Меншікті капиталдың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2015 в 13:25, курсовая работа

Краткое описание

Меншікті капиталдың тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады, соымен қатар меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық қүндылықтардың, ақшалай қаражаттың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың ақшалай жиынтығын айқын көрсетеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Аудит: мәні,мазмұны және даму тенденциясы............................................5

1.1 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы..........................................................5

1.2 Аудит мәні қажеттілігі және зерделеу аспектілері.........................................8

ІІ. Меншік капиталының аудиті......................................................................12

2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері.............................................................12

2.2 Жарғылық капиталының аудиті...................................................................13

2.3 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті..........16

2.4 Бөлінбеген табыс аудиті.................................................................................18

ІІІ.«Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті................20

3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама.............................20

3.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының аудиті .........................22

Қорытынды..........................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

меншікті капиталдың аудиті.docx

— 69.88 Кб (Скачать документ)
  • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
  • есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу;

         Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбек ақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құрал- дарына қажетті шығындарды төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама орнатылған және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орна- ластыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш басатын мөр касса қызметкерінде, ал кілттің екінші данасы ар- найы ыдысқа салынып кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысында сақтала- ды. Касса қызметкері әрбір жұмыс күнінің соңында кассаны жауып күзетшіге тапсыруы қажет. Кассадағы ақшаның түгелдігіне касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді.

        Кәсіпорынның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты және ақша төлеуші заңды немесе жеке аты-жөні, қандай мақсатта және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы,жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет.

        Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөр таңба (штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіп- орындар мен ұйымдардың «рұқсат етемін» деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратые басқа да құжат- тарын көрсетуді талап етуі тиіс. Сонымен қатар касса қызметкері осы көр- сетілген құжаттарда жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамдардың аты-жөнін, құжаттарының нөмерін және ол құжаттарды кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Касса- лық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжат- тарды кәсіпорындар менұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды өзгертуге, олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады.

        Кесте 5. «Байсерке АГРО» ЖШС-нің кассасында мынадай операциялар жүргізіледі:

                          Операциялар мазмүны

Дебет

Кредит

1

Тұтынушылармен есеп айырысқанда

1210

1010

6010

1210

2

Тұтынушылар алдын-ала есеп айырысқанда

1010

3510

3

Жұмысшыларға еңбекақы төленгенде

3350

1010

4

Ұйымның қызметкерлеріне қысқа мерзімді дебиторлық қарыз берілгенде

1250

1010

5

Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз қайтарылғанда

1010

1250

6

Товарлы-материалдық қорларды жеткізу үшін аванс берілгенде

1610

1010

7

Ұйымның жұмысшыларына материалдық көмек берілгенде

7210

1010

8

Товарлы-материалдық қор сатып алынғанда

3310

1010


 

        Тұтынушылармен есеп айырысқанда - кассир кассалық кіріс ету ордері мен фискалдық чек толтырады, ал счет фактура мен шығыс накладнойын материалдық бухгалтер толтырады.

        Жұмысшыларға еңбекақы төлегенде - есеп айырысу бухгалтері жұмыс- шылардың қарызы болса еңбекақысынан ұстап қалып, салық түрлерін есеп- теп, кассирге төлем ведомосін дайындап береді, кассир сол ведомось арқылы жұмысшылармен есеп айырысады.

        Ұйымның қызметкерлеріне қысқа мерзімді дебиторлық қарыз бергенде – кассир кассалық шығыс ету ордерін толтырады, қызметкер керек затын алып келгеннен соң, ақшасы жетпей қалуы мүмкін немесе артып қалуы мүм- кін, сол үшін қызметкер кассирмен тағы да есеп айырысу жүргізіп, кассир аванстық отчет толтырады.

        Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шоттарын ашулары тиіс. Кез-келген кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:

- банк мекемесінің атына  шот ашу туралы өтініш;

        - кәсіпорынның  құрылуы туралы шешімдердің көшірмесі;

        - кәсіпорынның  басшысы, бас бухгалтері және  олардың орынбасарлары- ның қолтаңбалары  қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның  мөр таңбасы басылған арнаулы  үлгідегі карточка және басқа  да құжаттар;

          Кәсіпорынның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға төлейтін төлемі әдетте қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шотынан төленеді. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар біныңғайланған белгілі құжаттар негізінде жүр- гізіледі. Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем талап-тапсырмасы, инкассалық өкім, салық және кеден органдарының инкассалық өкімі және тағы да басқа құжаттар саналады. Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адам- дардың (кәсіпорын басшысы мен бас бухгалгалтердің) қолдары болуы керек. Онсыз құжат орындалуға қабылданбайды. Банк мекемесі өзі қызмет көрсе- тетін кәсіпорындар және ұйымдармен, яғни есеп айырысу шотының иесімен келісімге келе отырып, белгіленген мерзімде оларға шоттың көшірмесін жіберіп отырады. Осы көшірмемен бірге есеп айырысу шоты бойынша жүргі- зілетін операциялардың негізі болып саналатын есеп айырысу құжаты да бірге беріледі. Көшірмеде кәсіпорындар мен ұйымдардың шотындағы қаржының айдың басындағы және айдың соңындағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен, яғни кірістелген және шығыс етілген, яғни жұмсалған қаржылар сомасы көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтериясында банк мекемесі берген шоттың көшірмесінде жазылған сомалардың дұрыстығы және олардың көшірмемен бірге берілген құжаттарға сәйкестігі тексеріледі. Ұйымдардың есеп айырысу шотындағы ақшаларының жұмсалу нөмірі екінші журнал-ордерде, ал шотқа кіріс етілген ақшалардың сомасы осы журналдың тізімдемесінде есептеледі.

        «Байсерке АГРО» ЖШС-ның есеп айырысу шоттары мына Банктерден ашылған:

  • АО «Банк Центр Кредит» РКО №1 г.Алматы;
  • АО «АТФ Банк» г. Алматы;
  • АФ АОА «КазкоммерцБанк»
  • «Региональный ф-л Народного Банка» г. Талдыкорган;

        Бұл есеп айырысу шоттары арқылы ұйым басқа мекемелермен есеп айырыса алады, салық түрлерін төлей алады, сол банктен несие алады, керек болған жағдайда өздерінің есеп айырысу шотынан қолма-қол ақша алады және тағы басқа қызмет түрлерін жүзеге асырады алады. Басқа мекемелермен есеп айырысу төлем тапсырмасы арқылы жүргізіледі. Банк мекемеге күн сайын немесе мекеме қажет еткенде есеп айырысу шотына қанша кіріс, қанша шығыс болғаны туралы үзінді көшірме беріп отырады. Банктен берілген үзінді көшірменің бір ерекшелігі, есеп айырысу шотына келіп түскен сома кредит жағында, ал кеткен сома дебит жағында көрсетіледі. Есеп айырысу шотының есебі 1030- шотта жүргізіледі.

         «Байсерке АГРО» ЖШС-нің ақша-қаражаттары баланстың 1,2%-ын құ- райды, яғни  7 692 000теңге. Оның ішінде:

  • касса – 1 835 000 – 23,8%;
  • есеп айырысу шоты – 5 857 000 – 76,2%;

      Негізгі құралдар аудиті. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде  ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғима- раттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

         Негізгі құралдардың аудитін ұйымдастыруда оларды бағалаудың  маңы- зы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

        Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу бары- сында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі-бір мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез-келген шығындар жиынтығынан тұрады.

         Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл кәсіпорынның белгілі-бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.

         Негізгі құралдың баланстық құны – бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде  немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құ- ралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы  құны болып табылады.

        Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны – негізгі құралдың пайдалану  мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жа- рамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байла- нысты  жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықтала- ды.

         Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез-келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

        Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында  жүргізіле- ді. Кәсіпорында негізігі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға түген- деме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

        Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шыға- рылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады.

        Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде  бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі-бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құ- ралдар сатып алуға тура келеді. Бұл үдеріс «амортизация» деп аталады. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қай- тарылып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты  құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

        Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз – негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.

        Негізгі құралдарға амортизация аударым есептеу мына әдістер бойын- ша жүргізіледі:

       1.Құнды  бірқалыпты (тура жолды) есептен  шығару әдісі.

       2.Құнды  орындалған жұмыстың, өндірілген  өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде  есептен шығару әдісі.

       3.Жылдамдатып  есептен шығару әдістері:

       А)қалдық  құнының кему (қалдықты азайту) әдісі;

       Ә)сандардың  жиынтығы бойынша құнын есептен  шығару (коммулятивтік) әдісі.

          «Байсерке АГРО» ЖШС-ның негізгі құралдары баланстың 51,6%-ын құ- райды яғни – 341 828 000. Оның ішінде:

  • Жер учаскелері – 6 615 000 – 1,9%;
  • Үйлер мен ғимараттар – 235 734 000 – 68,9%;
  • Машиналар мен жабдықтар – 80 128 000 – 23,4%;
  • Көлік тасымалдау құралдары – 10 063 000 – 2,9%;
  • Тағы да басқа негізгі құралдар – 9 288 000 – 2,7%;

         Бұл негізгі құралдар жыл сайын бірте-бірте тоза бастайды, мысалға жылу беру ғимаратының тозуын есептеп көрейік. Кәсіпорын өзінің шаруа- шылық қызметін бастағанда жылу беру ғимаратының құны – 1 163 318теңге болған, қазіргі күні – 723 509теңге. Тозу әр ай сайын есептеліп отырады, ал Қазақстан Республикасының салық кодексіне сай үйлер мен ғимараттар жылына 8%-ға тозады. Әр ай сайынғы тозуды табу үшін = үйлер ғимарат- тардың қалдық құнының 8%-ын тауып, оны 12-ге бөлеміз. Мысалы, 2003-2004 жылға есептелінген тозуды қарастырып көрейік:

Информация о работе Меншікті капиталдың аудиті