Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 17:30, курсовая работа

Краткое описание

Нарық жағдайында бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-теникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құпралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3

Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі
Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы..........................................................................................4-6
аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)........7-9
Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі және Қазақстанда аудиторлардың білім алуы жағдайы........................10-11

Аудит стандарттары мен негізгі принциптері
Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары.......................12-14
Аудиттің фирмаішілік стандарттары............................................15-16
Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар...................................................................................17-25

III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет нарығының институтционалдық негізі.........................................................................26-31

Қорытынды....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

аудиттер.doc

— 309.50 Кб (Скачать документ)

«Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары» версиясы бухгалтерлер мен аудиторлардың  еуразия  аумақтық Халықаралық  федерациясының шешімімен негіз етіп алу үшін ТМД елдеріне  ұсынылған.

Осы стандарттардың  құрылымын қарастырамыз. (Стандарттардың қысқаша мазмұны 2.1. тіркемеде келтірілді). Төменде (қосымша-1) халықаралық аудит стандарттарының жекелеген аспектілерінің атаулары мен номерлері  келтірілді. ХАС-ның құрылымы төмендегі Қосымша-1 де келтірілген.

Тексеру жүргізу кезінде  аудитор өзінің қызметін ел ішінде  қабылданған стандарттардың көмегімен ,ал кейбір  жағдайларда - өзінің кәсіби тәжірибесі мен түйсігінің  көмегімен реттеуге тиісті.

Мысал үшін, өздерінің ұлттық стандарттары  бар, АҚШ, канада, англия  сияқты  өркениетті елдерде  халықаралық стандарттар аудиторлық  фирмалармен салыстыру үшін  қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Аудиттің фирмаішілік стандарттары

Аудиттің халықаралық стандарттары  тек оны  өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру  жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, методология мәселелерін, сондай-ақ, аудиторлар қолдануға  тиісті базалық  принциптері айқындайды. Алайда, ол стандарттар тексеру  жүргізу  процесінде қолданылатын нақты  іс-әрекеттерді , тәсілдерді, процедураларды белгілі бір тәртіпке бағындыра алмайды. Ондай  мақсаттағы қызметті аудиттің фирмаішілік стандарттары  атқарады.

Жоғары сапалы  қызмет көрсетуді  қамтамасыз ету үшін аудиторлар  мен аудиторлық  фирмалар халықаралық аудит стандарттарының  негізінде, аудиторлық фирма жұмысының спецификасы (ерекшелігі) ескерілетін және тексеру  жүргізудің нақты  процедураларының, аудиторлық  дәлелдеулер жинаудың, оларды құжаттаудың, клиенттпен өзара  қарым-қатынас саясатының, ішкі стандарттарын  жасауға тиісті. Тексеру жүргізу кезінде  ол қажетті  дәлелдеулер  жинауды жеңілдетеді, тексеру  жүргізу уақытын қысқартады, аудиторлық  қорытынды  жасау  кезінде  қате жіберу тәуекелдігін азайтады.

Аудиттің ішкі стандарттары белгілі  бір аудиторлық  фирмада аудиторлық тексерудің бірегей (фирмалық) тәсілін қамтамасыз етеді /12,78-б/. Орындалатын жұмыстардың көлемін ұлдғайту және сапасын көтеру, тексеру жүргізу үшін аудиторларды – ассистенттерді кеңінен пайдалану , аудит  технологиясын  жетілдіру мүмкіндігі  туындайды. Бірақ, стандарттар артық нақтыланбауға , аудитордың еркін тежемелеуге тиісті. Себебі , ол аудитті кәсіби ой-пікірмен нығайтылмаған, жай ғана  мәліметтер  жинауға айналдыруы мүмкін. Фирманың экономикалық және қоғамдық статусы үшін стандарттардың маңызы жоғары  болғандықтан, олардың мазмұны коммерциялық құпия болып табылады.

Әдетте, ішкі  стандарттарға  оларды жасаушылар қол қояды және мндетті түрде аудиторлық фирманың жетекшісі бекітеді.

Фирмаішілік аудиторлық  стандарттарды үш блокқа біріктіруге болады :

  • аудиторлық  фирмалардың құрылымы және оның қызметін ұйымдастыру технологиясы;
  • заңдар мен стандарттардың талаптарын жүзеге асыру бойынша  құжаттар;
  • тексеру жүргізу  әдістемесі;

Бірінші блоктың құжаттары аудиторлық фирма жұмысының ерекшелігін , оның ұйымдық құрылымын, клиенттерімен өзара  қарым-қатынас  жасау принциптерін, ішкі бақылаудың және ішкі  қорытынды есеп берудің құрылымын, жұмыскерлердің лауазымдық міндеттері  мен өкілеттіліктерін, олардың  білім деңгейіне  қорйылатын талаптарды, кәсіби этика  мәселелерін  реттеуші  нормативтік  құжаттардың тізімі; бастапқы құжаттардың, аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлерінің құрамы; есептің білгілі бір салалары  бойынша болуы мүмкін бұзушылықтарды топтастырушы ( классификатор); аудиторлық процедуралардың орындалу реті; аудитті  жоспарлау кезеңінде сұрақ  беруді өткізу үшін жасалынған тестілер немесе сұраулар тізімі құрайды.

Үшінші блокқа қатысты әдістемелер келесі  бағыттар бойынша  жасалынады:

  • бухгалтерлік-клиенттің  бухгалтерлік есебінің  жекелеген бөлімдері бойынша  әдістемелер;
  • заңдық-клиент қызметінің құқықтық жағынан қамтамысыз етілуін тексеру әдістемелері (құрылтай құжаттарының және жарғылық капиталдың аудиті, шаруашылық келісім-шарттарының сараптамалары, салық заңының сақталуына  талдау жасау және т.б.);
  • арнайы –ортақ арнайы  белгілерді  иеленуші кәсіпорындар тобына тексеру  жүргізу  әдістемелері  (шағын  кәсіпкерлік субъектілерінің, шетелдік инвестициялары бар объектілердің өкілдіктерінің және т.б. аудиті );

Бұл стандарттардың әрқайсысында төмендегілер болуы  мүмкін:

  • тексерудің мақсаты мен міндеттері ;
  • тексерілетін бөлімдер көрсетілген аудит  өткізу  юбатексерудің мақсаты мен міндеттері ;
  • тексерілетін бөлімдер көрсетілген аудит  өткізу  бағдарламасы;
  • нормативтік-құққытық құжаттар;
  • клиенттің бухгалтерлік және  басқа құжаттары (қаржылық есеп беруі, регистрлер, бастапқы құжаттар);
  • есептің осы участогы бойынша болуы мүмкін бұзушылықтарды топтастырушы (аудитті жоспарлау кезеңінде сұрақ беруді өткізуге  арналған тестілер немесе сұраулар тізімі; осы участокқа тексеру жүргізу кезінде қолданылатын аудиторлық  процедуралардың тізімі);
  • аудиторлық процедуралардың орындалу реті;
  • аудитордың жұмыс құжаттарының  жасалынған нысандары (үлгілері).

Сондай-ақ аудиторлық  стандарттардың болуы аудитордың  фирма мен оның жұмыскерлерінің  қызметіне тиімді  ішкі бақылауды  жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар

1995 жылғы  шілде айында аудиторлар  палатасының кезектен тыс конференциясында  Қазақстан Республикасы аудиторларының  Этикалық  кодексі қабылданды. Ол  кодекстің жобасын «Прайс Уотерхаус  ЛЛП» кеңес берушілерінің ресми демеушісі болып табылатын «капитал рыногы» ЮСАИД бағдарламасының  қолдауымен «Қазақстан  аудит» акционерлік компаниясы жасады.

Аудиторлар палатасының Кеңесі бұл кодекстің  нормативтік  акт ретінде күші бар екендігін  және оны орындауға Қазақстан территориясында жұмыс істейтін аудиторлық фирмалар мен аудиторлар  міндетті екендігін атап көрсеткен.

Этика – адамзаттың таңдау мәселелерін, адамдар басшылыққа  алатын жақсы және жаман стандарттарды, және де ең соңында ол талпынатын жақсылықтарды жүйелі түрде зерттеумен  айналысатын философия саласы /13,21-б/.

Этиканың 3 элементі :

  • шешімдерді таңдау мәселелері;
  • моральдық принциптер;
  • шешім қабылдаудың салдарлары.

Қазақстанда  қабылданған этикалық кодекс төмендегілерді белгілейді:

  • аудиторлардың мінез-құлық стандарттарын;
  • жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін аудиторлар сақтауға  тиісті негізгі  принциптерді.

Кодекстің кіріспе  бөлімінде қоғамның  қажеттіліктерін  қанағаттандыруда  жоғары деңгейде  тимділікке қол жеткізу үшін өте биік кәсіби  нормларға сәйкес  жұмыс атұару болып табылатын аудитор  кәсібінің мақсаты айтылған. Бұл негізгі  төрт талаптың сақталуын болжайды: дұрыстық, кәсіби біліктілік, қызметтің сапасы және сенім.

Аудитордың алдында тұрған  мақсатқа  қол жеткізу үшін  бірқатар шарттарды немесе принциптерді орындау қажет:

Адалдық. Аудитор өзінің кәсіби  мндеттерін орындауда  адал болу керек.

Әділдік(объективтілік). Аудитор әділ болуға  және жоқ нәрсеге  сену, қате  түсінік тағы сол сияқты  факторлардың әділдікке әсер етуіне жол бермеуге тиісті.

Кәсіби біліктілік. Аудитор қызмет  көрсетуге  келісерде,  бұл тапсырманы орындау үшін өзінің кәсіби білім деңгейінің, тәжірибесінің жеткілікті дәрежеде  екендігіне  сенімді болуға тиісті, олай болмаған  жағдайда ол мұндай  тапсырманы орындаудан бас тартуға  тиісті.

Аудитор кәсіби  қызметін үлкен ықыласпен , жетік біліммен, ынта  жігермен  көрсетуге тиісті. Онда  әрдайым кәсіби білімін және  тәжірибесін  шыңдауға  деген, клиентке қазіргі  заманғы іс-тәжірибе мен заңдарға  негізделген білікті  кәсіби қызмет  көрсетілетіндігіне кепілдік беру үшін  оларды тиісті талап  деңгейінде ұстап тұруға  деген қажеттілік болуға тиісті.

Құпиялықлықты сақтау. Тексеру нәтижесін меншік иесіне  немесе тексеруді белгілеген органға  беру сияқты  жағдайларды есепке алмағанда, тексерілетін субъектінің  рұқсатынсыз кәсіби қызмет көрсету  барысында  алынған ақпараттарды, коммерциялық құпиямен қоса, жария етуге құқығы жоқ.

Кәсіби мінез-құлық . аудитор өз кәсібінің беделін түсіретін  мінез-құлықтардан аулақ болуға тиісті, яғни оның мінез-құлқы осы кәсіптің беделіне сай іс-әрекеттерге  сәйкес болуға тиісті.

Кәсіби стандарттар. Аудитор кәсіби қызмет көрсетуді заңдық және нормативтік актілерде қабылданған тиісті кәсіби стандарттарға сәйкес қарастыруға тиісті. Аудиторлар адалдыққа , әділдікке жәе тәуелсіздікке жанаспайтын кез-келген мүдделерден азат болып табылады және болуға тиісті де. /14,152-б/

Ұлыбританияның аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі кеңесі аудиттің негізін қалаушы принциптеріне қосымша  төмендегілерді қарастырады:

Ой-пікір. Аудитор сенімді кәсіби ой-пікірлерді қолдануға тиісті.

Есеп беруге міндеттілік. Аудитор сол мезгілде шаруашылық  процесстің басқа қатысушыларының  мүддесін ескере отырып, акционерлердің мүддесі үшін көбірек әрекет жасауға  тиісті.

Коммуникация (қатынас). Аудиторлар өздерінің ой-пікірлерін білдір үшін мәселені толық түсінуге қажеттілердің барлығын ашуға  тиісті. Аудиторлар, егер оларға өтірік алдау, заңды немесе кәсіпорын сақтауға тиісті басқа да ережелерін бұзу фактілері белгілі болса, қоғамдық мүдде үшін  тиісті деңгейдегі билік органдарына мәлімдеме жасай алады /15,96-б/.

Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңында аудитордан қандай біліктілік деңгейі талап етілетіндігі  және  «аудитор» біліктілігін алғаннан кейін оның қандай қызметті жүзеге асыра алатындығы айқындалған. Кәсіптік ереже-нұсқаулар көбірек  нақтыланған : аудитор тиісті кәсіби біліктілікке ие болып ғана қоймай, сонымен бірге ол этикалық нормаларды сақтауға және  оларға сай болуға тиісті.

Аудитор үшін этикалық нормалар ережелер жинағының, аудит стандарттары мен нормативтерінің талаптарын  міндетті түрде қанағаттандырудан, сондай-ақ жоғары деңгейдегі кәсіби білімін көрсетуден және өзінің міндеттерін орындаудан тұрады. Аудитор моральдық және өнегелік нормаларын қолдануға, өзінің әріптестеріне, клиенттеріне, тапсырыс берушілерге және т.б. тілектес болуға тиісті. Аудитор өз кәсібінің беделін түсіретін іс-әрекеттерді жасамауға, өз қызметінің талаптарын сақтауға тиісті.

Аудитор мен клиент – тапсырыс берушінің  арасындағы  өзара қарым-қатыныс тілектестік және аудиторлық тексеру бойынша шығындардың орнын толтыру негізінде құралады. Олардың арасындағы даулы мәселелер өзара жол беру және  келісімге  келу  арқылы   мен аудитор бірін-бірі өз  бетінше таңдауға құқылы .

Тексеру жүргізу бойынша аудитордың шығындары келісім-шартқа сәйкес төленеді.

Кәсіпорын басшысы мен басқадай лауазымдық тұлғалардың аудиторлық  тексеру процессіндегі міндеттері төмендегілерден тұрады:

  • аудиторлық фирманың жұмыскерлеріне  аудиторлық тексеруді өз уақытында және сапалы өткізу үшін  жағдай жасау, бхгалтерлік есептің барлық құжаттарын, кадр, қаржы-шаруашылық және басқа мәселелер  бойынша бұйрықтарды, жабдықтау, тұтыну келісім-шарттарын дайындап беру, сондай-ақ аудитордың  сұрауы бойынша ауызша нмесе жазбаша түрде  түсінік беру.
  • аудиторлық тексеру жүргізу процесінде анықталған бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті  құру тәртібінің бұзылуын жедел түрде жою.

Аудиторлық тексеру жүргізу кезінде анықталуға жататын сұрақтардың шеңберін шектеу мақсатында кез-келген іс-әрекетке баруға тиым салынады.

Аудитор (аудиторлық фирма) төмендегі құқықтарға ие бола  алады:

  • республикалағы заң актілерінің, аудит стандарттарының , сонымен бірге кәсіпорынмен арада жасалынған келісімнің нақты шарттарының талаптары негізінде  аудиторлық тексерудің әдістері мен нысандарын (аудитор жоспарын) анықтай алады;
  • кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша құжаттарды, қаржылық құралдардың, бағалы қағаздардың, тауарлы-материалдық босалқылардың нақты бары туралы құжаттарды толық тексеруді жүзеге асыра алады, сондай-ақ тексеру жүргізу  барысында туындаған сұрақтар бойынша түсініктеме  және қосымша анықтамалар немесе мәліметтер ала алады;
  • тексеру жүргізілген шаруашылық жүргізуші субъект талап етілген құжаттармен қамтамасыз етпеген жағдайда, сонымен бірге тексеру жүргізуге тапсырма берген мемлекеттік органдар аудитордың жеке басының және оның жанұясы мүшелерінің қауіпсіздігін  (ондай қажеттілік туындаған болса) қамтамасыз етпеген жағдайда аудиторлық тексеру жүргізуден бас тарта алады;
  • аудиторлық тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметті жазбаша сұрақ беру арқылы оның ішінде тексеруді жүктеген мемлекеттік органдардың ықпалы арқылы, үшінші жақтан ала алады, сондай-ақ аудит өткізуге қатысуға келісім-шарт негізінде басқа фирмалардан ұйымдардан) кәсіби аудиторларды шақыра алады.

Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу