Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2015 в 23:32, дипломная работа

Краткое описание

Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім.
Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................

І Әдебиетке шолу........................................................................................
1.1. Қоршаған ортаның ластануы мен классификациясы.............................
1.2 Химиялық ластану....................................................................................
1.3 Қоршаған ортаның физикалық ластануы...............................................

ІІ Негізгі бөлім................................................................................................
2.1 Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адам ағзасына тигізетін әсері............................................................................
2.2 Отын-энергетика өндірісінің қоршаған ортаға әсері..................................
2.3 Химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері................................................
2.4 Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің қоршаған ортаға әсері.......................
2.5 Машина жасау кәсіпорындарының қоршаған ортаға тигізеті әсері.........
2.6 Ауыл шаруашылығы өндірісінің қоршаған ортаға әсері...........................
2.2 Өндірістік қалдық түрлері және оларға сипаттама......................................
2.8 Өндіріс қалдықтарының улылық немесе уыттылық (қауіптілік) класын
анықтау...........................................................................................................
2.3 Улы өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру жолдары...............................
2.4 Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау................
қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар.......................................
2.11 Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі.........................................................

ІІІ Тәжірибелік бөлім....................................................................................
3.1 Атомды–абсорбциялы анализ әдісімен топырақ үлгілерінен ауыр металдардың массалық үлесін анықтау
3.1 Өлшеу құрылғылары, құрал-жабдықтар, реактивтер....................................
3.2 Үлгі алу және анализге дайындық....................................................................
3.3 Өлшеу жұмыстарына дайындық......................................................................
3.2 Зерттеу нәтижесі...............................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс қоқластаушы заттар06.doc

— 654.50 Кб (Скачать документ)

Тұтыну қалдықтарына пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну касиетін жойған бүйымдар мен материалдар жатады. Олар өндіріс жағдайында белгілі тәртіппен шығынға шығарылады, ал түұрмыста тасталынады.

Өндіріс және тұтыну қаллықтары пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді.

Пайдаға асырылатындарға - өңдейтін технология болғанына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында шикізат, шығарылатын өнімге косымша зат, отын, жем, тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын калдықтар жатады.

Тап осы кезеңде өңдеу жүргізетін технологияның болмағанына және алынған өнімдерге тұтынушының жоқтығына байланысты немесе экономикалық тұрғыдан қолдануға тиімсіз қалдықтарды пайдаға асырылмайтындарға жатқызады.

Өндірісте шикізатты жер қойнауынан шығарғанда, оны физикалық-химиялық жолмен өндегенде жанама немесе қоса шыққан өнімдер қалдықтарға жатпайды. Бұл өнімдерге мемлекеттік стандарт белгіленеді және баға қойылады.

Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.

Жанбайтын пайдаға асырылмайтын қатты өндірістік қалдықтарға қоқыстар, кектер, руданы байытқанда шыққан қалдықтар және т. б. жатады. Бұларды өңдейтін технология әзірше болмағандықтан зиянсыздандыру үшін көмеді.

Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтары, макулатура, тоқыма материалдарының қалдығы, кұрамында резина бар қалдықтар, пайдаланылғаң былғаныш, істен шыққан жарамсыз майларды, еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехта жағады да, бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда пайдаланады немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыруға қолданады. Ал жағу процесінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі.

Қалдыктарды жер астына, геологиялық кен орындарына (көмір шахталарының, тұз кендерінің оқпандарына, кейде арнайы жасалған орларға - полигондарға) немесе теңіз түбінің терең ойпаңдарына қайтадан шыкпайтындай етіп орналастырады. Радиоактивті және едәуір улы қалдықтарды мүлде қауіпсіз етіп көму амалы әлі толығымен шешімін таппаған экологиялық проблеманың бірі болып табылады.

Улы қалдықтарды көму уақытша амалсыз қолданылатын шара, себебі бұл жағдайда қоршаған ортаның ластану қауіптілігі тұрақты сақталып отырады. Кейбір тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды көму алдында жағу арқылы олардың көлемін азайтуға болады.

Улы қалдықтардың әр уакытта қауіптілік (уыттылық) класын негізге ала отырып, оларлы көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы шешім қабылданады.

Қауіпті қалдықтар деп құрамында зиянды заттектері бар, қауіпті қасиеттер (улылық, өртенетін және жарылатын қауіптілігі бар, жоғары радиоактивті) тән немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар, сонымен қатар өздігінен немесе басқа заттектермен қосылғанда адамның денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтарды айтады.

Қалдыктардың қоршаған ортаға әсері олардың сапалық және сандық құрамына байланысты. Қалдыктардың химиялық құрамы әркелкі, себебі олар әр түрлі физикалық-химиялық қасиеттері бар күрделі поликомпонентті заттектердің қоспасынан тұрады. Осы қалдықтардың биосфераға тигізетін зияндылығы мен қауіптілігін сипаттайтын кейбір негізгі көрсеткіштер.

           Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіпті қалдыктарға (арнайы қалдықтарға) шамамен 600-дей заттар мен қосылыстар жатады. Олардың құрамына кіретіндер:

• пестицидтер және олардың құрамына кіретін химия өндірістерінің қалдықтары;                                                                                                                   • радиоактивті қалдыктар;

• сынап және оның косылыстары, сынапты термометрлер;

  • мышьяк және оның қосылыстары, құрамында мышьягі бар металлургиялық өндіріс пен жылу электр станцияларының қалдықтары;

•  корғасынның қосылыстары, көбіне олар мұнай өндейтін және бояу өндіретін кәсіпорындардың қалдықтарында болады;

• пайдаланылмаған медикаменттер, улы химикаттар, бояулар, лактар, коррозияға қарсы қолданылатын заттар, синтетикалык желімдер, косметикалық заттар;

• тұрмыстық химия құралдарының қалдықтары.

Егерде өндіріс қалдықтары кейбір зиянды заттектердің табиғи ортаға өтуіне себебін тигізетін болса, онда олардың осындай қабілеті артқан сайын қоршаған ортаға қатысты қауіптілігі де жоғарылап отырады.

    Өнеркәсіптің барлық салаларынан көп мөлшерде қалдыктар шығатынына жоғарыда тоқталып кеткенбіз. Мысалы, жылына Ресейде түсті металлургия саласында 2 млрд руда өндірілетін болса, оның тек 1%-і ғана құндылық өнімге айналып отырады. 100 млн. т көлемінде шыққан улы қалдықтардың 6-7%-і ғана залалсыздандырылады немесе көміледі. Жалпы 7 м.трд. тоннадай жиналған калдықтардың ішінде 1 млрд. тоннадайы кауінті қалдықтарға жатады.

Ресей мен Қазақстанның әр тұрғынына жылына келетін қатты қалдықтардың көлемі шамамен 15-16 т. Қатты қалдыктардың жинақталуы оларды өңдеу процестің кеңінен дами алмағандығымен түсіндіругіе болады. Қауіпті қалдыктардың тек 1/4 көлемі ғана қазіргі шақта өңделуге жататындар.

Радиоактивті қалдықтар. Қоршаған ортаға және тұрғындарға ерекше қауіптілік туғызатын қалдықтарға радиоактивті қалдықтар жатады. Олар уран өндірістерінде, ядролық реактормен жұмыс істеген    кезде,    ядролық    сынақтар    өткізілгенде,    радиоактивті изотоптарды қолданғанда, АЭС бөлшектеу және жөндеу жұмыстарын жүргізген кездерде, радиоактивті медициналық аспаптардың бөлігі істен шыққанда пайда болады, сонымен қатар радиоактивті қалдықтарға АЭС, тағы басқа радиоактивті заттармен қатынасты обьектілер қызметкерлерінің жұмыс киімдері жатады.

Радиоактивті калдыктар әртүрлі сәуле ( , ) шығаратын көздерге жатады. Радиоактивті қалдықтар активтіктеріне және агрегаттық күйіне карай топтастырылады.

Кесте 9.

Қазақстанда    радиоактивтік    қалдықтардың    келесі    түрде жіктелуі қабылданған:

Қалдық түрі

Сәулеленудің активтілігі

, мбэр/сағатына

, нКи/г

, нКи/г

Жоғары активті

> 1000

> 100000

> 10000

Орташа активті

30-1000

100-100000

10-10000

Төмен активті

0,03-30

> 2

> 0,2


Қатты    қалдықтар    радиоактивті    деп   есептелінеді,    егерде олардың меншікті белсенділігі а – сәулелену көзі ретінде қарағанда 3,7 102 Бк/кт - 7 103 Бк/кт аралығынла; р – сәулелену 7,4 104 Бк/кт; ү - >10'7 г-экп.рад/кг болса.

Адам үшін иондаушы сәулеленудің қауіпті дәрежесі сәулеленудің белеснділігіне ғана емес, жартылай ыдырауының физикалық кезеңіне де байланысты, себебі осы кезең өткеннен кейін заттектердің радиоактивтілігі де, мөлшері де төмендейді[25].

 

2.8 Өндіріс қалдықтарының улылық немесе уыттылық  (қауіптілік) класын анықтау

 

Құрамында адам денсаулығына өте зиянды әсер ететін, сондай-ақ қоршаған ортаға кауіп туғызатын улылық қасиеті бар заттектерден тұратын қалдықтарды улы қалдықтар деп атайды. Ал қолданғанда немесе қатысу арқылы организмнін өмір тіршілігін бұзатын заттектердің қасиетін улылық немесе уыттылык, дейді. Қалдықтарда кездесетін улылық қасиеті бар заттектерге мысал ретінде ауыр металдарды, қышқылдық пен сілтілік корсеткіштері рН 3,5-тен төмен және 9-дан жоғары ерітінділерді, псетицидтерді келтіруге болады.

Уытты қалдықтардың негізгі көздеріне өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, сонымен қатар қазіргі кезде көп тараған шағын кәсіпорындар мен шеберханалар жатады. Уытты қалдықтардың 70-80%-ып шығарушыларға химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптерін жатқызуға болады.

Шығарылатын уытты қалдықтардың жылдық көлемі АҚШ-та - 275 млн. т, Германияда - 6 млн. т, Ресейде - 20 млн. т, Казақстанда - 3 млн. т. Адамның жан басына шаққанда мөлшер жағынан барлық елдердің ішінде алда тұрған Нидерландия. Дүние жүзі бойынша әр адамның үлесіне орта есепнен уытты қалдықтардың келетін көлемі 0,1 т, дамыған елдерде 0,5 т. Уытты қалдықтарды   үйіндіге   тастауға,   не   қоқыс   өртейтін   зауыттарға жіберуге жатпайды. Олар улылығына, яғни қауіптілік класына байланысты көміледі немесе арнаулы қоймаларда сақталады.

Өндіріс қалдықтарынын қауіптілік класы заттектердің улылығын негізге ала отырып есептеу әдісі арқылы анықталады. Әр заттың улылық индексін (К,) аныктау үшін оның топырақтағы шекті рауалы концентрациясы (ШРК) негізге алынып

                                             Қi - ШРКі/(S+С3)

формуласымен аныкталады. Бұл жерде ШРК, - қалдықтың құрамындаға і-затының топырақтағы шекгік рауалы мөлшері; S-і-затының суда ерігіштігін сипаттайтын өлшемсіз коэффицент (ерігіштік шаманы 100% бөлу арқылы табылады), С, - бұл компоненттің қалдықтағы мөлшері, т/т.

Улылық индексі қалдық құрамындағы 3 негізгі компоненттер үшін анықталады. Содан кейін приоритеггі улы заттектер арқылы жалпы улылық индексі ( ) табылады:

 

                                               

Жалпы улылық индексті білгеннен кейін 1-ші кестедегі мәліметтерді пайдаланып қауіптіліқ класын табады.

Кесте 10.

Қалдықтар улылығының классификациясы

     анықтағанда негізге         алынатын шамалар

 

Улылық (қауіптілік)

класы

 

Улылық дәреже

Топырақтағы ШРК

Өлімші мөлшер (ОД50), мг/кг

 

< 2

> 30

 

< 1,3

> 10

 

I

II

 

III

IV

 

 

Айрықша қауіпті

Жоғары қауіпті

 

Орташа қауіпті

Болымсыз қауіпті


Қалдықтардың улылық (кауіптілік) класын өлім мөлшері (дозасы),    яғни    жануар    организміне    еңгізгенде    олардың    50%-ін өлтіретін мөлшер арқылы да анықтауға болады. Бұл жағдайда улылық индексін келесі теңдеумен табады:

Кi=1g(ӨД50) I / (S+0,1F+C3),

Бұл жерде Ғ- белгілі компоненттің өлшемсіз ұшпалыдык коэффициенті (ұшпалылықты 760 мм сынап бағанасына бөлу арқылы табады). Одан кейін, бірінші жағдайдағыдай, үш негізгі компоненттердің жалпы улылық индексі К есептелініп 10.1-ші кесте арқылы қауіптілік классы белгіленеді. Заттардың ШРК және ӨД50, мағыналарын, суда ерігіштігін және ұшалылығын анықтамалық кітаптін немесе басқа өдебиеттерден алуға болады. S және Ғ-ің есептелінген мағыналарының шамасы 0 мен 1-дің арасьшда болады.

Сонымен, барлык өндіріс қалдықтары төрт кауптілік класына бөлінеді: бірінші - айрықша қауіпті (радиоактивті заттектер, бенз(а)пирен, диметилтиофосфат, қорғасын, сынап метал түрінде және олардың бейорганикалық қосындылары); екінші - жоғары қауіпті (метилмеркаптан, азот оксидтері, никель, марганең, күкіртті сутек, формальдегид, фторлы сутек); үшінші — орташа қауіпті (каракүйе, күкірпі коміртек. метил спирті, темекі); төртінші -болымсыз кауінгі (аммиак, аммиакты-карбамидты тыңайткыштар, бокситгер, темір оксилтері, ок тастар). Бірінші класс калдықтары болаттан жасаган кабыргасының калындыгы 10 мм, саңлаусыз жабылатын қақпағы бар балдондарға жиналады. Толтырылғаннан кейін қақпақ электрлік пісіру аркылы жабылдырылады. Қалдықтар салған болаттан жасалған баллондарды бетон контейнердеріне орналастырын барып комеді. Екінші класка жататын қалдықтарды сақтау үшін полиэтилен, ал үшінші класқа қағаз қаптар қолданылады, төртінші класс қалдықтары өндіріс алаңында немесе полигондарда ораусыз сақталады.

Дүние жүзі деңгейінде өнеркәсіп қалдықтарының қауіптілігін 
(улылығын) бағалау үшін бірінше әдістер қолданылын жүр. 
Олардың ішінде өте ыңғайлы әдісті жасаған Еnvіrjnmеntа1 Ргоtесtіоn 
Аgеnсy (ЕРА), бұл әдіетің максаты  — мүддесі.

Осы қалдықтарды топтастыру жолын экологиялық кауіпсіздікті сақтау мақсатында барлық шаруашылық салаларында қолдануға болады[25].             

 

2.9 Улы өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру жолдары

 

    Улы өндіріс қалдықтарын көму арқылы  залалсыздандыру

Халық шаруашылығының барлық салаларында пайда болған қалдықтарды   бақылауда   ұстап,   тиісті   жолдармен   пайдалануды, сақтауды, т, б. басқару үшіп қажетті жұмыстар жинтығы 6-қосымшада көрсетілген.

Қатты қалдықтарды қолдануға бағытталған процестерді қиындататын олардың кейбір қолайсыз касиеттері.

Информация о работе Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсері