Кәсіпорынның ақша ағымдарының қозғалысы туралы есебінің экономикалық сипаттамасы мен теориялық аспектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2014 в 05:06, курсовая работа

Краткое описание

Әрбір ақша қаражаттарының түсуі мен шығуы үш категорияға байланысты:операциялық,инвестициялық және қаржылық қызмет.
Операциялық қызмет-бұл заңды тұлғалардың пайда алудағы негізгі қызметі,инвестициялық және қаржылыққа кірмейді.
Инвестициялық қызмет-бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату,қарыздарды төлеу.
Қаржылық қызмет-бұл заңды тұлғалардың өз капиталындағы өзгерісі мен қарыз қаражаттары.
Ақша қаражаттарының айналымын екі әдіспен есептейді: «тура» және «жанама». Тура және жанама айырмашылығы операциялық қызметтің көрінісінен.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1.docx

— 81.58 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Бухгалтермен жасалынған әрбір есептіліктің өз мақсаты бар: Баланс белгіленген күнге кәсіпорынның активтеріне   қандай  ресурстар құйылғанын және олар к»сіпоран капиталымен қалай қаржылындырылатынын көрсетеді; Пайда мен залал туралы есептілік есепті кезең ішіндегі таза пайданы көрсетеді.

Көрсетілген есептіліктер кәсіпорынның қаржылық жағдайын қарастырғанда  барлық сұрақтарға жауап бере алмайды. Мысалы, кәсіпорынның дивиденттерді төлеуге қажетті бос ақша қражаттары бар ма? Ол несиелік қарызын жама ала ма? Есепті кезең ішіндегі кәсіпорынның қаржылық және инвеситициялық қызметі қандай болған еді? кәсіпорын айналымға акциялар шығарды ма?

Жоғарыда аталған есептіліктер мұндай сұрақтарға жауап бере алмайды. Шын мәнінде, Пайда мен залал туралы есеп  «есептілік» тәсіліне сәйкес жасалды,ал ол өз кезегінде ағымдағы қызметтің ақша қаражаттарына әсерін және өтімділігін  нақта көрсете алмайды; Баланс кәсіпорын статистикасын көрсетеді, себебі онда есепті кезең ішіндегі қаржылық және инвестициялық қызмет көрсетілмеген. Сонықтан да осындай сұрақтарға жауап беру үшін тағы да бір есеп қажет.

Соңғы уақытқа дейін  ондай мақсаттар үшін  «Кәсіпорындағы қаржылық жағдайдың өзгерісі» туралы есептілік қолданды. Оны екі әдіспен, яғни екі түрлі қорлардан құраған еді. Тарихи қалыптасқандай, кәсіпорындар есеп үшін  өз қорларын айналым қаражаттары, яғни ол ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтер арасындағы айырмашылық  ретінде анықтап отырды. Бірақ кейінгі кездерде басқа тәсіл қолданыла басталды, онда ақша қаражаттары қор ретінде қарастырылып, және осы әдіс бойынша құрылған есептілікте  ақша қаражаттарының қайнар көздері мен олардың қолданылуы көрсетілген.

Әрбір ақша қаражаттарының түсуі мен шығуы үш категорияға байланысты:операциялық,инвестициялық және қаржылық қызмет.

   Операциялық қызмет-бұл заңды тұлғалардың пайда алудағы негізгі қызметі,инвестициялық және қаржылыққа кірмейді.

   Инвестициялық қызмет-бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату,қарыздарды төлеу.

     Қаржылық қызмет-бұл заңды тұлғалардың өз капиталындағы өзгерісі мен қарыз қаражаттары.

   Ақша қаражаттарының айналымын екі әдіспен есептейді: «тура» және «жанама». Тура және жанама айырмашылығы операциялық қызметтің көрінісінен.

   Тура әдіс-операциялық ақша ағымы көбінесе ақшаның түсуімен төлеуінен көрінеді.

    Жанама әдіс операциялық әдіске сәйкес таза табыс пен таза ақша ағымы қосымша кестеден ақша ағымы бөліміне ауысады.

    Күрделі ақша қозғалысының шаруашылық операция құрғанда белгілі жұмыс кестесі арқылы құрылады.

     Жұмыс кестесі ақша қозғалысының құрылуымен кіріс пен шығыс есептеу мақсатында бухгалтерлік баптағы өзгерістерге анализ жүргізуге мүмкіндік береді.Жұмыс кестесін қолдану жанама әдісті қолдану арқылы жүргізіледі. 

        Ақша ағымын жоспарлауда кассалық жоспар арқылы құруға болады, ақша ағымының болашақ жоспарын құру үшін, әр ай сайын төленетін төлемдер мен кірістер туралы болады.

Кассалық жоспар ақшаның түсуімен шығуын бірнеше кезеңдер уақытына жоспарлайды.Ақша ағымының түсуі мен шығуының уақыты мен көлемін анықтауға көмектеседі. Бұл құжат арқылы компанияның болашақта ақша қаражаттың, қаржылық жоспарлауын, ақаша ағымын және компания ликвидносін  бақылау .  Кассалық жоспар әрбір кезең уақытына құрылады, бірақ тәжірибеде кең тараған бір жыл ішінде ай сайын құрылуы. Ақша ағымын кәсіпорында жоспарлау көбінесе негізгі қызметтің бөлек бағытын анықтау үшін, ақшаның түсуімен шығуын анықтауға болады. Осылардың негізгісі мыналар сауданы жоспарлау, шынайы тауарлардан түсімді жоспарлау,  ақшаны төлеуді жоспарлау, таза ақша ағымы мен ақша балансын есептеу «Ақша қаражатарының қозғалысы туралы есеп беру» деген атқа ие болды.  FASB кеңесі бойынша есптіліктің негізгі мақсаты болып инвесторлар мен кредиторларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептің толық кұрылымын, мақсатын  ашып көрсету болып табылады. Ондағы әрбір кызметке жеке тоқталып, әр қайсысына түсіндірме беру.

Қазіргі кезеңде кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепті жетілдіру бағыттарының бірі оның Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады.

Есептің  халықырылық стандартын енгізу есептің, бақылаудың сапасы мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, кәсіпорындар есептің неғүрлым негізделген жүйелерің, оның ерекшеліктерін, спецификасын, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудағы техникасы мен технологиясын  көрсету арқылы пайдалануына белгілі бір дербестік береді.Сондықтан «Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есепті» ҚЕХС сәйкес жасалынуы кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің негізгі бағыты

Дипломдық жұмыста ҚЕХС өту жағдайлары толық берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кәсіпорынның ақша ағымдарының қозғалысы туралы есебінің экономикалық сипаттамасы мен теориялық аспектісі

 

 1.1 Акша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны

Ақша қаражаты дегеніміз – ол кәсіпкерлік кассадағы және банк шоттарындағы қолда бар ақшасы.

Ақша қаражаты қозғалысының есебі дегеніміз – ол заңды тұлғаның табыс келтіру жөніндегі негізгі қызметі және кәсіпкерлердің инвестициялық әрі қаржы қызметіне қатысы жоқ өзге де қызметтері.

Кәсіпкерлердің инвестициялық қызметі – ол ұзақ мерзімдік активтерді сатып алу және сату.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарынан банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда ҚР-сының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.

 Егер  де заңды тұлғалардың арасындағы  төлем санасы 4000 айлық есептік  көрсеткіштен асып түссе, онда  олар тек ақшасыз тәртіпте  айырысуларды жүзеге асырады. Бұл  келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың  арасындағы әрбір мәміле бойынша  шартты түрде пайдаланылады.

Егер де контракт санасы көрсетілген мемиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің санасы 4000-нан аспауы керек.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылады. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іс сапар шығындары үшін аванс ретінде берілген саналары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.

Овердрафт дегеніміз – кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы саладан артық салада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сала қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық саладан артық болған уақытта ғана пайда болады.

Банк  шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатын астарын көрсететін әдіс.

Ақшаның кез келген тауарлар теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керісінше, толық құнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын  көп қоғамдық  еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады.

Сонымен бірінші атқаратын қызметі – ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті.

Тауардың ақша болып көрінетін құны – тауар бағасы. Баға деген құнның ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану қажет. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың мөлшері мен массасын айтады.

Ақшаның тауар айналысындағы  атқаратын екінші қызметі – айналыс құралы. Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналады. Мұнда екі акт бар: біріншісі – Т-А – ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айналдыру, ал екіншісі А-Т – ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауға бейнелейді.

Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейді. Төлемді кешіктіре отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек, бұл – тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы – несие беруші (кредитор), ал сатып алушы борышқор (қарыздар деп аталады) деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтелгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:

а)тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;

ә)еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;

б)мемлекеттік қаржы міндеттемелерін төлеу;

в)банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу;

г)сақтандыру міндеттемелерін өтеу;

д)құқықтық- сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.

Ақшаның келесі қызметі – қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдары қызметін орындуы үшін қажетті мөлшерде белгілі бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әр түрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы (Т-А-Т) тоқтап (Т-А) қалуы мүмкін. Осының нәтижесінже ақша айналысы да тоқтап, белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады.

Айта кететін жәйт, дүниежүзілік ақшаның түрлерінің өзгеруі ұлттық ақша белгілерінің бастапқыда металл ақшадан біртіндеп несие ақшаларына өту жолдарын едәуір кешігіп барып қайталауда.

Кейбір елдердің ұлттық ақша белгілерінің дүниежүзілік ақша ретінде қолданылуының себептері:

Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие қатынастарында жоғары үлес салмағы бар.

Екіншіден, бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай несие беруге мүмкіндігі бар.

Бір сөзбен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдік нарықтағы тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттердің ұлттық валютасы дүниежүзілік ақша ретінде жүреді. Бұған қоса, белгілі бір ұлттық валютамен бірге алтын орнына жүретін есеп айырысудың әр түрлі құралдары пайда болуда. Қазір дүниежүзілік несие ақшаларының жобасы қарастырылуда деген пікірлер де кездеседі.

Алайда, дүниежүзілік ақша ретінде тек алтын танылғасын халықаралық есеп айырысу құралдары алтынға еркін айырбасталуы тиіс. Бұл қасиеттің болмауы дүниежүзілік төлем қатынастарының дағдарысын көрсетеді.

Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді.

Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән ерекшеліктер:

1.Ақша  айналымы негізінен шаруашылықтағы  нарықтық қатынастарға қызмет  жасайды, ол бөлу қатынастарының  тек аз ғана бөлігін қамтиды.

2.Қолма-қол  ақша және қолма-қол емес ақша  айналымдарын заңмен ажырату  жойылды;

3.Ақша  айналымы мемлекеттің, коммерциялық  банктердің, заңды және жеке тұлғалардың  жоспарлы болжауының объектісі  болып табылады;

4.Ақша  айналымы әр түрлі меншік формасы  жағдайында жүреді;

5.Ақша  айналымының алғашқы және қорытынды  кезеңдері орталықтанбаған, яғни  олар әр түрлі коммерциялық  және мемлекеттік банктерде шоғырланған;

6.Қолма-қол  ақша және қолма-қол емес ақша  айналымы бір-бірімен тығыз байланыста  жүреді;

7.Қолма-қол  ақша эмиссиясын Орталық банк  жүргізіп, ал қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады.

Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.

Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың құны айналымда жүрді. Себебі металл монетаның (алтын немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктірді.

Информация о работе Кәсіпорынның ақша ағымдарының қозғалысы туралы есебінің экономикалық сипаттамасы мен теориялық аспектісі