Лекция по "Бизнес -планированию"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 06:17, лекция

Краткое описание

Работа содержит лекцию по дисциплине "Бизнес-планирование"

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәрістік кешен.docx

— 96.58 Кб (Скачать документ)

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті




 

 

 

                                                  «Инженерлі экономика» факультеті

 

«Табиғатты пайдалану  экономикасы»  кафедрасы

 

 

 

 

«РЕСУРСҮНЕМДЕУ»    EEOPR 2224                                    

(пән атауы, коды)

 

 

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

 

5В05060800 «Экология»  мамандығы

(мамандығы шифрі, аты)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ, 2013

 

 

 

1 - тақырып. «Ресурс үнемдеу»: пәні, мақсаты, қазіргі мәселелері

  1. Ресурс үнемдеу мағынасы, мақсаты, міндеттері
  2. Ресурс үнемдеудің қазіргі жағдайы
  3. Ресурс үнемдеуге байланысты экономикалық қатынастар

 

Дәрістің мақсаты «Ресурс үнемдеу» пәнінің мақсатын, міндетін, алатын орнын түсіндіру.

Тірек сөздер: Табиғат ресурстары, ресурс пайдалану және үнемдеу, экономикалық қатынастар, ресурс үнемдеу маңыздылығы.

Экономиканың дамуының қазіргі  сатысында табиғат ресурстарын  пайдалану жылдан-жылға зор қарқынмен  артып келеді. Қазіргі уақытта  жыл сайын жер қойнауынан 100 млрд. т, кен, отын,  құрылыс материалдары қазып алынады, оның ішінде 4 млрд. т  мұнай мен газ, 2 млрд. т көмір  өндіріледі. Өткен ғасырда әлемде энергия тұтыну 14 есе артқан. Жерге 92 млн. т тыңайтқыштар мен 2 млн.т  улы химикаттар шашылады. Атмосфераға 200 млн. т астам  көміртек тотықтары, 50  млн. т көмірсутектер, 146 млн.т  күкірт диоксиді, 53 млн.т  азот тотығы, 250 млн. т  шаң шығарылады. Су қоймаларына 32 млрд. м3 ластанған су төгіледі. Мұхиттарға 10 млн. т мұнай төгіледі. Жыл сайын 6-7 млн. га жер ауыл шаруашылығына жарамсыз болып істен шығарылады, 17 млн. га орман жойылады. Жердің техногендік тақырлануы 3,6 млн. км3 жетті, құм басудан 20 млн км3 жоғалтылды. Су тұтыну 100 жылда 12 есе артып, жылына 5 мың куб. км жетті. Орман алқабы 35% кеміген. Жыл сайын 10-15 мың биологиялық түрлер жойылады.

Осының барлығы адамзат әрекетін түбегейлі өзгертуді талап етеді. Өйткені табиғат ресурстары шексіз емес. Осы жағдайда адамдар игілігі  үшін экономиканы одан әрі дамытудың  бірден-бір жолы табиғаттың ресурстарын  сарқылтпай үнемдеп пайдалану, қалпына  келетіндерін  ұдайы ұлғаймалы  өсіру, экономиканың табиғатқа жағымсыз әсерлерін азайту.

Мәселенің алғашқысын Ресурс үнемдеу пәні қарастырады, сондай-ақ оның табиғатты қорғауға да тікелей қатысы бар. Өйткені бір жағынан ресурс үнемдеу өндірістік ресурстарды кешенді және ұтымды пайдалану болса, екінші жағынан сол арқылы табиғатты қорғау болып табылады.

Табиғат ресурстары тұтыну қажеттіліктерін  қанағаттандыру мақсатын көздейді. Ал адамдардың қажеттілігі биологиялық және әлеуметтік  болып бөлінеді. Тіршілік үшін биологиялық қажеттіліктер тарихи даму барысында әлеуметтік қажеттіліктерді туғызды. Ал, ол өз кезегінде биологиялық қажеттіліктерді өзгертті. Қазіргі тауарлы өндіріс пен еңбек бөлінісі табиғат ресурстарын пайдалану сипатын өзгертті, биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру шеңберінен асырып жіберді. Соның салдарынан қазіргі экологиялық күйзелістерді туғызды. Оның басты себептері:

  1. Табиғат ресурстарын тұтыну шектерінің бұзылуы. Оларды адамзаттың өз бөлігінен артық тұтынуы, ал көпшілігінің оған қол жеткізе алмауы.
  2. Табиғат ресурстарының сарқылуы: топырақтың азуы, орманның жойылуы, судың, атомосфераның ластануы, биологиялық түрлердің азаюы.
  3. Демографиялық мәселелер: адамдар санының артуы, урбандалу қарқыны, мегаполистер.
  4. Технологиялық анархия – адамдардың өздері жасаған құралдарын басқара алмауы.
  5. Табиғи ортаның өндірістік, тұрмыстық және әскери қарулармен ластануы.
  6. Жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың көбеюі, әскери жаттығулар мен қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер.

Мәселені шешу үшін, тым болмаса  соған ұмтылу үшін адамзат 

қоғамының тұтынуды бақылауы, сапалы түрде басқаруы керек. Осы мәселенің  шешімін іздеу барлық әлеуметтік, экономикалық, саяси, гуманитарлық ғылымдардың  міндеті, оның ішінде ресурс үнемдуге де тікелей қатысты.

Сонымен, ресурс үнемдеу пәнінің мақсаты адамзаттың дамуының болашағы үшін табиғат ресурстарын сарқылтпай, ұтымды пайдаланып, қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын қарастыру. Міндеттері: ресурс үнемдеудің теориялық негіздерін ашып, практикалық басқару жолдарын көрсету.

Ресурс үнемдеу пәні өзінің зерттеулерінде жалпы ғылыми және арнайы әдістерді  пайдаланады. Олар: болжау, жоспарлау, факторлық талдау, нормалау, мөлшерлеу, мониторинг, моделдеу, сараптама т.б.Ресурс үнемдеуде, әсіресе, нормалау мен мөлшерлеудіің маңызы зор. Нормалау негізінде табиғатты пайдалану шегі, нормалары анықталады, ресурс үнемдеу мүмкіншіліктері есептеледі.

Қазақстанның экономикасының ерекшелігі – шикізаттық бағытта дамыған. Осы  жағдай табиғат ресурстарын үнемдеуге, ұтымды пайдалануға ерекше назар  аударуды талап етеді. Ресурс үнемдеумен бірге қалпына келетін ресурстарды  ұдайы ұлғаймалы өсіру, сарқылатын ресурстарды басқа баламалармен алмастыру қарастырылады.

Сонымен, ресурс үнемдеу пәнінде  табиғат ресурстарын үнемдеп, тиімді пайдаланудың қазіргі жағдайы, болашағы, мүмкіндіктері мен басты бағыттары  қарастырылады. Осы мәселелер бойынша  әлемдік және отандық тәжірибелер  көрсетіледі. Ресурс үнемдеуді басқару  және ынталандыру механизмі қарастырылады.

Ресурс үнемдеу тек қана өндіріс  саласында емес тұтыну секторларында  да қарастырылады. Ресурс үнемдеу нақты  өндіру мен тұтыну сфераларымен қатар  макроэкономикалық реттеуді, экономикалық саясатты, халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды қамтиды. Сондықтан пәнд экономиканың құрылымы, ішкі-сыртқы экономикалық саясаты да қарастырылады.

Бақылау сұрақтары

  1. Ресурс үнемдеу пәні мақсаты, міндеттері
  2. Ресурс үнемдеудің қазіргі жағдайы
  3. Ресурс үнемдеу экономикалық қатынастары
  4. Интенсивті экономика үшін ресурс үнемдеу маңыздылығы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Упушев Е.М. Ресурсосбережения и экология: Уч.пособие-Алматы:Экономика 2010 -320с.

2. Мұқаұлы С. Қайтарымды ресурстарды  пайдалану: Оқу құралы. –Алматы:  Экономика, 2009-115 бет.

3. Упушев Е.М. Экология, природопользование, экономика – Алматы: НИЦ «Ғылым»  2002

4.Упушев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты  пайдалану және қоршаған ортаны  қорғау: Оқулық-Алматы: Экономика 2006 – 480 бет.

 

2-тақырып. 

Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру  және табиғат

 ресурстарын үнемдеп  тиімді пайдалану

 

  1. Табиғат ресурстарын тұтыну қажеттілігі және интенсивті экономика
  2. Қоғамдық өндіріс қажеттілігі және оны қанағаттандыру
  3. Табиғат ресурстарын үнемдеудің басты жолдары, ҒТЖ, тұрақты даму

 

Дәріс мақсаты – экономиканы интенсивтендіру үшін ресурс үнемдеудің маңыздылығын көрсету.

Тірек сөздер: Интенсификация, ресурс тұтыну биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктер, өндіріс тиімділігін арттыру.

 

Жердегі әрбір биологиялық тірліктің  өмір сүруі күнделікті қажеттіліктерін  қанағаттандырумен байланысты. Қажеттілік  дегеніміз не?

Қажеттілік – күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін тірі организмдердің өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы. Өйткені, табиғи орта тіршілікк қажеттіліктерді береді, тірі организмдердің әрекеттері соған бағытталған.

Жануарлардың немесе адамдардың сыртқы ортамен қатынасы оның тіршілік әрекеті  болып табылады. Алғашқы қажеттілікті қанағаттандыратын заттардың барлығы  табиғатта бар. Бірақ тіршілік әрекеттерінің  арқасында ғана олар қажеттілікті қанағаттандырады.

Өзінің тіршілігін қамтамасыз ету  үшін кез-клген организм табиғи ортадан  зат, қуат, ақпарат алуға мәжбүр болады.

Жануарлар осылардың барлығын табиғаттан дайын күйінде өзгерпей алады. Табиғат  жағдайы өзгергенде өздері оған бейімделеді. Ал адамдар табиғат  ресурстарын  еңбекпен тұтынуға дайындайды. Еңбекпен адамдар тек  қана тұтыну өнімдерін  жасап қоймай, сонымен қатар оларды өндіруге қажетті еңбек құралдарын жасайды. Сонымен, жануарлардың табиғи ортамен қатынасы біржақты, адамдардың қатынасы екі жақты. Адамдар және оларды қоршаған орта бірін-бірі қалыптастырады. Адам тек қана табиғи ортадағы өзгерістердің  салдары ғана емес, себептері де болып табылады.

Қажеттіліктерін табиғи ортадан қанағаттандыру үшін жануарлар тек қана өзінің күш-қуатына  сенеді. Ал адамдар тіршілігіне қажетті  заттарды өндіру үшін еңбек құралдарын пайдаланады. Еңбек нәтижесінде  адамдар дамып, олардың биологиялық  қажеттіліктерімен қатар, әлеуметтік қажеттіліктері пайда болады.

Биологиялық қажеттілік –  дегеніміз адамдардың биологиялық  түр ретінде тіршілігіне қажеттіліктер. Олар:

  • қолайлы қоршаған ортаның қажеттіліктері;
  • зат, қуат және ақпарат алмасу қажеттілігі;

Әлеуметтік қажеттілік дегеніміз адамдардың әлеуметтік (қоғамдық)

тірлік ретінде қажеттіліктері:

  • еңбек әрекет ету қажеттіліктері;
  • өзі сияқтылармен, адамдардың бір-бірімен байланысының барлық түрлерінің қажеттілігі.

Биологиялық және әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру бір мақсатқа,

адамдардың өмір сүруіне бағытталады. Басқаша айтқанда, адамдар осы  мақсат үшін әрекеттенеді және дамиды.

Адамдардың қажеттіліктері бір  қалыпта қалып қоймайды, әрқашан  дамып отырады (тарихи солай болған, солай бола береді). Қажеттіліктердің артуы адамдардың, адамзат қоғамының  негізгі қасиеті және  жануарлардан басты ерекшелігі. Бұл жалпы әлеуметтік заңдылық. Өскелең қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін табиғат ресурстарын, пайдалану қоғам дамыған сайын  кеңейе, арта түседі. Бұрын да және қазір  адамдардың қажеттіліктері, негізінен  табиғат ресурстарымен қанағаттандырылады. Сонымен қатар, табиғат ресурстарының  өсуі мен қажеттіліктің арту қарқыны  сәйкес емес.  Алғашқысы соңғысына  қарағанда әлдеқайда баяу өседі. Сондықтан өскелең қажеттіліктерді  ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында өндірісті интенсивтендіру қажеттілігі  туды.

Өндірісті интенсивтендіру  – дегеніміз ресурстарды тиімді, үнемді пайдалану арқасында өндірістің дамуын арттыру, ресурстарды үнемдеп, дайын өнімді арттыру. Өндірісті интенсивтендірудің мағынасы ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде еңбек өнімділігін арттыру, шикізат, отын-энергия ресурстарын үнемдеу, қаржыны үнемдеу. Жалпы қоғамдық өндіріс қарқынын арттыру. Өндірістің интенсивті түрі өндірістің нәтижесінің оған жұмсалатын барлық ресурстардың өсімінен артық қарқынмен дамуын білдіреді.

Өндірісті интенсивтендіру  өндіріс ресурстарының барлығының пайдалану тиімділігін арттыруға  жеткізуі тиіс. Оның басты бағыттары:

  1. Еңбек өнімділігін арттыру
  2. Еңбек заттарын үнемдеу, кешенді толық пайдалануды іске асыру, қалдықтарды азайту және қайта пайдалану
  3. Өндіріске жұмсалатын қаржыны үнемдеу
  4. Өндірістің құрылымын жақсарту
  5. Тұтынатын тауарлардың сапасын жақсарту.

Өндірісті интенсивтендіру ғылыми-техникалық жетістіктерді, озық тәжірибелерді  қолдану және ұйымдастырушылық шаралар  нәтижесінде мүмкін болады. Өндірісті  интенсивтендіру нәтижесінде өндірістің ресурс, қор, қаражат сыйымдылығы  кемуге тиіс.

Айта кету керек, ресурс үнемдеу  өндіріс тасымалдау, сауда, тұтыну, яғни ұдайы өндірістің барлық сатыларына қатысты. Қазіргі қоғамда ресурс үнемдеу тек қана өндірісте қарастырылады, экономикалық механизм де осыған ынталандырады. Сол себепті, артық өндіру, тасымалдау, тұтыну тиылар емес. Керісінше, тауар  қатынасы дамыған сайын артып  отыр. Қазір адамдардың тіршілік қажеттілігінен анағұрлым артық тауар өндіріледі, соның салдарынан қажеттіліктен  ондаған, жүздеген есе артық табиғат  ресурстары өндіріске тартылады. Сөйте  тұра жеке адамдар өздерінің тауаға деген сұранысы толық қанағаттандырылмайды деп есептейді.

Өнеркәсібі дамыған елдерде  артық өндіру және тұтыну дағдыға  айналды. Жарнама затқа табынушылық  мәдениеті мемлекеттік саясат, коммерция  және маркетинг барлығы тұтынуды насихаттайды, халықты соған итрмелейді. Бұл тұрғысында американдық сауда  маманы В.Лебоу былай деген: «Біздің  өнімді экономикамыз... тұтыну өмір салты  болуын қалайды, зат сатып алуды  дәстүрге айналдыруымыз керек, сол  арқылы рухани қанағаттанушылық табамыз  және өзіміздің кім екенімізді көрсетеміз. Бізге керегі заттар көп мөлшерде сатып алынып, жаңасымен алмастырылып, ескісі тасталып отырғаны». Мұндай тұтынушылықты  қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын  пайдалануды тез қарқынмен арттыру, олардың сарқылуына әкеліп соқтырады, орманды, суды, топырақты, атмосфераны бүлдіреді,тіпті климатты өзгерту қаупін тудырады.

Информация о работе Лекция по "Бизнес -планированию"