Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 06:17, лекция
Работа содержит лекцию по дисциплине "Бизнес-планирование"
Бақылау сұрақтары:
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.А. Стратегия
2. Упушев Е.М. Ресурсосбережения и экология: Уч.пособие-Алматы:Экономика 2010 -320с.
3. Мұқаұлы С. Қайтарымды
4. Упушев Е.М. Экология, природопользование, экономика – Алматы: НИЦ «Ғылым» 2002
5.Упушев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты
пайдалану және қоршаған
7– тақырыптар
Су ресурстарын қорғау және үнемдеу
Дәріс мақсаты: Су ресурстарын қорғау және үнемдеу қажеттілігін түсіндіру және іс-шараларын көрсету.
Тірек сөздер: Су ресурстары, су тұтыну және пайдалану, су үнемдеу, судың сапасы, экологиялық қызметі, ластанған суды тазарту және қайта пайдалану, сусыз технология.
Жер шарының су қабатын «гидросфера» (грек тілінде hydro – су және sphaira – шар) деп атаймыз. Оған химиялық байланбаған сұйық, қатты, бу күйіндегі барлық су қоры кіреді. Жалпы көлемі 1,4 млрд. м3 (1389,5), су қорының 96,4 пайызы (1340,7 млн. км) мұхиттар мен теңіздерде, 1,7 пайызы (23,4 млн.км) жер қойнауында, 1,8 пайызы (24,8 млн.км) мұздықтар мен мәңгі ерімейтін қар, 0,02 пайызына жуығы (0,03 млн.км) жер бетіндегі сулар (өзендер, көлдер, батпақ, тоғандар), атмосферадағы су 0,0007 пайыз.
Тұщы су қоры 35,8 млн км3 (2,58 пайыз) құрамында минералдық қоспалар ерітінділер 1 ‰ ға дейін болғанда тұщы су деп аталады. Ал одан жоғары ащы су, 1-3 ‰ тұздылау, одан жоғары тұзды су.
Гидросфера өте маңызды рөл атқарады. Күн қызуын сіңіріп, біркелкі таратады, жердегі климатты, ылғалдылықты реттейді, оттегі бөледі.Қазіргі кезде гидросфера адамдардың орасан әсеріне ұшырап отыр. Жыл сайын 5 мың км3 су пайдаланылады, одан 10 есе көп су ластанады. Біраз елдер тұщы су тапшылығын сезіп отыр.
Қазақстанда ірілі-ұсақты 85 мыңнан астам өзендер мен бұлақтар бар, олардың ұзындығы 1 мың км жуықтары жетеу (Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Тобыл); 100 км асатындары 155, 10 км-ден асатындары 8 мыңнан астам. Өзендердегі орташа жылдық су ағымы 100 куб. Км. Көлдер 48 мыңнан астам. Ірілері: Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Селеті, Теңіз, Қорғалжың. Көл бетінің ауданы 45 км3. Аумағы 1 км3 аспайьын көлдер 94 % (аумағының 10%). Аумағы 100 км2 аспайьын көлдер 21% (27 мың км2). Көлдердегі жалпы су қоры 190 км3, оның ішінде тұщы су қоры 57 км3.Алтай, Алатау, Тянь-Шань тауларында 2600-3600 м биіктікте 2724 мұздықтарда 100 км3 су жинақталған, аумағы 1963 км2, оның ішінде Жоңғар Алатауында 1369 мұздықтың ауданы 1000 км2, Алтайда 328 мұздықтың ауданы 89 км2. Ең ірі Іле Алатауындағы Корженевский мұздығының ауданы 38 км2, қалыңдығы 300 м, ұзындығы 12 км. Мұздықтар жылына 2 км3 су береді.Жер асты суының барланған қоры 45 куб.км. Мойынқұмда, Қызылқұмда тағы басқа жерлерде жер асты суының барланған қорлары бар. Қазақстанда көптеген орасан сулар бар, олардың температурасы құрамы әртүрлі (хлорлы, калийлі, натрийлі, күкіртті, темірлі т.с.с.) Жалпы қоры 48 куб км шамасында 180 астам су қоймалары салынған. Су ресурстары барлық аймақтарда біркелкі таралмаған. Орталық және Батыс Қазақстанда су ресурстары жеткіліксіз. Сондықтан су үнемдеу бірінші кезектегі маңызды мәселенің бірі. Оның үстіне көпшілік аймақтардағы судың сапасы нашарлаған. Халықтың 40% жуығы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Ертістің, Нұраның, Шерубай-Нұраның, Сырдарияның сулары өнеркәсіп ауыл-шаруашылық қалдықтарымен ластану деңгейі жоғары. Оларда: сульфаттар, хлоридтер, аммоний азоты, нитраттар, фосфаттар, майлар, фенолдар, пестицидтер, мұнай өнімдері жол берілетін шекті деңгейден артық. Ертісте түсті металлургияның улы қалдықтары, Сырдарияда пестицидтер мен тыңайтқыштар көп.
