«1С: бухгалтерия» бағдарламасы туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 18:00, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жобаныңң мақсаты: 1С бағдарламасында бухгалтерлік және салықтық есепті қарастыру, сауда бөлшектеріндегі есебін талдау.
Курстық жобаның мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
- Кәсіпорындағы 1С бухгалтерияның теориялық мәнін талдау;
- «1С: бухгалтерия» бағдарламасының мүмкіндіктерін анықтау;
- Кәсіпорындағы «1С: бухгалтерия» сауда бөлшектері туралы мағлұмат беру;
- Кассадағы операциялық есептер түрлерімен танысу;
- «Қазақстанға үшін 1 С Бухгалтерия 8»-ның артықшылығын анықтау;
- Тақырып бойынша жинақталған материалдарды саралап, қорытынды шығару.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ 1С БУХГАЛТЕРИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ 4
1.1 «1С: бухгалтерия» бағдарламасы туралы түсінік 4
1.2 Кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің автоматизациялауының ерекшеліктері 8
1.3 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтерия» бағдарламасында кіріс қалдықтарын енгізу 11
1.4 Өткізімді автоматты және қолмен (қарапайым) енгізу 13
2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ «1С: БУХГАЛТЕРИЯ» САУДА БӨЛШЕКТЕРІ 17
2.1 Кассадағы операциялық есептер 17
2.1.1 Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі 19
2.1.2 Материалдарды тіркеу 20
2.2 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтериядағы» тауарлар есебі 24
2.2.1 ТМҚ есебі бойынша жалпы құжаттар 26
2.3 1 С: Бухгалтериядағы тіркелген активтердің есебі 29
2.3.1 «1С:Бухгалтериядағы 8» бағдарламасындағы еңбекақы төлеу есебі 31
2.4 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтериясының» өндірістік есеп 36
2.5 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтериясының» қаржылық есеп 40
ҚОРЫТЫНДЫ 43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая 1С. Сауда бөлшектері.docx

— 267.22 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ 2

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ 1С БУХГАЛТЕРИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ 4

1.1 «1С: бухгалтерия» бағдарламасы  туралы түсінік 4

1.2 Кәсіпорындағы  бухгалтерлік есептің автоматизациялауының  ерекшеліктері 8

1.3 Кәсіпорындағы  «1С: бухгалтерия» бағдарламасында  кіріс қалдықтарын енгізу 11

1.4 Өткізімді автоматты және қолмен (қарапайым) енгізу 13

2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ «1С: БУХГАЛТЕРИЯ»  САУДА БӨЛШЕКТЕРІ 17

2.1 Кассадағы операциялық  есептер 17

2.1.1 Есеп айырысу шоты  бойынша операциялар есебі 19

2.1.2 Материалдарды тіркеу 20

2.2 Кәсіпорындағы «1С:  бухгалтериядағы» тауарлар есебі 24

2.2.1 ТМҚ есебі бойынша  жалпы құжаттар 26

2.3 1 С: Бухгалтериядағы тіркелген активтердің есебі 29

2.3.1 «1С:Бухгалтериядағы 8» бағдарламасындағы еңбекақы төлеу есебі 31

2.4 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтериясының» өндірістік есеп 36

2.5 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтериясының» қаржылық есеп 40

ҚОРЫТЫНДЫ 43

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45

 

КІРІСПЕ

 

Бухгалтерлік  ақпараттық жүйелер бұл экономикалық объектіні басқару үшін ақпарат  теру, сақтау, жаңарту, талдау және ақпарат  беру болып табылады.

Бухгалтерлік  есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды. Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді.Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және деңгейді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін.Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі.Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді. Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде еңгізе алады.

Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру, онда бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жасау деген сөз. Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін құру кәсіпорынның өз күшімен программалық кешендер жасау емес, автоматтандыру мәселелерін тиімді шешетін, дайын программалық өнімдерді сатып алуды білдіреді.

«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» - бухгалтерлік және салықтық есептің  автоматизациясы үшін көпжақты бағдарлама. Бағдарлама негізінде «1С:Кәсіпорын 8.0» жүйесінің икемді технологиялық  платформа жатыр, оның мүмкіндігімен  әр түрлі бизнес қосымшаларды құруға және модификациялауға болады. Сонымен  қатар «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бірнеше ұйымдардың бухгалтерлік және салықтық есебін жалпы ақпараттық базада да жүргізуге мүмкіндік береді (мұнда жеке ұйымдар атынан жеке кәсіпкерлер де шыға алады).

  Жүйенің  негізгі мүмкіндіктері:

  1С: Бухгалтерия  жүйесі бухгалтерлік есептің  барлық бөлімінде қолданылады:

  • банк және касса есебі;
  • негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі;
  • тауарлар есебі, өнім өндіру және қызмет көрсету;
  • валюталық операциялар;
  • ұйымдармен, алашашақтармен, берешектермен, есеп беруші тұлғалармен өзара есеп айырысу есебі;
  • еңбекақы бойынша есеп айырысу;
  • бюджетпен есеп айырысу;
  • есептің басқа бөлігі.

Басқа да есеп жүргізу үшін өте икемді:

  • көп деңгейлі шоттар жоспарымен жинақтамалы есеп жүргізу;
  • бірнеше шоттар жоспарымен жұмыс істеу;
  • валюталық есеп;
  • көп деңгейлі талдамалы есеп;
  • өлшеміне байланысты көп деңгейлі талдамалы есеп;
  • сандық есеп;
  • бір деректер базасымен бірнеше кәсіпорындарда есеп жүргізу (желілік).

Бағдарлама жеке немесе желі бойынша жұмыс істейді.Әр түрлі обьектілермен бір уақытта жұмыс істеу үшін қолайлы көп терезелі интерфейспен қамтамасыз етілген. Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар бойынша есеп ақшалайда, заттай жүргізіледі.Жүйеде әртүрлі валюталармен жұмыс жасау қарастырылған.Валюта түрлері мен курстары бойынша анықтамалық жасалған.

Бағдарламамен жұмысты бастамас бұрын бухгалтер-пайдаланушы кәсіпорында жүргізілетін негізгі есеп принцинципін және оны жүргізу барысында қолданылатын шоттарды анықтап алып, оны қазақстандық шоттар жоспарына ауыстыруы керек, осы шоттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі және керекті құжаттар алынады. 1С: Бухгалтерия жүйесінде есепті бірнеше шоттар жоспарында жүргізілу мүмкіндіктері қарастырылған.

Курстық жобаныңң мақсаты: 1С бағдарламасында бухгалтерлік және салықтық есепті қарастыру, сауда бөлшектеріндегі есебін талдау.

Курстық жобаның мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Кәсіпорындағы 1С бухгалтерияның теориялық мәнін талдау;
  • «1С: бухгалтерия» бағдарламасының мүмкіндіктерін анықтау;
  • Кәсіпорындағы «1С: бухгалтерия» сауда бөлшектері туралы мағлұмат беру;
  • Кассадағы операциялық есептер түрлерімен танысу;
  • «Қазақстанға үшін 1 С Бухгалтерия 8»-ның артықшылығын анықтау;
  • Тақырып бойынша жинақталған материалдарды саралап, қорытынды шығару.

 Курстық жобаның өзектілігі: 1 С фирмасының «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бағдарламасы әртүрлі кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қызмет түрлеріне тәуелсіз, автоматтандырылған есепті жүргізуге кең мүмкіндік береді. Соған қоса ол тиiмдi бухгалтерлiк, кадрлық, , қойма, еңбекақының есептеуiн ұйымдастыруға және салық есебін жүргізуге рұқсат бередi

Курстық жобаның объектісі: «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бухгалтерлік бағдарламасы болып табылады.

Курстық жобаның пәні: Қазақстан Республикасында қолданылатын 1 С бухгалтерия бағдарламасының сауда бөлшегіндегі қызметі.

Әдістемелік негіз ретінде отандық және шетел  ғалымдары мен авторларының ғылыми жұмыстары, оқулықтары пайдаланды.

Курстық жобаның көлемі: 46 бет.

 

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ 1С БУХГАЛТЕРИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1.1 «1С: бухгалтерия»  бағдарламасы туралы түсінік

 

«Қазақстан үшін 1 С Бухгалтерия 8» бухгалтерлік және салықтық есепті автоматтандыру үшін арналған, сонымен қатар коммерциялық қызметтің кез-келген түрін орындайтын ұйымдарда міндетті (регламентті) есеп беруді дайындау.

«Қазақстан үшін 1 С Бухгалтерия 8» кәсіпорынның алдында тұрған бухгалтерлік қызметтің барлық тапсырмалар шешімін қамтамасыз етеді. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8»-ге қоса 1С кәсіпорын 8 жүйесінің «Қазақстанда сауда басқару» және «Қазақстанда жалақы және персоналдарды басқару» қолданбалы шешімдерін пайдалануға мүмкіндік кепілденген.

Есепшот құрамы, аналитикалық, валюталық, сандық есеп ұйым есепшотында бухгалтерлік есепті жүргізу және есепшотта көрсетілген  деректер заң талаптарына сай  жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пайдаланушылар қосымша қосалқы  шот және аналитикалық есеп қимасын (разрез) құруға болады.

«Құжаттан»  есеп және ұқсас операциялар. Есепте шаруашылық операциясының көрініс  табуының басты тәсілі алғашқы бухгалтерлік құжаттарға сәйкес конфигурация құжаттарын енгізу болып табылады, сонымен қатар  бөлек жазбаларды тікелей енгізуге болады. Жазбаларды топтық енгізуге ұқсас  операцияларды қолдануға болады. Оңай пайдаланушы және жылдам құра алатын автоматтандырудың қарапайым құралы.

Бірнеше ұйымдардың есептік қызметін жүргізу. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» көмегімен  бірнеше ұйымдардың шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуге  болады. Сонымен бірге жалпыға  бірдей ақпараттық базаны бірнеше ұйымдардың-заңды  тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге  бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу  үшін  «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» қолдануға мүмкіндік береді. Егер олардың шаруашылық қызметі өзара берік байланысқан болса, онда ол өте ыңғайлы: жалпыға бірдей тауар тізімдерін, контрагенттерді (іскерлік серіктестер), жұмыскерлерді, қоймаларды (сақтау орындарын) және т.б  қолдануға болады, ал міндетті есептілікті бөлек қалыптастыру керек. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» үшін салықтың әр түріне байланысты салық төлеушілерді анықтауға жұмыс істеу мүмкіншілігі бар.

Материалдық өндірістік қорлар есебі. Материалдық  өндірістік қорларды шығаруда бағалаудың келесі тәсілдері қолданылады:

  • орташа өзіндік құн бойынша;
  • уақыт бойынша материалдық өндірістік қорларды шығару бойынша өзіндік құны.

Қойма есебі. Қойма бойынша сандық және санды-сапалық  есеп жүргізілуі мүмкін. Бірінші жағдайда тауарлар мен материалдарды бухгалтерлік және салықтық мақсаттарда бағалау қай қоймадан алынғанына тәуелді емес. Қажетсіз болған жағдайда қойма есебін өшіруге болады.

«Қазақстан үшін 1 С Бухгалтерия 8»-де автоматты түрде есеп деректерімен тіркелетін түгендеу деректері тіркеледі. Түгендеу негізінде артықшылықты анықтау және жетіспеушілікті есептен шығаруды кіріске алуда көрініс табуы мүмкін.

Сауда операциялық  есебі. Тауарлар мен қызметтердің түсу және өткізу есебі автоматтандырылған. Тауарды сату барысында есепшоттарды төлеу шығарылады, жүкқұжаты және шот-фактура рәсімделеді. Барлық сауда  операциялары сатып алушылар мен  жеткізушілер келісімдер қимасында  есептеледі. Шеттен әкелінген тауарлар үшін «жүктік-кедендік декларация»  деректер есебі қарастырылған.

Сатып алушылар мен жеткізушілердің тауарлар көрінісі автоматтандырылған. Сонымен қатар, қызметті қайтаруға болады, егер жеткізушіден қосымша шот-фактура ұсынылса, және қате ұсынылған қызмет бойынша шот-фактуралар болса.  «Қазақстанға арналған 1 С  Бухгалтерия 8»-де бірнеше баға түрі қолданылады. Мысалы: «толайым баға», «ұсақ  толайым баға», «бөлшек баға», «сатып алынатын баға» және т.б. Бұл түсу және өткізу операциялар көрінісін ықшамдайды.

Банктік және кассалық операциялар есебі. Ақша қаражаттары  мен валюталық операциялардың нақты  және нақты емес қозғалыс есебі өткізілген. Кіріс және шығыс кассалық ордерін, төлем тапсырмасын енгізу және басып  шығару (печать) қолданылады.

Жеткізушілер  мен сатып алушылардың өзара  есептесуі операция көрінісінде  төлем сомасы автоматты түрде  аванс және төлеуге деп екіге  бөлінеді. Кассалық құжаттар негізінде  орнатылған үлгінің Кассалық кітабы құрылады. «Банк клиенті» үлгісіндегі  бағдарламамен ақпаратты айырбастау механизмі ұйымдастырылған (реализованный).

Контрагенттермен  есеп айырысу есебі. Жеткізушілер мен  сатып алушылардың есеп айырысу  есебін теңге және шетел валютасында  жүргізуге болады. Әр операцияда курстық  айырмашылық автоматты түрде  есептеліп отырады. Контрагенттермен есеп айырысу келісімін толық  түрде немесе есеп айырысудың нақты  құжаттарын көрсету бойынша жүргізуге  болады. Есеп айырысуды жүргізу әр келісім үшін бөлек анықталады. Түсу және өткізу құжаттарын рәсімдеу барысында  барлық контрагенттер үшін жалпыға  бірдей баға қолдану сияқты нақты  келісім үшін жекешені де қолдануға  болады.

Негізгі құралдар және Материалдық емес активтер есебі. Есеп бойынша барлық негізгі операциялар  автоматтандырылған: түсім, есепке қабылдау, амортизацияны есептеу, модернизация, табыстау, шығару, түгендеу, қайта бағалау. Бірнеше есепшоттар мен объектілердің  аналитикалық есебі бір айлық  амортизацияның сомасын бөлуі мүмкін. Мерзім бойынша негізгі құрал  үшін амортизацияны есептеу графигі  қолданылуы мүмкін.

Негізгі және қосымша өндіріс есебі. Өнімнің  және қызметтің өзіндік құны автоматтандырылған. Бір ай ішінде шығарылған дайын өнім есебі жоспарлы өзіндік құн бойынша  жүргізіледі. Ай соңында шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтердің деректі (фактически) өзіндік құны есептелінеді.

Жанама шығын  есебі. Ай соңында тікелей өндірістік шығынды автоматты түрде бөлу жүргізіледі. Ортақшаруашылық шығындар өндірістік өнім құны мен аяқталмаған  өндіріс арасында өзара бөлінеді. Жанама шығындар үшін бөлудің келесі базалары болуы мүмкін:

  • шығарылым көлемі;
  • еңбекақы;
  • материалдық шығын.

ҚҚС есебі. Әр ұйым үшін кәсіпорын құрамына кірген жағдайда оның ҚҚС төлеуші болып  табылуын немесе табылмауын анықтауға  болады. ҚҚС-ң түрлі мөлшерлемелерін  қолдану барысында тауарлар мен  қызметтердің түсуі және өткізуі  бойынша шеттен әкелінген жағдайда ҚҚС-ң түрлерімен, сонымен қатар  салықтық агенттің ҚҚС-ті төлеу міндеттерін  орындауы бойынша шаруашылық операциялар  қадағаланады.

Еңбекақы  есебі мен кадрлық есеп. Кәсіпорынның жұмысшыларына еңбекақы төлеу формасына  сай жалақыны бөлу әр жұмысшыға әр бөлу түріне байланысты есептеу тәсілі:

  • жұмысшыларға сыйақы беру резервін қалыптастыру;
  • жұмысшыларға еңбекақыны төлеуге дейін касса арқылы өзара есептесу және еңбекақыны жұмысшылардың есепшот карточкасына аудару;
  • регламенттік заңды салықтар, жинақ және аударымы бар ұйым жұмысшыларының еңбекақысын есептеу;
  • сәйкес салық органдарына және жұмысшылардың еңбекақысына салық төлеуге қаражат аудару;
  • сәйкес есептерді қалыптастыру (салықтық және статистикалық).

Есептеу жүргізу  барысында кәсіпорында мыналар  ескеріледі:

  • зейнеткерлер;
  • мүгедектер;
  • Ұлы Отан Соғысына қатысушылар;
  • шетел мамандары.

Айдың қорытынды  операциялары. Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша регламентті операциялар  осы немесе басқа кезең соңында  орындалғаны автоматтандырылған, соның  ішінде НҚ мен МЕА-ге амортизацияны  есептеу, валюталарды қайта бағалау, болашақ кезеңдердің шығынын  шығару,   шығарылған өнім мен  қызметтің деректі өзіндік құнын  есептеу, аванстық төлемдерді салық  және жинақ бойынша есептеу, есеп беру сомасын жабу, қаржылық нәтижені анықтау және т.б.

Информация о работе «1С: бухгалтерия» бағдарламасы туралы түсінік