Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2015 в 23:32, дипломная работа
Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім.
Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар.
Кіріспе..........................................................................................................
І Әдебиетке шолу........................................................................................
1.1. Қоршаған ортаның ластануы мен классификациясы.............................
1.2 Химиялық ластану....................................................................................
1.3 Қоршаған ортаның физикалық ластануы...............................................
ІІ Негізгі бөлім................................................................................................
2.1 Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адам ағзасына тигізетін әсері............................................................................
2.2 Отын-энергетика өндірісінің қоршаған ортаға әсері..................................
2.3 Химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері................................................
2.4 Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің қоршаған ортаға әсері.......................
2.5 Машина жасау кәсіпорындарының қоршаған ортаға тигізеті әсері.........
2.6 Ауыл шаруашылығы өндірісінің қоршаған ортаға әсері...........................
2.2 Өндірістік қалдық түрлері және оларға сипаттама......................................
2.8 Өндіріс қалдықтарының улылық немесе уыттылық (қауіптілік) класын
анықтау...........................................................................................................
2.3 Улы өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру жолдары...............................
2.4 Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау................
қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар.......................................
2.11 Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі.........................................................
ІІІ Тәжірибелік бөлім....................................................................................
3.1 Атомды–абсорбциялы анализ әдісімен топырақ үлгілерінен ауыр металдардың массалық үлесін анықтау
3.1 Өлшеу құрылғылары, құрал-жабдықтар, реактивтер....................................
3.2 Үлгі алу және анализге дайындық....................................................................
3.3 Өлшеу жұмыстарына дайындық......................................................................
3.2 Зерттеу нәтижесі...............................................................................................
8. Жер асты суларынан алынған
сынамаларда талданатын
Полигонды (полигонның бөлігін) жабу, рекультивациялау және мониторинг рәсімдері
1. Қалдықтарды көму жөніндегі полигонды (полигонның бөлігін) жабуға экологиялық рұқсат алынғаннан кейін ғана жол беріледі.
2. Қоршаған ортаны қорғау
3. Полигон (полигонның бөлігі) жабылғаннан
кейін иесі аумақты
4. Полигонның иесі жобаның
2.11 Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі
Кейде ойланбастан коптеген заттектер мен материалдар қалдыктарға жаткызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев "Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" деп айтқан. Сонымен қатар ол озат технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен кайта өңдеу арқкылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде карауға болады.
Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 миллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. т түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады (4 млрд. т - таукен өндірісінікі, 1,1 млрд. т байыту фабрикаларынікі және 105 млн. т металлургиялық өндеу процестерінен шыққан қалдықтар). Сонымен қатар әр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының тұндырғыштарында көп мөлшерде сұйық қалдықтар жинақталған. Қалдыктардың 70-75%-і тау-кен өндірістерінен, 20%-і байыту және қалғандары металлургия косіпорындарынан пайда болады.
Калдықтардың негізгі көлемі тау-кен қазбаларынан, металлургия, химия, мұнай және газ, ағаш, қағаз, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден және ауыл шаруашылығы мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып отырады.
Өнеркәсіп қалдықтарының көбісінің құндылығы едәуір, оны оларды дұрыс пайдаланғанда білуге болады. Өндіріс қалдыктарың пайдаға асыру мәселері шешілетін болса, ауыл шаруашылығыңда пайдалануға жататын біраз жерлерді босатуға мүмкіншідік туады.
Егерде қалдықтар шаруашылық айналымға түсірілес, олар қоршаған ортаны жақсартумен қатар, жердегі шикізат қорын да үнемдейтіні сөз сіз (қосымшада келтірілген кестедегі мәліметтерге қараңыз). Өнеркәсіп өндірістері дүниежүзілік шикізат қорының күрт елеулі азаюына акеледі. Ғалымдардың болжауы бойынша, қазіргі пайдалану деңгей сақталған жағдайда, мұнай мен газдын қоры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс коры 100 жылга көмір кенін 1700 жылдай уакыт бойы ғана шығаруға жетеді. Табиғи ресурстардың коры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда, аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияларды жасау және халықшаруашылығының әртүрлі салаларында шикізат базасын қалдықтарды кеңінен пайдалану арқылы көбейту қажет. Түсті металлургияда негізінде пайдалы әлементтердің 2-3% ғана алынып, 97-98% пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады.
Маңызды шикізат қорына қалдыктардың ішінде кұл мен қокысты жаткызуға болады. Осы құнды материалдың казіргі кезде 20%-тен аспайтын бөлігі ғана өнделінеді. Күл негізінде цементке толтырғыш ретінде қолданылады. Түтін газдарынан алынған 1,3 т қоңыр көмірдің күлі 1т цементтін орнын толтырады. Қоңыр көмір күлінің құрамында 5-30% темірдің оксиді, 30% әк және едәуір мөлшерде коксталған көмірдің қалдығы бар екендігіне байланысты металлургияда оны темір концентратын алу үшін пайдалануға мүмкіндік бар.
Қазакстанның түсті металлургиясының шикізат базасы ретінде тек күлді ғана емес, өндірілетін руданың құрамында бірқатар металдардың мөлшері көптеген жылдар бойы мол жинақталған жүздеген миллион тонна шлактарды да пайдалану кеңінен қарастырылуда. Геологиялық барлау жасауға, тасымалдауға, рудниктер және байыту фабрикаларын салуға қаражат жұмсалмайтынына байланысты шлактардан алынған металдардың өзіндік құны рудадан алынғаннан бірнеше есе төмен болады.
Қазақстанның түсті және қара металлургия саласындағы коптеген өнеркәсіптерден бөлініп шығатын газдар күқірт кышқылын алуға шикізат ретінде пайдаланылып келеді. Метталлургия өнеркәсіптерінің құрамында күкірті бар газдардан алынған қышкылдың өзіндік құны, сонымен қатар, 1 т өнімге жұмсалған қаржының үлес салмағы табиғи шикізаттан өндірілген күкірт кышкылына қарағанда 2 еседей томен.
Кені бар шикізатты кешенді түрде пайдалануды мақсатқа ала отырып, Орталық және Солтүстік Қазақстанда металлургиялық өндірістерінің қалдықтарын қолдану арқылы азот, фосфор және басқа да минералдық тыңайтқыштарды өндіруге бағытталған химия өнеркәсібі дамуда.
Амортизациялық сынықтарға шығынға жіберілген, істсн шыққан жабдыктар, саймандар, бұйымдар және т. б. инвентарлар жатады. Мысалы, вагондар мен рельстердін 30 жыл, кемелердің 25 жыл, көпірлердің 100 жыл, автомобильдердің 10 жыл, электр куатын жүргізу жолының колдану мерзімі 50 жыл ғана.
Металлургиялық өнеркәсіптер тек металл сынықтары мен қалдықтар шығаратын көз ғана емес, сонымен қатар олар негізгі пайдаланушының қатарына жатады. 1 тонна электрлік болат өндіруге 940 кг, 1 т мартен болатына 500 кг, 1 т шойын алуға 20 кг-нан 700 кг-га дейін металл сынықтары пайдаланылады. Металл сынықтарынан алынған болаттың құны рудадан алғаннан 60-70%-тей арзанға түседі.
Өте қиын және де кідіртуге болмайтын проблемаларға пластмасса мен әртүрлі полимерлі материалдарды өндеу және қайтадан пайдалану жатады. Бұл проблемалар жарым-жартылай шешілген, себебі оларды өндеуден өткізу үшін алдымсн ұқыпты түрде сүрыптау және бөлектеу қажет. Сонан соң олар үгітіліп, жуылып, болініп болған соң, белгілі өнім түрлерін алуға пайдаланылады. Белгілі анықталынған сипаттамасы болмаған алакула (әртекті) пластмассалар тек төменгі сортты материалдар алуға жұмсалады. Полиуретан мен жасанды талшықтардан жасалған кейбір бұйымдарды қайтадан өңдеу өте қиынға түседі, биохимиялық ыдырауға түспейтіп болғандыктан олар көмуге де жатпайды, сондыктан казіргі кезде орын алған шешімсіз проблемаларлың бірі пластмассалық жарамсыз қалдықтар. Дүние жүзі бойыша жыл сайын 80 млн. тоннаның үстінде шығарылатын пластмассалардың 70%-нен артығы автокөліктер аккумуляторлары мен азык-түлік салатып ыдыстар түрінде қалдыққа айналып отырады.
Соңғы 15-20 жылда пластмассалардың жаңадан жетілдірілген түрлерін жасау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Негізгі максат мұнайдан өндірілетін әдеттегідей арзан пластмассалардың орнына табиғи жағдайда биологиялық жолмен микроорганизмдердің қатысуымен қоршаған ортаға залал келтірмейтін косылыстарға ыдырайтын түрлерін алу. Осындай полимерлі материалдар ауылшаруашылық дақылларынан (жүгеріден, картофельден, катты тағам қалдықтарынан) алынған крахмал немесе целлюлоза мен полиэтилен коспаларынан алынады. Биологиялық жолмен ыдырайтын полимерлерге химиялық синтез аркылы алынған синтетикалық полиэфирлер және микроорганизмдердің катысумен түзілген биополимерлер, биосахаридтер жатады. Осындай жаңа материалдар толығымен дымкылды жағдайда биохимиялық жолмен ыдырайды және әртүрлі жағдайда кордаланылады. Биополимерлерден негізінде бірсыпыра өнімдер шығарыла басталды. Мысалы, бұрынғы полистиролдан жасалған жоңқалардың орнына амортизациялық буып-түюге арналған жоңқалар, орауыш қаптар бір реттік әртүрлі ыдыс-аяқтар, контей-нерлер және т. с. жасалуда.
Москвада полимерлер негізінде жаңа материалдар жасайтын "Норнласт" атты ғылыми-өндіріс бірлестіғі ұйымдастырыдған. Бастапкы шикізат - мұнайды үнемдеу үшін, полимерлердің белгілі бөлігі әртүрлі түрге боялатын және металлмен оңай араласатың табиғи толтырғыштармен, анорганикалық косылыстар немесе өнеркәсіп қалдықтарымен, мысалы, мақтаның жаман-жұманымен, жүзімнен алынған өнімдермен, лигнинмен айырбасталады. Бұл материалдар кұбырлар, тұрмыстық химия баллондарын, электро-химиялық өнеркәсіптеріне кажетті бөлшектер, әртүрлі көпшілік колды тауарлар жасауға қолданылады.
Ағаш өңдейтін және қағаз шығаратын өнеркәсіптердің калдыктарың өте құнды шикізатка жаткызуға болады. Ағаш қалдықтары (қабықтар, жоңқалар, үгінділер және т. с.) энерғия немесе жылу алу үшін пайдаланылады. Егерде оларды сүйық отынмен араластырып жақса, өте жақсы ағаш тәрізді жанады. Осымен қатар үгінділер технологиялық мүктаждыкты отеуге де колдапылады, тез кебетін касиет беру үшін оларды шикі кірнішке де косуға болады.
Коптеген елдерле макулатураны оңдеу арқылы жазатып кағаз, типографиялық кағаз, жанбайтын кағаз және т. б. түрлерін алуға өте үлкен назар аударылуда. Мысалы, Германияда бүкіл колданылатын қағаздың 44% макулатурадан (жылына 2,8 млп. т шамасында жиналады) алынады, бұл жағдай жыл сайын 40 млн. ағашты кесуден сақтайды. Сонымен қатар, ағаштың орнына кағазды макулатурадан алғанда 60%-тей энергия үнемделеді, атмосферанын ластануы 15% және судың ластануы 60%-ке дейін төмендейді.
Жеңіл өнеркәсінтің жүн жуатын саласында жүнді бастапкы өндеген кезде калдык ретінде бөлініп шығатын жүн майы (химиялык аты ланолин) медицина және парфюмерия өнеркәсіптеріне қажетті өте құнды шикізат болып санадады.
Қант өндірісінің калдығынан спирт алынады. Мысалы, Қазакстанда шыгарылатын этил спиртінің 2/3 бөлігі Тараздың қант-рафинад комбинатының қалдығынан алынады.
Дүние жүзінің көптеген елдерінде шыны бұйымдар қалдықтарын тиімді пайдалану жүзеге асырылуда. Батыс Еуропаның 17 елінде шыны ыдыстарын пайдаға асыруды Еуропалық шыны ыдыстар жөніндегі федерация кадағалап және үйлестіріп отырады. Барлық елдерде түсті шынылар толығымен қайтадан өндеуге түседі. Шыны ыдыстарды халықтан жинап отыру жаксы үйымдастырылған.
Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халыкшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарынын, жанама және аралык өнімдерінің энергетикалык потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топка болінеді:
1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр, целлюлоза және т. б.);
Екінші реттік энергоресурстар химиялык өндірістін азот, күкірт, фосфор, хлор косылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларында пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу қалдыктарды өндейтін колдырғыларда, жылу айырбастагыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жагдайлармен жылуды түтыну қажеттілігін томендетуге болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жұмыс істеуге колданылады және электрэнергия алуға пайдаланылады.
Екішні реттік энергетикалық ресурстарды жүзеге асыру жылу мен энергияны үнемдеумен қатар, атмосфераға болінетін жылу мөлшерін азайтып, қоршаған ортаны корғауға себебін тигізеді.
Череповец металлургиялык комбинатына қарасты зауыттың жылу электр орталыгында барлык қазандықтар екінші реттік ресурстарды пайдалану арқылы жұмыс істеуде.
Құс фабрикаларында қалдык болып шығын отырған құс жүндері жоғары сапалы мал жемін - құрамында 85%-кс дейін белогі бар ұн алуға арзан шикізат ретінде қолдануың тауып жатыр. Мұндай өндіріс Германияда жақсы жолға қойылған, 3 т қалдықтан 1,2 т ұн алынады.
Қалдықтар проблемасы қолымызда бар заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бір көргенде, мысалы, күйін кеткен лампалардан вольфрам алу түкке тұрмайтын іс сиякты. Жанып кеткен бір лампочкада 10 мг-дай вольфрам болады, ал оның миллионында - 10 кг. Өнеркәсіпте осы қымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін құрамында вольфрамы бар минералдар — вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем емес көлемі өнделеді, сонымен қатар, біраз энергия мөлшері жүмсалады. Вольфрам оксидінің геологиялық қоры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылга ғана жетуі мүмкін, бүрынғы Одаққа кіретін мемлекетгерді есепке алмағанда, жылына дүниежүзі бойынша вольфрам рудасының 25 мың тоннасы өндіріледі. Бұл мәлімет вольфрам косылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше коңіл аударудың қажетгілігін корсетіп отыр.
Румынияның аяқ-киім өнеркәсіп институтында тері қаллыктарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылыгы жоқ материал шығаруға бағытталған пластикалық масса алу жолы жасалып өндіріске енгізілген. 1 кг қалдықтан 0,9 кг материал алынады.
Ерекше назар аударуға және кідіртпей өңдеуге жататын қалдықтарга түрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы қаддыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. АҚШ-та түрмыстық қатты калдықтарлын 41%-і "айрықша кауіпті" болып топтастырылады, ал Венгрияда - 33.5%-і, Францияда - 6%-і, Ресейдс - 10%-і. Ұлыбританияда - 3%-і, Италия мен Жапонияда - 0.3%-і. Жылына Москва каласынан шығатын түрмыстық калдыктың мөлшері 16 млн. м\ Алматыдан -3 млн. м' үстінде. Жылына үлкен калаларда бір адамга шакканда жалпы 300 кг түрмыстык калдык келеді, онын ішінде азық-түлік қалдықтарынын жылдық мөлшері 80-90 кг. 1 т азык-түлік қалдыктарының күнарлыгы орта есеппен 250 кг дәнді жем-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарынын мәліметтеріне сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында тайдаланғанда 45 кг-га дейін шошка етін алуга болады. Түрмыстық қалдыктарды пайдаланбай тастайтын болсак, онда ортүрлі ауруларды коздыратын ошақтың козін ашумен қатар, біраз жер колемін пайдасыз жерге айналдырамыз.
Информация о работе Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсері