Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2015 в 23:32, дипломная работа
Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім.
Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар.
Кіріспе..........................................................................................................
І Әдебиетке шолу........................................................................................
1.1. Қоршаған ортаның ластануы мен классификациясы.............................
1.2 Химиялық ластану....................................................................................
1.3 Қоршаған ортаның физикалық ластануы...............................................
ІІ Негізгі бөлім................................................................................................
2.1 Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адам ағзасына тигізетін әсері............................................................................
2.2 Отын-энергетика өндірісінің қоршаған ортаға әсері..................................
2.3 Химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері................................................
2.4 Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің қоршаған ортаға әсері.......................
2.5 Машина жасау кәсіпорындарының қоршаған ортаға тигізеті әсері.........
2.6 Ауыл шаруашылығы өндірісінің қоршаған ортаға әсері...........................
2.2 Өндірістік қалдық түрлері және оларға сипаттама......................................
2.8 Өндіріс қалдықтарының улылық немесе уыттылық (қауіптілік) класын
анықтау...........................................................................................................
2.3 Улы өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру жолдары...............................
2.4 Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау................
қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар.......................................
2.11 Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі.........................................................
ІІІ Тәжірибелік бөлім....................................................................................
3.1 Атомды–абсорбциялы анализ әдісімен топырақ үлгілерінен ауыр металдардың массалық үлесін анықтау
3.1 Өлшеу құрылғылары, құрал-жабдықтар, реактивтер....................................
3.2 Үлгі алу және анализге дайындық....................................................................
3.3 Өлшеу жұмыстарына дайындық......................................................................
3.2 Зерттеу нәтижесі...............................................................................................
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мұнай-газ
2010 жылдың 9 айы ішінде облыс көлеміндегі мұнай
Қазақстанда өнеркәсібі дамуының басты бағыты кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген.
Республика бойынша Ақтөбе облысы өндірістік қалдық шығарудан екінші орында болып отыр.
Қазақстанның ең байырғы мұнай өңдеуші кәсіпорны болып саналатын Атырау
мұнай өңдеу зауытының спецификалық қызметі
оның стратегиялық дамуында тек өңделетін
мұнай көлемін арттыру, шығарылатын өнім
сапасын қадағалауды ғана емес, кәсіпорын басшылығынан
жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз
ету, қолайлы жұмыс жағдайын туғызу, техногенді
жағдайлардың алдын алу, әрбір құрылымдық
бөлімнен қоршаған ортаға шығарылатын зиянды
заттар көлемін азайтуды талап етеді. Мысал келтіре
кететин болсам, ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Даму
стратегиясы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ
және оның еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамдары қызметінің
негізгі стратегиялық мақсаттары ретінде Компанияның
тұрақты экономикалық дамуын, тұтастай
алғанда елдің мұнай-газ
Тағы да мысал ретінде, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом Компаниясын алуға болады. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом Компаниясы өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыруда, жұмысшылар еңбегінің қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету, компания қызметкерлері мен компания қызметі аудандарында тұратын халықтың денсаулығын қорғау, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаның қолайлығын сақтау “Қазатомөнеркәсіптің” ең басты мәселелері болып табылады. Компания қызметтері зиянды заттардың шығуы мен тасталуына, қалдықтардың түзілуіне, тазалануына және көмілуіне тұрақты бақылау жүргізеді. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығына зиян келтіретін жағдайларды болдырмау саласында “Қазатомөнеркәсіп” қызметі мына мақсаттарды қояды:
- өндірістік жұмысты Қазақстан Республикасында қолданыстағы табиғатты қорғау;
- заңнамасына және басқа нормативті талаптарға сәйкес жүргізу;
- өндірістік жұмыс әсерінің кәсіпорындар жұмыскерлері мен қоршаған ортаға азаюы;
- еңбек жағдайы мен қоршаған ортаның жай-күйінің үнемі жақсаруы;
- өндірістік және экологиялық апаттардың алдын алу;
- ресурстарды тиімді пайдалану;
- техникалық және экологиялық қауіпсіздік есебімен барды
- еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен,
сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс
қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға
қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi. Уытты қалдықтарды қоса алғанда,
өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi
экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан,
түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады.
Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы,
жер асты және жер үстi сулары қарқынды
ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың
үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар
қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар
Өндірістің келесі зиянды әсер ету объектісі болып су ресурстары табылады. Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.
Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.
Қазақстандық секторда көмірсутегі шикізатын жаппай меңгеру мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігіне потенциалды қауіп төндіретіні анық. Өнеркәсіп өндіріс қалдықтары көп аспектілі зиян әкеліп отыр. Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақты қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай:
- жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран
- ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар; мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары; ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).
Өнеркәсіп өндірісі және глобальды индустриализацияның өсуімен
Осы сұрақтарды бақыланып жүрген теріс тенденциялардың мемлекетаралық сипатын, қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша кешенді шаралардың керектігін, өнеркіәсіптің теріс факторларының өзара ықпалын ескеретін жаңа ұстанымдардан қарастыру керек.
Көріп отырғанымыздaй, өнеркәсіп өндірісінен қауіп деген көп және мемлекетіміздің тұрақты даму көшу барысында ол азаяр емес[17].
Өндірістік ортаның жағымсыз факторларының адамға тигізетін әсерлері
Конституциямыздың 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қьмбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Адамның ең қымбат құқықтарының бірі - қолайлы қоршаған ортаға құқық, оны Конституцияның 2-бабынан көруге болады: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды». Негізгі заңымыздың бұл нормасы, мүлдем сақталмайды деп айтуға болады.
Ресурстарды өндіру және пайдалану барысында қоршаған ортаға жүктелген ауыртпашылықтар ұлғая түсті. Оның себебін көптеген факторлардан іздеуге болады, табиғи ресурстарды ретсіз, тиімсіз пайдалану, экология саласында құқықбұзушылық үшін жауапкершіліктің болмауы. және т.б.
Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша республикамызда әртүрлі улы газдардан зиян шеккен адамдарды емдеп, денсаулықтарын калпына келтіру үшін бірнеше миллиард тенге қаражат керек, дегенмен, бұзылған денсаулықты қайтадан бұрынғы қалпына келтіру мүмкін емес.
«Экологиялық сараптама туралы» Қазақстан
Өмір сүру ортасында адам іс-әрекетінің кері әсер етуінің негізгі факторларының бірі – атмосфералық ластану болып табылады. Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.
Мысалы, түрлі түсті металлургия кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды
заттары жүрек-тамыр
Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік және жылу энергетикасы жатады.
Қазіргі заманда белгілі млн. астам химиялық заттар бар. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Улы химиялық заттар, өзінің пайдаланылуына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті экологиялық
Қазақстандағы өндіріс орындарына байланысты туындаған экологиялық проблемалар көп жағдайда алдын-ала ескерілмеген себептерге негізделген. Қарағандыдағы, Шымкенттегі, Жамбылдағы, Алматыдағы т.б. қалалардағы кейбір зауыттардың табиғатқа теріс әсерлері соған дәлел. Бұл – өндіріс орындарының топырақты, ауаны ластауын болдырмау үшін жергілікті жер ерекшеліктерін ескермегендіктен туындаған мәселе. Бұл орайда атом стансаларын жобалау кезінде адамдардың қауіпсіздік жағын қорғау жан-жақты есептелуге тиіс.
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының жаңа бір саласы – алып өндіріс орындары көптеп бой көтере бастады. Зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түрлерінің мол пайдаланылуына, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді. Ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа тигізетін кері әсері дауыл, су тасқыны, жанартаулар атқылауы, жер сілкіністері сияқты апатты құбылыстардың зардаптарымен теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи ортаның қалыптасқан заңдылығын бұзып, биосферадағы энергия мен табиғи зат алмасуға теріс әсер етті.
Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық
аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне
Қазақстан халқының 70% санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келмейтін суды пайдаланып отыр, ол судың көп бөлігі тіпті шаруашылық мақсаттар ішін пайдалануға келмейді. Суға тасталатын өндірістік қалдықтардың мөлшері аса үлкен масштабтарға жетті. Оған Ертіс өзені мысал бола алады, ондағы кейбір улы заттардың мөлшері нормадан 100-150 есе артық. Қазіргі кезде Қазақстан халқының біраз бөлгі тіпті жануарлар ішпейтін суды ауыз-су ретінде пайдаланып отыр. Қанша десек те сол суларды ластап отырған өндіріс орыңдарының саны азаюдың орнына, керісінше, одан әрі өсіп келе жатыр. Оның себебін жауапкершіліктің жоқ болуымен сипаттауға болады, олардың көбісі аз мөлшердегі айыпты төлеу арқылы және басқа да жолдармен кұтылып жатады. Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден корғалуының жай-күйі. Қолайлы қоршаған орта дегеніміз - объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта. Қоршаған орта саласында адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық актілер ретінде шарттар, конвенциялар, халықаралық ұйымдардың келісімдері, декларациялар және т.б. болып табылады. Жалпы алғанда, Қазақстан олардың жиырма шақтысына қол қойды, бірақ олардың әрекет етіп жатқанын көре алмай отырмыз.
Информация о работе Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсері