Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 12:14, магистерская работа
Эволюция ілімінің қалыптасуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі, оның маңызы. Эволюцияның негізгі қозғаушы күштері. Дарвинизм мен генетика синтезі. Мал түліктерінің шығу тегі мен эволюциясы. Оларды зертеудің маңызы, міндеттері мен тәсілдері. "Үй жануарлары", "мал'', ''асыранды мал", ұғымдары. Жабайы (тағы) жануарларды қолға үйрету, оның басталған кезеңдері мен мекендері. Малдың арғы тегі мен туыстары. Қолға үйрету барысында малда пайда болған өзгерістер. Жабайы жануарлардың жаңа түрлерін қолға үйрету, мұның келешегі, оларды жаңа мал тұқымдарын шығару үшін пайдалану.
6. Касымов К.Т. Воспроизводство стада в овцеводческих комплексах. Алма-Ата, Кайнар, 1981г.
7. Құсаинов А.К., Нуров И.А. Қой
өсірушінің анықтамалығы –
8. Мухамедгалиев Ф.М. Развитие овцеводства в Казахстане. Алма-Ата Наука КазССР, 1979г.
9. Николаев А.И., Ерохин М.А. Овцеводство. - М.: Колос, 1987.
10. Джапаридзе Т.Г., Зарытовский В.С. Овцеводство. –М., Колос. – 1983.
11. Вениаминов А.А. и др. Справочник овцеводства.М.: Россельхозиздат, 1977г.
12. Цырендондоков Н.Д. Основы овцеводства. М., Росагропромиздат, 1989г.
Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологнясы
Жұмыртқалағыштық және жұмыртқа салмағы. Жұмыртқаның түзілуі, құрылысы және химиялық құрамы. Әртүрлі құстардың жыныстық жетілуі. Жұмыртқалағыштық динамикасы, жұмыртқалау алшақтығы, ырғағы, жұмыртқа өнімділігіне әсер ететін факторлар. Жұмыртқалағыштық пен жұмыртқа сапасын арттыру жолдары.
Ересек құстар мен балапандарының жалпы құс етін өндірудегі маңызы. Ет өндіретін әртүрлі құстардың балапандарының өсу ерекшеліктері. Еттің химиялық құрамы, қоректік дәрежесі, дәмділігі. Құстардың өнімділігіне әсер ететін факторлар. Құстардың ет өнімділігін арттыру жолдары. Өсіп-өну сапасының өнімділікпен байланыстылығы. Құстардың жұмыртқа өнімділігін көтеруде күтіп-бағу сапасын арттырудың маңызы. Құстардың жұмыртқалағыштығы олардың өсіп-өну сапасын сипаттайтын көрсеткіш.
Ауыл шаруашылық құстарының тұқымдары
Құс тұқымдарын шығару. Құстың жаңа түрлерін құс шаруашылығында пайдалану. Құстардың тұқымдарын жіктеу негіздері. Негізгі құс тұқымдары, тұқымдық топтар, оларға сипаттама (өнімділік бағыты, шығарылған жері, тегі, дене пішініндегі ерекшеліктері, өнімділік сапасы).
Ақ леггорн- негізгі тұқым. Қоңыр жұмыртқа өндіру үшін пайдаланатын тауық тұқымдары. Корниш және ақ плимутрок, австролорп, сусекс, москвалық, еревандық, полтавалық, қырғыздық тұқымдары. Үйрек тұқымдары мен топтары: пекин үйрегі, украин үйрегі, жүрдек үнді үйрегі. Мускустік үйрек, ''Медеу'' кроссы. Қаз тұқымдары мен тұқымдық топтары: холмогор, үлкен сұр қаз, кубань, горький, Ромен, тулуз, ланд, рейн және қытай қаздары. Күрке тауық тұқымдары мен тұқымдық топтары: қола күрке тауық, ақ кең кеуделі күрке тауық, қола және ақ солтүстік кавказ күрке тауығы, ақ москвалық күрке тауық. Мысыр тауығы тұқымдық топтары: ақ сібір және загорск ақ кеуделі мысыр тауығы. Жапондық бөдене. Етті кептерлер.
Ауыл шаруашылық құстарын өсіру
Асылдандыру жұмысының құс шаруашылығынан алынатын өнімдерді молайту, олардың сапасын жақсарту, өзіндік құнын төмендетудегі маңызы.
Құс тұқымдарын асылдандыруда генетика жетістіктерін пайдалану. Құс өсіру әдістері. Құс түрлерін будандастыру. Құс іздері мен кросстары. Селекциялық-генетикалық станцияларда, асыл тұқымды құс зауыттарында, репродукторларда тұқым асылдандыру жұмысының ерекшеліктері және міндеттері. Бәсекелік сынау станциясының маңызы.
Құстардың әр түрін өсірудегі жыныстық арақатынас. Қораздарды пайдалану мерзімдері. Құсты таңбалау. Құстың шығу тегін есепке алу. Құсты қолдан ұрықтандыру. Асыл тұқымды құс шаруашылығы мен репродукторлық шаруашылықтарда құсты күту ерекшеліктері. Асыл тұқымды құстарды есепке алу, бағалау. Асылдандыру есебін жүргізу, оларды бағалау және алынған жазбаларды өңдеу, есептеу техникаларын пайдалану.
Ауыл шаруашылық құстарының жұмыртқаларын инкубациялау
Инкубациялық жұмыртқалардың сапасына қойылатын талаптар. Жұмыртқаларды сұрыптау және екшеу. Жұмыртқаны алдын-ала өңдеу. Балапанның табиғи шығуын, эмбрионның өсіп-өнуін зерттеу, инкубациялық режимнің тәртібін белгілеудегі маңызы. Негізгі типтік инкубатордың технологиялық сипаттамасы. Биологиялық бақылау тәсілдері. Инкубациялық жұмыртқаның сапасын тексеру. Инкубаторға саларда және инкубация кезінде жұмыртқаны овоскоппен тексеру. Жұмыртқа салмағының төмендеуін есепке алу. Жұмыртқаны жарып, ішіндегі өлі ұрықты патанатомиялық тұрғыдан зерттеу. Инкубация көрсеткішін есепке алу. Жұмыртқаны жарып шыққан балапандардың сапасын анықтау. Бір күндік балапандарды жынысына қарай бөлу. Тепкісін күйдіру, тұмсығын қысқарту. Инкубация технологиясын жетілдіру.
Ауыл шаруашылық құстарының толықтырғыш топтарды өсіру
Мол өнімді құс өсіру үшін толықтырғыш балапандарды өсірудің маңызы. Әртүрлі ауыл шаруашылық құстарының балапандарын өсіру мерзімі. Балапандарды өсіру әдістері: еденде, аралас, торда, торлы-еденде. Балапандардың жыныс мүшесін жетілдіруде және жоғарғы өнім алуда жарықтың маңызы. Толықтырғыш топтағы балапандарды өсіретін қора мен құрал-жабдықтардың технологиялық көрсеткіштері. Балапан өсірудің әртүрлі әдістерінің құс түрлеріне қарай қолданылуы. Балапандардың өсу кезіндегі жүргізілетін зоотехникалық есеп.
Ересек құстарды күтіп-бағу
Құстардың генетикалық мүмкіндігін жүзеге асыруда қоршаған ортаның маңызы. Құс бағу әдістері: торда, торлы еденде және еденде. Ересек құс бағуға арналған қора мен құрал-жабдықтардың технологиялық көрсеткіштері. Құсты күтіп-бағу ісін жеделдету. Әртүрлі бағу әдістерін құстардың түріне қарай қолдану. Құстарды түлету, қолдан түлетудің әдістері. Түлетудің инкубациялық және диетикалық жұмыртқа өндірудегі маңызы.
Құстарды азықтандыру ерекшеліктері
Құнарлы азықтандырудың құс өнімін өндіруге, оның сапасын жақсартуға, алынған өнімге жұмсалатын шығынның төмендеуіне тигізетін әсері. Азықтандыру нормасы, рационы, азықтандыру түрі және тәртібі, олардың өзара байланысы. Жоғары құнарлы құрама жемді, концентрат құрама жемді, белокты-витаминдік қоспаларды және премикстерді пайдалану. Құс күтіп-бағуды жеделдету, оның азықтандыру тәртібіне тигізетін әсері. Фазалық және бөліп азықтандыру.
Жұмыртқа өндіру технологиялық процесі
Жұмыртқа өндіруде ішкішаруашылық және ішкісалалық мамандандырылу. Жұмыртқа өндіру технологиялық процесіне құсты жетілдірудің (асылдандырудың) тигізетін әсері. Жыл бойы табынды толықтырып отырудың белгілі бір қалыпты жұмыртқа өндіруге тигізетін әсері. Технологиялық график. Келешекте жұмыртқа өндіру технологиясын жетілдірудің келешегі. Жұмыртқа өндіру ісін өркендету, сапасын жақсарту және өзіндік құнын төмендету жолдары. Құс фабрикаларында және фермерлік шаруашылықтарда жұмыртқа өндіру.
Құс саңғырығын тазарту, сақтау, өңдеу, және қолдану.
Құс етін өндіру технологиялық процессі
Жоғары сапалы бройлер етін өндіруді қамтамасыз ету жағдайы. Бройлер балапандарын өсіру технологиялық процесінің нұсқасы. Жеке цехтағы жұмыс жағдайы, оның ерекшеліктері. Бройлер етін өндірудегі мамандандырылу. Құс шаруашылығы өндірістік бірлестігі. Бройлер балапандарын өсіруге керекті жабдықтар. Бройлер өндірісін жетілдіру, оның болашағы. Жұмыртқа өндіру бағытындағы кәсіпорындарда ет өндіру. Құсты сою және өңдеу. Тірі құстарға арналған стандарттар. Сойылған құстардың қалдығын өңдеу және қолдану. Құс етін көп өндіру, өнім сапасын жақсарту және өзіндік құнын төмендету жолдары. Құс фабрикаларында және фермерлік шаруашылықтарда құс етін өндіру.
Құсты сою және құс өнімдерін өңдеу
Құсты сою және өңдеу. Шикі заттар - қауырсын мен мамықты өңдеу технологиясы. Тағамдық жұмыртқаларды өңдеу және жұмыртқа ұнтағын өндіру. Құс етінен дайындалатын кулинарлық шұжықтар, жартылай шикізаттар және консервілер. Қауырсын-мамық бұйымдары. Жануар тектес азықтық ұн. Құсты союға және өңдеуге арналған құрал-жабдықтар.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Информация о работе Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы