Лекция по "Бизнес -планированию"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 06:17, лекция

Краткое описание

Работа содержит лекцию по дисциплине "Бизнес-планирование"

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәрістік кешен.docx

— 96.58 Кб (Скачать документ)
  1. Қазақстанның отын-энергетика ресурстары, олардың пайдалануы.
  2. Отын-энергетика ресурстарын үнемдеу жолдары
  3. Энергетикалық мақсатқа балама энергия көздерін, қалдықтарды пайдалану.
  4. Дәстүрлі емес, балама энергетиканы дамыту: мүмкіншіліктері мен кедергілері.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

 

1. Назарбаев Н.А. Стратегия ресурсосбережения  и переход к рынку М.1992

2. Упушев Е.М. Ресурсосбережения  и экология: Уч.пособие-Алматы:Экономика  2010 -320с.

3. Мұқаұлы С. Қайтарымды ресурстарды  пайдалану: Оқу құралы. –Алматы:  Экономика, 2009-115 бет.

4. Упушев Е.М. Экология, природопользование, экономика – Алматы: НИЦ «Ғылым»  2002

5.Упушев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты  пайдалану және қоршаған ортаны  қорғау: Оқулық-Алматы: Экономика 2006 – 480 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-тақырып

Рудалы пайдалы қазбаларды үнемдеу мәселелері

  1. Рудалы пайдалы қазбалар қоры, қазіргі жағдайы.
  2. Кен орындарын кешенді пайдалану.
  3. Минералдық шикізатты үнемдеу.
  4. Тау-кен өндірісінде табиғатты қорғау
  5. Металл үнемдеу шаралары.

 

Дәрістің мақсаты – рудалы пайдалы қазбалардың маңыздылығын пайдалану жағдайын, металл үнемдеу жолдарын түсіндіру.

Тірек сөздер: Рудалы пайдалы қазбалар, металдар, тау-кен өндірісі, өндіру, байыту, металлургия, металл прокаты, металл үнемдеу, кен категориясы және кондициясы.

Рудалы пайдалы қазбалардың  басты түрлері әлемдегі және Қазақстандағы  қорлары, кен орындары, олардың орналасуы  мен пайдалануы. Қазақстанның рудалы пайдалы қазбалары олардың сарқылуы туралы болжамдар. Қазақстанның минералды  шикізат базасын нығайту туралы ұсыныстар. Қазақстанның темір, марганец, хром, никель, мыс, мырыш , қорғасын алюминий, сирек кездесетін металдар, т.б. түсті  және бағалы металдар қорына, орналасу кен орындарына қысқаша сипаттама  және  қазіргі пайдалану мәселелері:

  1. Шикізат базасы мен өндіру қуатын талдау
  2. Шикізат экспортының мәселлері
  3. Экономикамыздың металл сыйымдылығына талдау
  4. Геологиялық барлау жұмыстарын жетілдіру,
  5. Кен өндіру, байыту және өңдеу тиімділігін арттыру, ысыраптарды азайту.
  6. Минералдық шикізат ресурстарын пайдаланудың бағдарламасы.
  7. Қара металлургия шикізаты бойынша: шикізатты толық өндіру, өңдеуді

тереңдету, прокат өнімдерін, қаңылтыр шығаруды көбейту, сапасын жақсарту, ферроқорытпалардың ассортиментін  көбейту, еліміздің қажетін дайын  өнімдер прокатымен, құбырмен т.б. қамтамасыз ету, экспортқа өңделген металл өнімдерін  шығару.

  1. Түсті металдар бойынша: түсті металдар кендерін кешенді пайдалану,

олардан дайын өнімдер (прокат, сым, кабель, аккумулятор, т.б.) шығаратын  өндірістерді дамыту, экспортқа дайын  өнімдер шығару.

  1. Экономиканың барлық салаларында металл сыйымдылығын азайту,

металлургиялық өнімдердің сапасын  жақсарту

  1. Металл сынықтарын, қалдықтарын, кен өндіру, байыту және

металлургия, металл өңдеу қалдықтарын  қайта пайдалану ісін жақсарту.

  1. Тау-кен өндірісі мен металлургия саласының экспорт саласының тиімділігін арттыру.

Тау-кен өндірісі, металлургия және металдарды тұтынудың барлық

салаларында ысырапқа жол беріледі, ресурс үнемдеу мүмкіншіліктері  толық пайдалынбайды.

Тау-кен өндірісінде 30% дйін руда жоғалтылады, руданың едәуір бөлігіне бос жыныстар араласады, кеннің едәуір бөлігі жер  астында қалады. Кенді байыту және өңдеу кезеңдерінде біршама металл қалдықпен шығарылады.

Экономика салалаырнда металл үнемдеу  әсіресе маңызды. Мысалы, құрылыс  саласында жұмсалатын металл прокатының  1 т. Үнемдеу металлургия шикізатының 6-7 т. үнмдеумен бірдей. Сондай-ақ, металл үнемдеудің  тиімділігі де жоғары. 1 т. прокат шығаруға жұмсалатын қаржы осындай металл үнемдеуге жұмсалатын қаржыдан бірнеше  есе көп.

Металл үнемдеудің тағы бір бағыты прокаттың сапасын жақсарту, коррозияға төзімділігін арттыру.

Келесі маңызды бағыт металл сынықтарын, жаңқаларын, істен шыққан металл бұйымдарын қайта қорыту және қайта пайдалану. Оның тиімділігі өте  жоғары. Мысалы,  1т. металл  сынықтары 6-7 т. темір кенін алмасытрады  басқа шығындарда үнемделді. Алюминий заттарын металл қалдықтарынан өндіргенде глиноземнен өндіргенге қарағанда  20-25 ес аз электр энергиясы, 7-7,5 есе аз отын, 8 есе аз қаржы жұмсалады. Латун бронза қоспасын қалдықтан өндіргенде шикізаттан өндіргенге қарағанда электр энергиясы - 5 есе, отын 3-3,5 есе, ақшалай шығындар 10 есе аз жұмсалады.

 

Бақылау сұрақтары

  1. Қазақстанның рудалы пайдалы қазбалары.
  2. Кен өндіру, байыту, өңдеу процесстерінде шикізатты кешенді пайдалану.
  3. Экономика салаларында металл үнемдеу.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Упушев Е.М. Ресурсосбережения и экология: Уч.пособие-Алматы:Экономика 2010 -320с.

2. Мұқаұлы С. Қайтарымды ресурстарды  пайдалану: Оқу құралы. –Алматы:  Экономика, 2009-115 бет.

3. Упушев Е.М. Экология, природопользование, экономика – Алматы: НИЦ «Ғылым»  2002

4.Упушев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты  пайдалану және қоршаған ортаны  қорғау: Оқулық-Алматы: Экономика 2006 – 480 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-тақырып

Бейруда пайдалы қазбаларды үнемді пайдалану

  1. Бейруда пайдалы қазбалар: химиялық шикізаттар, тұздар, құрылыс материалдары шикізаттары, тастар.
  2. Шикізатты кешенді пайдалану
  3. Қалдықтарды пайдалану тиімділігі
  4. Қалдықтарды қайта өңду және табиғатты қорғау

Дәрістің мақсаты – бейруда пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалану жолдарын, маңыздылығын түсіндіру.

Тірек сөздер: бейруда пайдалы қазбалар, химиялық шикізаттар, тұздар, тастар, саз құрылыс материалдары шикізаты, кең таралған пайдалы қазбалар.

  1. Жер шарында бейруда пайдалы қазбалар кеңінен таралған. Олар

платформаларда да, қатпарлы аймақтарда да орналасады. Бейруда пайдалы қазбаларға жататындар: тұздар, апатит және фософорит, күкірт, тастар және құрылыс материалдарының  шикізаты

Тұздардың мол қоры – Конгода, Ресейде, Украинада, АҚШта, Канадада бар: апатит пен фосфорит – АҚШ, Ресей, Въетнам, ОАР; Алжит, Тунис, Марокко, Того, Египет, Иорданияда;  күкірт – Мексика, Ресей, Тәжікстан елдерінде бар.

Қазақстанда: Асбестің – ең ірі кен орны Жітіқара және Жезқазған аймағында;

Фосфорит – Қаратауда (Шолақтау, Ақсай, Жаңатас) сапасының жоғарылығы және қабатының қалыңдығы жөнінен бұлардың бүкіл жер шарында теңдесі жоқ. Сондай-ақ фосфорит кен орындары Ақтөбе ауданында, Ембі өзенінің жоғары саласында, Маңғыстауда және Арал маңында  (Қазалы ауданында) бар. Елімізде фосфаты бар 226 кен орны анықталған. Болжамдық қоры бірнеше млрд тоннаға жетді. Ас тұзы Қазақстанда өте көп. Әсіресе, Каспий маңы ойпаты ас тұзына өте бай. Онда кей жерлерде тұз қабаттарының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км астам. Кейбір қабаттарда ас тұзымен қоса калий және т.б. тұздар болады. Бұдан басқа, Каспий маңы ойпаты мен Батыс Сібір жазығында, Арал, Балқаш маңайында т.б. жерлерде тұзды көлдерде тұнба тұздары түзейді. Ас тұзы көпшілігінд тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Ал оның химиялық технологиялық шикізат ретінде потенциалы өте мол. Техникалық тұрғыдан ас тұзын өңдудің құрғақ электролиз, су ерітіндісінің электролизі және қосымша реагенттер қолданып химиялық өңду әдістері игерілген. Қазақстанда теңіз суын тұщыландыратын шапшаң нейтронды атом электростанциясы жұмыс істейді. Су тұтыну қондырғыларынан көп мөлшерде тұз шығарылады. Оны кешенді пайдалану қосымша өнімдер береді және негізгі өнімнің өзіндік құнын кемітеді. Жапонияда «Курито Косно» фирмасы 4 млн. литр теңіз суынан 3 млн. метр тұщы су, 108 т. ас тұзын, 2,2 т. глаубер тұзын, 15,9 т. магний, 16,7 т. хлор, каустикалық сода алатын ерітінді және басқа өнімдер алатын зауыт жоспарлаған (Ю.Коваленко, 26 бет).

  1. Шикізатты кешенді пайдалану. Қазақстанда Каспий аймағын

игерумен байланысты су тұщыландыру  қалдықтарын, оның ішінде ас тұзын кешенді  өңдеу арқылы өнімдер өндіру кешенін  дамыту өте маңызды. Қазақстан жері әк тас, мергель, бор, мрамор гранит, гипс, отқа төзімді саз, кварцты құм, минералды  бояулар сияқты құрылыс материалдарына бай.

Фосфорит кенін пайдаланудың басты бағыты кешенді, тиімді пайдалану. Кен негізінен ашық әдіспен өндіріледі.  Содан кейін Қаратау фабрикаларында ұсақтайды, сорттайды және байытылып, химия кәсіпорындарына жіберіледі.

Ұсақтау және сорттау, байыту процесстерінде қалдықтар (ұнтақтар) пайда болады. Оларды фосфор ұнын өндіруге пайдалануға  болады. Әйткенмен, пайдалану дәржесі  әлі жеткіліксіз.

Екінші маңызды мәселе бағалы компоненттерді жоғалтпау. Кейде байыту және технологиялық  өңдеу кездерінде 35 пайызға дейін  фосфор жоғалтылады, ұнтақтар қайта  пайдаланусыз жоғалтылады. Үйінділерде  бірнеше млн. тонна  баланстық  емес фософор қоры  жинақталған.

Қарапайым фосфор өндіргенде көп мөлшерд  шлак, шлам, феррофосфор, кокс ұнтақтары, фосфорит ұнтақтары, кварцит жанатын  газ пайда болады. Әсіресе ең көбі электропештерден шығатын шлак. Фосфор кәсіпорындарында ондай шлактан  қиыршық тас, шақпақ шлак және пемза  алынады.

Фосфор өндірісінің қождарын пайдаланудың тағы бір тиімді бағыты – қож  ситалл өнімдрін шығару. Шақпақ қож (шлак) цкмкент өндірісінде пайдаланады.

Фосфор шламы пештерді тазалағанда, тұндырғыштардан, темір жол цистерналарын тазалағанда, т.б. фософр тасымалдау  және өңду операцияларынан алынады. Оның құрамында фософор 50 пайызға дйін жетді. Ол негізінен фосфор қышқылын өндіруге пайдаланады.

Феррофосфор болат қорытушы кәсіпорындарға жөнелтіледі.

Фосфор ұнтақтары жентектеліп  қайтадан фосфор өндірісінде шикізатпен бірге пайдаланады. Кокс ұнтақтары  отын ретінде қазандықтарда пайдаланылады.

Коттрель тозаңы – фосфор бес тотығынан (20-25 пайыз), кальций тотығынан (25-35 пайыз) және кремнийден (25-30 пайыз) тұрады. Ол фосфорит тозаңдарынан жентек жасайтын «коттрель сүтін» алуға пайдаланылады.Орташа есеппен 1 тонна фософор өндіргенде 10,3 тонна шлак, 0,1 т. кварцит, 1т фосфорит тозаңы, 0,4 т кокс тозаңы алынады. Көп мөлшерде  фосфор технологиялық өңдеулерде 25 пайызға дейін жоғалтылады..

Суперфосфат өндірісінде де көп мөлшерде қалдықтар (фосфогипс, пирит тұқылы, селен шламы) шығарылады. Фосфогипс фосфор қышқылын өндіргенде 8т фосфогипс шығады. Фосфогипсті ауыл шаруашылығында, цемент, гипс, күкірт қышықылы өндірісінде қолдануға болады.

Күкірт колчданын күйдіргенде  көп мөлшерде шығатын қалдық пирит  күйіндісі. Күкірт колчеданында күкірттен  басқа, темір, мыс, мырыш, бағалы және сирек  металдар болады. Бірақ одан күкірт қышқылын өндіргенде тк қана күкірт және селеннің бір шамасы пайдаланады, ал қалғандары пирит күйіндісінде қалады.

Селен шламы елімізде пайдаланылмайды, шетке шығарылады.

Кальций карбидін өндіргенде едәуір қалдықтар мен ілеспе өнімдер  алынады (әктас ұнтақтары, кокс ұнтақтары, газдар, шлам, кальций тотығының  гидраты т.б.) Олардың ең көп көлемдісі  ұлпа әктас (ізбес). 1 т кальций карбидін өндіргенде 1,1 т ұлпа әк алынады. Ол силикат кірпіш өндірісінде, химия  кәсіпорындарының ақаба суын заласыздандыруда, топырақты өңдеуге, сұйық ізбес  шығаруға пайдаланылады.

Әктас күйдіретін пештерінің газында  17-20 пайыз көміртк қос тотығы болады, оны көмір қышықылын алуға пайдалануға болады, ал ол  қышқыл суды газдауға қолданылады.

  1. Қалдықтарды пайдалану тиімділігі. Бейруда пайдалы қазбалары көп

мөлшерде құрылыс материалдарын  шығаруға және құрылыста пайдаланылады. Мұнда ресурсүнемдеу мүмкіндіктері  өте көп. Ресурсүнемдеудің ең бір  тиімді жолы табиғат ресурстарының  орнына қалдықтарды пайдалану. Қазір  біздің елімізде және басқа елдерде  қалдықтан немесе оларды негізгі шикізатқа араластырып, көптеген құрылыс материалдары алынады. Олар: цемент, жабысқақ, желімдегіш материалдар, қабырғалық изоляциялық материалдар, керамика, аглопозит пен керамзит, плиталар, ситал, іргелік тастар т.б.

Қалдықтарды құрылыс материалдарын  шығаруға пайдалану бір жағынан  ресурс үнемдесе, екінші жағынан қоршаған ортаны қоқыстардан тазартады..

Мысалы, көмір өндіргенде және өңдегенде  пайда болған қалдықтар терринондарда  тау-тау болып үйіліп жатады. Бұларды  құрылыс материалдары шикізаты есебінде пайдалануға болады. Кірпіш шикізатының  құрамына мұндай қалдықтарды қоссаңыз кірпішті кептіру, күйдіру процесстері  тездетіледі, отын үнемделді және кірпіштің  физикалық қасиеттері жақсарады (салмағы  жеңілдейді, жылу өткізгііштігі кемиді). Көмір қалдықтарын кеуекті саңлаулы кірпіш шығаруға лайдың құрамына қосқанда технологиялық отын шығынын 80 пайызға, өнімнің өзіндік құнын 19-28 пайызға азайтуға болады. Өндіріс тездетіледі, алдын-ала кептіруді қажет етпейді.

Көмір қалдықтарынан жеңіл бетон  құюға қажетті аглопорит пен  ұсақ қиыршық тастар алуға болады.

Жылу электростанцияларының күлдерін жол салуға, ауыл шаруашылығында топырақтың құнарлылығын арттыруға, бетонға қосуға, су  бөгендерін салуға, тұрғын үйдің  қабырғасын құюға, изоляциялық материалдар, жеңіл материалдар шығаруға қолданады.

Информация о работе Лекция по "Бизнес -планированию"