Лекция по "Бизнес -планированию"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 06:17, лекция

Краткое описание

Работа содержит лекцию по дисциплине "Бизнес-планирование"

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәрістік кешен.docx

— 96.58 Кб (Скачать документ)

Осы қасиеттеріне байланысты ағаш қалдықтарында  жан-жақты пайдалануға болады.  Ағаш қалдықтарының пайда болу орны мен пайдалануы бойынша төрт жолын  атауға болады:

      1. Қалдық пайда болған кәсіпорында қайта пайдалану. Ағаш кесінділіерінен дәстүрлі немесе жаңа бұйымдар, олардың бөлшектерін жасау.
      2. Қалдықтардан техникалық жаңқа алып, оны жаңқалы плита,  талшықты плита, целлюлоза қағаз, ашытқы т.б шығаруға пайдалану.
      3. Бір кәсіпорында ағаштың әртүрлі бөліктерін: жапырағын, қылқанын, бұтағын, қабығын. Т.б. қалдықтарын пайдалану.
      4. Бір немесе бірнеше кәсіпорындардың қалдықтарын жинақтап бақа кәсіпорында пайдалану.

Ағаш қалдықтарын пайдалану  ағаш өңдеу кәсіпорындарында негізгі

өнімдерді арзандатады, өнімдер түрлерін, ассортиментін арттырады. Ол, ең бірінші  кезкте, орманды қорғау шарасы болып  табылады және орман шаруашылығына  қосымша табыс табуға мүмкіндік  береді.

Бақылау сұрақтары:

  1. ҚР орман ресурстары, орманның қызметі
  2. Орман ресурстарын кешенді пайдалану
  3. Ағаш қорын кешенді пайдалану
  4. Ағаш қалдықтарын пайдалану тиімділігі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Упушев Е.М. Ресурсосбережения и экология: Уч.пособие-Алматы:Экономика 2010 -320с.

2. Мұқаұлы С. Қайтарымды ресурстарды  пайдалану: Оқу құралы. –Алматы:  Экономика, 2009-115 бет.

3. Упушев Е.М. Экология, природопользование, экономика – Алматы: НИЦ «Ғылым»  2002

4.Упушев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты  пайдалану және қоршаған ортаны  қорғау: Оқулық-Алматы: Экономика 2006 – 480 бет.

9-тақырып

ҒТЖ ресурс үнемдеу негізі

  1. Ресурс үнемдеу және ҒТП
  2. Ресурс үнемдеуші технология қолдану тиімділігі
  3. Ресур үнемдеуші ҒТЖ басқару

Дәріс мақсаты – Ресурс үнемдеу мәселесінде ҒТП рөлін, ресурс үнемдуші технология қолданудың экономикалық тиімділігін баяндау

Тірек сөздер: Ресурс үнемдуші технология, өндірісті қайта құру және жаңарту, интенсивті экономика, ресурс үнемдеуді басқару.

Экономиканы интенсивтендіру ҒТП  тездетілуін талап етеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, барлық салада ресурс үнемдеу негізінде  мүмкін болады. Ресурс үнемдуге ҒТЖ, құрылым  саясатын қаржы жұмсауды, жоспарлау, ынталандыру басқару жүйелерін  бағыттау керек.

ҒТЖ табиғатты пайдалану тиімділігін  арттыру жолында зор мүмкіндіктер ашады. ҒТЖ нәтижесінде индустрия  қарқыны өсті шикізаттың жаңа түрлері  қолданысқа енді, энергия, ақпарат пайдалану  артты. ҒТЖ адамдарға жаңа құралдар, машиналар, химиялық жасанда заттар беріп, олардың үлкен күшке айналуына  көмектесті. ҒТЖ арқасында адамдардың табиғи ортаға әсерлері артты.

ҒТЖ бір жағынан табиғат ресурстарын  пайдалану жолдарын, түрлерін кеңітіп, өндіріске мол мөлшерде ресурс тартуды  мүмкін қылды, екінші жағынан өнімнің  бір өлшеміне жұмсалатын ресурсты азайтты, технологиялық процесстер жетілдіріліп, ресурс үнемдеу мүмкіндіктерін ашты.

ҒТЖ нәтижесінде жер қойнауын барлау, пайдалы қазбалар көзін ашу, қорының  сапасын санын  анықтау тездетілді. Одан кейінгі өндіру, байыту, тасымалдау,өңдеу, тұтыну саласына жаңа технологиялар  өндіріс қуатын күшейтіп, тиімділік  тұрғысынан шешімдерді түбірлі өзгертті. Қуатты техникалар мен ұтымды технологиялар  өнімдерді арттырып, шығындарды  үнемдеуге мүмкіндік туғызды. Жаңа технологиялар жер қойнауынан мұнай  алу дәрежесін 50 % дейін жеткізді. Биотехнология, гелиомикробиология қолдану  әртүрлі металдарды кеннен термиялық  өңдеусіз алуға,  ысырап шамасын  азайтуға мүмкіндік берді түсті  мталдар өндірісінде флотация, пирогидрометаллургия, оттегі қолданып автоклавтың балқыту, жер астыда сілтілеу, т.б. кеннен металл алуды 4-10% арттырды. Жаңа технологиялар  іс жүзінде ағашты қалдықсыз өңдп, әртүрлі жаңа өнімдер алуға қол  жеткізді. Өнімдердің сапасын, беріктігін, коррозияға, қышқыл ортаға төзімділігін, т.б. қасиеттерін арттыру мүмкін болды. Ұнтақты металлургия машина жасау саласында  әр тонна өнімге есептегенде 2 т прокат үнемін береді, 80 жуық металл өңдеу станоктарын, 190 жұмысшыны босатады. Машина жасау  технологиясын жетілдіру айрықша  тиім береді, өйткені қазір өңделетін  металдың  төрттен бірі  жаңқаға, қалдыққа кетеді. Коррозиядан, тозудан  жыл сайын мыңдаған металл жоғалтылады, еңбек, материал шығындары артады. Коррозияға ұшырамайтын, үйкелістен тозбайтын, арнайы жамылғылары бар металдар қолдану  олардан жасалған бұйымдар мен машиналардың пайдалану мерзімін 2-5 есе ұзартады.

ҒТЖ отын-энергтика ресурстарын  үнемдеудің, балама көздерін пайдаланудың зор мүмкіндіктерін ашты. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану органикалық  отынды үнемдеудің басты факторына  айналды. Сондай-ақ осы мақсатта күн, жел, гидро, геотермал, биологиялық  энергетика жұмыс істейді.

Отын-энергетика саласында Қазақстанның ресурс үнемдеумүмкіншілігі 385 млн. шартты тонна деп есептеледі. Сарқылмайтын энергия  көздерінің потенциалы мол. Гидропотенциал жылына 170 млрд квт.сағ. оның ішінде қазіргі техникалық мүмкіндік 23,5 млрд квт. Сағ. Жел энергиясының потенциалы 3160 млн квт/сағ.

Автомобиль жанармайын үнемдеу, оның қоршаған ортаға зиянын болдырмау жолдары  ретінде сутегін, аккумулятор қолдану  техникалық тұрғыдан ҒТЖ шешетін  мәселелері бар.

Өндіріс және тұтыным қалдықтарын қайта пайдалану, залалсыздандыру, олардан жаңа бұйымдар шығару мәселесіндеҒТЖ көп мүмкіндіктер ашты, бірақ қалдықсыз технологияларды әлі де жетілдіру, арттыру және кеңейту қажет.

ҒТП алдында ғарышты бейбіт мақсатта игеру міндеті тұр. Экономика  үшін оның  қызметін негізгі үш топқа  бөлуге болады.

      1. Астрофизика, геофизика, күн радиациясын зерттеу, ғарыштың байланыс, т.б. ғарыштық  зерттеулер медицина, биотехнология, фармацевтика, қатты денелерді, мұхиттарды, жер қойнауын, климатты зерттеу салаларында оң өзгерістер әкелді
      2. Экономика салаларындағы міндеттері.
      3. Техникалық міндеттері: жетілдірілген құралдар, приборлар, аппараттар, энергия және ресурс үнемдеуші технологиялық сызбалар, әрі берік әрі жеңіл құймалар мен конструкциялар, т.б.

Жаңа техниканың  (технологияның) экономикалық тиімділігінің белгісі  – ұлттық табыстың, таза пайданың артуы, шығындардың үнемдлуі, өнімдердің (қызметтің) сапасының  жақсаруы және қоршаған ортаға жағымсыз әсерлердің қалдықтардың азаюы. Көрсеткіштері жеке және жалпы, натуралдық құндық және  салыстырмалы көрсеткіштер. Жоғарыда аталғандар жалпы  көрсеткіштерге жатады.. Жеке көрсеткіштер: еңбк, ресурс үнемі, еңбек өнімділігі, материал, ресурс,энергия сыйымдылығы  т.с.с. салыстырмалы көрсеткіштер: ескі және жаңа технка  қолданғандағы  келтірілген шығындарды салыстыру.

Э = (С1нК1) - (С2нК2)  немесе Э = З1 – З2

Жаңа техника (технологияның) экономикалық тиімділігі:

Мұнда: З1 З2 – ескі және жаңа техниканың бір өлшеміне келтірілген                          шығындар;

             В21 - өнімділіктің артуы коэффициенті;

Р1н2н – қызмет ету мерзімінің артуы коэффициенті

Р1 , Р2–  реновация аудармалалр бөлігі;

 Ен – тиімділік нормасы (0,15)

К1, К2 - өнімнің бір өлшеміне есептелген ескі және жаңа техниканы

                тұтынушының күрделі қаржысы  (техника құны есептелмеген)  

И1, И2 – ескі және жаңа техника қолданғанда тұтынушының жылдық

                            ағымдағы шығындары.

 А2 – жаңа техниканың жылдық мөлшері (саны)

Ресурс үнемдеу қоғамдық өндірістің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Ұлғаймалы  ұдайы өндірісте  қоғамдық өнімнің  ресурс сыйымдылығының объективті 3 түрі болуы мүмкін.

  1. Жалпы қоғамдық өнімнің ресурс сыйымдылығы бірқалыпты. Ол ресурс сыйымдылығы өзгеріссіз даму.

Мұнда: МР  - материалдық ресурстар

             ЖІӨ - жалпы ішкі өнім

  1. Жалпы қоғамдық өнімнің ресурс сыйымдылығы артады. Ол экстенсивті даму.

  1. Жалпы қоғамдық өнімнің ресурс сыйымдылығы кемиді. Ол итенсивті даму

Ресурс сыйымдылығы мен қоғамдық өндірістің І және ІІ бөлімдерінің арақатынасында белгілі байланыс болады. І бөлімінің ресурс сыйымдылығы  екіншісінен жоғары. Сондықтан ресурс үнемдеудің маңызды бағыттарының бірі экономиканың құрылымын жетілдіру.

Өндірістің даму қарқынын арттыру  үшін оның негізгі қорларын ұдайы  жаңартып отыру керек. Жаңартудың, қайта  құрудың 3 жолы белгілі.

    1. Шағын қайта құру негізгі қордың азғана  бөлігі  алмастырылады. Жаңарту коэффициенті – 0,1 – 0,2.
    2. Орташа қайта құру – негізгі қордың белсенді бөлігі едәуір жаңартылады, жаңарту коэффициенті 0,2-0,4
    3. Толық қайта құру – құрал-саймандардың басым бөлігі жаңартылып, ресурс үнемдеуші технологиялар енгізіледі. Жаңарту 0,7-0,8

Қайта құру қаншама тиімді болғанымен жаңа құрылысты да ұмытпау 

керек. Олай болмағанда жаңалықтар өндіріске  енгізілмей ғылыми-техникалық артта  қалу болады.

Ресурс үнемдеудің тағы бір маңызды  жағы күрделі қаржы жұмсау бағытын  таңдай білу, кластерлік дамуды ұйымдастыру  және қоғамдық өнімнің «А» және «В»  топтарының арақатынасын реттеп отыру.

Ресурс үнемдеуші ҒТЖ басқару  бірнеше ғылыми техникалық шаралардан тұрады. Жетістіктерді бағалау, мүмкіндіктерді анықтау, нақты іс-шараларды, басым  бағыттарды белгілу, мақсатты бағдарламалар, жоспарлар жасалып олардың орындалуын ұйымдастыру, қаржы көздерін анықтап, шараларды ынталандыру.

Бақылау сұрақтары

  1. ҒТП ресурс үнемдудің негізгі жолы
  2. Экономика салаларында ресурс үнемдеуші технологиялар енгізу.
  3. ҒТП жоспарлау және басқ</spa

Информация о работе Лекция по "Бизнес -планированию"