Лекция по "Бизнес -планированию"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 06:17, лекция

Краткое описание

Работа содержит лекцию по дисциплине "Бизнес-планирование"

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәрістік кешен.docx

— 96.58 Кб (Скачать документ)

Қазір барлық елдерде өндірісті  интенсивтендіру процесі жүріп  жатыр. Бұл жолға ерте түскен елдер  өздерінің дамуын тездетіп алға шықты, ал бұл жолға түсе алмағандар артта  қалып қойды. Интенсивтендіру процесін жүзеге асыру мәселені жан-жақты  қарастыруды талап етеді. Интенсификация мақсатына ғылыми-техникалық саясат, өндірістің салааралық және сала ішіндегі құрылымын жақсарту, сыртқы экономикалық қатынастар, шаруашылықты жүргізу, басқару  механизмдері, материалдық ынталандыру, мамандар даярлау және тәрбиелеу, еңбек  және технологиялық тәртіп, еркін  бәсеке т.с.с., барлық технологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелер толық қамтылуы керек.

Ұдайы өндірістің интенсивті түріне өту өнімдердің жұмсалатын ресурстарға  қарағанда артық қарқынмен өсетін өңдірістің сапалы өзгерісі болып табылады. Былайша айтқанда, экономикалық өсім ресурс мөлшерінің артуымен емес, тиімділік  пен сапа арқылы қамтамасыз етіледі. Өндірісті интенсивтеру барлық ресурстардың тиімділігіне әкелуі тиіс.

Теориялық тұрғыдан, интнсивтндіру  кезінде экономикалық өсімді құрушылардың әртүрлі нұсқалары болуы мүмкін:

    1. Ресурстарды пайдалану өседі және оларды пайдалану тиімділігі артып, өнімдер көбейеді;
    2. Ресурстар пайдалану мөлшері бірқалыпты - өнімдер артады.
    3. Ресурс тұтыну азаяды, бірақ өндіріс қысқармайды.

Экономиканы интнсивтендіру ҒТЖ тездетілуін, іргелі және қолданбалы

ғылыми зерттеулердің өндіріс  ресурстарын үнемдеуге және тиімді пайдалануға бағытталғанын талап  етеді. Осы мақсатқа ресурс үнемдеуге, құрылым саясаты, қаржы жұмсау, жоспарлау, басқару, ынталандыру және ұйымдастыру  қызмет етуі тиіс.

Түптің түбінде, ресурс үнемдеу  мәселесімен байланысты еліміздің  болашағы шешілді. Алдыңғы қатардағы  дамыған елдерге қосыламыз ба? Немесе артта қалып қоямыз ба? Ол ресурстарды үнемдеп экономиканы  интенсивтендіруге байланысты. Қазіргі  кзңде алғаш ресурс үнемдеудің бір  ғана жағы - өндірісті интенсивтендіру  қарастырылады. Оған қол жеткізілгенд ресурс үенмдеу саясаты кеңейтіліп өндірісті, айналымды, тұтынымды түгел  қамтуы керек. Жалпы ресурс үнемдеу, өндірісті интенсивтендіру динамикалық  процестер ылғи алға қарай дамып  отырады.

Табиғат ресурстарын үнемдеп тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты, түп  қазығы – жаңа техника және технологиялық  идеяларды жүзеге асыру, аз қалдықты, қалдықсыз ресурс үнемдеуші технологияларды  өндірістің барлық сатыларында қолдану.

Бүгін біздің еліміз үшін тхнология  мәселесі өте өзекті  болып отыр. Көпшілігінде шет елдің технологиясына үміт артамыз. Бірақ олар бәсекелестік, сауда арқылы пайда табу заманында, озық технологияларын бізге әклемейді. Бізге жаңа көрінгенімен, өздерінің  ескі технологияларын әкеледі.

Ғылыми-техникалық прогресс ең бірінші  кезекте іргелі ғылыми ізденістерден  басталады. Іргелі ғылыми зерттеулер болмаған жағдайда, прогресс сарқылады. Бұл тұрғыдан еліміздегі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың қазіргі  жағдайы қатты алаңдаушылық тудырады.

Ресурстарды үнемдеп тиімді пайдалану  мәселелерін мына бағыттардағы іргелі ғылыми зерттеулер шешеді. Олар:

  • геологиялық ғылымдар саласында – минералдық ресурстарды іздеудің энергетикалық әдістерін, пайдалы қазбалардың жер қойнауында орналасуын анықтау, болжау әдістерін жетілдіру;
  • энергетика саласында – жаңа қуаткөздерін ашу, отын жағу процестерін жақсарту, қоршаған ортаға залалын азайту, басқарылатын термоядролық синтез, энергия көзі ретінде сутегін өндіру және қолдану, жерден өндірілетін отын-энергия қорларын толығырақ өндіру және тиімді өңдеу, сарқылмайтын қуат көздерін ашу және пайдалану;
  • қатты денелер сласында – жартылай өткізгіштер физикасы, оптикалық электроника, лазерлік физика мәселелері;
  • электронды есептеу техникасы мен математика саласындағы қуаттылығын арттыру, ақпарат өңдеу мүмкіндігі, интеллектін арттыру;
  • азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінде – топырақтың құнарлылығын, ауыл шаруашылық дақылдардың, малдардың өнімділігін арттыру, мал азықтың және тағамдық белоктар алу тиімді тыңайтқыштар шығару, өсімдіктердің, малдардың өсімін  тездету,
  • микро және макроқұрылымдарды зерттеу саласында – элементарлық бөліктерді, жерді және ғарышты зерттеу мәселелері.

Іргелі ғылыми зерттеулер мен ашылуға  негізделген технология өндіріст революциялық өзгерістер туғызады. Оның көрнекті мысалдары  – лазерлік, плазмалық технологиялар, материалдарды импульсті өңдеу, ұнтақ металлургиясы, жоғары температуралық өздігінен таралатын синтез және басқалар.

Ресурс үнемдеудің тағы бір негізгі  саласы өндіріс және тұтыным қалдықтарын  тиімді пайдалану.

 

Бақылау сұрақтары:

 

  1. Өндірісті интенсивтендіру мағынасы
  2. Интенсивтендірудің басты бағыттары
  3. Ресурс үнемдеу және интенсивті экономика

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

 

13.1 Негізгі әдебиеттер

1. Упушев Е.М. Ресурсосбережения и экология: Уч.пособие-Алматы:Экономика 2010 -320с.

2. Мұқаұлы С. Қайтарымды ресурстарды  пайдалану: Оқу құралы. –Алматы:  Экономика, 2009-115 бет.

3. Упушев Е.М. Экология, природопользование, экономика – Алматы: НИЦ «Ғылым»  2002

4.Упушев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты  пайдалану және қоршаған ортаны  қорғау: Оқулық-Алматы: Экономика 2006 – 480 бет.

 

 

 

 

 

3-тақырып

Отын-энергетика ресурстарын  үнемдеу мәселелері

 

  1. Отын-энергетика ресурстары және одлларды өндіру қарқыны
  2. Ресурс өндіру және қоршаған ортаны қорғау
  3. Отын-энергетика ресурстарын үнемдеу және ұтымды пайдалану жолдары

 

Дәрістің мақсаты - Отын-энергетика ресурстарын үнемдеп ұтымды

                                  пайдалану  жолдарын көрсету.

Тірек сөздер: Отын-энергетика ресурстары, сарқылатын және сарқылмайтын балама ресурстар, Ресурс үнемдеу және қалдықтарын пайдалану.

 

Отын-энергия ресурстары экономиканың базалық секторы болып табылады. Ол экономиканың барлық салаларына, интенсивтендіруге  әсер етеді. Отын-энергетика ресурстарын  тұтынбайтын экономиканың еш саласы жоқ. Оның үстіне қалыптасқан құрылымына сәйкес еліміздің экономикасында шикізат  пен отын-энергия ресурстарын  өндіру басым дамыған. Сондықтан  экономикамыздың дамуы отын-энергетика ресурстарына қажеттілікті арттырады.

Өткен жылдарда отын-энергетика кешеніне өнеркәсіпке жұсалатын қаржының 40 пайызы бағытталып келді. Өнеркәсіптің тоқырауы ккзінде бұл саланың  үлес салмағы одан да жоғары болды. Отын- энергетика ресурстарының өндіру, байыту, тасымалдау, өңдеу және пайдалану кздеріндегі шығындарын есептегенде өндірілген өнімнің 43 пайызы ғана тұтынуға жетеді. Бұл көрсеткіш әртүрлі елдерде және отын түрі бойынша әртүрлі болғанымен, әлемдік орташа шама осыған сәйкес келді. Оның үстіне отын-энергия ресурстары жылдан-жылға қымбаттап келеді.

Осы жағдайларда ресурс үнемдеу  өте өзекті, бүкіл экономикамызға маңызды мәселе. Отын-энергия ресурсын үнемдеуге жұсалатын қаржы осы  шамадағы ресурс өндіруге жұсалатын  қаржыдан 2-3 есе, кейбір жағдайларды  4-6 есе аз.  Отын-энергия ресурсын үнемдеу тек қана экономикалық емес, экологиялық мәселе.

Отын-знергия ресурстарын үнемдеу  мүмкіншілігі қайда бар деген  сұраққа, ондай мүмкіншіліктерді тізіп  шығудан гөрі, мүмкін емес процестерді  атау оңай. Сонымен ондай мүмкіндік  барлық өнеркәсіп, тұтыну процестерінде  бар деп айтсақ болады. Ресурсты өндіруден бастап, тұтыну кезінд де жоғалтамыз. Мысалы, көмір тасымалдайтын  вагондарға тиегенде, тасымалдау кезінде, көліктің бір түрінен түсіріп, екіншісіне артқанда, тұтынушыға сатқанда, желге  ұшады, ашық ауада сапасы нашарлайды, байытқанда қалдыққа шығарылады, жағу агрегаттарының кемшілігінен толық  жағылмай күлге кетеді, т.с.с. мұнай  өндіргенде ілеспе газдар жандырылады, тасымалдағанда мұнай жерге, суға төгіледі, мұнай өнімдері буланады, т.с.с

Отын-энергия ресурстарын үнемдеу  жолдарын қарастырмас бұрын, оларды тұтыну құрылымын білген абзал. Мысалы, қазір отын мен энергияның 20 пайызы биоөндіріс саласында, 70 пайызы өндірсітік өнім өндіруге, 7 пайызы шикізат ретінде  тұтынылады. 4 пайызы тасымалдағанда және сатылғанда жоғалтылады.

Отын-энергетика ресурының  жоғалтылуы әр өндірістің сипатына  байланысты, арнайы себептер болады. Өнеркәсіпте  олардың негізгілері:

  • өндіріс қуатының энергетика қуатына сәйкес клмеуі, яғни электр энергиясының, отынның босқа шығын болуы;
  • ұйымдастырушылық себептермен жұмыстың тоқтап тұруы;
  • тасымалдау құралдарының, құбырлардың бұзылуынан, нашарлығынан жылудың, будың қысылған ауаның жоғалтылуы;
  • электр энергиясын, жылуды тиімсіз пайдалану;
  • қайтарымды энергоресурстарды мысалы, шыққан буды, ыстық суды т.б., пайдалану.

Энергетикалық ресурстарға кез  келген механикалық, химиялық, физикалық  және  биологиялық қуат көздері  жатады. Оларды: көздері орналасуы, агрегаттық күйі, қоры, сарқылуы, қалпына  келу мүмкіндігі, қуаты пайдалануы т.б. қасиеттері бойынша сұрыптайды. Сарқылмайтын энергия  ресурстары ретінде  күннің қызуын, жел энергиясын, геотермал, және гидро ресурстарды атауға болады. Қалпына келетіндер деп биологиялық  ресурстарды қарастырамыз. Сарқылатын энергетикалық ресурстар: көмір, табиғи газ, мұнай, торф, сланец, уран рудасы. Аталғандарды алғашқы ресурсқа жатқызады. Ресурс үнемду мақсатында қайтарымды ресурстарды  да пайдалану аса маңызды. Олардың  қатарында: өндіру, байыту және металлургиялық қалдықтар, ілспе өнімдер, өндіріс  процестерінен шығатын жылу, қысым, газ, ыстық су т.б. қалдықтар.

Тақырыпта отын энергетика ресурстарының  түрлері, орналасуы, әлемдік және Қазақстандағы  қорлары туралы айтылады. Сонымен  қатар, қайтарымды энергоресурстарды  пайдалану қарастырылады. Қайтарымды энергоресурстар үш негізгі топқа  бөлінеді: артық қысым, жанатын және жылу беретін ресурстар.Артық қысым ресурстары – газ, су, бу қондырғыларынан шығатын энергия. Оларды қоршаған ортаға жібермес бұрын электр энергиясын немесе механикалық қуат ретінде пайдалануға болады. Жанатын қайтарымды ресурстар – газдар және отындық қалдықтар. Олар: жаңқа үгінді, домна газы, т.б. әртүрлі өндірістің қатты және сұйық қалдықтары.

Қайтарымды жылу-энергетикалық  ресурстар -  технологиялық процесстерден щыққан газдардың, судың, күлдің, қождың, будың жылуы, суыту жүйелерінің жылуы.

Отын-энергетика ресурстарын  өндіру және пайдалану.

  1. Көмір өндіру әлемдік және отандық көрсеткіштері
  2. Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тұтыну
  3. Гидроэнергетика
  4. Атом жнергетикасы және балама энергия көздері
  5. Отын-энергетика ресурстарын өндіру мен пайдаланудың қоршаған ортаға әсерлері.

Отын-энергетика ресурстарын  үнемдеу мәслелері.

  • технологиялық процестерді жетілдіру;
  • ұйымдастырушылық шаралар;
  • тасымалдау және ысыраптарды азайту;
  • басқару, ынталадыру механизмін жетілдіру.

Отын-энергетика ресурстарының  жеке түрлерін үнемдеу және ұтымды пайдалану резервтері:

  1. Мұнай қорын мейлінш толық өндіру;
  2. Ілеспе газдарды пайдалану;
  3. Мұнай айыру процестерін жетілдіру;
  4. Мұнайдың құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу;
  5. Мұнай өнімдерінің сапасын арттыру;
  6. Мұнай өнімдерін тұтыну секторларында ресурс үнемдеу;
  7. Пайдаланған мұнай өнімдері қалдықтарын жинау, өңдеу және қайта пайдалану.
  8. Көмір өндіру процестерін жетілдіру;
  9. Шахта газдарын, жер асты суларын пайдалану;
  10. Көмір өндіру, байыту, тасымалдау ысырабын азайту, сапасын жоғалтпау.
  11. Өндіріс қалдықтарын пайдалану.
  12. Шағын өзендер қуатын пайдалану.
  13. Атом энергетикасын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  14. Күн және жел энергетикасын, т.б.  балама энергия көздерін пайдалану.
  15. Қайтарымды энергетикалық ресурстарды пайдалану

Отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың ғаламдық мәселелері, табиғи ортаға әсерлері және басқарудың нарықтық механизмі.

 

Бақылау сұрақтары:

Информация о работе Лекция по "Бизнес -планированию"