түскен және кеткен тауарлы-материалдық қорларды (шикізат,саймандар,жанар май) және цехтар арасында   тасымалданған тауарлы-материалдық қорларды есептейді.

        Есеп айырысу бухгалтерінің міндеті – жұмысшылардың еңбек ақы- ларын, уақытша еңбекке жарамсыз күндері үшін және еңбек демалысына шыққандағы ақыларын есептеу.

        Бас бухгалтер – мекеменің шаруашылық операцияларының қозғалысын қадағалап, ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметтерін ішкі және сыртқы  пайдаланушыларға дер кезінде жеткізіп беріп отыру бас бухгалтердің кәсіби міндеті болып табылады.

         Ақша-қаражаттарының есебі. Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі-бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

Информация о работе Меншікті капиталдың аудиті