Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 17:30, курсовая работа

Краткое описание

Нарық жағдайында бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-теникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құпралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3

Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі
Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы..........................................................................................4-6
аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)........7-9
Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі және Қазақстанда аудиторлардың білім алуы жағдайы........................10-11

Аудит стандарттары мен негізгі принциптері
Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары.......................12-14
Аудиттің фирмаішілік стандарттары............................................15-16
Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар...................................................................................17-25

III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет нарығының институтционалдық негізі.........................................................................26-31

Қорытынды....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

аудиттер.doc

— 309.50 Кб (Скачать документ)

 

                         Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу

 

 

Кіріспе...............................................................................................................3

 

    1. Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті  нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі
    1. Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы..........................................................................................4-6
    1. аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық  ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)........7-9
    2. Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі және Қазақстанда аудиторлардың білім алуы жағдайы........................10-11

 

    1. Аудит стандарттары мен негізгі принциптері
    1. Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары.......................12-14
    1. Аудиттің фирмаішілік стандарттары............................................15-16
    2. Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар...................................................................................17-25

 

III. Қазақстан Республикасында  аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары

3.1. Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет нарығының институтционалдық негізі.........................................................................26-31

 

Қорытынды....................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер.............................................................................33

Қосымшалар.............................................................................................34-35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасында  нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әміршілдік-әкімшілік жүйеде  кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу  нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып  табылатын іскерлік  және ұқыптылықпен орын алмастырды.

Нарық жағдайында  бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-теникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын  нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық  нарықтық  бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен  жүргізілуде. Елдің  микроэкономикасын  басқару құпралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші  субъектілер қызметін талдау, аудит  және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту  пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.

Қазақстанда нарықтық қатынастар енгізілуімен бірге экономикалық субъектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың қажеттіліктерін ол ақпараттардың  дұрыстығын дәлелдеу түрінде  қамтамасыз етуші  тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді. Аудиторллық қызметті реттеуші стандарттар енгізілуде, аудиторлар  жұмыстарының сапасына  кәсіби бақылау  жүйесі жақсарып келеді, сондай-ақ, бұл салада кәсіби мамандар даярлауға  қосымша  талаптар қойылуда.

Бухгалтерлік есепті  реформалау жіне аудитті ұйымдасытрудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық Одақтың  (ЕО) және британдық кеңестің белсенді қатысуымен өткізілгендіктен, оны  құраудың  ағылшын-американдық үлгісы негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституцция, Азаматтық Кодекс, Бюджет Кодексі, Салық Кодексі, «Банкрот туралы», «Ақша аударымы мен төлемде туралы» заңдардың және қосымша компания, фирма мен коммерциялық  ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республкиасының  басқа да  нормативтік-құқықтық актілер  талаптарын ескеру арқылы әзірленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Қазақстан Республикасында аудиттік  қызметті  нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі

 

1.1.Қазақстанда аудиторлық қызметті  реттеуші нормативтік-құқықтық актілер  және ҚР «Аудиторлық қызмет  туралы» Заңы және басқа да  заңдар аясы

Аудиторлық  тексерудің  нәтижелері  маңызды  басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби  аудиторлық  ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады.

Нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз – бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін  заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде ( ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б.) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу./ 1, 203-б/. 250 «Қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде заңдар  мен нормативтік  актілерді қарастыру» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген : «Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік  актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын  мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін  тоқтатуға немесе  субъектінің  үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің  күмәнға  айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға  сәйкес  келмеген кезде  мүмкін болады.» /2/. Демек, кәсіпорын қызметінің  заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылық қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі бас  тарту, жалған  құжаттарды  салып қою, сөз  байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушылықтар  орын алуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті  нормативтік реттеу  жүйесіне төмендегі заңдық  және нормативтік құжаттар кіреді. (кесте 1.)

Кесте 1. Аудиторлық  қызметті реттеуші  негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар

 

Құжаттың аты (атауы)

1

2

1

Қазақстан республикасының «аудиторлық қызмет туралы» заңы, 20 қараша 1998 ж. №304 (өзгертулер және толықтыруларымен)

2

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы» кодексі – 30 қаңтар 2001 ж., №155 – II ( өзгертулерімен және толықтыруларымен)

3

Қазақстан Республикасының қылмыстық  кодексі. 16 шілде 1997 ж. №167-1 ( өзгертулерімен және толықтыруларымен)

4

Қазақстан республикасының азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі)          27 желтоқсан 1994 ж.№268–XIII

(өзгертулерімен және толықтыруларымен)

5

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет  туралы» ҚР-ның заңы 31 қыркүйек 1995 ж. №244 

( өзгертулерімен және толықтыруларымен)

6

ҚР-ның  «Сақтандыру қызметі туралы» заңы 18 желтоқсан 2000 ж. №126-II ( өзгертулерімен және толықтыруларымен)

7

ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңы 7 шілде 2004 ж. № 576-2

8

ҚР-ның  «Табиғи монополиялар туралы » заңы 9 шілде 1998 ж.

