Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2015 в 23:32, дипломная работа

Краткое описание

Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім.
Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................

І Әдебиетке шолу........................................................................................
1.1. Қоршаған ортаның ластануы мен классификациясы.............................
1.2 Химиялық ластану....................................................................................
1.3 Қоршаған ортаның физикалық ластануы...............................................

ІІ Негізгі бөлім................................................................................................
2.1 Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адам ағзасына тигізетін әсері............................................................................
2.2 Отын-энергетика өндірісінің қоршаған ортаға әсері..................................
2.3 Химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері................................................
2.4 Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің қоршаған ортаға әсері.......................
2.5 Машина жасау кәсіпорындарының қоршаған ортаға тигізеті әсері.........
2.6 Ауыл шаруашылығы өндірісінің қоршаған ортаға әсері...........................
2.2 Өндірістік қалдық түрлері және оларға сипаттама......................................
2.8 Өндіріс қалдықтарының улылық немесе уыттылық (қауіптілік) класын
анықтау...........................................................................................................
2.3 Улы өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру жолдары...............................
2.4 Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау................
қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар.......................................
2.11 Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі.........................................................

ІІІ Тәжірибелік бөлім....................................................................................
3.1 Атомды–абсорбциялы анализ әдісімен топырақ үлгілерінен ауыр металдардың массалық үлесін анықтау
3.1 Өлшеу құрылғылары, құрал-жабдықтар, реактивтер....................................
3.2 Үлгі алу және анализге дайындық....................................................................
3.3 Өлшеу жұмыстарына дайындық......................................................................
3.2 Зерттеу нәтижесі...............................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс қоқластаушы заттар06.doc

— 654.50 Кб (Скачать документ)

Санитарлық қызметтің  өнеркәсіп қызметін қадағалауда   негізгі алдына қойған  мақсаты -  кәсіби аурушаңдықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейту.                               

Ақтөбе облысы бойынша  санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің  бақылауында 642 өнеркәсіп нысаны тұр. Оларда зиянды өндірістік факторлар  әсерінде жұмыс жасайтындар саны - 30941. Облыс бойынша кәсіби жарамдылықты анықтайтын емдеу-профилактикалық  мекемелерінің саны-27. 2011 жылдың 1-жартыжылдығында 6 кәсіби ауру тіркелді («Казхром» ТҰК  АҚ филиалы ДКБК, «Ақтөбе мұнай  қондырғылары зауыты» ЖШС, «Энергосистема»  ЖШС).

Нарықтық қатынастарға араласа  алатын дамушы мемлекет ретінде, елдегі өнеркәсіп пен өндірісті дамытуда мақсат етіп қоя тұра, халыктың өмір сүруіне қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету керектігін ұмытпаган  жөн. Бізден кейінгі ұрпақтардың  бар екенін және олардың лайықты, таза табиғи ортада өмір сүруіне жағдай жасау әр азаматтың міндеті және азаматтық борышы. Дүние жүзі мамандарының пайымдауынша, Қазақстанда шоғырланған  табиғи ресурстар елдің дамуын керісінше  тежеуде және оларды пайдаланғаннан пайдаланбаған артық, әрі қауіпсіз. Сонымен, жоғарыда қарастырылған өзекті мәселелерді қарастыра келе адамдардың денсаулығына келтірілген зиянның  орнын толтыру үшін төмендегідей негіздер бар деп тұжырымдауға болады:  
- белгілі бір аумақтағы қоршаған ортаның ластануы туралы акт құрастырылып, онда судағы, топырақтағы, ауадағы және т.б. жердегі зиянды заттардың концентрациялық мөлшері көрсетілуі тиіс;

- медициналық растау құжаты, онда денсаулыққа келтірілген  зардаптың дәрежесі, мөлшері және  басқа да көрсеткіштерді айқындау  қажет;  
- медициналық-әлеуметтік сараптама қорытыңдысы, онда зардап келтірген ошақ пен зиян шеккен адамның арасындағы себептік байланыс көрініс табады.  
- экологиялық құқықбұзушылық нәтижесінде келтірілген залалдардың көлемін материалдық есептеу үшін зардап шеккеннің еңбек қабілеттелігін жоғалту дәрежесі, емделу және денсаулыққа келтірілген шығынның көлемі, лажсыз жіберілген уакыты, мекен-жайының немесе өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты туындаған қолайсыздықтар, мамандықтың өзгеруі, моральдық және т.б. залалдардың келтірілуі міндетті түрде есепке алынуы тиіс.

Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер  әрқилы. Олардың әсерлерінен тек  кәсіптік ауру ғана емес, сонымен қатар  кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі.  Соңғыларына өндірістің аумағында  немесе тікелей жұмыс орнында  тіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық, химиялық және электрлік  зақымдануларынан болған жіті аурулар  жатады[18].

Кәсіптік ауру жіктелулері  толық жасалмаған, себебі олардың  клиникалық көріністері полиморфты болып келеді және  көптеген ағзалар  мен жүйелердің өзгерістерімен сипатталады. Алайда кейбір кәсіптік ауру түрлерінде басым зақымданатын ағзалар мен  жүйелері болады, мысалы тыныс, қан, жүйке, тірек-қимыл аппараты, есту мен көру ағзалары, т.б.Сондықтан қазіргі  кезде этиологиялық себептерге сәйкес жалпылай топтастыру, яғни кәсіптік ауру тудырған өндірістік фактордың сипатына байланысты жіктеледі.

Кәсіптік ауру этиологиялық себебіне сәйкес топтары:

  1. Физикалық себептер туындаған  кәсіптік аурулар; өндіріс шаңдары (пневмо-кониоздар, шаңды бронхит, т.б.)
  2. Өндірістік ортаның физикалық әсерлерінен туындаған кәсіптік аурулар (тербеліс ауруы; қарқынды шудан, әртүрлі сәулеленуден, сыртқы ортаданың жоғарғы және төменгі температурасынан болған зақымданулар)
  3. Өндірістік ортаның химиялық әсерлерінен болған кәсіптік аурулар (әртүрлі жіті және сүлелі уланулар)
  4. Биологиялық әсерлерден болған кәсіптік аурулар (инфекциялық материалдармен не жануарлармен қатынаста болатын еңбеккерлерде, сол секілді туберку-лезге қарсы және инфекциялық емдеу мен профилактикалық медицина-лық мекемлердегі қызметкерлер дамыған әртүрлі жұқпалы инфекция-лық және паразитарлық аурулар;  антибиотиктерден, грибоктар мензат түзетін қабілеті бар саңырауқұлақтар және т.б. туындаған аурулар)
  5. Кейбір ағзалар мен жүйелерге шамадан тыс күш түсуден дамыған КА (тірек-қимыл аппаратының, шеткілік нервтер мен бұлшықеттердің аурулары).

Шудың әсерінен адам ағзасында  ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр  жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың  айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.

Шумен байланысты еңбек процесі  кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта  болатынын, белгілі бір бұлшық еттер  тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық  жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.

Қолайсыз экологиялық  факторлардан халықтың денсаулығын  қорғауға:

- экологиялық тәуекелді  бағалау және оның азайту жөнінде  бағдарламалар жасау;

- елді мекендердің аумағында  қоршаған ортаның сапа нормативтерін  сөзсіз қамтамасыз

ету;

- өнеркәсіп объектілерін  қоныстанатын аймақтан тысқары  жерлерге шығару арқылы қала құрылысы шешімдеріне  жаңа әдістерді енгізу;

- су құбырына және шөлмектерге  құйылған ауыз су сапасына қойылатын талаптарды қатайту;

- тұрғын үй ортасының,  әсіресе радиоактивті параметрлер бойынша жағдайын бақылау;

- экологиялық себептерден  болған ауруларды емдеу үшін  клиникалық орталықтар құру;

- қоршаған ортаның жағымсыз  факторларының әсерінен халықтың денсаулығына әсер еткен дәлелденген зардапты өтеу тәртібін енгізу есебінен қол жеткізіледі

Ірі өнеркәсіп пен қалалар, т.б. құрылыстар кешенінің көбінесе суы мол, адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін ормандар қырқылып, құнарлы жерлер пайдаланылады. Осының бәрі қоршаған табиғи ортаға өзімен бірге өндіріс қалдықтары мен түрлі тұтыну қалдықтарын көбейтіп үлкен проблема туғызады[19]. 

 

2.2 Отын-энергетика өндірісінің қоршаған ортаға әсері

 

Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздері жатады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына байланысты топтастырылады. 
          Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұндай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде. 
         Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн тонна, оның ішінде 50 пайызы ТМД елдеріның жерлерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд.тонна. 
          Дүние жүзілік мұнай қоры 840 млрд. Дүниежүзілік табиғи газдың қоры 300-500 трлн м3. Табиғи газдардың үлкен қорлары Иракта, Сауд Аравиясында, Алжирде, Ливияда, Нигерияда, Венесуэллада, Мексикада, АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Ұлыбританияда, Норвегияда, Голландияда, Ресейде, Қазақстанда. Жыл сайын Ресей 800-850 млрд. м3 табиғи газ өндірсе, Қазақстанда 5-7 млрд м шамасында өндіріледі. 
         Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар құрлысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылған дизельдерден шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң, бұрғылау ертінділері және т.б. бұрғы мұнарасынан 800 м алшақтыққа дейін топырақ және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген. 
        Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай: 
- апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс. Мысалы, коррозиямен күресідің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасымалдау құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру. 
- мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әртүрлі құрлыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы.  
- ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың олармен ластануы 
- мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы 
-бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму 
-мұнайдың төгілуі 
         Негізінде негативті әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді. Осы өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектері, көміртек оксиді, қатты заттар жатады. Осы салада мұнаймен бірге қосыла шығатын газ әлі толығымен қолдануын таппағанына байланысты, жыл сайын оның көлемінің 20 пайызы пайдасыз алуда жағылады, сондықтан қоршаған ортаны ластаумен қатар табиғи ресурс ысыраптанылады. Осыған байланысты бұл газдарды кәдеге асыру жодарын іздестіру қажет. 
         Бұрғылайтын қондырғылар мен магистральды газ-мұнай тасымаодайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайдың тууының негізгі себебі тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы, сонымен қатар құрлыс техникасының осы құбырларды басып езіп кетуіне немесе технологиялық және құрлыстық ақаудың болуына да байланысты келеді. 
        Мұнай шығаратын өндірістер басқалармен салыстырғанда суды көп жұмсайтын болғандықтан, олардың суаттарға жіберетін латанған ақаба суларының көлемі де жеткілікті. 
          Қазақсанда мұнай өңдейтін кәсіпорындар 1945 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бірінші іске қосылған Атырау мұнай өңдеу зауыты, ол 1959 жылға дейін тек сырттан әкелінген шикізатты өңдеді, яғни Түркменистан мен Әзірбайджанның мұнайын. Қазіргі кезде республикада жұмыс істейтін тағы да екі мұнай өңдейті зауыт бар- Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттары. Ақтау қаласында мұнайдың ілеспе газынан алынатын этан фракциясын өңдеп этилен, тил бензол, стирол және полистирол шығаратын біріктірген ірі тоннажды өндіріс пен пластмасса зауты жұмыс істейді. Бұл зауытта бояу өңбейтін алуан түрлі пластмассалар алынады. 
        Мұнай өңдейтін зауыттар ауа мен су бассейндерін ластайтын көздің бірі. Ластаушы заттар шығаратын негізгі көздерге- мұнайды күкірттен тазарту мен катализаторларды регенерациялау процестері, қыздырғыштар және қазандықтар жатады. Сонымен қатар мұнайдан, одан алынған өнімдерді сақтайтын ыдыстардан, су мен мұнай сепараторларынан әртүрлі заттар бөлініп, қоршаған ортаны ластап отырады. 
       Мұнай өңдейтін өндірістің кәсіпорындары атмосфераны көмірсутектермен, күкірттіоксидпен, көміртек оксидімен, азот оксидімен ластайды. Бұл кәсіпорындар көп мөлшерде суды қажет кткді, ал олардан шыққан ақаба суларда көп мөдшерде мұнай өнімдері, сульфат, хлорид, азот қосылыстары, фенол, ауыр металдардың тұздары болғандықтан, суаттар осы заттармен ластанып отырады. Топырақты да ластайтын осы қосылыстар.

Көмір өндірісі. Қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты көмір өнеркәсібі күрделі өнеркәсіп салаларының бірі болып саналады. Көмірді негізгі пайдаланушылар: электроэнергетика-39%; өнеркәсіп пен үй-жәй секторы- 35℅; коксхимия өнеркәсібі- 14%; ауылшаруашылығы-5%

 

 
Әсердің түрі 

 
Тигізетін зардаптары 

 
Қорғау тәсілдері 

 
Атқылау жұмыстары 

 
Газ-шаң-ауа қосындысының атқылауы мүмкін 

 
Атқылау жұмысын жүргізу үшін қорған жасау 

 
Тау-кен шығарылған жерден бөлінген заттар, тау жыныстары үйінділерінен т.б шығарылатын шаң мен газдар 

 
Ауаның шаң, метан, көміртек диоксиді, улы заттармен ластануы. Минералды тұздардың суаттарға түсуі. 

 
Шаң ұстайтын қондырғылардың және шаң басатын әдістерді қолданып шаңды басу 

 
Террикондардың пайда болуы 

 
Ландшафтың бұзылуы, құнарлы жерлердің шаруашылық айналымнан шеттелуі, фауна түр құрамының азаюы 

 
Жерді рекультивациялау. Террикондарды автокөлік жолдарын салуға пайдалану 

 
Сақтаған кезде көмірді тотығу мен өз бетімен жануы 

 
Түтін мен улы заттардың бөлінуі, отын сапасының төмендеуі 

 
Көмірді ауадан изоляциялау, көмір сапасын анықтайтын тексеру жүйесін орнату. 

 
Көмірді тасымалдау 

 
Отын шығыны және атмосфераның ластануы 

 
Жабық вагондарды, құбырларды пайдалану 

 
Қаты отынды дайындау және жағу 

 
Көмір ұнтағының қопарылу қауіптілігі 

 
Конструкция мен жабдықтарды бекіту, қопарылысты болдырмау 


 

Көмірді жабық әдіспен алғанда атмосфераны ластайтын негізгі компоненттер шаң мен газ түріндегі улы заттар. Мысалы 2 млрд. тонна көмір өндіргенде ауаға 27 млрд. м3 метан және 16,8 млрд. м3 көмірқышқыл газы бөлінеді. Жыл сайын шахталардан атмосфераға миллиондаған тонна шаң тасталады. Ал терикондарда қалған көмір қалдығы (5-20%), пирит (10%), күкірт (5%-тен жоғары) тотығып, жаңғанда әр текше мертден ауаға 180 мг шамасында көміртек пен күкірт оксидтері бөлінеді[20]. 
 
2.3 Химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері 
 
          Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанның біршама аймақтарында орналасқан. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларының, ауыл шаруашылығының, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін бұл өндірістің шығаратын өнімдерінің түрі де, көлемі де аумақты. 
          Химия өнеркәсібінің Қазақстанда дамуына осы саламен металлургия саласының бірлесіп, яғни металлургия қалдықтарынан, қосалқы өнім ретінде бөлініп шыққан заттарды шикізат үшін пайдалануына байланысты. Мысалы, Шығыс, Орталық және Оңтүстік металлургия өнеркәсібінен шығатын өндірістің жанама газдарынан күкірт қышқылы алынып, осы аймақтардағы ірі фосфор тыңайтқыштарын шығаратын өндірістерге беріліп отырылады. Экономистердің есебі бойынша тасталатын жанама металлургиялық газдардан алынған күкірт қышқылының өзіндік құны табиғи шикізаттан алынған қышқылдан екі есе арзанға түседі және 1 тонна өнімге жұмсалатын тиісті қаржының мөлшері де 2,1 есе төмен. 
        Химия өнеркәсібінде алынатын өнімдер, қолданылатын технологиялар және шикізат сантүрлі болғандықтан, шығатын қалдықтардың түрі де, атмосфералық ауаны, су бассейндерін және топырақты ластаушы компоненттер де алуан түрлі және көбісі өте улы заттар қатарына кіреді. 
        Бұл салада экологиялық проблемаларды шешу мәселесі қиындау, өйткені қолданылатын аспаптардың (агрегаттардың көпшілігі ескірген, олардың 60% -не жуығы 10 жылдан артық, 20%-тейі20 жылдың үстінде ұсталғандар, ал 10%-нің пайдалануда болғанына 30 жылдан джа асқан. Осыған қарамастан ауға жіберілетін 90% тазалау цикілінан өткізіледі. 
          Газды, сұйық пен қатты түрде тіршілік ортаға тасталатын негізгі заттарды атап өтсек, бұлар- көміртек, күкірт, азот оксидтері , көмірсутектер, аммиак, фенол, күкіртті көміртек, бензин, олифендер, ауыр металдардың қосылыстары, беттік активті заттар, спирттер, әртүрлі қышқылдар, фосфогипс, тұздар және т.б.  
         Химия өндірісіне байланысты әлі ойдағыдай шешімін алмай келе жатқан проблеманың бірі фосфор өндірісінің қалдықтары фосфогипс пен галит мәселесі. Көп мөлшерде жиналаған бұл қалдықтар айналымға қажетті көптеген жер көлемін алып жатуымен қатар, біраз мөлшерде топырақты ластап қышқылдандыруда.  

 
Кесте 7.

Химия өнеркәсібінің әр өндіріс түріне сәйкес атмосфераға тасталатын негізгі компоненттер.

 
Өндіріс

 
Атмосфераны ластайтын негізгі компоненттер

Азот қышқылы

 
NO2,NO, NH3

Күкірт қышқылы

 
NOX,SO2, H2SO4

Тұз қыщқылы

 
HCL, CL2

Қымыздық қышқылы

 
NOX, C2H2O4(шаң)

Сульфамин қышқылы

 
NH3,NH(SO3NH4)2, H2SO4,

Фосфор және оның қышқылы

 
P2O5, H3PO4, HF,Ca5F(PO4) (шаң)

Сірке қышқылы

 
CH3CHO, CH3COOH

Күрделі тыңайтқыштар

 
NO2, NO, NH3, HF, H2SO4, P2O5, HNO3

Карбамид

 
NH3,CO, (NH2)2CO

Аммонии селитрасы

 
CO, NH3,HNO3, NH4NO3 (шаң)

Суперфосфат

 
HF, H2SO4, 

Сұйық хлор

 
HCL, CL2, Hg

Хлорлы әк

 
CL2,CaCL2(шаң)

Пливенилхлорид шайыры 

 
Hg, Hg CL2

Тетрахлорэтилен

 
HCL, CL2

Ацетон

 
CH3CHO, (CH3)2 CO

Аммиак

 
NH3, CO

Метанол

 
CH3OH, CO

Капролоктам

 
NO, NO2,SO2,H2S, CO

Ацетилен

 
C2H2

Карбофос

 
SO2, P2O5, H2S

Минеральды пигмент

 
Fe2O3, FeSO4

Целлюлоза

 
SO2, H2S, CL2CH3SH, (CH3)2S

Информация о работе Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсері