Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2015 в 23:32, дипломная работа

Краткое описание

Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім.
Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................

І Әдебиетке шолу........................................................................................
1.1. Қоршаған ортаның ластануы мен классификациясы.............................
1.2 Химиялық ластану....................................................................................
1.3 Қоршаған ортаның физикалық ластануы...............................................

ІІ Негізгі бөлім................................................................................................
2.1 Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адам ағзасына тигізетін әсері............................................................................
2.2 Отын-энергетика өндірісінің қоршаған ортаға әсері..................................
2.3 Химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері................................................
2.4 Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің қоршаған ортаға әсері.......................
2.5 Машина жасау кәсіпорындарының қоршаған ортаға тигізеті әсері.........
2.6 Ауыл шаруашылығы өндірісінің қоршаған ортаға әсері...........................
2.2 Өндірістік қалдық түрлері және оларға сипаттама......................................
2.8 Өндіріс қалдықтарының улылық немесе уыттылық (қауіптілік) класын
анықтау...........................................................................................................
2.3 Улы өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру жолдары...............................
2.4 Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау................
қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар.......................................
2.11 Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі.........................................................

ІІІ Тәжірибелік бөлім....................................................................................
3.1 Атомды–абсорбциялы анализ әдісімен топырақ үлгілерінен ауыр металдардың массалық үлесін анықтау
3.1 Өлшеу құрылғылары, құрал-жабдықтар, реактивтер....................................
3.2 Үлгі алу және анализге дайындық....................................................................
3.3 Өлшеу жұмыстарына дайындық......................................................................
3.2 Зерттеу нәтижесі...............................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс қоқластаушы заттар06.doc

— 654.50 Кб (Скачать документ)

 
 
 Кесте 8.

Химия өнеркәсібі өндірістерінің санитарлық сақтау белдемі[21]

 
Өндіріс және өндірілген материалдар

Класс, СҚБ өлшемі, м

Қышқылдар: тұз, пикрин, фторлы сутек, күкәірт, азот, аминоэнант, тиодивалериан, аминоундекан, аминопеларгон, изофталь қышқылдары 
 
Сірке қышқылы 
 
Себацин қышқылы 
 
Май қышқылы 
 
Сілтілер, минералды бояулар, аммиак суы

 
I, 1000 
 
 
II, 500 
 
III, 300 
 
III, 300 
 
III,300

Металдар мен тұздар: 
 
Мышьяк және оның анорганикалық қосылыстары 
 
Сынап, берилии, сирек катализаторлар 
 
Ниоьии, тантал 
 
Калии және амонии тұздары, скперфлсфат, карбид 
 
Селитра, хром тұздары

 
 
I, 1000 
 
I, 1000 
 
II, 500 
 
I, 1000 
 
II, 500

 
Органикалық қосылыстар: 
 
Анилин, фенол, целлюлоза, ангидрид майлар, фосфорорганикалық қочылыстар, көмірсутектері, аминдер, ацетилен, диметилформамид, күкіртті бояулар, синтеткалық дәрі заттар, меркаптандар, жасанды каучук 

Мочевина, тимочевина, смолалар, этил спирті, күрделі эфирлер, полиэтилен, плипропилен, никотин, камфара 
 
Резина, кремнии органикалық лактар, шина, полистирол, пли венил спирті, фторпласт, пластификтар, олиф, антибиотиктер 
 
Глицерин, сабын, ванилин, сахарин, алкалойдтар, синтетикалық жұғыш ұнтақты заттар, табиғи бояулар, парфюмерия, жасанды тері 
 
Фотопластина, фотопленка, фотоқағаз, полиграфиялық бояу, дайын дәрі-дәрмек, жасанды маржан, қағаз, картон

 
 
I, 1000 
 
 
II, 500 
 
 
III, 300 
 
 
IV, 100 
 
 
V, 50


 

2.4 Тамақ және жеңіл өнеркәсіптернің қоршаған ортаға әсері

 

Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары өте көп мөлшерде ауылшаруашылығының, озен мен теңіз промыслдерінің өнімдерін өңдейді. 
       Қазақстан тамақ өнеркәсібі 1000 жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді. Ең дамыған сала ет өнеркәсібі, республикада бүкіл тағам өнімдерінің 32% еттен жасалады. Еттен әртүрлі тағам өнімдерін шығаратын зауыттың бірі 30-шы жылдары салынған Семей ет консерві зауыты.барлық ірі қалаларда май, ірімшік жасайтын, басқа да сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жеткілікті. Қант, шарап, арақ, сусын, өсімдік майын жасайтын орталықтарда орналасқан. Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қатты, сұйық және газды түрде заттарды қоршаған ортаға тастауына байланысты ластаушы көздің бірі болып саналады. Атмосфераға зиянды заттар шығаратын көздерге технологиялық пештер, буып- түйетін аппараттар, сепараторлар, нейтрализаторлар, қабық тазалағыштар, темекі кесетін машиналар, ет өңдейтін өндірістер, еритін кофе мен цикорий дайындайтын зауыттар, сүйек ұны мен желім дайындайтын кәсіпорындар, дән жарғыш машиналар мен астық тазалайтын орындар жатады.өнеркәсіп миллиондаған текше метр суды қолданып, оның 70-80% көлемін ластанған түрде қоршаған ортаға қайта жіберіп отырады. Бұлардың құрамындағы зиянды заттардың мөлшері бірнеше мындаған тонна деңгейінде. Ақаба сулардың құрамында көбіне кездесетін заттар ас тұзы, жууға, дезинфекциялауға қолданылған қосылыстар, нитриттер, фосфаттар, сілтілер, шикізат пен жем қалдықтары, т.б. косерві шығаратын заыттардан шикізет ретінде пайдаланылған жеміс- жидектің, көкөністердің, т.б. өсімдіктердің 20-25% қалдыққа айналып, табиғи ортаға тасталынады. Сонымен қатар, ақ қаңылтырды ластағанда қолданылған лак ерітінділері мен органикалық ерігіштер ауаға ұшып оны ластап отырады. 

Жеңіл өнеркәсібіне зығырды, конопляны,кендірді,жүнді, жібек пен мақтаны бірінші өңдеуден өткізетін, мата шығаратын кәсіпорындар, тері зауыттары және халықтың мұқтажына қажетті тауарлар өндіретін фабрикалар жатады. 
     Қазақстанда ең дамыған, халық мұқтажын өтеуде зор маңызы бар салаларға тігін, жүн, тоқыма, тері- аяқкиім және аң терісінен қажетті бұйымдар шығаратын өңдірістерді жатқызуға болады.  
      Тігін өнеркәсібі республиканың барлық облыстарында дамыған, әсіресе Алматы мен Қарағанды облыстарын атауға болады. Жүн жуатын өнеркәсіп негізінде Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Ал мақата шығару өнеркәсібінің дамып келе жатқан аймағы Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстары. Қазақстада көптеген мөлшерде жүнді мата, былғары аяқ киім шығарылады. Қосанай облысында химиялық жіп қосқан биязы шұға, пальто мен костюмдік жүн маталар өндірістері бар. Соңғы жылдарыең құлдырап кеткен саланың бірі осы жеңіл өнеркәсібі, осыған сәйкес олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері де төмендеп отыр. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары күкірт диоксиді, бутилацетат, ацетон, бензол, толуол, аммиак, күкіртті сутек, басқа да әртүрлі қосылыстар мен қатты қалдықтар[22]. 

 

 
2.5  Машина жасау кәсіпорындарының қоршаған ортаға тигізеті әсері 
 
            Ауыр өнеркәсіптің еңбек құралдарын тұтыну заттарын және қару- жарақ өнімдерін жасайтын негізгі саласы .Машина жасау өндірісі энергетикалық, электротехникалық, станок жасау және құрал саймандар өнеркәсібі , аспап жасау, ауыл- шаруашылық машиналарын жасау және т.б. салаларға бөлінеді. 
           Қазақстанда машина жасау екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында басқа республикалардан көшіріліп келген жабдықтар негізінде жасалады. Соғыстан кейін бұл сала жоғары қарқынмен дамып, көптеген жаңа өндіріс түрлері пайда болды.республикамыздың машина жасау кәсіпорындары күрделі әрі металды көп қажет ететін машиналар- тау- кен, көмір, мұнай, металлургия , тамақ кәсіпорындарына қажетті жабдықтар сондай-ақ көлікке, құрлысқа арналған машиналар мен құрал- саймандар және электротехникалық аппараттар мен станоктар- барлығы 1000 – астам өнім түрлерін шығарады. 
        Жалпы машина жасау өндірісі 1 тонна металлдан, 260 кг қалдық шығады. Машина жасау өнеркәсібі 1 млн тонна қара металл қолданған сайын сыдыру, тегістеу және осы сияқты операциялар жүргізгенде 5,4 мың тонна соққанда ыстық штамб жасағанда агрессивті еріткіштің көмегімен өңдегенде 14 мың тонна қалдық толығымен жинап алмағанда 15 тонна қайтымсыз металл шығады. Тазалау жүйесінің тұндырғыштарының шектеу цехтардың штамдарын 20-300 грамм қатты материалдардан тұрады. Термиялық құйма, және басқа цехтардың шламдары өте улы заттар- қорғасын, мыс, мырыш, т.б. заттардан тұрады. өнеркәсіп қалдықтары аз мөлшерден аспаптармен әртүрлі қондырғылар істен шыққанда төгілген сынаптар кездесіп жатады. Радиоактивті затардың бұл саладағы қолдануға болатын қалдықтардан шамалы мөлшерден ластануы мүмкін. Радиоактивті заттардың ыдырау процесі жарты тәуліктен аспайды.  
         Қорыта келе өндіріс салаларының барлық түрі , атап айтқанда машина жасау, энергетика, кара металлургия, түсті металлургия, жеңіл, тамақ т.б өнеркәсіптерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері яғни қоршаған ортаның қалдықтармен ластануы бүгінгі күні басты проблеммарлдың бірі болып отыр. Сондықтан біз оларды шектеу үшін әртүрлі шаралар қолдануымыз керек[23].  
 
