Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 17:30, курсовая работа

Краткое описание

Нарық жағдайында бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-теникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құпралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3

Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі
Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы..........................................................................................4-6
аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)........7-9
Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі және Қазақстанда аудиторлардың білім алуы жағдайы........................10-11

Аудит стандарттары мен негізгі принциптері
Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары.......................12-14
Аудиттің фирмаішілік стандарттары............................................15-16
Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар...................................................................................17-25

III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет нарығының институтционалдық негізі.........................................................................26-31

Қорытынды....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

аудиттер.doc

— 309.50 Кб (Скачать документ)
  • Оқыту, аудиттің халықаралық стандарттарын қолдана отырып арнайы курстар өткізу арқылы  аудиторлардың біліктілігін көтеру;
  • Қаржылық есептілікті  қолданушылар арасында  есептілікті түсіну тұрғысынан ағартушылық қызмет көрсету;
  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарын ендіру;
  • Құзыретті  мемлекеттік органдармен, басқа да  мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен Қазақстанның аудитін дамыту мақсатында өзара байланыстар орнату;
  • Аудиторлық ұйымдар мен аудиторларға қойылған шектеулерді алып тастау;
  • Аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес басқа да  жарғыда  көрсетілген мақсаттарға жету; /23 /

Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы оның құрылтайшылары болып табылатын аудиторлар палаталарының республикалық конференциясында ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады. Біліктілік  комиссиясы  ол туралы аудиторлар палаталарының республикалық конференциясында бекітілген Ереже негізінде әрекет жасайды.

Біліктілік комиссиясының қызметін қаржыландыруды, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді оның  құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 105-бабына сәйкес жүзеге асырады. /7/

Біліктілік комиссиясың құрамына :

  • Жалпы санының үштен екісінен аспайтын, әр аудиторлық палаталарының өкілдері;
  • Жалпы санынынң үштен бірінен кем емес, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік органдар өкілдері кіреді.

Біліктілік комиссиясының негізгі функциялары:

  • Біліктілік талаптарына сай жасалған емтихандар өткізу арқылы аудиторлыққа үміткерлердің біліктілік деңгейін анықтау;
  • Аудиторлардың жеке мөрін және «аудитор» біліктілігін тағайындау туралы күәлікті беру арқылы  «аудитор» бліктілігін беру туралы шешім қабылдау;
  • Біліктілік күәлігін жою туралы шешімдер қабылдау және бұл шешім туралы Департамент пен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне ақпарат беру; /19/

Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау  жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамындағы тәуелсіз аудиторлардың басымдылығы Қазақстандағы аудиторлық қызметті реттеуде өзін-өзі реттеудің басым екендігін көрсетеді. ТМД аумағында жоғары деңгейде қалыптасқан аудиторлық қызмет нарығының бірі Қазақстан нарығы бола тұра, мұнда да көптеген талас туғызар жайттар бар. Жоғарыдағы схемада өзін-өзі реттеу қызметін аудиторлық ұйымдар атқаратынын көреміз.  Аудиторлық ұйымдар нарықты реттеумен қатар, оны жалпыға ортақ  түсінікті  ету жолында  қызмет жасайды.

Аудит секілді қолданушылары әрқилы деңгейдегі қызмет үшін стандарттар мен ережелердің бір болуы өте маңызды. Соңғы  жылдарға дейін саланы стандарттаумен бір ғана аудиторлар палатасы айналысса, заңдардағы соңғы өзгерістерге  байланысты қызір нарықта аудиторлар палатасы бірнеше.

Тиісінше, әр палата  өз қызметі  барысында өз нұсқаларын ұсынып, нарықта біршама  түсініспеушіліктер болцы мүмкін. Сондықтан да  осы жағдайларды заң жүзінде  реттеуіміз керек.

Қандай да болмасын саланың жақсы дамуы үшін қызметін жетік меңгерген,білікті мамандар қажет. Ал аудиторлық қызмет нарығы білікті мамандардан тапшылық көруде. Мәселен, соңғы  екі жыл көлемінде аудиторлар саны тек 11 адамға көбейді. Бұл көрсеткіш қырқынды дамып келе жатқан сұраныс  кезеңінде өте аз. Оған себеп емтихандардың қиын болуынан немесе  үміткерлердің тиісінше  дайындалмауынан  болып отыр. Екі себептің қайсысында болмасын аудиторлық қызметті  реттеуші органдар тиісті  шаралар қолдануы қажет. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы емтихандардың сапасы мен күрделілігін  бақылауға алса, аудиторлар палаталары  мамандарды  дайындау процесін жетілдіруі керек екедігі анық.

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет нарығын реттеу орта деңгейд деп айтуға болады. Осы бір экономикамыздың дамуына өзінің жанама әсерін тигізіп отыратын және оған деген сенімділікті туғызатын аудиторлық қызметті әрдайым дамытып, өзіне тән тәуелсіздігін жоғалтып алмаымыз керек. Алайда нарықта сапалы бәсекелестіктің жоғалмауы үшін мемлекеттік реттеудің де рөлі маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстанда нарықтық қатынастар енгізілуімен бірге экономикалық субъектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың қажеттіліктерін ол ақпараттардың  дұрыстығын дәлелдеу түрінде  қамтамасыз етуші  тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді. Аудиторллық қызметті реттеуші стандарттар енгізілуде, аудиторлар  жұмыстарының сапасына  кәсіби бақылау  жүйесі жақсарып келеді, сондай-ақ, бұл салада кәсіби мамандар даярлауға  қосымша  талаптар қойылуда.

Қандай да болмасын саланың жақсы дамуы үшін қызметін жетік меңгерген,білікті мамандар қажет. Ал аудиторлық қызмет нарығы білікті мамандардан тапшылық көруде. Мәселен, соңғы  екі жыл көлемінде аудиторлар саны тек 11 адамға көбейді. Бұл көрсеткіш қырқынды дамып келе жатқан сұраныс  кезеңінде өте аз. Оған себеп емтихандардың қиын болуынан немесе  үміткерлердің тиісінше  дайындалмауынан  болып отыр. Екі себептің қайсысында болмасын аудиторлық қызметті  реттеуші органдар тиісті  шаралар қолдануы қажет. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы емтихандардың сапасы мен күрделілігін  бақылауға алса, аудиторлар палаталары  мамандарды  дайындау процесін жетілдіруі керек екедігі анық.

Заңдар мен нормативтік актілер қаржылық қорытынды есепке қатысы бойынша едәуір ажыратылады. Кейбір заңдар немесе нормативтік актілер субъектінің қаржылық қорытынды есебінің нысанын немесе мазмұнын, есепке алынуға тиісті ақпараттарды айқындайды. Басқа заңдар немесе нормативтік актілер субъект басшылығы тарапынан сақталуға тиісті, яғни, олар субъектіге өзінің қызметін жүзеге асыруға құқық беретін шарттарды  белгілейді. Субъект қызметінің заңдар мен  нормативтік  актілерге сәйкес келмеуі айыппұл төлеу, сот  процесстері  және тағы сол сияқты қаржылық  зардап шегуге алып келуі мүмкін.

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет нарығын реттеу орта деңгейд деп айтуға болады. Осы бір экономикамыздың дамуына өзінің жанама әсерін тигізіп отыратын және оған деген сенімділікті туғызатын аудиторлық қызметті әрдайым дамытып, өзіне тән тәуелсіздігін жоғалтып алмаымыз керек. Алайда нарықта сапалы бәсекелестіктің жоғалмауы үшін мемлекеттік реттеудің де рөлі маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

    1. Абдыкалыков Г.А., Сатмурзаев А.А. Основы  бухгалтерского учета и аудита. Учебное пособие, Уральск, дастан ,2001 г.
    2. международные стандарты аудита, т. 1 стандарт 250 «Рассмотрение законов и нормативных актов при аудите финансовой отчетности» Алматы, Раритет,2001 г.
    3. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі – 30 қаңтар 2001 ж., №155 – 2 (өзгертулер мен толықтыруларымен)
    4. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі.
    5. ҚР-ның Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім)
    6. ҚР «лицензиялау туралы» Заңы
    7. ҚР «аудиторлық қызмет туралы» Заңы
    8. Правила лицензирования аудиторской деятельности
    9. «об утверждении инструкции о требованиях, предъявляемых к заявителю, и перечне документов, прилагаемых к заявлению о выдаче лицензии на проведение аудита банков, страховых   организации и накопительных пенсионных фондов» Постановление НАцБанка
    10. «Положение негосудартсвенного учреждения Квалификационной комиссии по аттестации аудиторв РК»
    11. «О порядке аттестации кандидатов в аудиторы» Приказ №25 от 20.10.2003г.
    12. Суйц В.П., Ахметбеков А.М., Дубровина Г.А., Аудит : общий банковский, страховой , М, ИНФРА-М, 2000, 556с.
    13. аудит, учебное пособие, проект по развитию предпринимательства в центральнойй азии )ЮСАИД), Алматы, 2003г,103 с.
    14. Кодекс этики аудиторв РК
    15. Адамс Р, Основы аудита., М, «ЮНИТИ» , 1995 г.,398 с.
    16. Пятенко С.В. Выбор аудитора и консультанта, М. ФБК-пресс, 1998,176с.
    17. междунарродные стандарты аудита, т.1 Стандарт 500 «аудторское доказательство» , Алматы, раритет, 2001г.
    18. Кочинев Ю.Ю. аудит : теория и праткика – Санкт-петербург: ПИТЕР, 2007г.
    19. Ержанов М.С. Аудит-1.-Алматы: Бастау,2005ж.
    20. Новости в области учета и аудита //журнал «евразийский вестик аудтора» 2008,апрель-май,№4-5
    21. об итогах деятельности ПАО «палата аудиторов РК» журнал «евразийский вестик аудитора» 2008,№1
    22. kz-adviser.kz
    23. audit.kz
    24. Сәтмырзаев А.А.,Укашев Б.Е. Аудит теориясы –алматы,2000ж.

 

 

 

 

Қосымшалар

Қосымша -1.   ХАС-ның құрылымы

Стандарт

100-199

Кіріспе аспектілер

100

Аудиттің халықаралық стандарттары мен жалғас қызметтерге кіріспе (алғы сөз)

110

Терминдерге Глоссарий

120

Халықаралық аудит стандарттарының концептуалдық (тұжырымдамалық) негіздері

200-299

Жауапкершілік

200

Қаржылық қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты және оны реттеуші  принциптер

210

Аудит жөніндегі  келісім шарттары

220

Аудиторлық жұмыстардың сапасын бақылау

230

Құжаттау

240

Алаяқтық және қателер

250

Қаржылық қорытынды есеп беру  аудитін өткізу  кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарастыру

300-399

Жоспарлау

300

Жоспарлау

310

Бизнес туралы білім

320

Аудиттегі маңыздылық

400-499

Ішкі бақылау

400

Тәуекелдікті  бағалау және ішкі бақылау

401

Компьютерлік  ақпараттық жүйе жағдайындағы аудит

402

Қызмет көрсетуші ұйымдардың қызметін пайдаланушы  субъектілердегі аудит мәселелері

500-599

Аудиторлық дәлелдеулер

200

Аудиторлық дәлелдеулер

501

Аудиторлық дәлелдеулер – нақты баптарға  қатысты  қосымша мәселелер

510

Алғашқы келісімдер – бастапқы сальдо

520

Талдамалық процедуралар

530

Аудиторлық таңдау  және басқа таңдалған тестілеу процедуралары

540

Бухгалтерлік бағалаулардың аудиті

550

Байланысқан тараптар

560

Кезекті (кейінгі)оқиғалар

570

Үздіксіз қызмет теу

580

Субъект  басшылығына  тапсыру

600-699

Басқалардың жұмыстарын пайдалану

600

Басқа аудитордың жұмысын пайдалану

610

Ішкі аудит қызметінің жұмыстарын қарастыру

620

Сарапшының  жұмысын пайдалану

700-799

Аудитордың  қорытынды  пікірлері және қорытынды  есепті тапсыру

700

Қаржылық есеп беру  бойынша  аудитордың есебі

710

Салыстырмалы көрсеткіштер

720

Ішінде  аудиттелінген қаржылық  қорытынды есеп бар құжаттардағы басқа ақпараттар

800-899

Мамандандырылған салалар

800

Арнайы мақсаттағы  аудит өткізуге жасалынған  келісім бойынша  аудиторлық есеп

810

Келешек қаржылық ақпарттарды тексеру

900-999

Аудитке жалғанбалы қызметтер

910

Қаржылық есеп беруге шолу жасау бойынша келісімдер

920

Қаржылық ақпарттарға  қатысты  келісілген процедураларды  орындау бойынша  келісімдер

930

Қаржылық ақпараттарды компиляциялау (құрастыру) бойынша келісімдер


 

 


 



Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу