Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2014 в 05:06, курсовая работа
Әрбір ақша қаражаттарының түсуі мен шығуы үш категорияға байланысты:операциялық,инвестициялық және қаржылық қызмет.
Операциялық қызмет-бұл заңды тұлғалардың пайда алудағы негізгі қызметі,инвестициялық және қаржылыққа кірмейді.
Инвестициялық қызмет-бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату,қарыздарды төлеу.
Қаржылық қызмет-бұл заңды тұлғалардың өз капиталындағы өзгерісі мен қарыз қаражаттары.
Ақша қаражаттарының айналымын екі әдіспен есептейді: «тура» және «жанама». Тура және жанама айырмашылығы операциялық қызметтің көрінісінен.
Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп – қолма-қол ақша және қома-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.
Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек, ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бір бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымынан тұрады.
Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымы. Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер /қағаз ақшалар/ және ұсақ монеталар) айналыста жүреді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаны Ұлттық банк банкнота түрінде эммисиялайды (ҚР-ның ақша өлшемі – тенге), екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма-қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма-қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі, яғни клиенттер заңды тұлғалар болса, ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі де, ал клиент және тұлға болса, ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма-қол ақшаның аз бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса (өзара есептесу, негізінен, қолма-қол емес ақша белгілерімен жүргізеді), ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде (яғни жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, сақтандыру қайтарымы, дивидендтер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және с.с. түрінде) беріледі.
Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, жалгерлік ақы, айыппұл және т.с.с. төлеуге жұмсайды.
Қорыта айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің (негізінен сауда орындары және халыққа қызмет көрсететін орындардың) кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма-қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.
Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) – ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін (90 пайызға жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар қолданылады. Олардың арасында кең таралғандары: ағымдағы, есеп айырысу және т.б. шоттары. Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша және қаржы міндеттемелері бойынша болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ал екіншіге бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғадан алынатын табыс салығы және басқа міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.
Айналыстағы ақша алма-кезек біресе айналыс құралы, біресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегінде, қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір-біріне тәуелді. өйткені ақша үнемі бір айналыс аясынан екіншісіне өтіп, бірақ айналыс аясынан кетпей оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржының аударылуы – қолма-қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма-қол ақшасыз төлем айналымы қолма-қол ақша айналысынан ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп мемлекеттің біріңғай ақша айналымын құрайды.
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент – қолма-қол ақшаның пайдалану аясын тарылту. Қазір бұл мәселе біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма-қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде ақша айналымын басқаратын экономикалық әдістерді енгізу процесі кең тараған. Мысалы, АҚШ-та халықтың барлық төлемдерінің тек бір бөлігі ғана қолма-қол ақша төлеумен жүргізілсе, қалған төлемдер чектермен, несие карточкаларымен және т.с.с. жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз есептесуді жетілдірудің қаржының айналмалылығын жеделдетуге, айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудыұйымдастыруға әр елдің тарихи және экономикалық дамуының ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, ең алғаш 1775 ж. Ұлыбритания чекті, вексельді, кейін АҚШ чекті қолдана бастаған, ал Германия – жирошотты, ТМД –ға мүше-мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданады. Қазіргі кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік
құрал екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеді. Олардың көптеген түрлерінің ішінде, негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.
Банктердің есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив болып бөлінеді.
Инкассо - әр түрлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
Инкассалық операцияның екі түрі бар. Жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтан ақша алуға міндеттелген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуда қолданылады. Құжатты (документарное) инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты (негізінен тауарды реттеуші) көрсету және оны тек төлемді қолма-қол алғанда немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.
Аудару операцияларында клиент банкіне өз шотынан белгілі бір соманы көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны жүргізгені үшін банк комиссиялық ақы алады.
Аккредитив (латын сөзі – «сенемін») – бір банктің екінші банкке аккредитивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір соманы жеке немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.
Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты. Ақшалы аккредитив - атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген соманы түгел немесе бөліп-бөліп оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент-банкке берілген тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив – келісім, ол бойынша эмитент-банк клиенттің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі немесе ол берген аударым вексельді акцептеуі, құжаттарды есептеуі немесе сатып алуы керек. Эмитент-банк көрсетілген операциялардың кез келгенін жүргізу өкілдігін басқа банкке (орындайтын) беруіне болады.
Электронды техниканың жетістіктерінің, банк операцияларын автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесінде ХХғасырдың екінші жартысында электрондық төлем жүйесін қолдануға мүмкіндік туды. Электрондық төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жіберу арқылы ақша сомасын аудару, банктік шоттардың жағдайын бақылау, несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.
Банк клиенттеріне қызмет көрсететін электрондық төлем жүйесіне:
1. Автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;
2. Банктік автоматтар;
3. Сауда ұйымдарындағы терминалдар;
4. Үйде банктік қызмет көрсету жатады.
Автоматтандырылған есептесу палатасы (АЕП) қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды автоматтандырылған тәртіппен жүргізеді және төлемдер жөнінде барлық хабарлар электронды есептегіш машиналарға енгізу үшін магниттік лентаға немесе терминалдық құрылғыға түсіретін формада болады.
Банктік автоматтар (БА) – ол клиентке банк қызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операциялар жүргізугемүмкіндік беретін құрылғы. Алғашқыда банктік автоматтар банк ғимаратында орналастырылып, тек қолма-қол ақша беруге қолданылды. Біртіндеп банктік автоматтар қолдану масштабы өзгеріп, ол жүргізетін операциялардың шеңбері кеңіді. Қазір олар халыққа үнемі және көп қызмет көрсететін жерлерде (қонақ үйлерде, вокзалдарда, аэропорттарда және т.б.) орнатылуда. Әмбебап (көп қызмет түрлерін атқаратын) Банктік автоматтар қолма-қол ақша берумен қатар, ақшаны бір шоттан басқасына аудару, мерзімдік төлемдерді атқару, лимит шегінде борыш беру, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау және т.б. көптеген операциялар жүргізеді. Банктік автоматтарның тетігі –пластикалық дебеттік карточка. Ол – банктік шот иесінің мағлұматтары (реквизиті) және жүргізетін операциялар түрі жазылған арнаулы магнитті жолақ (полоса).
Терминалдар – сауда орындарында,ресторандарда және т.б. ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйесіне төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен қатар сатып алушының төлем қабілеттілігі туралы хабарды кері алуға мүмкіндік беретін құрылғы. Терминалдарды енгізудің мақсаты – қолма-қол ақша айналысын қысқарту.
Үйде банктік қызмет көрсету – ол электронды есептегіш техниканы пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету, яғни телефон ақпараттары мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге асады. Оның ең жай түрі – телефонмен тікелей байланысу арқылы – жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік береді. Ал жеке компьютерді немесе монитордың (теледидардың) экранын пайдаланып, клиент банктің компьютеріне қосылып, кең коммерциялық хабар алуға; өзінің ағымдағы шотын, салымын бақаруға; ағымдағы күнге шотына түскен және одан төленген соманы білуге; банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен танысуға; бағалы қағаздармен операция жүргізуге, салық төлеуге және с.с. операцияларды жүргізуге мүмкіндігі бар.
Қорыта айтқанда, электронды төлем жүйесін қолдану ақша айналымын жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде айналыстағы қолма-қол ақшаны азайтуға кең жол ашады. Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субьектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің кассалық орындалуын жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясының, ұйымдар мен мекемелерге несиелендіруді, қаржыландыруды және есеп-айырысу қызметін атқарады.
Ақша бірлігі ретінде теңгені пайдаланатын коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер орналасқан жерлерде құрылған өзінің есеп айырысу – кассалық орталықтары арқылы ұйымдастырады. Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлттық Банкттің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үйлестіреді және оған бағыт береді.
Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылығы байқалады. Нақты ақшамен субьектілер персоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бойынша есеп айырысады.
Ақша қаражатын сақтау және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:
Есеп айырысу шоттары – шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;
Ағымдағы шоттар – жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;
Бюджеттік шоттар – Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;
Корреспонденттік шоттар – корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк мекемелерінде және өз арасында жүзеге асырады;
Өзі орналасқан жерден тысқары жерлерде жеке филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғаларға табысты нақты ақша түріндегі несие төлем тапсырмалары бойынша есептеу үшін есеп айырысу субшоттары ашылуы мүмкін.
Уақытша есеп айырысу шоты ішінара пайдалануға берілген салынып жатқан кәсіпорынға арнап ашылуы мүмкін. Мұндай шот жоғары тұрған органның өкімі бойынша кәсіпорын пайдалануға толық берілгенге дейінгі мерзімге ашылады.