2.6 Ауыл шаруашылығы өндірісінің қоршаған ортаға әсері

 

Ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі көптеген әдістері өзінің мәні жағынан антиэкологиялық – монодақылдарды өсіру, малды шектен тыс жаю, улы химикаттарды кеңінен қолдану, минералдық тыңайтқыштардың шектен тыс мөлшерін қолдану, топырақты жаппай жырту және т.б. Бұлар экожүйелердің қалыпты қызметінің бұзылуына, құрамының қарапайымдылығына, тұрақсыздыққа және табиғаттағы апатты өзгерістерге алып келеді.  
       Сондықтан қазіргі ауыл шаруашылығының дамуында мүмкіндігінше экологиялық заңдарды ұстану қажет. Жер өңдеудің алғашқы кезеңдерінде агроценоздар қазіргімен салыстырғанда тұрақтырақ болған. Егіс танаптары табиғи өсімдіктермен қоршалған және салыстырмалы түрде шағын аудандарды алып жатты. Реттеуші жануарлар мен тозаңдандырушылар әлемі өте бай болған. Мәдени өсімдіктер таза қолтұқымдар емес, тұқым қуалау сапасы әр түрлі түрлердің қоспасы еді. Құрғақшылық жылдары бір түрлер тіршілігін сақтаса, ылғалды жылдар да басқалары қалып отырған.  
         Қазіргі таңда өнім өндіру жеке меншікке негізделгендіктен ауыл шаруашылығы саласында үш басқару жүйесі қалыптасқан, олар: мемлекеттік, шаруашылықтық және кәсіпорындардың өзін-өзі басқару жүйесі. Мұнда мемлекет әр түрлі экономикалық тегеуріндерді қолдана отырып, реттеуші қызмет атқарады.Ал шаруашылықтық басқару жүйесі тауар өндірушілердің белгілі бір мақсатта коммерциялық емес ұйымдарға бірігуі арқылы жүзеге асады.  
         Жалпы ауыл шаруашылығында мемлекеттік және шаруашылықтық басқару жүйесі өз қызметін келесі принциптерге негіздеп жүргізеді:

  • Мемлекеттік және шаруашылықтық басқару жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты нақты қызмет ету шегі болуы қажет;
  • Ауылшаруашылық саласында бұл екі жүйенің де қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болады, олар мемлекеттік басқару «жоғарыдан төменге» қарай жүргізілетін басқару принципіне негізделсе, шаруашылықтық басқару тауар өндірушілердің ерікті бірігуі негізінде «төменнен-жоғары» қарай басқару принципіне негізделеді;
  • Мемлекеттік басқару жүйесі аграрлық салада мемлекеттік шарлармен байланысты алдын-ала белгіленген қызметтер мен ұйымдық құрылымдар негізінде жүзеге асады. 

Дегенмен ауыл шаруашылығының кейбір салаларында өндірілген өнім көлемінің қысқаруы байқалады, ол егін шаруашылығы. Ол соңғы жылдарда болған құрғақшылықпен түсіндіріледі, әсіресе 1995,1996 және 1998 жылдары өндірілген өнім көлемі орташа алғанда 1994 жылмен салыстырғанда 50 пайызға қысқарған.  
       Ал мал шаруашылығында жалпы өндірілген өнім көлемінің өскені байқалады, әрине бұл тенденцияны тек мал басының өсуі деп түсіндіруге болмайды, мұндай мал шаруашылығында жалпы өнім көлемінің өсуі мал өнімінен өндірілетін өнімдерге деген бағаның өсуі және мал шаруашылғында өндірілетін өнімдердің алуан түрлілігімен түсіндіріледі. Мал шаруашылығында өндірілген жалпы өнім көлемі 1994 жылы 1651,8 млн теңге болса, 2001 жылы 10400 млн теңге болған, яғни өндірілген жалпы өқнім көлемі 7687,3 млн теңгеге өскен. 

        2001 жылы мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі жалпы ауыл шаруашылығнда өндірілген өнімдер көлемінің 55,9 пайызын құрайды, ал өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 44 пайызын құрайды. 

       Агроөнеркәсіп кешенінде жүргізілген реформа нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісін басқару жүйесі түбегейлі өзгерді, бір орталықтан басқарылатын совхоздар мен колхозжардың орнына жеке меншік құқығына негізделген өз алдына жұмыс жасайтын ұйым түрлері пайда болды.  
        Қазіргі таңда пайдасынан гөрі шығыны мол ауыл шаруашылық акционерлік қоғамының акцияларына деген сұраныс жоқ болғандықтан, акционерлік қоғамдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден айырмашылығы жоқ.  
         Бір ауылшаруашылық кәсіпорнына келетін мал басы мен егін егілген ауылшаруашылық жерлерінің орташа көрсеткіштері 2001 жылы 1997 жылмен салыстырғанда кему байқалады, соның ішінде бір кооператив бойынша орташа жыртылған жер көлемі 4,5 есе, ірі қара мал басы 8,7 есе, қой 2,8 есе, жылқы 3,8 есе, шошқа 3,2 есе кеміген. Сол сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктетіктердегі бір кәсіпорынға келетін орташа көрсеткіштер де кеміген. Сонымен, ауыл шаруашылығы өндірісі көп еңбек күшімен, көп қаражат талап ететіндіктен оның дамуы баяу. Ауыл шаруашылығы өндірісі тікелей табиғатқа(ауа райына) тәуелді болғандықтан, (мысалы суға тапшы жерлерді алатын болсақ)ол биосфераның негізігі 3 компоненті ауағы, суға, топырақ жамылғысына, әсер етпей қоймайды. Жерді техникалық құралдармен жыртқан кезде, бір жағынан топырақ құнарлылығын арттыратын болса, екінші жағынан, шаң-тозаң атмосфераны ластаудың үстінде болады. Сонымен қатар зиянкестермен күрес кезінде, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдану суға да, ауаға да, топырақ жамылғысына да әсері ерекше[24].  

2.7 Өндірістік қалдық түрлері және оларға сипаттама

 

 Қалдықтар  және оларды жіктеу

            Адам  баласының  кез-келген   шаруашылык  іс-әрекеті  әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-тендікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға койылмаған, сондықтан бұларды сактауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр.

Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс калдықтарының 20 еседен артық келеді. Қалдықтарды жалпы және өнеркәсіп қалдықтарын табиғатына карай жіктетейді. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер өртеуге болатын мен болмайтындар) жатады.

Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтып қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы баска өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады.

Қалдыктар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшірінің, 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар ағынға жіберіледі.

             Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша жер қойнынан жыл сайын 100 млрд. тоннаға дейін руда, кұрылыс материалдары, отын (4 млрд. т мұнай және газ, 2 млрд. т көмір) беткі қабатқа шығарылып отырылады, шамамен 92 млн. т минералды тыңайтқыштар мен 2 м.тн. т улы химикаттар пайлаланылып, олар да жер бетіне таралады. Атмосфераға 200 м.тн. тоннаның үстінде көміртек оксиді, 53 млн. тоннадай азот оксидтері, 50 м.тн. т көмірсутектері, 146 млн. т күкірттің диоксиді, 250 млн. т шаң газ тәрізді қалдық ретінде шығарылады. Ал су қоймаларына жыл сайын орта есепен 32 млрд. м3 тазаланбаған су, әлемдік мұхиттарға - 10 м.тн. т дейін мұнай тасталынады. Осы жағдайларға байланысты қоршаған ортада пайда болған қолайсыз өзгерістер қайтымсыз түрге айналып-отыр.                                                                                                

           Қалдыктардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі халық шаруашылығы салаларының арасында байланыс ұйымдастырып, шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселелерін шешу қажет. Табиғаттағыдай өнеркәсіпте де айналым болу керек. Өнеркәсіп комбинатының жанынан улағыш қалдықтарды зиянсыздандыратын немесе өндеп пайдалы заттар шығаратын қосымша өндірістер ұйымдастырылса экономикалық тұрғыдан пайда түсірілумен қатар табиғатқа тиетін қолайсыз әсер де жойылып отырады.

  Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі топка бөлінеді - өндіріс қалдықтарына және тұтыну қалдықтарына.

Өндіріс қалдықтарына бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапкы тұтыну сапасын жоғалтқан шіказаттың, материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шікізатты физикалық-химиялық жолмен өңдегенде, пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда шыққан, бірақта өндірістік процестің бағытталған мақсатына жатпайтын, өнімдер кіреді. Оларды шамалы өңдегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шікізат ретінде басқа өндірісте, немесе отынға пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына сыртқа тасталынатын технологиялық газдарды немесе ақаба суларды тазалағанда шыққан қатты заттар да жатады.

Информация о работе Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсері