Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2015 в 23:32, дипломная работа
Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім.
Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар.
Кіріспе..........................................................................................................
І Әдебиетке шолу........................................................................................
1.1. Қоршаған ортаның ластануы мен классификациясы.............................
1.2 Химиялық ластану....................................................................................
1.3 Қоршаған ортаның физикалық ластануы...............................................
ІІ Негізгі бөлім................................................................................................
2.1 Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адам ағзасына тигізетін әсері............................................................................
2.2 Отын-энергетика өндірісінің қоршаған ортаға әсері..................................
2.3 Химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері................................................
2.4 Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің қоршаған ортаға әсері.......................
2.5 Машина жасау кәсіпорындарының қоршаған ортаға тигізеті әсері.........
2.6 Ауыл шаруашылығы өндірісінің қоршаған ортаға әсері...........................
2.2 Өндірістік қалдық түрлері және оларға сипаттама......................................
2.8 Өндіріс қалдықтарының улылық немесе уыттылық (қауіптілік) класын
анықтау...........................................................................................................
2.3 Улы өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру жолдары...............................
2.4 Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау................
қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар.......................................
2.11 Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі.........................................................
ІІІ Тәжірибелік бөлім....................................................................................
3.1 Атомды–абсорбциялы анализ әдісімен топырақ үлгілерінен ауыр металдардың массалық үлесін анықтау
3.1 Өлшеу құрылғылары, құрал-жабдықтар, реактивтер....................................
3.2 Үлгі алу және анализге дайындық....................................................................
3.3 Өлшеу жұмыстарына дайындық......................................................................
3.2 Зерттеу нәтижесі...............................................................................................
Инфрадыбыс қай жолмен пайда
болса да тірі организмдерге
қолайсыз әсер тигізеді. Мысалы,
қала көліктері жұмыс
Инфрадыбыстан қорғану үшін
Кесте 5.
Іс – жүзінде құрылыста жиі қолднылатын шуды сіңіретін кейбір материалдар
Шу сіңіргіш материалдардан жасалатын қорғандар |
Қалыңдығы, мм |
Шу сіңіргіш қабілеттіліктің орташа мағынасы, дБ |
Бетон және темірбетон |
50 |
44 |
Бетон және темірбетон |
100 |
47 |
1 кірпіштен жасалған кірпіштік қалау |
250 |
43 |
1,5 кірпіштен жасалған кірпіштік қалау |
380 |
49 |
Екі тақтадан жасалған гипсті шымылдық |
80 |
44 |
Арасында 60 см ауа аралығы бар гипсты шымылдықтар |
80 |
49 |
Темірбетон блоктарынан жасалған шымылдық |
9 |
42 |
Болат табағы |
0,7 |
25 |
Болат табағы |
2 |
33 |
Сыланған ағаш қабырға |
40 |
32 |
Шыны |
4 |
28 |
Діріл – ортаның физикалық ластануының бір түрі. Ол айнымалы қысымның механикалық көзінен берілу нәтижесінде пайда болатын жиілік ауқымы кең қүрделі тербелмелі процесс.
Адамға әсер ету жолына байланысты діріл екі түрге бөлінеді:
Діріл биологиялық активтігі жоғары факторлардың бірі.
Шуылмен ластану сияқты діріл децибелмен, немесе діріл жылдамдығымен (м/с), діріл шапшаңдату шамасымен (м/с ) өлшенеді. Дірілдің амплитудасы мен жиілігінің маңызы зор. Себебі 6-7 Гц тең резонанстық жиілік адамның жанына бататын етіп асқазан мен басына әсерін тигізеді. Жиілігі төмен діріл адам организмінде жүретін алмасу процестерін: көмірсуларының алмасуын, қанның биохимиялық көрсеткіштерін өзгертеді, бұл белоктық, ферментативтік, сонымен қатар витаминдік пен холестериндік алмасуды бұзады.
Кесте 6.
Адам организміне дірілдің тигізетін түрі мен әсері
Діріл көзі | |||
Абыржу |
Органдардың жылжуы |
Клеткалар мен бұлшық тарамдарының өзгеруі |
Нерв клеткалары мен органдар |
Әсер нәтижесі | |||
Жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі |
Орталық нерв жүйесінің бұзылуы |
Жүру – жылжымалы аппарат функциясының бұзылуы |
Жыныс мүшелері функцияларының бұзылуы |
Жұмыс барысында ұзақ уақыт дірілдің әсерінде болған адам әр түрлі кәсіптік ауруға ұшырайды, мысалы, асқазанның жаралы кеселіне, психикалық және нерв жүйесі ауруына, гипертония, діріл ауруына шалдықтырады. Кәсіптік аурулардың ішінде діріл ауруының алатын орны ерекше, осы аурумен жиі ауыратындар машина жасау, металлургия, құрылыс, тау-кен өнеркәсіптерінде, көлік саласында және ауыл шаруашылығында істейтін жұмысшылар. Діріл жиілігі 16-20 Гц шамасында болғанда діріл ауруы пайда болатын жағдай туады. Діріл жылдамдығының қабылданатын мөлшері 10-4 м/с деңгейінде, ал 1 м/с ауру сезіле бастайды. Діріл ұзақ уақыт әсер еткенде ғимарат, техника бұзылуы мүмкін [8].
Жылулық құбылыстар
Табиғи қоршаған ортаға қолайсыз әсер ететін факторларға жылулық ластануды да жатқызуға болады. Жылулық ластану дегеніміз қоршаған ортаға жылу-энергетика кешендерінен, мұнай өндіру саласында қосалқы газдарды жаққанда бөлінген, мұнай-химия кәсіпорындарының газ алауларынан және т.б. адамзаттың шаруашылық әрекеттерінен бөлініп шыққан жылумен ауаның, судың, топырақтың жылынуы.
Жылулық ластанудың
Көптеген үлкен калалар мен ірі өндіріс орындары орналасқан орталықтардың атмосфералық ауасы жылумен ластанады. Себебі, атмосфераға температурасы жоғары заттар көптеп шығарылады. Ірі өндіріс орьшдарының мұржаларынан, үйлерді жылумен қамтамасыз ету, орман өрттері салдарынан 60°С-ге дейін немесе одан да жоғары температурада қыздырылған заттар қоршаған ортаға бөлінеді. Атмосфералық ауаның орташа жылдық температурасы ірі калалар мен өндіріс орталыктарының үстінде болу керек көрсеткіштен 6-7 градусқа жоғары болып келеді. Мамандардың мэлімдеуінше соңғы 25жылдың ішінде тропосфераның орташа температурасы өз мөлшерінен 0,70 С-ге көтерілген.
Су көздерінің, теңіз акваторийлерінің жылумен ластануы жылу электр станцияларынан және кейбір өндіріс орындарынан шығарылған кайнаған ағынды сулардың кұйылуынан туындайды. Мұндай қайнаған ағынды сулардың құйылуынан, су қоймаларындағы температура 6-8 градусқа жоғары болады. Нәтижесінде, судың табиғи температурасы бұзылады. Бұл судағы жасыл балдырлардың дамуына кері эсер етіп, судың өзін - өзі тазарту қабілетін төмендетеді. Сонымен қатар, су жәндіктеріне де зиянын тигізеді.
Жылулық ластану қолайсыз әсер тигізбеу үшін осы факторды нормалау қажет. Балық шаруашылығына бағытталған су қоймаларының температурасы табиғи жазғы судың температурасынан 5 С артық жоғарыламауы тиіс. Ал шаруашылық-ауыз суға және мәдени-тұрмыстық жағдайға қолданылатын су объектілеріне өндірістен шыққан жылы суларды араластырғанда олардың суының температурасы 10 жыл ішінде ең ыстық айларда болған температурадан 3 С-ден артық көтерілмеуі қажет.
Тап осылай нормалау проблемасын шешуді жақсы жолдың бірі деп санауға болмайды. Тиімді жол деп суды қайтарып қолдануды, яғни тұйық циклды пайдалануды айтуға болады[12] .
Электромагнитті ластану
Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар эртүрлі факторлармен үздіксіз қарым-қатынас нэтижесінде эволюцияға ұшырап, қазіргі күйіне жетті. Бұл факторалардың көбі электромагнитті кеңістікпен тығыз байланысты.
Электромагнитті кеңістікті зерттеу 60-шы жылдардан басталды. Дегенмен, әлі де толық зерттеліп болған жоқ. Тек көптеген болжамдар ғана бар.
Электромагнитті кеңістіктер әсіресе балалар мен жатырдағы эмбрион үшін, сонымен қатар, жүрегі, орталық жүйке жүйесі ауыратын адамдар үшін қауіпті болып келеді. Көптеген зерттеулер нэтижесі электромагнитті кеңістіккке эсіресе жүйке жүйесі сезімтал екенін көрсетті. Бұл адамдардың есте сақтау кабілетін төмендетеді [13].
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адам ағзасына тигізетін әсері
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр.
Елімізде 2009 жылдың маусым айында өнеркәсіп көлемі 7,2 пайыға ұлғайды, атап айтқанда маусымда мамырмен салыстырғанда кең қазу өнеркәсібіндегі өндірісі – 6,3 пайызға, өңдеуші өнеркәсібіндегі өндірісі 9,9 пайызға өскен. Сонымен қатар маусымда шикі мұнайды, металл кендерін өндіру, машина жасау, металлургиялық өнеркәсіп өнімдері ұлғайған.
Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етіп жатыр.
Атмосфералық ауаның ластану мәселесі
негiзiнен Республика халқының жартысына
жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк
Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3,1 млн г., 1997 ж – 2,37; 1998ж – 2,33) зиянды заттар шығады. Атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7 %, қара металдар – 15,7% береді[14].
Смог – үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады:
Сонымен қатар, шетелдік және ұлттық
өндірістік компаниялар, елдегі атмосфералық
ауа мәселесін одан әрі өршіте түсті. Мысалы, «Қазақмыс», «Испат-Кармет» ірі
Өндірістік жұмыс процесінде пайда болатын қалдықтар ізсіз жойылмайтындығы, олар бір формадан екінші формаға ауыстырылады немесе басқа кеңістікке қойылады. Ал оның әсері талай уақытқа созылуы мүмкін.
Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтыну
қалдықтары 20 млрд. тоннадан асып кетті, оның ішінде 7 млрд. тоннасы улы заттарды
құрайды, әрі олардың ұлғаю үрдісі байқалуда.
Мамандардың зерттеу
Барынша ластанғандар қатарына 10 қала,
оның iшiнде 8 қала - ауасы жоғары деңгейде
ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының
Информация о работе Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсері