Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2014 в 05:06, курсовая работа
Әрбір ақша қаражаттарының түсуі мен шығуы үш категорияға байланысты:операциялық,инвестициялық және қаржылық қызмет.
Операциялық қызмет-бұл заңды тұлғалардың пайда алудағы негізгі қызметі,инвестициялық және қаржылыққа кірмейді.
Инвестициялық қызмет-бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату,қарыздарды төлеу.
Қаржылық қызмет-бұл заңды тұлғалардың өз капиталындағы өзгерісі мен қарыз қаражаттары.
Ақша қаражаттарының айналымын екі әдіспен есептейді: «тура» және «жанама». Тура және жанама айырмашылығы операциялық қызметтің көрінісінен.
Сонымен қатар, өнімді сатудан басқа кірістің көзі болып – негізгі капиталды сату бола алады.Көп жағдайда негізгі капиталды сату алдын-ала жоспарланады, және кассалық жоспар жасағанда оңай болжанады.Компанияның қосымша ақша қаражаты, сыртқы қарыздардан түсім және ивестициялық кіріс түрінде қызмет етуі мүмкін.
3-кезең. Сату көлемі мен ақшалай түсім есебін болжағаннан кейін, тауарды сатқаннан кейінгі ақшалай төлем болжауды қажет етеді, иғни өндірістік жоспар кезеңдік ауытқу жасау жолымен өндірілетін кезеңдік есеп ауытқуынан шығатын өндірістің тұрақты көлем немесе өндірістің аралас стратегиясын атқарады.Осыдан өндірістік жоспарды бағалаудан компанияның материалға, жұмысшы күшіне және қосымша капиталға деген қажеттілік туады.Материалдар мен шикізаттар сатып алғанда,дебиторлық қарыз жағдайындағыдай алым мен төлем арасында уақытша айырмашылық болады,нәтижесінде материалға деген қажеттіліктің анықтылығы мен жоспарлануы өнім өндіруден жоспарланатын түсімнің үлгісіне ұқсас.
Жұмыскерлердің еңбекақысы секілді шығын түрі, сатып алуға қарағанда тұрақты болып табылады, сондықтанда толығымен өндіріс көлеміне тәуелді емес. Ережеге сай, берілген шығын түрі, шаруашылықты әкімшілік тұрмыстық, бағыңқы еңбек және материалды шығындардай болашақта қысқа мерзімде болжанатын етіп жасалатын констант болып табылады.
Ақшалай операциялық шығындардан басқа, сонымен қатар капиталдық шығындар, дивидендтерді салық және басқа да шығындарға назар аудару керек. Болған шығындар түрі болжанған жоспарының күші айтарлықтай жеңіл болжанған кезеңдер алшақтау болған сайын, шығындарды дәлірек болжау қиынға түседі.
Сонымен, компанияның ақша ағымының бұл кезеңінің соңында келесі мақсаттар шешімін табады:
4-кезең. Таза ақша ағымымен айлап есеп айырысу мақсатында қарастырылған бүкіл мүмкін кіріс және шығыс ақша ағымдары мен түсім және шығын ақаша қаражаттары салыстырылады. Бұл жағдайда принциптік мақсат ретін де кассалық жоспар қалыптасу мерзімін және қаржыландырудың потенциалды қажеттілік көлемін, оның оңтайлы көзін анықтайды. Ұзақ мерзімді қаржыландыру туралы шешім ұзақ мерзімді қор қажеттілігінде қабылданады, бірақ ол ақшалай болжамға тәуелді емес.
Қысқа мерзімді қаржыландыруды жоспарлауда көмекші құралдар, фирманың ақшалай ұстанымын басқаруда кассалық жоспар маңызды рөл атқарады. Кассалық жоспар негізінде қаржылық басқарушы сонымен қатар жойылатын бағалы қағаздардағы артық қаражаттарды инвестрлеу туралы шешім қабылдады.
Сонымен бірге кассалық жоспарды құрастыру болашақ ақшалай ағымдардың бағалануын ғана қарастырады. Нақты ақшалай ағымдар кассалық болжамның мұқият дайындалғандығымен олардың қарастырылатын бизнес ортасындағы өзгерткіштігіне байланысты әртүрлі дәрежеде үміт етілгеннен өзгешеленеді. Осындай белгісіздік болуы мүмкін кемшіліктерді ескеру үшін кассалық жоспарның қосымша нұсқаларын жетілдіру керек, оның біреу – бизнес дамуының оңтайланған болжамына негізделіп, ал екіншісі – болжамның оңтайлы емесінде.
1.3 Есептілік
және оны Қазақстан мен шет елдерде қалыптастырудың
Есептілік термині белгілі бір уақыт аралығындағы шаруашылық субъектісінің әр түрлі қызметін бақылауға мүмкіндік беретін есеп мәліметтерінің жиынтығын білдіреді. Сонымен қатар есептілік-бұл есептің әр түрлі нысаны негізінде құрастырылған текстік түсіндірме және сандық мінездеме жүйесін құрайтын, анықтайтын құжат болып табылады. Есеп және есептілік арасындағы байланыс есепте алынған жиынтық мәліметтер көрсеткіштер түрінде тиісті есептілік нысанына кіргенде ғана анықталады. Есептілік көрсеткіші бір есеп мерзімінен екінші есеп мерзіміне ауыса алатын құндық мағынасы бар анықталған мөлшерді білдіреді. Шаруашылық процестердің сандық мазмұны мен мағынасы эконмикалық көрсеткіштермен, ал қаржылық процестердің сандық жағы-қаржылық көрсеткіштермен сипатталады. Қаржылық көрсеткіштердің көпшілігі бухгалтерлік есептілікте ұсынылған, оның әр жолы қаржылық көрсеткіші болып табылады.
Есептілікті құру - белгілі бір уақыт аралығына ұсынылатын ақпараттардан тұратын есептің ақырғы кезеңі. 30 Бухгалтерлік есеп стандартына (БЕС) «Қаржылық есептілікті ұсыну» сәйкес жылдық қаржылық есеп беру үшін негізгі есепті кезең 1қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл болып табылады. Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталады. Жылдық қаржылық есептілік есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей табыс етіледі.Осыған орай ҚР қаржылық есептілік:
Есептілік жоспарлы экономикада пайдаланушылардың шектелген шеңберіне – жоғары тұрған басқару органына, тиісті қаржылық , банктік мекемелерге және статистика органына табыс етіледі. Есептіліктің бұл түрі мемлекеттік деп аталып, бухгалтерлік және статистикалық нысандары кіретін.
Қазақстанның есептілік жүйесінің тарихы әкімшілік-шаруашылық басқару кезінде есептік нысандарға кіретін барлық көрсеткіштер бірінші кезекте жоғарғы тұрған органдарға арналғандығын көрсетеді. Жоспардың белгілі бір көрсеткіштердің орындалуына орталықтанған бақылауды қамтамасыз ететін статистикалық ақпаратқа үстемдік берілді. Бұндай есептіліктің мәліметтері тек қана тігінен аймақ, облыс және жалпы республика бойынша құрылған, бұл макродеңгейде басқару үшін қажет еді.
Есептілік жүйесі келесі бағыттар бойынша сыныпталды, олар : бухгалтерлік, статистикалық, жедел. Бұндай жағдайларда бухгалтерлік есептілік өз мәліметтерімен статистикалық мәліметтерді толықтыра отырып, бағынышты функция атқарды . Сол кезде көптеген жетекшілерде қолданып жүрген бухгалтерлік және статистикалық есептілікке қатысты «теріс синдром» қалыптасты және бұл есептіліктердің қысқартылуында олар жоғарғы басқару органдарының «мардымсыз қамқорлығынан құтылу» жолын көрді.
Сол уақыттағы мемлекеттік есептіліктің жалпы түсінігі бухгалтерлік және статистикалық есептілік арасындағы приципиалды ерекшеліктерді ұйғарған жоқ. Біріншісі кәсіпорынның меншік құрамын және қызметтің қаржылық нәтижелерін сипаттады. Онда негізінен көлемдік көрсеткіштер абсолюттік шамалар көп болды. Статистикалық есептілік абсолютті , қатысты және орта шамаларды қолдану арқылы белгілі бір көрсеткіштің өсу қарқынын , пайызын , орта деңгейін , динамикасын анықтады. Халық шаруашылығының бөлігі ретінде ала отырып, статистика өндірістің жалпы үрдістерін қадағалауды, оның ішінде жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі күнде де осы есептілік түрлерінің міндеттері мен қызметтері арасында айырмашылық бар: себебі , статистика шаруашылық субъектісін халық шаруашылығының бөлігі ретінде қарастырады және өзінің мақсаты етіп макро деңгейдегі өндірістің жалпы процестеріне бақылауды қояды.
Қазір Қазақстанда есептілігін міндетті түрде жариялауға тиісті ұйымдар тізімі белгіленген. Есептілікті жариялау есептілікті қолданушылардың қол жеткізе алатын газет пен журналда немесе басқа бұқаралық ақпарат құралдарында жылдық есептілікті шығару болып табылады.
Өкінішке орай, жарияланатын есептілікке қойылатын барлық талаптар ҚР – ң заң актілерінде қарастырылмаған. Жекелеп айтсақ қаржылық, жарияланатын және бухгалтерлік есептіліктердің айырмашылықтары көрсетілмеген, жарияланатын есептіліктің реквизиттері айқындалмаған, міндетті жарияланатын көрсеткіштер тізімі және басқа да аспектілер анық белгіленбеген.
Біздің қарастыратын сұрақтарымыздың ішіне бухгалтерлік есептілік кіргендіктен, оны толығырақ қарастырайық.
Бухгалтерлік есептілік және оның мазмұны туралы сұрақтың өзекті болу себебі осы ақпаратты қолданушылардың алға шығуы болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында жеке тұлғалармен топтар қазіргі және болашақ қызметпен байланысты шешімдер қабылдайды. Сондықтан, қолданушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын ақпаратқа ерекше назар аудару мәселесі пісіп жетілді.
Республикадағы шаруашылық субъектілердің қазіргі кездегі қызметі, жалпылама түрде алғанда, бастапқы ресурстарды ақырғы нәтижеге айналдыру процесі екенін көрсетеді. Осы қызметтің экономикалық кеңістігінің ауқымдануына ықпал жасаған нарық қатынастары бұл процеске көптеген шаруашылық субъектілер (заңды және жеке тұлғалар) қатысатынын және олардың әрқайсысы басқарудың жоғары буынының қатысуынсыз кіммен тиімді жұмыс жасауға болатындығын білгісі келетіндігін көрсетеді. Сондықтан , іскер тұлғалар арасында есептілікке үлкен қызығушылық танытады. Ол кәсіпорын қызметі тактикасымен стратегиясындағы шешім өндірісі үрдісінің «шикізаты» болып табылады.
Ақшалай бағалау арқылы есеп және ақпараттық жүйе осы қызметтің мәселелерін шешуге ықпал етеді. Есеп үрдісінде бірінші реттік және екінші реттік мәліметтерді ретсіз тіркеуге рұқсат етілмейді. Оларды ретке келтіріп , экономикалық жағдайлармен процестердің сандық сипаттамасына қарай синтетикалық көрсеткіштер бойынша жинақтап қорытындылайды.
Дамыған мемлекеттерде әр түрлі мамандандырылған ұйымдар қарекеті таралған (мемлекеттік және қоғамдық ассоциациялар , орталықтар, бухгалтерлер кеңесі). Олар жүйелі түрде корпорация мен фирма басшылары мен қаржылық есептілікті пайдаланушылар арасында есепті көрсеткіштер жүйесіне қойылатын талаптарды анықтау мақсатында зерттеулер жүргізеді. Мұндай зерттеулердің қорытындысы заңды түрде нормативтік құжаттарда бекітіледі. Осындай тәжірибені біздің республикамыздағы шаруашылық субъектілер тәжірибесінде де қолдануға болар еді.
Қазіргі кездегі есеп – бизнесті табысты жүргізудің маңызды факторы болып табылатын мәліметтері кәсіпорынмен бірлесіп қызмет істеу мүмкіншілігін және тиімділігін растайтын негізгі ақпарттық құжат. Сонымен қатар ол серіктестерді қызметтестікке тартатын фирма қарекетінің өзіндік жарнамасы.
Сонымен бірге есеп көрсеткіштерінің мәселесі кең талқылануда. Кейбір ғалымдар есептілікті жеңілдету қажеттілігін айтса басқалары - әртүрлі қолданушыларға бағытталған бірнеше баланс нысандарын жүргізуді айтып жүр. Үшіншілері есептілктіктің керек еместігін техниканың дамуы Интернет арқылы Бас кітаптың мәліметтерін бақылауға мүмкіндік беретінін айтады. Мысалы, Австралия стандартында (SАС – 1) былай көрсетіледі: «егер ресурстарды орналастыру жөнінде шешім қабылдау үшін ақпаратты қажет ететін қолданушылар болмаса онда қаржылық есептілік қажет болмайды». Бұл дәлелдер есептілік мәселесі барлық есеп ғылымы және тәжірибесімен айналысатындардың әлі де назарында екендігін мойындатады. Осыған байланысты кейбір ұйымдар келісілген есеппен есептілік тәжірибесін құрумен айналысуда. БҰҰ жанындағы Халықаралық корпорациялар Орталығына жататын халықаралық есеп және есептілік стандарттарының эксперттер тобы трансұлттық корпорациялардың есеп және есептілік нысандары ақпаратының бірізділігін ұйымдастырады. Штаб пәтері Париждегі есеп , экономика және қаржы саласындағы Еуропалық эксперттер одағы шығарылатын мамандандырылған декларацияларында оқтын-оқтын жалпы қабылданған есептілікті құрумен ревизия жүргізу ережелеріне нұсқаулар жариялайды. Бұл бухгалтерлік есеп және есептілікке қазіргі жағдайда дәстүрлі көзқарастар негізінде өзгеретінін білдіреді. Есеп пен есептілікті реттеудің тиімді және жарамды материалдық нысаны болып озық тәжірибені бекітетін стандарттар жүйесі болып табылады. Демек, бұл деректер Қазақстанда дүние жүзілік тәжірибені есепке ала отырып, есептілікті жетілдіру қажеттіліген растайды. Есептілікті қүрастырғанда мына ережелерді ұстану керек: