Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 17:30, курсовая работа
Нарық жағдайында бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-теникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құпралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.
Кіріспе...............................................................................................................3
Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі
Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы..........................................................................................4-6
аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)........7-9
Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі және Қазақстанда аудиторлардың білім алуы жағдайы........................10-11
Аудит стандарттары мен негізгі принциптері
Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары.......................12-14
Аудиттің фирмаішілік стандарттары............................................15-16
Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар...................................................................................17-25
III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет нарығының институтционалдық негізі.........................................................................26-31
Қорытынды....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.............................................................
Әкімшілік жауапкершілік. Аудит – қызметтің лицензияланатын түрі, сондықтан оның «Лицензиялау туралы» заңға сәйкес жауапкершілігі бар. Аталмыш заңда аудиторлық қызметті тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік , сонымен бірге лицензиясыз қызметті жүзеге асырудан алынған табысты бюджетке алу түріндегі материалдық жауапкершілік қарастырылған.
Лицензия беруші орган төмендегі жағдайларда лицензияның қызметін тоқтата алады:
Лицензия алушы лицензиялық алымды белгіленген мерзімнің ішінде төлемеген жағдайда, сондай-ақ, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жадайда лицензия өзінің заңдық күшін жоғалтады және жойылған болып есептелінеді.
Қазақстан Республикасының «аудиторлық қызмет туралы» заңының 13-бабында «лицензия беруші лицензияның қызметін заңға сәйкес тоқтау себебін көрсете отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатуға құқықыты екендігі, сонымен бірге аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың лицензия беруден бас тарту, лицензияны қайтарып алу, қызметін тоқтату жөніндегі шешімдерді бұздыру үшін сотқа шағымдану құқығының бар екендігі» айтылған /7/.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 137-бабында да /3/ лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз,біліктілік куәлігінсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Егер бұл қызметте қылмыстық-жазалаушы іс-әрекеттің белгілері болмаса, онда тиісті мөлшерде айыппұл төленеді. Кодекстің 185-186 баптарында ксіпорындардың міндетті аудитті өткізуден жалтарғаны үшін және аудиторға дұрыс емес ақпараттарды бергені үшін төлейтін айыппұлдарының мөлшері көрсетілген.
250 «Қаржылық қорытынды есеп
беру аудиті кезінде заңдарды
және нормативтік актілерді қарастыру»
деп аталатын Халықаралық аудит
стандартында қазіргі кезде басшылыққа
алынып жүрген нормативтік
«Аудиторлық қызмет туралы» заңның 183-184 баптарында төмендегі себептер үшін аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиядан айырумен бірге аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар төлейтін айыппұлдардың мөлшері анықталған:
Аудиторлардың азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру.
Аудиторлық тексерудің жоғары деңгейдегі тәуекелдікке ие болуына байланысты «Аудиторлық қызмет туралы» заңның 18-1 бабында (аудиторлық қызметті сақтандыру) аудитті өткізу кезінде зиян келтірудің салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша міндетті түрде сақтандыру келісім-шарттарының жасалынуы қарастырылған.
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру ерекшеліктері сақтандыру объектісі, яғни – сақтандырылған аудитордың ерекшеліктері сақтандыру көрсету кезінде жіберген қателіктерінің немесе жаңсақтықтарының нәтижесінде клиентті зардап шектірген зиянның орнын толтыру бойынша заңмен белгіленген оның міндеттемелерімен байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.
ҚазақстанРеспубликасы үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен (өзгертілерімен және толықтыруларымен) аудиторлық қызметті лицензиялау Ережесі бекітілді. Осы қаулымен лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптар белгіленді./8/.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы №384 қаулысымен өтініш берушіге және банктер мен сақтандырушы ұйымдарда аудит өткізуге лицензия беру туралы өтінішке тіркелген құжаттардың тізіміне қойылатын талаптар жөніндегі Ереже-нұсқаулар бекітілді./9/.
Мемлекеттік емес мекеме-аудиторларды аттестациялау бойынша Біліктілік комиссиясының ережесінде оның Қазақстан Республикасының аума,ында аудиторлық қызметпен айналысуға ниет білдірген, аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау мақсатында құрылғандығы атап көрсетілген. Комиссияның құрылтайшысы болып табылатын – аудитордың аумақтық палаталары. Ережеде, сондай-ақ, Біліктілік комиссиясының мақсаты мен міндетті қызметтері (функциялары), құқықтары мен міндеттері және жұмыс істеу тәртібі анықталған. /10/.
Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау ережесінің 1.2. параграфында аудиторларды аттестациялау түснігі берілген:
«Аттестациялау деп - өкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарының негізінде емтихандар қабылдау арқылы аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін Біліктілік комиссиясының анықтауын айтады. Аттестация аудиторлыққа кандидаттардың аудиторлық қызмет көрсетуге кәсіби дайындықтарын растайды
/11/. Сондай-ақ, аталмыш құжатта төмендегілер анықталған:
Қазақстанда аудитордың білім алуы
Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңының 3-тармағының 9-бабында аттестациялауға жоғары білімі бар және экономика, қаржы, есеп-талдамалық, бақылау-ревизия немесе құқық қорғау салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде жұмыс тәжірибесін жинақтаған, сонымен бірге жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және жоғарыда аталған салаларда соңғы бес жылдың екі жылынан кем емес мерзім ішінде тәжірибе жинақталған тұлғалар жіберілетіндігі айтылған.
Жоғарыда айтылғандардың аудиторлық қызметпен айналысуға қойылатын негізгі талаптардың бірі – аудитордың білім алуы екендігін көреміз.
Аудитор алуға тиісті білімінің негізгі элементтері төмендегілер болып табылады:
Негізгі білімге экономикалық немесе заңгерлік жоғары білім жатады.
Практикалық жұмыс тәжірибесі тиісті жылдар санымен және атқарған лауазымдық жұмысымен анықталады.
Арнайы кәсіптік білім беруге аудиторларды дайындау және оларды қайта дайындау бойынша оқу-әдістемелік орталықтарында және ұйымдарда білім беру және аудиторлық фирмаларда тәжірибеден өткізу кіреді.
Аудитор өзінің кәсіби біліктілік деңгейін мынадай жолдармен көтеруіне болады :
II. Аудит стандарттары мен негізгі принциптері
Аудит стандарттары дегініміз – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.
Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданады және олард мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді. /7/. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін , аудиторлық тексеру жүргізудің ауқымен, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы мәселелерін , сондай-ақ аудиттің өткізілу шартына қарамастан , осы кәсіптің барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды.
Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:
Жалпы стандарттар – аудитор өзінің алдында тұрған міндеттерді тиімді әрі кәсіби деңгейде орындауы үшін оның бойында болуға тиісті белгілі бір қасиеттер мен кәсіптік дәреже (ол үшін әзірлік , кәсіби біліктілік, тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті көңіл бөлу талап етіледі).
Жұмысшы стандарттар – аудиттің алдында тұрған міндеттерде (жоспарлау және ішкі бақылау жүйесіне тиісінше зерттеу жүргізу және бағалау) орындау кезінде аудиторлар басшылыққа алатын ережелер.
Қорытынды есеп және аудиторлық қорытынды жасау стандарттары – аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша материалдардың нысаны, мазмұны, орналастырылуы және тапсырылуына қатысты стандарттар. Аудиторлық қорытындыда қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп т алаптарына сәйкестігі көрсетілуі тиісті.
Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) дайындаған – халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитет (ХАПК). Аталмыш комитет 1997 жылы Нью-Йорк қаласында негізі қаланған бухгалтерлердің халықаралық федерациясының Кеңесі жанындағы тұрақты комитет болып табылады.
Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының мүшесі болу автоматты түрде, Лондон қаласында негізі қаланған, халықаралық біхгалтерлік есеп стандарттары жөніндегі Комитетке мүше болуға құқық береді. Бұл екі ұйым бір-бірінен тәуелсіз, біріншісі аудитке қатысты болса, соңғысы – бухгалтерлік есеппен байланысты. Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының басқа тұрақты комитеттері этика, білім беру, қаржы және басқару есебі, мемлекеттік сектор, ақапарттық технология және мүшелікке алу мәселелерін қарастырады.
Аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі халықаралық комитет аудит пен соған жалғас қызметтердің бүкіл әлемдегі бірегейлік дәрежесін көтеру үшін солар бойынша стандарттар мен ережелерді жарыққа шығарады.
Қазіргі кезде қолданыста жүрген халықаралық аудит стандарттарын әзірлеу 20-ғасырдың 70-ші жылдары басталған болатын. Үш таңбалы номерге олар 1994 жылы ие болды. Соңғы жылдарда болған маңыздырақ өзгерістердің арасынан 1998 жылғы жинақта басылып шығып, 1999 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген, аудиттегі ішінара тексеруге қатысты халықаралық аудит стандартының баяндалу стилі хабарлай айту үлгісімен берілген және онда аудиторға бірнеше альтернативтік іс-әрекеттерді қарастыру жиі ұсынылатын көптеген мысалдар мен ұсыныстар қарастырылған.
Аудит стандарттары аудиттің сапасы мен сенімділігіне қойылатын нормативтік талаптарды анықтайды және тәуелсіздіктің, әділеттіліктің, кәсіби біліктіліктің, аудиторлық тексеру нәтижесі жөніндегі ақпараттардың құпиялығын сақтаудың белгіленген деңгейін қамтамасыз етеді. Экономикалық реформалар механизімінің жетілдірілуіне қарай аудиторлық стандарттарды уақыт талабына сай ету мақсатымен, оларды кезең сайын қайта қарап отыру қажет.
Республикамызда халықаралық бірлескен фирмалар қызметінің дамуына , сонымен бірге аудиторлық қызметтің аймақтарда енгізілуіне байланысты аудитті халықаралық қызметтің аймақтарда енгізілуіне байланысты аудитті халықаралық масштабта үйлестіру қажеттілігі туындады. Тәжірибе көрсеткендей , аудиторлық қызметтің алыс және жақын (ТМД) шетелдердегі даму жолы бірдей, сондықтан аудиттің кезекті мәселелерін шешуші қандай-да бір елдің аудиторлық фирмалары оның методологиясына, ғылыми және практикалық маңыздылығына көңіл аударды және экономикалық құрылыстың ерекшеліетерін ескере отырып аудит стандарттарын жасады.
Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу