Кәсіпорынның ақша ағымдарының қозғалысы туралы есебінің экономикалық сипаттамасы мен теориялық аспектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2014 в 05:06, курсовая работа

Краткое описание

Әрбір ақша қаражаттарының түсуі мен шығуы үш категорияға байланысты:операциялық,инвестициялық және қаржылық қызмет.
Операциялық қызмет-бұл заңды тұлғалардың пайда алудағы негізгі қызметі,инвестициялық және қаржылыққа кірмейді.
Инвестициялық қызмет-бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату,қарыздарды төлеу.
Қаржылық қызмет-бұл заңды тұлғалардың өз капиталындағы өзгерісі мен қарыз қаражаттары.
Ақша қаражаттарының айналымын екі әдіспен есептейді: «тура» және «жанама». Тура және жанама айырмашылығы операциялық қызметтің көрінісінен.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1.docx

— 81.58 Кб (Скачать документ)
  • есеп беру мерзімінде жүргізілген барлық шаруашылық операциялар , сонымен қатар түгендеудің қорытындылары барлығы толығымен көрсетілуі керек;
  • әр айдың бірінші күндерінде аналитикалық айналыммен қалдықтарына сәйкестендіру керек;
  • бухгалтерлік есептердің және баланстардың көрсеткіштері синтитикалық және аналитикалық есептердің мәліметтеріне сәйкес болуы қажет;
  • кіріспе баланс мәліметтері бекітілген қорытынды баланс мәліметтерімен сәйкес болуы керек. Егер есеп беру мерзімінде өзгертулер болса, онда оның себептерін түсіндіру керек;
  • егер ағымдағы немесе өткен есеп беру кезеңдерінде қателер табылса, онда тиісті есеп беру кезеңдеріне өзгертулер енгізіледі;
  • растау құжаттарын немесе оларға теңестірілген техникалық ақпарат тасушыларды дайындау.

Есептілікті құру үшін алдын – ала көп дайындық жұмыс жасау керек. Ол алдын – ала құрылған график бойынша жүзеге асырылады. Оның негізінде бухгалтерлік ақпарат жататын бұл жағдайлар есептілікке ерекше мағына береді. Міне, неге қазіргі уақыттағы бухгалтерлердің фунционалдық рөлі тек шаруашылық операцияларды тіркеумен ғана шектелмей сонымен қатар жоспарлау бақылау және кәсіпорынның қарекетін жақсартуға бағытталған экономикалық шешімдерді дайындауды қамтиды. Республикада шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қарекетінде ең кең тараудың жолын табады. Республикада бухгалтерлік есептің рөліне келетін бұндай әдіс экономикалық құрылымдары жоқ бірақ мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарда қазіргі уақытқа дейін бар болатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қарекетінде кең көрініс тапты.

Осылайша басшы және бас бухгалтердің немесе келісім шарт негізінде бухгалтерлік есепті жүргізетін маманның қолы қойылған есептілік есептік процесті аяқтайды. Бұл есептілікте субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайы көрсетіледі және де есептілік мерзімдегі  (ай, тоқсан, жыл) оның шаруашылқ қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

Есептілікті құрудың негізінде жататын концепция барлық қойылатын талаптарды қатаң орындауды ұйғарады, өйткені ақпартты пайдаланушылардың бағалары мен қорытындылары осы талаптарға тәуелді. Бұл талаптарға :

  • қызмет түрі мен меншік нысанына тәуелсіз шаруашылық субъектілердің

барлық түрлері есептілік құру керек;

  • шынайылығы яғни есептілікте берілген барлық ақпарттың толықтылығы дұрыстығы және негізділігі. Сонымен бірге барлық заңдық жазылымдардың қадағалануы;
  • сәйкестілігі яғни есептік мерзімінің басында берілгендермен болған өзгерістерді ескере отырып есепті мерзімнің алдындағы мерзімдегі берілгендердің сәйкес болуы қажет. Сәйкестілік нормативтік құжаттарда көрсетілген ережелерге сүйене отырып көрсеткіштердің түзетулерімен қамтамасыз етілуі қажет;
  • қате жазулармен түзетулердің болмауы. Әрбір түзету есептілікке қол қойған тұлғалармен ескертілуі және расталуы қажет;
  • меншік формасынан және қызмет түрінен тәуелсіз шаруашылық субъектілердің барлық түрлерімен есептілікті құру.

Қаржылық есептілікті құру және ұсынуға қойылатын негізгі талаптар қатарына қызмет үздіксіздігі және есептеу қағидасы жатады. Есептеуқағидасының мәні – шаруашылық операциялар және іске асқан оқиғалар оларүшін ақша қаражаттардың төленуі немесе түсуіне қарамастан сол іске

асырылған есепті мерзімде көрсетіледі:

  • шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижелері туралы есептілікпен баланстың нысандары және мазмұнын бір есепті мерзімінен екіншісіне жүйелі қолдану;
  • әрбір есептілікке қажетті бастапқы мәліметтердің болуы: Есептілік аты есептілік мерзімі немесе есепке алынатын уақыт мерзімі ұйымдық құқықтық нысаны көрсетілген субъектінің аты бухгалтерлік есептіліктің сандық көрсеткіштерін ұсыну форматы ;
  • есепті мерзім үшін есептілік құру;
  • қабылданған есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізудің альтернативті варианттарын есепте қолдану мүмкіншілігі;
  • сандық деректері жоқ есеп көрсеткіштерінің міндетті түрде сызылып көрсетілуі;
  • құрылтайшы құжаттарда тіркелген тәртіпке сәйкес есепті бекіту.

Бұл жерде сыртқы есептілікті коммерциялық құпиялылыққа байланысты қатаң мөлшерленетіндігі туралы айтпауға болмайды. Бұдан басқа мұндай есептік нысандарға логикалық және ақпарттық өзара байланыс тән. Логикалық байланыстың мәні – есептік нысандардың олардың бөлімдерімен баптарының бірін – бірі толықтыруында және өзара байланысында. Кейбір маңызды байланыстық баптар іліспелі нысандарда ашылып көрсетіледі. Басқа көрсеткіштердің ашылымын қажет болған жағдайда аналитикалық есептен табуға болады.

Басқа сөзбен айтқанда, есептілік хабардарлықты кеңейтуі және қызмет процессінде пайда болған әртүрлі деиспропорцияларды көрсетуі керек.

Қаржылық есептілік, 30 БЕС (2 – бөлім, п -  5) сәйкес ұйымның келесі көрсеткіштері туралы ұсынуы керек:

  1. активтер;
  2. міндеттемелер;
  3. меншікті капитал;
  4. негізгі емес қызметтен және төтенше жағдайлардан түскен табысты қоса алғандағы табыстар мен шығыстар:
  5. ақша қозғалысы ;
  6. меншікті капиталдағы өзгерістер;

Жаңа экономикалық жағдайда бухгалтерлік есеппен қаржылық есептіліктің заңды анықтамасы бухгалтерлік жүргізу және қаржық есептілікті құрудың қағидалы негізгі сапалық сипаттамалары және жалпы тәртібі ҚР Президентінің 26 желтоқсан 1995 жылы № 2732 заң күші бар «Бухгалтерлік есепке алу туралы» Жарлығының шығуымен қамтылды. Оны жүзеге асыру мақсатымаен ҚР Президентінің 28 қаңтар 1998 жылға №3838 Жарлығымен 1998 – 2000 жылдары ҚР – нда бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту және жетілдіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілген .

Қарекет кезеңі ішінде аталған Жарлыққа ҚР 11.07.97  жыл №154 – І; 16.07.99 ж №436 – І;24.12.01. ж №276 –ІІ; 24.06.02.ж № 329 - ІІ заңдарымен бірнеше рет өзгерістер енгізілді.

1996 жылы 12 қарашада ҚР – ң бухгалтерлік  есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының  қаулысымен «Қаржы есептерін  әзірлеп тапсыруға арналған тұжырымдамалық  негіздеме» бекітілді. Кейіннен  ол қайта қаралып ҚР Қаржы  министрлігінің №542 бұйрығымен 29 қазан 2002жылы жаңа «Қаржы есептерін  әзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдамалық  негіздеме» бектілді. Оның құрамына  келесілер кіреді:

    • қаржылық есептіліктің мақсаты;
    • қаржылық есептілікті құру қағидалар және қаржылық есептілікте қамтылған ақпартаттардың қажеттілігін анықтайтын негізгі сапалық сипаттары;
    • қаржылық есептілікті құрайтын элементтердің анықтамасы, танылуы және бағалануы;

24 маусым 2002 жылдан бастап «Бухгалтерлік  есепке алу туралы» Жарлыққа  ҚР 24.06.02.жыл  №326 - ІІ заңымен енгізілген  өзгертулерге сәйкес құжаттын  атауы өзгертіліп Бухгалтерлік  есепке алу және қаржылық есеп  беру туралы ҚР – ң Заңы  деп аталатын болды.

ҚР Қаржы министрінің №14 бұйрығымен 17 қаңтар 2003 жылы есептілік мазмұнына қойылтан талаптар мен жалпы ережелерді белгілейтін 30 «қаржылық есептілікті ұсыну» бухгалтерлік есеп стандартты енгізілді. Аталған бұйрықтың 2 тармағына сәйкес 1 БЕС «Есеп Жүргізу саясаты және оның ашылуы», 2 БЕС «Бухгалтерлік баланс және қаржы есептеріндегі негізгі ашылымдар», 3 БЕС «Қаржы шаруашылқ қызметінің нәтижелері туралы есеп» өзінің күшін жойды.

Қазақстанда мемлекеттік мекемелерден басқа барлық ұйымдарды уәкілетті органға берілетін жылдық қаржылық есептілігі келесі нысандарды қамтиды:

  1. Бухгалтерлік баланс;
  2. Кірістер мен шығыстар туралы есеп;
  3. Ақша қозғалысы туралы есеп;
  4. Меншікті капиталдаға өзгерістер туралы есеп;
  5. Есепке алу саясаты туралы ақпарат және түсіндірмелік жазба .
  6. ХҚЕС есептіліктің келесі құрамын қарастырады.
    1. бухгалтерлік баланс;
    2. пайда және  зиян туралы есеп;
    3. капиталдағы өзгерістер туралы есеп ;
    4. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
    5. есеп саясаты туралы мәлімдеме;
    6. есептілікке түсіндірмелік ескерту.

Қосымша ұсынылғаны дұрыс:

  • Компания басшылығының қаржылық шолуы;
  • Экологиялық және қоршаған ортаны қорғау туралы есеп;
  • Қосылған құн туралы есеп;
  • Өлшем бірлігі көрсетілген есеп валютасы;
  • Сандық мәліметтерді ұсыну кезінде қолданылған дәлдік деңгейі және ұсынылып отырған есептіліктің бір ұйымның немесе шоғырландырылған топтың мәліметтерін қамтитындығы жөніндегі ақпаратты қоса есептегендегі басқа да анықтамалық ақпаратты;

30 БСЕ  «Қаржылық есептілікті ұсыну»  сәйкес әр қаржылық есептілік  нысаны нақты анықталуы қажет. Егер ұсынылған ақпараттарды  түсінуге қажет болса, келесі  ақпарат нақты ерекшеленіп қайталану  керек:

    1. құрылтайшы құжаттарға сәйкес ұйымның атауы;
    2. қаржылық есептіліктің бөлек ұйымды немесе ұйымдар тобын қамтуы;
    3. қаржылық есептіліктің есеп беру кезеңі немесе есеп беру мерзімі;
    4. есептілік валютасын ;
    5. қаржылық есептілікте сандарды ұсынуда қолданылған дәлдік деңгейі.

Соңғы жылдары Қазақстан үкіметі ХҚЕС үлгісіне көшуді жоспарлауда. Бұл туралы конференцияларда айтылып басылымдарда жазылып жүр. Бұл шаралардың жүзеген асырылуы белгіленген еді. Бірақ ағымдық уақытта бұл шеншім қайта қаралып жоспарланды:

      • қызметтеріне қадағалауды Ұлттық Банк жүзеге асыратын қаржылық ұйымдар мен акциялары Қазақстан Қор биржасының айналымдағы ұлттық компаниялар ХКЕС 2005 ж 1 - қаңтарынан көшеді;
      • мемлекеттік кәсіпорныдармен ХКЕС-ке

     2005 ж өтпеген акционерлік қоғамдардың  өтуі   

     2006 ж жоспарланды;

      • қалған бүкіл басқа кәсіпорындардың өтуі 2007 ж жүзеге асырылады.

Шешімдердегі бұндай тұрақсыздықты ең алдымен Қазақстандық кәсіпорындардың ХКЕС-ке өтуге дайын еместігімен білікті мамандар мен осы саладағы әртүрлі нұсқаулардың жоқ болуымен және ең маіыздысы іскерліктің осы бағытын реттейтін министрліктердің басқару құрамының жиі өзгеруі.

Осы жағдайды ашып көрсету біздің республикамыздың есептілігін ХКЕС-ке жақындастыру үшін бірнеше рет әрекет жасалғанын көрсетеді.  
Сонымен қатар ХКЕС-ке есептіліктің нақты нысандарын талап етпейді, орлар  те қанан бухгалтерлік есептілікте көрсетілетін ақпарттың құрамын ғана анықтайды.

ХКЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есептіліктің толық құрамы келесі компоненттердің болуымен анықталады:

  • бухгалтерлік баланс;
  • пайда және зиян туралы есеп,
  • капиталдағы барлық өзгерістерді немесе иеленушілердің күрделі сипаттағы операциялары мен олардың арасынды бөлу мен байланысты емес капиьалдағы өзгерістерді көрсететін есеп;
  • ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
  • есеп саясаты және түсіндірмелік ескертулер.

Қазіргі кездегі Қазақстандағы есеп көрсеткіштер жүйесімен олардың қалыптасуы мерзімдерге басқару иерархиясына есептілік сипаттамасынан және т.с.с тәуелді.

Есептіліктің әртүрлілігі оның сыныпталу мәселесін тудырады 6.1. кестесінде қазіргі кездегі есептіліктің түрлері және оның сыныпталуының негізгі белгілері көрсетілген.

6.1. кесте  есептілік бухгалтерлік есептің  ажырамас бөлігі дегенді дәлелдейді  және есеп беру процесінің  әдістемелік және ұйымдастыру  жағынан аяқтаушы кезеңі болып  табылатынын айғақтайды. Бұл есептілікте  қалыптасатын бастапқы құжаттапрдағы  көрсеткіштер мен есептеу регистрлардың  органикалық бірлігін көрсетеді.

Шетелдік есептіліктің құрылымы мен рәсімделуін салыстыра отырып көп елдерде мына бөлімдер кездесетіндігін байқаймыз:

  • оны тиімді жағынан көрсететін қызметінің географиялық өрісі және басқада сипаттаушы көрсеткіштерін қамтиттын кәсіпорын қаракетінің қысқаша сипаттамасы;
  • кәсіпорын басшысының үндеуі (президенттің, директордың).

 

Кесте 1-Есептіліктің жіктемелік сипаттамасы

Жіктеу белгілері

Есептілік түрлері

Экономикалық мазмұны бойынша

Бухгалтерлік, қаржылық, статистикалық, салықтық, бұқаралық

Қамтылатын кезеңдердің ұзақтығы бойынша

- ағымдық (күнделікті апталық, он  күндік ай сайынғы тоқсандық, жарты жылдық);

- жедел қысқа уақыт  аралығындағы (ауысым, бір күн, апта, он күн, жарты ай);

- жылдық - жылда ұсынылатын;

- кезеңдік – белгілі  мерзімге өсу қорытындысымен  құралатын

Мамандану деңгейі бойынша

- жалпы - шаруашылық субъект қызметінің  жалпы қорытындысын сипаттайтын;

- мамандандырылған –  субъект қызметінің жеке жақтарын  ашатын

Қорытынды деңгейі бойынша

- жеке – жеке ұйымдардың есептілігі;

- жинақтаушы – тиісті  саланың немесе өңірдің бірнеше  ұйымдарының қызметін қорыту;

- шоғырланған бірыңғай  қаржылықты құрайтын ұйымдардың  бірігуі

Кестенің жалғасы

Қолдану дәрежесі бойынша

- ішкі – шаруашылық субъектілердің  ішінде ақпараттық және басқарушылық  міндеттерін орындайтын және  оның қалауы бойынша түрлендірілетін;

- сыртқы - әр түрлі қолданушылар мүдделерінің кеңейтілген спектірін қанағаттандыруға арналған

Ақпарат көзі:Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп Алматы 2008

Информация о работе Кәсіпорынның ақша ағымдарының қозғалысы туралы есебінің экономикалық сипаттамасы мен теориялық аспектісі