Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 10:15, реферат

Краткое описание

Мен таңдаған курстық жұмыс “ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі банктік тәуекелдерді басқару (тәуекелдің бір түрі мысалында) ” деп аталады. Мұнда тәуекелдің қаржылық және өндірістік қызметте басты проблема болып табылатындығы, тәуекелді ескере отырып, біз өз іс әрекетімізде тәуекелді минимумға жеткізуге тырысамыз. Тәуекел өндірушінің, сонымен қатар банк қызметінің қорытындысын нәтижесінің анықталмағандығы және мүмкін шығындар болуының ықтималдығы. Банктік қызметте маңызды болып тәуекелді жою емес, ол тіпті мүмкін емес, оның болжау мен минималды деңгейге жеткізу табылады. Курстық жұмы үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімде нақты және ауқымды түрде әр түрлі проблемаларды және де банктің тәуекелінің пайда болу себептері мен мазмұны жайлы жаздым.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3

І Бөлім. Банк тәуекелінің пайда болу себептері мен мазмұны ....................4
Банк тәуекелдерінің түрлері ........................................................5

ІІ Бөлім. Банк тәуекелдерін басқару ...............................................................11
2.1. Пайыздық тәуекелдерді басқару ...................................................18
2.2. Несиелік тәуекелдерді басқару ......................................................24
2.3. Тәуекелдерді жою жолдары ...........................................................29

ІІІ Бөлім. Шетелдегі банктердің банктік тәуекелдер және оны басқару ....33
3.1. Халықаралық несиелендірудегі тәуекел .......................................34

Қорытынды ....................................................................................................... 39

Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................40

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банк тәуекелдері.DOC

— 341.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

Жоспар:

 

Кіріспе ................................................................................................................3

 

І Бөлім. Банк тәуекелінің пайда болу себептері мен мазмұны ....................4

    1. Банк тәуекелдерінің түрлері ........................................................5

 

ІІ Бөлім. Банк тәуекелдерін басқару ...............................................................11

2.1. Пайыздық тәуекелдерді басқару ...................................................18

2.2. Несиелік тәуекелдерді басқару ......................................................24

2.3. Тәуекелдерді жою жолдары ...........................................................29

 

ІІІ Бөлім. Шетелдегі банктердің банктік тәуекелдер және оны басқару ....33

3.1. Халықаралық несиелендірудегі тәуекел .......................................34

 

Қорытынды ....................................................................................................... 39

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................40

 

Глоссарий

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мен таңдаған курстық жұмыс “ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі банктік тәуекелдерді басқару (тәуекелдің бір түрі мысалында) ” деп аталады. Мұнда тәуекелдің қаржылық және өндірістік қызметте басты проблема болып табылатындығы, тәуекелді ескере отырып, біз өз іс әрекетімізде тәуекелді минимумға жеткізуге тырысамыз.

Тәуекел өндірушінің, сонымен қатар банк қызметінің қорытындысын нәтижесінің анықталмағандығы және  мүмкін шығындар болуының ықтималдығы.

Банктік қызметте маңызды болып тәуекелді жою емес, ол тіпті мүмкін емес, оның болжау мен минималды деңгейге жеткізу табылады.

Курстық жұмы үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімде нақты және ауқымды түрде әр түрлі проблемаларды және де банктің тәуекелінің пайда болу себептері мен мазмұны жайлы жаздым.

І бөлімде, банк тәуекелінің пайда болу себептерін, банк тәуекелдерінің түрлерін жаздым. ІІ бөлімде, банк тәуекелдерін басқару түрлерін жаздым. Пайыздық тәуекелдерді басқаруы туралы, несиелік тәуекелдерді басқаруы және тәуекелдерді жою жолдарын тізіп жаздым. ІІІ бөлім, шетелдік банктердің банктік тәуекелдері және оны басқару жолдарынан тұрады. Халықаралық несиелендірудегі тәуекел жайлы жаздым.

Әлемдік банктің қарызгерлер жүйесінің есебі кіретін барлық қарызгер – мемлекеттің жиналған қарыздар жиынтығының 34% - ы міндеттемелерден, доллармен өтелуі тиіс. Қалған 66%-ы ең көп бөлігі япондық йенаға келеді.

Үкіметтік сыртқы қарыздың валюталық құрылымын жеткіліксіз диверсификацияламауды келесіден көруге болады: 2005 ж 1 қаңтарында АҚШ – тың сыртқы қарызының валюталық құрылымының үлес көлемі 70,6%-ды, япондық йен – 24,4%, қарызға алудың маманданған құқығы – 2,1%, ЕВРО – 1,1% басқа да – 1,8%-ды құрады.

Несиелерді ұсынуда қарыз алушы қарызға алған сомасын қайтарып бермеу тәуекелі пайда болды.

Халықаралық несиелендіруде көптеген тәуекел түрлері бар және оларды талдау мен өлшеу міндетті болып табылады. Жеке қарастырсақ, мемлекеттік тәуекел бар, ол сыртқы және ішкі несиелендірудің айырмашылығы болып келеді.

Мемлекеттік тәуекелді анықтау үшін сандық және сапалық деңгейде салынған ресурстар тәуекелін сипаттайтын әр түрлі бағалау әдістері қолданылады. Бағалау әдісінің бірі рейтингілер болып табылады, соның ішінде әлемдік рейтингілік агенттіктердің рейтингісі. Сонымен қатар мемлекеттік тәуекелді бағалау үшін көптеген мекемелер мен банктер өздерінің талдау әдістерін қолданады.

 

 

 

 

І Бөлім. Банк тәуекелінің пайда болу себептері мен мазмұны

 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қызметтің барлық салаларында экономиканың қайта құру процесі жүріп жатыр. Әрине, тәуекел қаржылық және өндірістік қызметтен басты проблема болып табылады. Тәуекел біздің өмірде күрделі шешілмейтін, перманентті болады. Тәуекелді ескере отырып, біз өз іс-әрекеттерімізде тәуекелді минимумға жеткізуге тырысамыз. Сонымен қатар тәуекелдің ең тиімді түрін таңдауға тырысамыз.

Банк тәжірибесіндегі тәуекел – белгілі бір жағдайда банк шығындарының тәуекелі. Тәуекел - өндірушінің, сонымен қатар банк қызметінің қорытындысын нәтижесінің анықталмағандығы және мүмкін шығындар. Тәуекел келесідей жағымсыз нәтижелерге тап болуы мүмкін:

  • Табысты жоғалту;
  • Берілген несие бойынша қайтарылмау жағдайында шығындар;
  • Ресурстық базаның қысқаруы; т.б.

Бірақ тәуекел деңгейі төмен болса, жоғары табыс алу мүмкіндігі де аз болады. Сондықтан да әр өндіруші – тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады және де көптеген альтернативті шешімдерден ең тиімдісін, нарық деңгейінің оптималды қатынасы мен іскерлік деңгейді, табыстылықты таңдауы қажет. Тәуекелдік деңгейі көбейеді, егер:

  • қиындық аяқ астында және күтпеген жағдайда пайда болса;
  • банктің бұрынғы тәжірибесіне сай емес жаңа мақсаттардың қойылуы немесе белгілі бір мәселеге қатысты шараларға тиімді шешімдерді шешуде заңдардың әлсіздігі.

Тәуекелдегі төмен немесе ең ұтымды түрін таңдау үшін біз тәуекелді сандық  жағынан анықтауымыз қажет. Тәуекелді уақыт өлшеуде немесе бағалаудағы басты мақсаты адамның қаншама тәуекелге ұшырауына байланысты анықталады. Іскерлік өмірінде тәуекелді бағалаудағы ең көне түрі болып сақтандыру табылған: саудагерлер ғасырлар бойы тәуекелді болдырмау үшін өз тауарларын бір немесе бірнеше мүмкін шығындардан сақтандырған, мысалға ұрлықтан, соғыстан және т.б. Қазіргі уақытта Батыс елдерінде көптеген адамдар өз өмірін сақтандырады. Осыдан сұрақ туындайды: сақтандырушылар сақтанушыларға қарағанда тәуекелге аз ұшырайды ма? Әлбетте олай емес: олар тәуекелді өлшеуде эксперт болып алған. Себебі ол арқылы оның қызметінің жағдайы анықталады.

Бүгінгі күні тәуекелді талдауда және бағалауда негізгі басымдылық мүмкіндік теориясына негізделген, яғни болашақта қандай жағдай болатынын анықтау үшін жүйелік сатистикалық мүмкіндік әдісі қолданады (әлбетте ол пайызбен көрсетілсе). Ол ғылым мен бизнес саласында, банк ісі мен қаржыны да қоса кең қолданыста. Тәуекелге банк операцияларының барлық түрі Қазақстанның коммерциялық банктерінің қазіргі кезеңде тәуекелдерін талдай отырып келесілерді ескеру қажет:

  • экономиканың өтпелі кезеңдегі өндірістің төмендеуі, ұйымдардың қаржылық тұрақсыздығы ғана емес, сонымен қатар көптеген шаруашылық байланысының тоқтауына әкеледі;
  • саяси жағдайдың тұрақсыздығы;
  • банктік жүйенің қалыптасуының аяқталмауы;
  • кейбір негізгі заңдылық актілердің жоқтығы мен жетілмегені, құқықтық баға мен нақты бар ахуалдар арасындағы қарама қайшылық.

Барлық банктер осындай тұрақсыздықта өзінің бәсекелестерінің іс-әрекеттерін, сонымен қатар Заңның өзгеруін ескеру қажет. Осындай белгісіздік пен тәуекелдің жоғары деңгейі – алған экономикалық тәуелсіздіктің бағасы. Тәуекел банктік операциялардың барлығында бар, бірақ ол әр түрлі масштабта және әр түрлі “орын толтырылуы”, өзгеруі мүмкін, яғни барлық тәуекелді жоятын және ертерек қаржылық қорытындыны қамтамасыз ететін банктік операциялар нұсқасы жоқ.

Сонымен банктік қызметте маңызды болып тәуекелді жою емес, ол тіпті мүмкін емес, оны болжау мен минималды деңгейге жеткізу табылады. Әрине банк басшылары күтілетін шығын көлемін азайтып, табысты көбейтуге тырысады. Осы екі мақсат бір-біріне қайшы болады, ол нарықтық экономиканың классикалық ережесімен белгіленген, онда мүмкін жоғары табыспен бірге мүмкін жоғары тәуекел де қатар жүреді. Табыстылық пен тәуекел арасындағы оптималды қатынас ұстап тұру банкті басқарудың ең маңызды және күрделі проблемалардың бірі. Қазіргі кезде банкирлер өзгермелі экономикада қызмет жасау үшін тәуекелді басқару мәселесіне көп көңіл бөлетін болады.

 

 

 

 

 

 

    1. Банк тәуекелдерінің түрлері

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нарықтық қатынастар жағдайында пайда мен тәуекелді өлшеу қажеттілігі пайда болады. Тәуекел деңгейімен күтілетін пайданың оптималды қатынас әр түрлі, олар объективті, субъективті факторларға байланысты. Тәуекелдің нақты бір түрін немесе жиынтық тәуекелді өлшеу немесе біртіндеп оның деңгейін анықтау өте маңызды болып келеді. Қазіргі кезде тәуекел деңгейін талдау мен бағалау мүмкіндік теориясы құралдарымен және математикалық статистикалық әдістері арқылы іске асырылады. Мысалы, Ресей экономистері тәуекелді жоғарыда көрсетілген схемамен сыныптайды.

Пайда болу факторына байланысты банктік тәуекелдер негізгі экономикалық және саяси болып бөлінеді.

Саяси тәуекел – бұл саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты тәуекел, өндірістің нәтижесіне жағымсыз әсер ететін (шекараның жабылуы, тауарды шығаруға рұқсат бермеу, мемлекет территориясындағы соғыс қимылдары және т.б.) жағдайлар.

Экономикалық тәуекел – мемлекеттегі немесе банктің өзінің экономикасындағы жағымсыз өзгерістерді білдіретін тәуекел түрі. Экономикалық тәуекелдің ең кең тараған түрі балансталмаған өтімділігі (төлем міндеттемелерін дер кезінде қайтармау мүмкіндігінің жоқ болуы), онда жеке нарықтар  қызмет жасайды. Сонымен қатар экономиканың тәуекел коньюктурасының, басқару деңгейінің өзгеруімен сипатталады. Тәуекелдің бұл негізгі түрлері бір-бірімен байланысты және де тәжірибеде оларды анықтау мен бөлу өте қиын. Сонымен бірге саяси да, экономикалық тәуекел де сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы тәуекелге банк қызметінен тікелей немесе оның аудиторияларымен тікелей байланысты емес.

Сыртқы тәуекел деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді:

  • Саяси;
  • Экономикалық;
  • Демографиялық;
  • Әлеуметтік;
  • Географиялық және т.б.

Ішкі тәуекелге банктің көрсетілген қызметімен оның клиенттері жатады. Оның деңгейіне банктің басшылығының ұшқыр іскерлігі, оптималды маркетингтік стратегияны, саясатты және техникамен басқа факторларды таңдауы әсер етеді. Сонымен қатар басқа да сыныптары бар, олар салалардың пайда болуына байланысты: мемлекет тәуекелі, жеке банктің қаржылық тұрақтылығының тәуекелі (банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі, балансталмаған өтімділік тәуекелі, міндетті резервтердің жеткіліктілік тәуекелі), банктің жеке операциясы түрінің тәуекелі. Өз қызметтерінде банк негізгі мәселелерге, яғни: банктік тәуекелге, соның ішінде несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі, пайыздық тәуекел, капитал құралымының тәуекелі, сақтандыру тәуекеліне көңіл бөледі.

Қаржылық қызмет тәуекелдегі маңызды мәселелер: операциялық тәуекелдер, біздің банктердегі қазіргі кезде инновациялық және стратегиялық тәуекелдер де болып саналады.

Сонымен қатар тәуекелді келесі категорияларға сыныптауға болады:

  • масштаб пен көлемі бойынша: глобальдық және локальдық;
  • аспект бойынша: психологиялық, әлеуметтік, заңды, аралас;
  • шешімнің бейімді деңгейі бойынша: минималды, орта, оптималды, максималды;
  • қауіпті шешімдерді қабылдау мерзімі бойынша: озғырлы, дер кезінде, кешігуші;
  • шешім қабылдайтын тұлғалар саны бойынша: жеке және топтық.

Банкаралық тәуекелдер банк операциялар мерзімі бойынша шектеулі. Бұл мерзім инфляция деңгейінде кейде өте көп мерзімге созылады, есептеу жүйесінің қалдырылмағаны, құжаттарды дұрыс толтырмау және т.б. ол өз негізінде тәуекел деңгейін қиындатады және түрін өзгертеді.

Мемлекетаралық тәукел – мемлекеттегі ағымдағы және болашақтағы саяси және экономикалық жағдайларда өзгерулер тәуекелі, ол мемлекеттің мүмкіншілігіне әсерін тигізеді, мемлекеттік тәуекел сыртқы сауда мен инвестиция мен тура немесе жанама айналысатын кейбір банктер мен банктік емес фирмалар үшін өте маңызды болады, филиалдардың және т.б. қарыз алушылардың сыртқы қарыз міндеттемелері бойынша жауап береді. Мысалы, сол мемлекеттегі банк өнімінің көп бөлігін экспорттайтын корпорацияның мемлекеттік тәуекелді ескеру несиені қайтару мүмкіндігін бағалауда қажет.

Мемлекеттік тәуекелді талдауда сандық және сапалық факторларды, сонымен қатар мемлекеттік тәуекелдің көптеген құрамдастарын, мысалы, экономикалық, саяси, аударым тәуекелін ескеру қажет. Несиені қайтару  мүмкінділігінің талдаудағы жақсы дамыған бағдарламасы және де мемлекеттік тәуекелдің жеткілікті деңгейі бар банктер - өзінің счетына немесе жанама, клиент шотына жиі несиелік рейтинг күрделі жүйесін қарастырады. Жүйенің бір түрі – бұл 1 – ден 9 – ға дейінгі шкала бойынша әр мемлекет құрамдас рейтинті  алады. Рейтингті негізі несиені бағалау үшін пайдаланады. Рейтингті мемлекет танушылар-аналитиктердің тапсырысына негізделе отырып сақтандыру шектеулері бойынша комитет белгіленеді. Мысалы, АҚШ банкі мемлекет тәуекелі бойынша Үкіметаралық комитетімен дайындалған рейтингті қолдана алады.

Мемлекеттік тәуекелді болжау мемлекеттік құрылғылар және сапалық мінездемесіне сүйенуі қажет. Сонымен қатар рейтинг көрсетілген үкіметтің тұрақтылығы мен сыртқы қарызды төлеудегі қатынасын бағалау үшін сыртқы қарызды төлеудегі қатынасын бағалау үшін қолданады.

Аударым тәуекелі – мемлекеттің төлем балансының өтімділігін, өтімді валюталардағы қаражаттар міндеттемелері экономикалық субкатегория тәуекелін айтамыз. Аударым тәуекелі – сыртқы сауда мен инвестиция мен тоқтатылу мүмкіндігі. Тәуекел үлкен немесе дамушы мемлекетте болуы мүмкін, ұзақ мерзімді экономикалық тәуекелге әсер етпейтін уақытша проблема болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді қаржылық жағдай қиындығанда қарызға қызмет етудің негізгі проблемаларымен байланысты да болды. Өтімділік проблемасы инфляцияны бақылау мақсатында ішкі экономикалық саясатымен тауар бағасы ағымының қолайсыздығы немесе ішкі экономиканың факторлармен айқындалуы мүмкін. Сыртқы қарызға қызмет көрсету немесе шетел инвесторларымен ақша аударымдарына қажетті және ол шетел валютасы ағымын тез арада қысқартуына әсер етеді. Қазіргі талаптарға сай және күтілетін өзгерістер талабына келесі 12 ай аралығын мемлекеттер категорияларға негізделіп бөлінеді. Рейтинг үлгісі төмендегі 1-кестеде анық көрстеілген.

Аударым тәуекелінің рейтингісі.

Информация о работе Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру