Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 17:30, курсовая работа

Краткое описание

Нарық жағдайында бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-теникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құпралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3

Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі
Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы..........................................................................................4-6
аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)........7-9
Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі және Қазақстанда аудиторлардың білім алуы жағдайы........................10-11

Аудит стандарттары мен негізгі принциптері
Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары.......................12-14
Аудиттің фирмаішілік стандарттары............................................15-16
Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар...................................................................................17-25

III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет нарығының институтционалдық негізі.........................................................................26-31

Қорытынды....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

аудиттер.doc

— 309.50 Кб (Скачать документ)

Аудитордың міндеттері:

  • келісілген жұмыс жоспары және келісім шарттарға сәйкес аудиторлық тексеруді жүзеге асыру;
  • аудиторлық тексеруді жоғары деңгейде өткізу, сондай-ақ басқа да аудиторлық қызмет көрсету ;
  • аудит өткізілген субъектіден алынған және аудит өткізу кезінде толтырылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың мазмұнын тапсрыс беруші – клиенттің рұқсатынсыз жария етпеу (заң актілерінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда);
  • аудиторлық жұмыстардың көлемі үлкен болған жағдайда  оған қатысуға басқа аудиторларды шақыру. Тапсырыс беруші-клиентке өзінің туыстық, лауазымдық және  экономикалық байланыстары болғандықтан, бұл тексеруді жүргізуге өзінің қатынаса алмайтындығын хабарлау.

Тексерілетін кәсіпорын аудитордан аудиторлық тексеру жүргізуге қатысты заңның талаптары, екі жақтың құқықтары мен  міндеттері жөніндегі ақпараттарды, ал аудитор танысқаннан кейін – аудитордың қорытынды пікірлері  мен ұсыныстары негізделетін заңдық және нормативтік актілер туралы ақпараттарды алуға құқылы.

Аудиторлық тексеру  төмендегі  жағдайларда жүргізіле алмайды :

  • егер аудитор  тексеру  жүргізілетін  шаруашылық жүргізуші  субъектінің құрылтайшысы, иесі, акцияларының иесі, басшысы және басқа лауазымды  қызметкері болса, сонымен бірге туыстық қатынасы  немесе  бухгалтерлік есептің құпиялығын  сақтауға жауапты болса;
  • егер  аудитор  немесе аудиторлық  фирма тексеру жүргізілетін шаруашылық  жүргізуші субъектіге  бахгалтерлік  есепті  қалпына  келтіру (қателерді түзету)  және жүргізу бойынша , сонымен бірге қаржылық қорытынды есепті құру бойынша  қызмет көрсеткен болса;
  • егер тексеру  жүргізілетін субъект аудиторлық фирманың  еншілес серіктестігі болып табылатын  болса немесе ол кәсіпорынның капиталында сол аудиторлық фирманың үлес болса.

Аудит өткізу алдындағы міндетті процедуралар

Халықаралық  аудит стандарттарына  сәйкес аудитордың міндетіне  үшінші  жақты  көз бояушылық немесе өрескел бұрмалаушылықтар жөнінде хабардар  ету кірмейді. Бірақ, жоғарыда  атап айтылғандай, ұлттық заңнама тиісті  жазаны  белгілей алады. Солай бола тұрса да, жұртшылық аудитордан  ондай ақпараттарды қаржылық  қорытынды  есеп бойынша  аудиторлық  қорытынды дайындап берген  кезде күтеді. Этикаға сәйкес  аудиторлар, әсіресе, шаруашылық жүргізушгі субъектіге қарсы салық органдарының шағымдары санының өсіп кетуі орын алған кезде, көрсету және хабардар ету сияқты функцияларды (міндетті қызметтерді ) өз мойындарына ала алмайды. Бұл ситуация  «үміт күтудегі  қайшылық» ретінде  көпшілікке  мәлім, яғни  аудиторлардан қандай үміт күтілетіні мен олардан Заңның нені талап ететіндігінің арасындағы айырмашылық.

Аудиторлардың тағайындалуы. Ірі кәсәіпорындарда  аудиторларды акционерлердің жиналысы, директорлар кеңесі немесе ішкі аудит бөлімі (ревизиялық  комиссия) тағайындауы мүмкін.

Тағайындаудың алдында клиент аудиторларды дұрыс іріктеу (таңдау) критерийлерін айқындау бойынша үлкен дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ол критерийлер  клиентке аудитордан  не керек екендігіне  (міндетті аудитті өткізу, салық органдарынан қорғап алу, бухгалтерлік есепті қалпына  келтіру және жүргізу, шет елдік партнерлармен жұмыс істеуге  қажетті  халықаралық стандарттар бойынша қорытынды  пікірлер  алу ) байланысты. Критерийлер белгілі болған кезде аудиторларға формалды іріктеу өткізуге немесе тендер ұйымдастыруға  болады. Мысал ретінде С.В.Пятенко /16,81-б/ ұсынған, аудиторларды таңдау конкурсын ұйымдастыру схемасын келтірейік. Бұл схеманың негізгі ретінде автор әлемдік банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкі пайдаланатын процедураларды алған. Тендерге дайындықты ол  бірнеше кезеңдерге  бөледі:

  1. Конкурстық комиссияны құру.
  2. конкурс туралы ережелер дайындау және барлық  қажетті құжаттарды бекіту.
  3. Кішігірім тізімге қатысты дайындау – 10 фирманың шегінде  ( өте үлкен ұйымдар үшін және өте маңызды  жоба кезінде іріктеу конкурс туралы ақпараттар ашық басылымда жарық көргеннен кейін жүргізілуі.
  4. Конкурсқа шақыру жіберу;
  5. Өзінің ұсыныстарын беруге дайындарға техникалық тапсырмалар жіберу.
  6. Ұсыныстарды бағалау.
  7. Келіссөздер жүргізу, келісім-шарт жасау.

Тіркемелерде конкурс өткізу үшін қажетті негізгі құжаттардың үлгілері  келтірілді:

  • конкурс  туралы ереже;
  • қызығушылық білдіруші шақыру-хаттары;
  • конкурсқа қатысушыларды шақыру қағазы;
  • бағалау комиссиясының есебі;
  • бағалау қағазы;
  • конкурс жеңімпазына хабарлау хаты;
  • конкурс қатысушыларына хабарлау хаты;
  • техникалық тапсырманың үлгісі;

Конкурсты өткізу кезінде техникалық тапсырманы  құрау қатысушылар өздерінің ұсыныстарын жіберуді  бастаған кезге дейін аяқталға тиісті. Бұл барлық қатысушылардың ұсыныстарды  дайындау  кезінде  тең жағдайда  болуы үшін қажет.

Көлемі кіші кәсіпорындарда аудиторларды қабылданған жарғыға байланысты көпшілік  дауыспен тағайындайды.

Тағайындау жөнінде ұсыныс алған кезде аудитор:

  • тағайындауды  қабылдамау керектігін анықтайтын қандай да бір кәсіби сипаттағы себептердің  бар-жоқтығын түсіндіруді сұрап алдыңғы аудиторға өтініш білдіру  үшін клиенттен рұқсат алуына болады;
  • аудиттің масштабына қатысты келісімдірге қол жеткізу мақсатында клиентпен кездесуіне болады;
  • клиентке аудиттің масштабын айқындаушы келісім-хат жіберуіне болады;
  • клиенттен келісім-хатты алғандығын растауды және оның келісімшартқа  қол жеткізуге сәйкес екендігін көрсетуді сұрауына болады.

Аудиторлық тексеруді  қайта жүргізу  кезінде аудиторға  бұрынғы келісімнің шарттарын қайта қарау қажеттілігінің  бар-жоқтығын  анықтау керек және бұрынғы  шарттардың  бар екендігін клиенттің есіне салу керек. Аудитордың келісім-хаты әрбір кезеңде жібермеу туралы шешім қабылдауына болады. Жаңа келісім-хатты клиент жағдайды дұрыс  түсінбеді деген пікір пайда болған кезде немесе кәсіпорын қызметінің сипаты, заңдар, меншік құқығы өзгерген кезде, не болмаса басшы ауысқан кезде жіберу керек.

Келісім-хатты дайындау, құру және қайта қарау. Клиент аудитке тендер жариялайды және аудиторға шақыру хатын жібереді.

Аудитор осы хаттың негізінде, аудитті дұрыс жоспарлау үшін, клиент бизнесін зерттейді. Егер аудитор аудит жүргізу  мүмкін деп есептесе, онда ол өзінің аудит өткізуге  дайын екендігі  жөнінде хат-міндеттеме дайындайды. Хат-міндеттеме  клиентке жіберілед және оның жазбаша келісімінен кейін қаржылық қорытынды есепке  аудит өткізу  келісім-шарты жасалынады.

Келісім-хат дегеніміз – бұл, кез-келген жаңа аудиторлық тексеру  жүргізудің  алдында аудитордың  клиентке жіберетін хаты. Бұл хатта аудит өткізу  шарттары  көрсетіледі жіне ол келісім-шарт жасауға  негіз болады. Аудиттің 210 «Аудит өткізу шарттары » деп аталатын Халықаралық стандартына сәйкес  аудиторға аудит өткізу шарттарымен келісу керек және оны келісім-шарт нысанында  көрсетуге  тиісті. Егер аудитор кез-келген басқа қызметтің түрін көрсететін болса, онда оларды  көрсету шарттарын жеке хатта бейнелу керек. Себебі реттелетін қызметті  жалпы сипаттағы қызметтерден бөлек қарастыру қажет. /17/

Келісім-хаттың клиент үшін тек ақпараттық сипаты болуы  мүмкін екендігін атап айту  қажет. Хатты құру  клиенттің мүддесіне де аудитордың мүддесіне де жауап береді. Түснбей қалушылықты  болдырмау үшін оны аудиторлық тексеруді бастамас бұрын жіберген жөн. Әдетте, хатта көрсетілетін қызмет үшін жасалынатын төлемнің  мөлшері айтылмайды, бірақ  төлемнің түріне  сілтеме  жасалынады – мерзімдік төлем.

Келісім хатта аудиторлық тексерудің мақсаты, қаржылық қорытынды есепті дайындауға басшылардың жауапкерішілігі, аудиттің көлемі  (заңдық құжаттарға жне кәсіптік стандарттарға  сілтемелермен бірге), аудиторлық  процедуралардың сипаттамасы  (оларға тән шектеулерімен жіне аудиторлық қорытындының нысанымен бірге ) жазылады. Хатта басқа қызметтердің түрлеріне  сілтеме болады, бірақ  ол қызметтерді көрсету шарттары айтылмайды, сондай-ақ, хатта  қызмет  үшін төлм жасау туралы, бірлесіп қызмет жасау және қойылатын шарттарға қатысты келісімнің қажеттілігі туралы ақпараттар болады.

Аудитордың қызмет көрсетуден бас тартуы . егер аудитордың өз клиенттерімен аудиторлық қызмет үшін жасалынатын төлем немесе тексеру жүргізу процесіндегі басқадай мәселелер жайында келіспеушілік жағдайы болса, онда ол келісім-шартты келесі мерзімге ұзартпайды.

Аудиторлық қызмет көрсету  тәжірибесі жетілген өркениетті  елдерде  аудиторды  жұмыстан босату, оны тағайындауға қарағанда күрделірек. Себебі акционерлер немесе  директорлар туныдаған мәселенің сипаты жөнінде шешім қабылдау үшін директорлардың немесе акционерлердің көпшілік дауысы  немесе олардың дауыстарының үштен екі бөлігі қазжет  болуы мүмкін. Мұндай кезде  аудиторға  жазбаша хабарландыру қағазы беріледі. Кейде оған жазбаша түрді наразылық білдіруге  және оны  жұмыстан босату  жөнінде  ұсыныс жасалынған мәжілісте шығып сөйлеуге құқық  беріледі. Сондай-ақ, аудторды жұмыстан босатуға дейін алып баратын ешқандай  жағдайдың болмғандығы жайында оның ауызша немесе жазбаша құбылыс болып есептеледі. Егер қаржылық қорытынды  есепте  елеулі қателер жіне алдағандық туралы күдік туғызатын жағдайлар орын алған болса, аудитор ол жөнінде мәлімдеуі керек. Әдетте, ол «жағдайды баяндау» деп аталады.

Мұндай жағдайлар акционерлердің келісімінсіз орынсыз  себептермен  аудитордың қызметінен босамайтындығын  және де  туындаған проблемалар үшін аудитордың, акционерлерді  хабардар етпей, жауапкершіліктен қашуға әрекет жасамайтындығын кепілдендіру үшін қажет.

Жұмыстан бас тартатын болса, аудитор  кәсіпорынға  жазбаша хабарландыру қағазын беруге  және онда, жоғарыда атап  көрсетілгендей, жағдайды  баяндауға тиісті. Аудиторға  акционерлер мен басқа да тұлғаларға арнап ауызша және жазбаша мәлімдеме жасауына рұқсат беріледі. Кейбір  елдерде  аудиторға  компания  басшылығының өзінің жұмыстан бас  тарту себептері талқыланатын жиналыс шақыруын  талап етуге рұқсат беріледі.

Мұндай жағдайда аудитор келісім-шартты бұза алады, ал клиент оның үстінен сотқа шағымдана алады.

Кейде есеп немесе аудит принциптеріне қатысты мәселелер бойынша аудитор мен клиенттің көзқарастары әр түрлі болуы мүмкін. Сонда клиент өзіне  тиімді болып табылатын, қолданылып жүрген есеп әдісін қолдайтын келіскіш аудиторды  іздей бастайды, бірақ ол елімізде қабылданған есеп және  қаржылық қорытынды есеп беру стандарттарына қайшы келеді. Мұндай жағдай «пікірді сатып алу»  деп аталады. Есеп жүргізу  мәселелері бойынша басшылықтың пікірімен  келісетін аудиторды іздеу тәуелсіз аудиттің талаптарын орындаудан қашуға әрекет жасауды куәландырады және де аудитордың қаржылық қорытынды есептің дұрыстығына (сенімділігіне) зиянын тигізетін, ұсынылған есеп әдісін қолдауға дайын екендігі, аудитордың тарапынан тәуелсіздіктің жоқ екендігін көрсетеді.

Аудиторлардың міндеттері мен құққытары.  Аудитор өз қызметінің негізгі мақсатына қол жеткізу үшін, қаржылық қорытынды есептің дұрыс және әділ тапсырылғандығы жөнінде қорытынды жасау үшін әртүрлі  міндеттері орындайды. Ал ол міндеттерді орындау үшін аудиторға  белгілі бір құқықтар беріледі.

Аудитордың міндеттері. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңына сәйкес  аудиторлар клиент құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, оған қаржылық  қорытынды есепте анықталған сәйкессіздіктер  жөнінде хабарлауға, аудит нәтижелерінің құпиялығын сақтауға міндетті.

Аудиторға берілген құқықтар оның өз міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл құқықтар аудитордың тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Аудитор бухгалтерлік және басқа қаржы-шаруашылық құжаттарын алуға құқылы. Халықаралық тәжірибеде аудитор, егер өзіне  қажетті  түсіндірулерді немесе ақпараттарды алмаған болса, онда ол жөнінде  акционерлерді, Директорлар кеңесін хабардар етуге тиісті. Аудитор төменде аталғандарға құқылы:

  • ұжымның кез-келген жалпы жиналысын өткізуге қатысты барлық хабарлама қағаздарын алуға;
  • барлық жалпы жиналыстарға  қатысуға  және кез-келген жалпы жиналыстарда  өзін аудитор ретінде  толғандыратын кәсіпорын қызметіне қатысты кез-келген мәселе  бойынша сөз сөйлеуге.

өз міндеттерін орындау үшін аудиторға жиналыста не болып жатқандығы жөнінде  бірінші қолдан ақпарат алу маңызды. Жиналыста сөз сөйлеу құқығы (егер ондай құққыа ие болса) оны кәспорын басшылығы  үшін тегіс қамтылған аудиторлық қорытынды дайындау міндетінен  босатпайды.

Сондай-ақ, аудитор:

  • Клиентінен өзін қызметінен босату немесе орнын ауыстыру жайындағы хабарландыру қағазының көшірмесін алуға, сонымен бірге жазбаша немесе ауызша мәлімдеме жасауға құқылы. (Бұл «жағдайды баяндау» міндетіне қосымша);
  • Директорлардан өз жұмысынан бас тартуы  жайында жалпы жиналыс шақыруын және ол жиналысқа өзінің қатыстырылуын талап  етуге, сонымен бірге өзіне  қатысы бар кез-келген жиналыста сөз сөйлеуге құқылы.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, аудиттің маңызы – мүдделі жақтардың сенімді (дұрыс) ақпараттар алу мүдделерінің сақталуында. Сонымен бірге, дамыған аудиторлық қызмет көрсету рыногы бар елдердің тәжірибесіне қарасақ, екі жақтың арасындағы қарым-қатынас есеп жүргізу, бақылау және қорытынды есеп берудің әртүрлі  мәселелері  бойынша  өзара түсіністікке  әрдайым қол жеткізе бермейді және де тіпті мүдде қақтығысы орын алуға мүмкін.

Әр түрлі мүдделі жақтардың арасындағы өзара  қарым-қатынастар агенттік теориясының пәні болып табылуы мүмкін. Агенттік  өзара қарым-қатынастар бірінші жақ – тапсырыс беруші-екінші жақты – агентті – өзінің атынан тапсырма орындау үшін жалдайтын жерде орын алады. Мысалы, кәсіпорын қызметкерлері – директорлардың агенттері, ал аудиторлар – акционерлердің агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.

Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу