Лекция по "Бизнес -планированию"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 06:17, лекция

Краткое описание

Работа содержит лекцию по дисциплине "Бизнес-планирование"

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәрістік кешен.docx

— 96.58 Кб (Скачать документ)

Алматы құрылыс материалдар  ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары  күлден «күлкерам - золакерам» алды.  Оның шикізатының құрамында күл 85 пайызға дейін жетеді, отын шығыны 1,5-4 есе азаяды. Кірпіштің құрамында  күлді 30-40 пайызға жеткізуге болады, кептіру, күйдіру процесстері тездетіледі. Күл керамикасының ерекше қасиеттері. Орташа тығыздығы 1100-1700 кг/м3 аралығында күл керамикасы 10-60  МП шамасындағы қысымға төтеп беріп, аязға төзімділігін байқатқан. Күл керамикасының беріктігі, аязға төзімділігі, лайдан жасалған бұйымдарға қарағанда 1,5-6 еседей артық. Салмақ жағынан кірпіш 0,7-1,0 кг жеңіл болады.

Қазіргі кезде құрылыс материалдарын  жасауға жұмсалатын миллиондаған тонна  шикізаттың едәуір бөлігін металлургия, химия т.б. өндіріс орындарының  қалдықтары шлактармен (қождармен) ауыстыруға болады. Қож металлургия пештерінде шойын, болат, мыс, никель, қалайы т.б. металлдарды  қорыту кезінде, жылу-электр станцияларында, қатты отын (көмір, сланец, торф) жаққанда, сондай-ақ фософор өндіру кәсіпорындарында пайда болады.

Олардың ішінде ең көбірек пайдаланылатыны  домна шлактары 1,7-2 т., темір рудасы, 1,3 т кокс, 60 т. су, ондаған тонна  ауа пайдаланып домна пештерінде 1 т шойын, 0,6-0,7 т қож  алынады. Мартен пештерінен 1 т болат қорытқанда 200-300 кг қож бөлінеді.

1 т мыс өндіру үшін 100-300 т руда  қорытылып, 15-25 т қож пайда болады.

Электр пештерінде  фосфорды термикалық әдіспен өндіргенде фосфордың құрамындағы  тау жыныстары  қожға айналады. Жылу электр станцияларының оттықтарында температура 1400-16000С жетеді де, отынның минералдық бөлігі қожға айналады.

Қож (шлак) – жасанды силикаты материалдар. Құрамындағы тотықтардың арақатынасына, суыту жағдайына, жылдамдығына байланысты қож граниттің немесе вулкан пемзасының қасиеттеріне ие болуы мүмкін. Түсі жағынан қож сан құбылған тау жыныстары тәрізді. Олар қара, көк, ақ, сары, жасыл, қызғылт, сұр болып келеді.

Құрылысы жағынан майда ал кейд ірі кристалды түйіршіктерге  дейін өзгеоеді, беттері шыны тәрізді  жылытырайды. Қож бірде тығыз, бірде  қуысты пемза тәрізді жеңіл болады. Құрамында кальций, магний тотықтары 45-55 пайызы жетсе, қож цементтей болып  желімге айналады. Ал алюминий, кремний  тотықтары көп, 60-80 пайыз кремний, магний аз болса, оттың және қышқылдың  әсеріне төзімді болады. Ондай  қождан беріктігі шойыннан кем түспейтін  мықты материалдар алуға болады. Қожды ешбір қиындықсыз ісіндіріп, кеуе материалдар жасауға болады.

Сонымен қож балқымаларының қасиеттерін  өзгерте отырып, әртүрлі материалдар  алуға болады. Олар: цемент, шлакоситал, шлакопемза, минералды мақта, құйма  шлак материалдар (плиталар, тастар, құм, құбырлар т.б.) тас желімдер.

  1. Қалдықтарды қайта өңдеу және табиғат қорғау. Қалдықтарды

пайдалану тиімділігі экономикалық көрсеткіштермен  анықталады. Жоғарыда келтірілген мәліметтер қалдықтарын көптеген материалдар  алуға болатынын, қалдықты шикізатқа  қосып пайдалануға болатынын  көрсетеді.  Ал осылардың экономикалық тиімділігі бар ма? Оны экономикалық көрсеткіштерді салыстырып анықтау  керек.

Қалдықтарды пайдалану   экономикалық, әлеуметтік және экологиялық

тиімдер береді. Оларды қалдықты пайдаланушы  кәсіпорындар алатын өнімдерді тұтынатындар алатын және халық шаруашылық тиімдер  деп қарастыруға болады.

Қалдықты пайдаланушы кәсіпорындар алатын тиім шығындарды салыстырып анықталады.

Э1 = (∑ Зі  + ∑ Зj )Ai  

                                                                      I = 1     J = 1

Өнімдерді тұтынушылар алатын тиім де осы әдіспен анықталады.

Халық шаруашылық тиім барлық тиімдердің қосындысы

Эх.ш =   Э1 +   Э2 + Ээ + Ээкол

Қалдықты пайдалану тиімділігін  анықтау үшін тиімдерді ғана анықтау  жеткіліксіз. Осы тиімдерді алуға  жұмсалатын шығындарды ескеруіміз керек, яғни экономикалық тиімділікті анықтау  керек.

Э  =  ∑Эі / И + Ен  К

Тиімділіктер жеке кәсіпорындар үшін, халық шаруашылық тұрғысынан, күрделі  қаржы жұмсау үшін, жеке өнімдер  үшін анықталады. Қалдықтарды пайдалану  тиімдері: пайда, шығынның үнемі, өнімнің  бағасының арзандауы, табиғи ортаға зиянның азаюы, уақыт үнемі, материалдармен қамтамасыз ету мүмкіншілігі және әлеуметтік тиімдер болуы мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанның бейруда пайдалы қазбалары
  2. Бейруда пайдалы қазбалардың маңызды түрлерін пайдалану және үнемдеу жолдары.
  3. Бейруда шикізатты қалдықпен алмастыру  тиімділігі
  4. Химиялық өнімдер мен тыңайтқыштар шығаратын кәсіпорындарда табиғатты қорғау мәселелері

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Стратегия ресурсосбережения  и переход к рынку М.1992

2. Упушев Е.М. Ресурсосбережения  и экология: Уч.пособие-Алматы:Экономика  2010 -320с.

3. Мұқаұлы С. Қайтарымды ресурстарды  пайдалану: Оқу құралы. –Алматы:  Экономика, 2009-115 бет.

4. Упушев Е.М. Экология, природопользование, экономика – Алматы: НИЦ «Ғылым»  2002

5.Упушев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты  пайдалану және қоршаған ортаны  қорғау: Оқулық-Алматы: Экономика 2006 – 480 бет.

 

 

6-тақырып

Жер ресурстары

  1. ҚР жер ресурстары, пайдалануы
  2. Жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыру.

 

Дәрістің мақсаты – жер ресурстарының ерекшеліктерін, оларды ұтымды пайдалану мәселелерін ашу.

Тірек сөздер: жер, жер ресурстары, жер санаттары, егістік, шабындық, жайылым, топырақ, өнімділік, құнарлылық, бонитет баллы, ауыл шаруашылығы, сауықтыру, рекреациялық, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

 

Жердің қызметі оны табиғат  ресурстарының ішінде еркше орынға шығарады. Жер тіршілік орны,  байлықтың  басты көзі, экономикалық дамудың  барлық материалдық, табиғи, экологиялық, рухани әлеуметтік факторлары. Жер - еңбек  құралы,  еңбек заты және өндіріс  пен тіршілік орны. Жерден өнім алу  үшін оны еңбек заты ретінде өңдейміз, өнімділігінің арқасында жер  еңбек құралы қызметін атқарады. Жердің осы қызметтерін басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайды. Жерді өндіргіш күші ретінде пайдаланудың басты  мақсаты – оның  өнімділігін  арттыру. Жердің табиғи, жасанды және экономикалық өнімділігі болады. Табиғи өнімділігі ұзақ уақыт қалыптасқан  табиғи, геологиялық, климаттық, топырақ  түзуші биологиялық процесстердің  нәтижесі. Жасанды өнімділігін қосымша  еңбек жұмсап, агротехникалық шараларды  қолданып арттыруға болады. Табиғи және жасанды өнімділіктер жиынтығы экономикалық өнімділік болады. Ол жерден қанша биомасса өндіруге болатынын  көрсетеді. Жердің өнімділігі топырағының  құнарлылығына байланысты.

Топырақ ұзақ уақыт литосфераның беткі  қабатының, атмосфераның, гидросфераның  және тірі организмдердің өзара әрекетінен қалыптасқан ерекше құрылым.

Қазақстан территориясы Еуразия құрылығының  ортасында 272,5 млн.га жерді алып жатыр. Орманды дала, дала, шөлейт және шөл  және тау зоналарында орналасқан.

Солтүстік және солтүстік шығыс  бөлігінде қара топырақ басым, республика территориясының 9,5 % қамтиды, қара шірік  қабаты 1-2 метрге жетеді топырағының 6-9 %. Мұнда зонааралық  орманның сұр  топырағы кездеседі.

Қызыл қоңыр топырақ негізінен  дала зонасында 530с.е. оңтүстікке қарай территориямыздың 34,3 % , қарашірік құрамы 4-6 %

Қоңыр және қоңырсұр топырақ 480 с.е. оңтүстікке қарай шөлейт зонасында, қарашірігі 2-3 %, жеріміздің 43,6 %

Қазақстанның оңтүстігінде шөл  зонасында ашық-қоңыр, құм және құмды  топырақ таралған қарашірігі аз, қоңыр  топырақта 1-1,5 %, ашық-қоңыр топырақта 0,7-1,2  %. Шөл зонасының едәуір бөлігін  сортаңдар басып жатыр.

Қазақстан жерінің оннан бірі таулы  аудандар Таудағы топырақ түрі биіктеген  сайын өзгеріп отырады. Мұнда  сұр, қызыл, қоңыр, қара топырақ құм  кездеседі.

Жер ресурстарын пайдалану  мақсатына байланысты келесі санаттарға бөледі:

  1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
  2. Елді мекендер орналасқан жерлер;
  3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге мақсаттағы жерлер;
  4. Сауықтыру, рекреациялық, табиғатты қорғау, ерекше қорғалатын табиғи, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер.
  5. Орман қорының жерлері
  6. Су қорының жерлері
  7. Босалқы жерлер.

Орманды дала, дала зонасының жерлері  егістікке және жайылымға

пайдаланады. Шөлейт зонадағы ашық-қоңыр  топырақта егіншілік қауіпті, өнімділік  тұрақыз. Аздаған бөлігі егіншілікке  пайдаланады, көпшілік бөлігі жайылым  болып табылады.

Шөл зонада тау аңғарларында негізінен  суармалы егістік  қолданылады. Таулар жазғы жайылымға, ал шөлдер қысқы  жайылымға  пайдаланады.

Егістік жердің 30 % эрозияға ұшыраған, суармалы егістіктің 40 % мелиоративтік  кешенді шаралар жүргізу керек.

Жайылымдардың 75 % шөлейт және шөл  зоналарында оның 33 % жайлау, 44 % - көктеу, және күзеу, 13 % жыл бойы пайдаланылады. Жайылымдарды жүйесіз пайдалану  салдарынан 50-60 % шөбі жұтаңданған және тақырланған, көптеген аудандар суландыруды  қажет етеді.

Қазақстанның жері кең байтақ болғанымен егіншілікке онша қолайлы емес, оның 9,7 % ғанашылық жерлерінің 42 % сортаң және сортаңданған, оның ішінде егістіктің 23 %, тақырланған жерлр 12 %, оның ішінде  егістіктің 4,8 %. Әйткенмен, республикамыздың жер ресурстары халқымызды азық-түлікпен,  жеңіл тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен және артық өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

Қазақстан территориясы шұғыл континентті  климаттық аймақта орналасқан, қысы суық, жазы ыстық, жауын-шашын және жер  беті суларының мөлшері жеткіліксіз  Арктикалық және тропиктік ауа массаларының әсерінен көктемде үсік, жазда аңызақ болатын кездер ауыл шаруашылығына  көп зиян келтіреді. Қыстағы боран  мен көктайғақтың зияндары да аз емес. Осындай қауіпті аймақта 1954-55 жж 18 млн. га жер жыртылды. Тың көтеру алғашқы жылдары жақсы өнім бергенімен, кейіннен жыртылған жерлер эрозияға ұшырап өнімділігі төмендеді. Жайылымдарға нұқсан келтірілді.

Техногендік өндіріс жерден өнім алуды  молайту үшін ауыл шаруашылығын индустриялды жолға қою деп білді, техникамен жабдықтау арттырылды, ол экология мәселелеріне көңіл бөлмеді. Тыңайтқыштар мен улы химикаттар қолдануда  ғылыми негіз болмады және нормаларын сақтауға бақылау болмады. Орынсыз  өзендерді бөгеу, арнасын өзгерту  орын алды. Жақсы жайылымдар, шабындықтар  жыртылды, ауыр техникамен тапталды.  Әрімен мал кешендері құрылып, отырықтандырылып  жайылымдарды тақырлады, құнды өсімдіктрі жойылып, орнын арам шөптер басты. Осылардың  салдарынан ауыл шаруашылығының экологиялық  мәселелері қиындай түсті. Жұмсаған қаржының қайтарымы төмендеді.

Қайта құру кезінде бұрынға қателіктер түзелудің орнына күрдлене түсті. Ауыл шаруашылығының тиімділігі азайды, бөлінетін  қаржы қысқарды. Жекешелендіру нәтижесінде  қуатты шаруашылықтар бөлшектенді. Бөлінген шаруа қожалықтарының   жерді өңдеуге, тиімді пайдалануға  техникасы, қаржысы т.б. мүмкіндіктері  болмады. Пайдаланудан шығарылған жерлерді арамшөп басты, зиянкестері көбейді, сортаңдануы, эрозиясы т.б. бүлінулері көбейді. Ауыл шаруашылық жерлерін өңдеу, тыңайтқыш беру, орман отырғызу, суландыру, өртпен күрес т.б. агромелиоративтік  шаралар күрт азайды, тіпті жүргізілмеді десе де болады. Осының барлығы ауыл шаруашылық жерлерінің экологиялық  жағдайын бұрынғыдан да нашарлатты.

Ауыл шаруашылығына енді ғана көңіл  бөліне бастады. Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылық жерлерінің ұтымдылығын  арттыру үшін көлемді агромелиоративтік  шаралар  жүргізу керек оның ішінде егістікті және су көздерінқорғайтын  орман өсіру, суландыру, тыңайтқыштар беру, өңдеу, жер ресурсын пайдалану  құрылымын жақсарту. Суармалы егістікте  суғару жүйелерін жетілдіру озық технологиялар мен тәжірибелерді  қолдану, ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын жақсарту, мал шаруашылығында жайылымдарды суландыру, маусымдық  жайылымды қалпына келтіру, мал  тұқымдарын асылдандыру.

Дүние жүзі халықтарын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ғалымдардың  пікірі бойынша екі жол бар.

Бірінші, қазіргі жағдайдағы ең негізгі  жол – ауыл шаруашылық технологиясын  жетілдіру, өндірісті интенсивтендіру, өнімділікті арттыру, химизация  және мелиорация негізінде топырақтың құнарлылығын арттыру, өнімдерді жинау, өңдеу, тасымалдау кездерінде ысырапты азайту.

Екінші, болашақта ауыл шаруашылық өнімдерін алудың жаңа биотехнологияларын игеру және кеңінен қолдану, өндіріс  процесстерін автоматтандырып, жасанды  ортада жыл бойы тұрақты өнім алу.

Қазіргі техногендік өндіріс өнімді арттыруға бұрынғыдан әлдеқайда  артық шығын жұмсауды талап етеді. Соңғы 60 жылда дәнді дақылдардың  өнімділігі 2 есеге өскенде қоланылатын  трактор құны 100 есе, комбаин  - 250 есе, тыңайтқыштар – 350 есе артқан, өнімнің  бір өлшемін алуға жұмсалатын қаржы 1100 есе  өскен. Мәліметтер енді өнімділікті осындай шығындармен 2 есе арттыруға ешқандай ресурстар  жетпейтінін көрсетеді. Сондықтан   ауыл шаруашылығын ресурс үнемдеуші  жолға қою керек. Ауыл шаруашылық өндірісінің негізі экологиялық  принциптер болуы керек. Соның негізінде  механикаландыру және автоматтандыру, химизация, мелиорация, т.б. ҒТП жүзеге асырылуы тиіс. Ауыл шаруашылығын техногендік  өндірістен экологиялық түрге шұғыл  ауыстыру керек. Мұнда қаржы жұмсау, технология, экономикалық басқару, сауда-саттық, халықаралық байланыстар барлығын оңтайландыру қажет.

Информация о работе Лекция по "Бизнес -планированию"