Қазақстанда суды ең көп тұтынатын сектор – ауыл шаруашылығы, оның ішінде мақта, күріш, бау-бақша өсіру. Ауыл шаруашылығында көп су шығынына жол беріледі. Ол су жүйелері, суғару әдістерінің ескі технология және тікелей су ысырабы, суғару графигін дұрыс сақтамау, т.с.с. Егістікке берілетін судың 40% астамы ысырап болады. Жеткізілген судың 8-9% ғана өсімдіктер алады кен. Қалғаны соны қамтамасыз ету үшін жұмсалады. Су шығынын азайту үшін жаңа әдістер мен озық технологияларды қолдану қажет. Мысалы, жаңбырлатып суғарғанда су шығынын 10% азайтуға болады, ал тамшылатып суғарғанда одан бірнеше есе аз су жұмсалады.
Су үнемдеудің тағы бір жолы – агротехника мәдениетін көтеру, құрғақшылыққа бейімделген суды көп қажет етпейтін өсімдіктер өсіру. Суғару графигін ғылыми негізде анықтап, дер кезінде суғару едәуір су үнемдеуге мүмкіндік бреді. Оған қазіргі компьютерлік техникаларды пайдаланып қол жеткізуге болады. Бассейіндік су басқармаларымен бірге әрбір ірі су пайдаланушының ақпараттарды жинау және өңдеу органдары болуы керек, сондай-ақ, аймақтың барлық су көздерін бірге кешенді пайдалану оң нәтиже береді. Қолда бар су ресурстарын ұтымды пайдаланумен қатар балама су көздері де қарастырылуы керек. Олар:
Өнеркәсіпте су үнемдеудің басты бағыттары:
Коммуналдық және тұрғын үй шаруашылықтарында су үнемдеудің басты жолдары:
Барлық су тұтынушыларға лимиттер белгіленіп, су тұтыну нормалары белгіленіп, олардың орындалуы әкімшілік жолмен қадағаланып экономикалық ынталандырылуы және жауапкершіліктері арттырылуы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.А. Стратегия
2. Упушев Е.М. Ресурсосбережения и экология: Уч.пособие-Алматы:Экономика 2010 -320с.
3. Упушев Е.М. Экология, природопользование, экономика – Алматы: НИЦ «Ғылым» 2002
4.Упушев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты
пайдалану және қоршаған
5. Саткалиева Т.С., Лесбаева Г.Т. Управление ресурсосбережением. –Алматы: Экономика 2002
8 – тақырып
Орман ресурстарын кешенді пайдалану.
Дәрістің мақсаты – орман ресурстарын қорғау, молайту, ұтымды пайдалану маңызыдылығын түсіндіру, жолдарын көрсету.
Тірек сөздер: Орман, орман ресурсатары, кешенді пайдалану, ағаш дайындау, ағаш өңдеу өнімдері, өңдеу түрлері, қалдықтарын пайдалану, орман топтары, қызметі.
Жердегі биологиялық ресурстардың едәуір бөлігін орман ресурстары құрайды. Олар орманда өсетін ағаштар, бұталар, өсімдіктер және орманда тірішілік ететін барлық организмдер.
Орман ресурстары - орманның сүректік ағаш қорының және басқа өсімдіктері мен әртүрлі орманда тіршілік ететін организмдерінің қорының, орманның табиғи пайдалы қасиеттерінің жиынтығы. Орман ресурстарының мөлшерін алатын аумағы және ондағы ағаш (өсімдіктер) қорымен сипаттайды.
Планетамыздың орман қоры ресурстық, экологиялық, рекреациялық мәдени-рухани, климаттық, оттегі түзуші және басқа көптеген экологиялық қызметтер атқарады. Әртүрлі организмдердің мекендеу орны жердегі алуан түрлілікті сақтаушы.Жер бетіндегі орман алқабы 4 млрд. га астам, құрылықтық 30%, ағаш қоры 350 млрд м3. Солтүстік белдеуде (2 млрд.га) негізінен қылқан жапырақты ағаштар (67%) және жапырақты ағаштар (33%) өседі. Оңтүстік белдуде (2 млрд м3) – жалпақ жапырақты ағаштар (97%) өседі, негізінен экватор мен тропиктерде орналасқан.
Соңғы ғасырларда жердің орман жамылғысы едәуір қысқарған. Оның басты себептері:
Қазақстан, орманы аз республика, орманды территориясы 4,2% ғана. Орман жері 26,5 млн. га, оның ішінде орманды алқап, 11,4 млн.га, ағаш қоры 375,3 млн м3 , оның ішінде 63% қылқан жапырақты ағаштар, 33% жапырақтылар, 1,8% сексеуіл. Орман жерінің 48% қатты ағаштар (негізінен сексеуіл) 20%-бұталар, 11% қылқан жапырақтылар, 18% жапырақты ағаштар.
Қазақстанда жыл сайын кесуге болатын ағаштың есепті қоры 2,5 млн.м3 деп саналады. Бірақ оның жартысы да дайындалмайды. Өйткені оның басым бөлігі таулы аймақтарда орналасқан. Есепті ағаш кесу мөлшерін сақтамау орманға да, шаруашылыққа да пайдалы емес. Аз кесілген жағдайда орманда қураған ағаштар көбейіп, өрт шығуына, орман зиянкестерінің артуына себепші болады. Ал көп кесілген орман қорына нұқсан келтіріледі, экологиялық қызметтері кемиді.
Орман қорын ұтымды пайдаланудың басты бағыты – оны ұдайы ұлғаймалы өсіріп отыру. Кесілген ағаштың орнына көшеттер отырғызу, немесе ағаш қорының өздігінен молығуына жағдай жасау.
Екінші– орман қорын үнемдеу мақсатында орманды күтіп баптау, кесімдерін сауықтыру, сондай-ақ орманның ағаштан басқа биологиялық ресурстарын кешенді пайдалану.
Үшінші – орманды өрттен және зиянкестерден қорғау шараларын жетілдіру. Табиғи себептермен немесе антропогендік әсерлермен жыл сайын едәуір орман бөлігі өртке ұшырайды.
Төртінші орманды заңсыз пайдаланумен, онда рұқсатсыз ағаш кесумен күрес шаралары. Әсіресе рекреациялық, саауықтыру, егістікті және су көздерін қорғау ормандары, осылардың салдарынан күрт азайып кетті.
Бесінші - ағаш ресурсын үнемдеу мақсатында ағаш қалдықтарын, төменгі сортты, іске жарамсыз ағаштарды кешенді пайдалану және ағаш шикізатынбасқалармен алмастыру.
Алтыншы – ағаштан алынатын өнімдер түрлерін, пайдалану құрылымын жетілдіру.
Ағаш өңду жеңіл материал және оны өңдеу түрлері өте көп. Оларды мханикалық, химиялық, гидролиз және пиролиз әдістері деп бөледі.
Механикалық өңдеу өнімдері: тақтай, діңгектр, бөрене, шпалдар, шпон, фанера, жаңқа, сүргі ұнтақтары, т.б.
Химиялық өңдеу өнімдері: техникалық жаңқадан алынатын целлюлоза, қағаз, картон, лигнин, сульфат сілтісі, ашытқы т.б.
Гидролиздің алғашқы өнімдері: фурфорол, сусло, техникалық лигнин. Оларды әрі қарай өңдеп химиялық өнімдер алады.
Пиролиздің алғашқы өнімдері: ағаш көмірі, абсорбенттер, смола, метил спирті, генераторлық газ, қышқылдар т.б.
Жалпы ағаштан 25 мыңға жуық өнім түрлерін алуға болады екен. Олар жағатын отыннан бастап, баспана, өндірістік шикізат, киетін киім, тағамға пайдаланатын, техникалық, дәрілік өнімдер болып жалғаса береді.