№272-I ( өзгертулерімен және толықтыруларымен)

9

ҚР-ның «Шетелдік инвестициялар туралы» заңы. 27 желтоқсан 1994 ж.№ 266 –XIII ( өзгертулерімен және толықтыруларымен)

10

ҚР-ның «Акционерлік қоғамдар туралы » заңы. 13 мамыр 2003 ж. №415-2 ( өзгертулерімен және толықтыруларымен)

11

ҚР-ның  «Лицензиялау туралы» заңы. 17 сәуір 1995 ж. №2200 ( өзгертулерімен және толықтыруларымен)

12

«ҚР-ның жауапкершілігі шектеулі  және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» заңы. 22 сәуір 1998 ж. № 220-1                            ( өзгертулерімен және толықтыруларымен)

13

Аудиторлар палатасының Республикалық  конференциясында  2000 жылы  қабылданған екі томдық Қазақстандағы  Халықаралық аудит стандарттары

14

Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы №878 «Аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін бекіту туралы» қаулысы ( өзгертулерімен және толықтыруларымен)

15

Қазақстан республикасы ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы №384 «банктерде, сақтандыру ұйымдарында аудит өткізуге лицензия беру жөніндегі өтінішке  тіркелген құжаттар тізіміне және өтініш берушіге қойылатын талаптар жөніндегі Ереже нұсқауларды бекіту туралы» қаулысы

16

Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 1995 жылғы 28 маусымдағы  №161 бұйрығымен бекітілген  №33 «Заңды тұлғалардан  алынатын табыс  салығын есептеу және  бюджетке төлеу тәртібі туралы» ереже-нұсқау ( өзгертулерімен және толықтыруларымен)

17

Аудиторлар палатасының 1998 жылғы 23 желтоқсанда өткен Республикалық конференциясында бекітілген «Қазақстан Республикасы аудиторларын аттестациялау бойынша Мемлекеттік емес  мекеме – Біліктілік комиссиясы туралы» Ереже

18

«Қазақстан Республикасы аудиторларын аттестациялау бойынша Біліктілік комиссиясының 2003 жылғы  20 қазандағы №25 бұйрығымен  бекітілген  аудиторлыққа  кандидаттарды аттестациялау  тәртібі туралы» Ереже




 

Қазақстан республикасының «аудиторлық қызмет туралы» заңы және аудитті реттеуші басқа да заңдар

«Аудиторлық қызмет туралы » заң Қазақстан Республикасында  аудиторлық қызметті  жүзеге асыру  процесіндемемлекеттік органдардың, заңды және жеке  тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды  реттейді. Ол 6  тармақтан және 25 баптан  тұрады.

1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4баптар).

2-тармақ. Аудитор, аудиторлық  ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар).

3-тармақ. Аудиторлыққа кандидаттарды  аттестациялау және  аудиторлық  қызметті лицензиялау (9-13 баптар).

4-тармақ. Аудиторлық қызметті  жүзеге асыру (14-16 баптар).

5-тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық  ұйымдардың құқықтары, міндеттері және  жауапкершіліктері (21-25 баптар).

6-тармақ. Аудиттелінетін  субъектілердің  құқықтары, міндеттері  және  жауапкершіліктері (21-25 баптар).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» - 31 қыркүйек 1995 ж. №244, «сақтандыру қызметі туралы»- 18 желтоқсан 2000 ж., №126-II,  «инвестициялық  қорлар туралы» - 7 шілде 2004 ж., №576-2, «табиғи монополиялар туралы» - 9 шілде 1998 ж., №272-1, «Акционерлік қоғам туралы» 13 мамыр 2003 ж. №415-2, «жауапкершілігі шектеулі және қосымша  жауапкершілікті серіктестіктер туралы» 22 сәуір 1998 ж. №220-1 заңдарымен жоғарыда  аталған субъектілер  аудитін  жүргізудің ерекшеліктері айқындалған. Қазақстан Республикасының «Шетелдік инвестициялар туралы»  заңында – 27 желтоқсан 1994 ж. №25 266-XIII (өзгертулерімен және толықтыруларымен) 23-бетте шетелдіктердің қатысуымен  құрылған кәсіпорындардың  аудиторлық қорытындыны  міндетті түрде меншік иелеріне, мемлекеттік статистика және  мемлекеттік бақылау органдарына дайындап тапсыруды белгіленген.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 1995 жылғы 28-маусымдағы №161 бұйрығымен бекітілген №33 «Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі туралы» ереже-нұсқау (өзгертулерімен және толықтыруларымен) Қазақстан Республикасында  тқұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырушы  резидент емес заңды тұлғалардың салық органдарына  міндетті түрде декларацияда  көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы (сенімділігі) туралы  аудиторлық  қорытынды  дайындап тапсыру шарттарын анықтайды.

 

 

 

 

 

    1. Аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық  ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)

Заңдар мен нормативтік актілер қаржылық қорытынды есепке қатысы бойынша едәуір ажыратылады. Кейбір заңдар немесе нормативтік актілер субъектінің қаржылық қорытынды есебінің нысанын немесе мазмұнын, есепке алынуға тиісті ақпараттарды айқындайды. Басқа заңдар немесе нормативтік актілер субъект басшылығы тарапынан сақталуға тиісті, яғни, олар субъектіге өзінің қызметін жүзеге асыруға құқық беретін шарттарды  белгілейді. Субъект қызметінің заңдар мен  нормативтік  актілерге сәйкес келмеуі айыппұл төлеу, сот  процесстері  және тағы сол сияқты қаржылық  зардап шегуге алып келуі мүмкін. /2/.Қазіргі кезде басшылыққа  алынып жүрген заңнамалардың, атап айтқанда Қазақстан Республикасының  «Азаматтық кодексінің», «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің /3/, «Аудиторлық қызмет туралы» заңның, «Лицензиялау туралы» заңның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  /4/ негізінде аудиторлар мен аудиторлық  ұйымдардың жауапкершіліктерін бірнеше түрге бөлуге болады.

                 

                     Аудиторлардың жауапкершілігі




 

 
        



Азаматтық-құқықтық                    Әкімшілік                    Қылмыстық

 

Азаматтық-құқықтық  жауапкершілік. Егер клиенттің зиян шегуіне әкеліп соқтырған, квалификациясыз (біліксіз) аудиторлық тексеру  жүргізу орын алса, онда сот шешімінің негізінде аудиторлық фирмадан төмендегілерден өндіріліп алынуы мүмкін:

  • клиенттің шеккен зияны толық мөлшерде;
  • қайта тексеру жүргізуге шығарылған шығыстар.

Алайда, аудиторлық қызметтің Қазақстандық  тәжірибесінде шетелдерде болып тұратын, клиенттің шеккен зияны мен аудиторлардың іс-әрекеті арасындағы байланысты соттың дәлелдеуі мүмкін болған шулы сот тексерулері орын алған емес.

Аудиторлық ұйым клиенттің бухгалтерлік қорытынды есебінің барлық маңызды  аспектілері  бойынша олардың дұрыстығы (сенімділігі) жөнінде кәсіби  пікірін құрастырғаны және оны білдіргені үшін жауап береді.

Кәсіби пікірін  құрастыру және оны білдіру кезінде ол қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік құжаттардың  талаптарын және аудиттің  этикалық нормаларын басшылыққа алуға тиісті.

Азаматтық кодексте (9 бап, 4 пункт) «құқығы бұзылған тұлға, егер заң актілерінде немесе келісім-шарттарда басқа жағдай қарастырылмаған болса, өзінің шеккен зиянының толық қайтарылуын талап ете алатындығы айтылған» /5,8-б/. Бірақ зиянның өндіріліп алынуы бірінші талаппен орындала салмайды.  Клиент  сотта аудитордың  кінәсін  дәлелдеп беруге тиісті. Ондай жағдай көбінесе аудитордың өз жұмысын лайықты ұқыптылықпен орындау  мүмкіндігінің жоқтығынан немесе келісім-шарттың бұзылуынан орын алады.

Бұл жердегі маңызды мәселе – талап етілетін кәсіби біліктілік деңгейі және аудитордың тарапынан ұқыптылық болып табылады. Ешкімнің абсолюттік жетілгендікке қол жеткізуі мүмкін емес екендігін, бірақ кез-келген қателік немесе қате түсінік жұмыстың ұқыпсыз орындалуына елеулі әсер етуі мүмкін екендігін, ал аудитор оны жоққа шығаруға тиісті екендігін атап айту керек.  Жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға  сәйкес  тексеру жүргізу аудитордың кінәсіз екендігінің айғағы болуы мүмкін.

Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық кодекстің 229-бабында /6/, сондай-ақ, аудиторды өз қызметінің міндеттеріне қарамастан жеке басы немесе басқа тұлға, не болмаса ұйым үшін пайда табу және артықшылықта болу мақсатымен өзінің өкілеттілігін асыра  пайдаланғаны үшін, сөйтіп басқа тұлағаларға  немесе ұйымдарға зиян келтіргені үшін, егер олардың бұл іс-әрекеті азаматтардың  немесе ұйымдардың заңды мүдделеріне және құқықтарына не болмаса заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне  елеулі зиян келтірген болса, жазалау  шаралары  қарастырылған.

Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу