Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 12:14, магистерская работа
Эволюция ілімінің қалыптасуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі, оның маңызы. Эволюцияның негізгі қозғаушы күштері. Дарвинизм мен генетика синтезі. Мал түліктерінің шығу тегі мен эволюциясы. Оларды зертеудің маңызы, міндеттері мен тәсілдері. "Үй жануарлары", "мал'', ''асыранды мал", ұғымдары. Жабайы (тағы) жануарларды қолға үйрету, оның басталған кезеңдері мен мекендері. Малдың арғы тегі мен туыстары. Қолға үйрету барысында малда пайда болған өзгерістер. Жабайы жануарлардың жаңа түрлерін қолға үйрету, мұның келешегі, оларды жаңа мал тұқымдарын шығару үшін пайдалану.
Әр түрлі малды жасына, өндірістік тобына қарай азықтандырудың зоогиг иеналық кестесі мен ережелері. Құрама жем жасайтын зауыттарға, азық цехтарына, азықтандыру алаңдарына, астауларға және азық даярлау, тарату жабдықтарына қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар.
Су және оған қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
Мал организміне судың маңызы және атқаратын рөлі. Мал ішетін суға қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар: сезімдік және физикалық көрсеткіштер, химиялық және газ құрамы, биологиялық қасиеттері. Ауыл шаруашылық малының суды қажетсінуі. Мал организмінің суға қажеттілігіне әсер ететін жағдайлар. Мал ішетін су сапасына қойылатын гигиеналық талаптар.
Табиғи су көздері, оларға сипаттама беру және гигиеналық тұрғыдан бағалау. Табиғи сулардың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері мен жіктелуі. Табиғи су көздерін ластанудан қорғау санитарлық қорғау аймағы, оған қатаң режим, шек қою және бақылау жүргізу. Судың өздігінен тазалануы.Су көздерін құжаттандыру.
Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жүйелері. Сумен қамтамасыз ету түрлері,өндірістік, шаруашылық, тұрмыстық және бірегейлік. Сумен қамтамасыз ету әдістері, өздігінен ағатын, механикалық (насоспен) және аймақтық. Су жеткізу тораптарын жабдықтау. Малды сумен қамтамасыз ету мен суғару қондырғыларына қойылатын гигиеналық талаптар. Еліміздің әр аймақтарындағы мал шаруашылығы фермаларын сумен қамтамасыз ету ерекшеліктері.
Әр түрлі жүйеде бағылатын мал және әрбір түлікті суару техникасы мен режимі. Суару жабдықтарын күту. Малды жазғы жайылымдықтар мен жайлауда бағу кезінде суаттарын суару гигиенасы.
Суды тазарту, жақсарту және залалсыздандыру.Тұндыру,
Малды жазда бағып-күту гигиенасы
Ауыл шаруашылық малдарын жайылымда күтудің гигиеналық маңызы. Малды жазда бағу жүйелері жайылымда, қорада, лагсрде және қысқы жайылымдарда. Малды жазғы жайылымда бағу үшін дайындау және жайылымға көшу шаралары. Әр түрлі климаттық аймақтарға байланысты малды жазғы жайылымда бағып-күту ерекшеліктері. Ауыл шаруашылық мал түрлеріне қарай жайылым түрлері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар. Табиғи, жасанды және қысқы (отгонда) жайылымдарды пайдалану ережелері.
Мал айдайтын жолға және тұрақты жайылымдарға қойылатын зоогигиеналық талаптар. Жазғы лагерлік жайылымдардың маңызы. Жас, көк шөппен азықтандырғандағы санитарлық-гигиеналық талаптар және оған бақылау жүргізу.
Малды жаюдың әдістері. Қоршауда бағып жаюдың ветеринарлық маңызы. Мал бағу режимдері мен суғару жұмыстарын ұйымдастыру. Малдың әр түрі мен әр жастағы аталық аналықтарды топқа бөліп, жайылымда күту ерекшеліктері.
Жеке зоогигиена
Еліміз аймақтарындағы ірі қара мал түлігін күтіп-бағудың жүйелері мен әдістері.Ірі қара малын күтіп-бағудың технологиялық жобалау нормасы мен зоогигиеналық талаптары.Қора типтері, сиымдылығы,құрамы және фермаларда орналастыру. Сиыр және бұзау қоралары, сиыр туғызу бөлімшелері ішкі жобасы мен жабдықтары. Сиыр бұзаулату бөлімшелері және алдын алу (профилакторий) секциялары. Мал тұрағының типтері, бокстар, денниктер, клеткалы қоршаулар, бас байлаулар, науалар және оларды гигиеналық тұрғыдан бағалау. Ірі қара табынын жаңартып отырудың гигиеналық талабы. Бұқаны күтіп-бағуға,пайдалануға қойылатын гигиеналық талаптар. Асыл тұқымды малдарды бағып-күту, азықтандыру және күту гигиенасы. Үзіліссіз цехтық жүйемен сүт өндіргенде мал күтімінің гигиеналық ерекшеліктері. Суалған сиырларға және буаз тайыншаларға санитарлық-гигиеналық ереже туғызу әсерінен дені сау төл алудың негізгі талаптары. Сиырларды дұрыс суалдыру, оларды бұзаулатудың гигиенасы және жаңа бұзаулаған сиырларды күту. Сауын сиырларды бағып күту гигиенасы. Сиырды машинамен және қолмен сауу кезінде қойылатын талаптар. Сиыр желінін күту. Сүт сапасын жақсартуда санитарлық-гигиеналық шаралардың атқаратын рөлі. Сауын сүт блоктары, сауын залдары мен алаңы.
Жаңа туған бұзауларды күту мен өсіру гигиенасы. Жас бұзауға сүт беру және уыздық, кезеңдерінен соң, оларды азықтандырудың санитарлық талаптары. Бұзауды күтіп-бағу және оларды серусендетуді ұйымдастыру. Бұзаулардың профилактория (енелерін еміп жүрген кезеңде) және сүт ему кезеңінен кейінгі күтімі. Бұзауды енесімен бірге бағып өсіру. Бұзауға берілетін, қаймағы арылмаған сүтке теңдес, диеталық жұғымды азықтарға қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар. Табынды толықтыруға арналған төлдерді мамандандырылған фермалар мен кешендерде өсіру.Ірі қара малын бордақылап және жайып семіртудегі зоогигиеналық талаптар.
Қой гигиенасы
Еліміздің әр түрлі аймақтарының табиғи климаттық ерекшеліктеріне байланысты фермалар мен кешендерде қой өсіріп, бағу жүйелері. Мамандандырылған шаруашылықтарда қой өсірудің технологиялық жобалау нормалары мен зоогигиеналық талаптары.
Қойды қорада, қора-жайылымда, жайылым-қорада және жайылымда бағу гигиенасы. Қойды қыста бағу гигиенасы.
Қой қораларына гигиеналық талаптар
және олардың әр түрлі климат аймақтарына
орай құрылыс ерекшеліктері. Қой
қораларының типтері мен
Төл алудың гигиенасы мен төлді жылы қорада өсіру. Қозыларды сақманда және базда бағу тәсілдері. Қозыны енесінен айырудың гигиеналық талаптары. Отар толықтыруға арналған төл өсіру гигиенасы.
Қой мен ешкі сауудың негізгі зоогигиеналық ережелері.Қой бордақылау мен жайып семіртудің зоогигиеналық шаралары және оны шаруашылықта ұйымдастыру.
Шошқа гигиенасы
Шошқа күтудің жүйесі мен әдістері.
Шошқаны фермалар мен кешендерде
бағып-күтудің технологиялық
Шошқаны станокта, жүретін серуен алаңы бар және осындай алаңы жоқ, клеткалы-батериялы қораларда күтіп- бағуды гигиеналық тұрғыдан бағалау. Әр топтағы шошқаны станокта және басқада қондырғы жабдықтарда орналастыру. Қабан бағу, азықтандыру және күту гигиенасы. Буаз және суалмаған мегежіндерді күту, азықтандыру және күту гигиенасы. Буаз және суалмаған мегежіндерді күту, азықтандырудың санитарлық-гнгиеналық талаптар, бұл талаптарға торайлардың өмір сүру, бейімділігі мен ауруларға қарсы төзімділігі қасиетіне тигізетін әсері.
Шошқаны торайлату және жаңа туған торайларды күту гигиенасы Енесін еметін торайлар мен енесінен ажыратылған торайларды азықтандыру және күту гигиенасы. Торайларды енесінен ажырату және табын толықтыруға арналған жас торайлар өсіру гигиенасы.
Жылқы және түйе гигиенасы.Жылқы және түйелерді бағудың жүйесі мен әдістер. Жылқы және түйелерді бағудың технологиялық жобалау нормалары мен зоогигиеналық талаптары.Жылқыны қорада, үйірде бағу гигиенасы мен жазғы жайылымдарды пайдалану ерекшеліктері. Жылқы және түйе қорасының құрамы, сиымдылығы мен типтері. Жылқы және түйе қорасына қойылатын гигиеналық талаптар. Жылқы және түйе санын өз төлімен ұдайы толықтыру гигиенасы. Буаз бие, түйе мен айғыр күтудің және азықтандырудың санитарлық-гигиеналық тәртіптері. Биені және түйені машинамен, қолмен сауу тәртіптері. Құлын мен бота өсіру гигиенасы. Енесін еметін құлын мен ботаны күту және азықтандыру гигиенасы. Құлынды және ботаны енесінен айырғандағы зоогигиеналық талаптар. Жұмыс аты мен түйені дұрыс пайдалану. Ат пен түйені пайдалану кезінде тері және тұяқтарды жарақаттанудан сақтау шаралары.
Жегу. Ат жегу саймандары мен әбзелдерін күту. Бордақыланатын және жайып семіртілетін жылқы мен түйелердің гигиеналық режимі.
Ауылшаруашылық құстарының гигиенасы. Ауыл шаруашылық құстарын бағу жүйелері және оларды гигиеналық бағалау. Мамандандырылған шаруашылықта және құс фабрикаларында құс бағудың технологиялық жобалау нормалары мен зоогигиеналық талаптары. Құс қораларына қойылатын гигиеналық талаптар және әр түрлі құстарға арналған құрылыс ерекшеліктері. Құс қораларының сиымдылығы мен құрамы.Құс қораларының жабдығы.
Әр түрлі құстарды өндірістік технология жағдайна, қысқы және жазғы кезеңдерде азықтандыру, оларды күту гигиенасының ерекшеліктері. Құстарды жаятын алаңда және су қоймаларында баққанда қойылатын гигиеналық талаптар. Тауықтардың жұмыртқалаушы өндірістік топтарын еденде және клеткалық жағдайда бағу гигиенасы. Құстарды қалың төсенші бар қорада бағу ерекшеліктері. Инкубаторға арналған жұмыртқалар мен инкубациялау режиміне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Балапанды еденде және клеткада бағу гигиенасы.
Әр түрлі құс балапандарын азықтандыру, бағу және күтудің гигиеналық талаптары. тауық күрке тауық, үйрек және қаз балапандарын жазда бағу гигиенасы. Етке арналған әр түрлі құс балапандарын жазда бағу гигиенасы. Асыл тұқымды және қосалқы шаруашылықта, сонымен қатар құсты қолда күту, азықтандыру, өсіру, бағудың негізгі санитарлық-гигиеналық талаптары. Құс кәсіпорындарын қорғау.
Қоян және терісі бағалы аңдар гигиенасы. Қоян және терісі бағалы аңдарды күтудің жүйелері. Қоян және терісі бағалы аңдарды фермалар мен кешендерде бағудың технологиялық жобалау нормалары мен зоогигиеиалық талаптары.
Қоян және терісі бағалы аңдарға арналған құрылыстарға (қоян қоралары, шедтер т.б.) қойылатын гигиеналық талаптар. Клеткалар мен торлы қоршаулар (вольер), олардың құрылысы, жабдықтары және орналасуы. Азық-жем дайындалатын бөлмелерге, жабдықтарға және қолданылатын құралдарға (инвентарь) қойылатын талаптар.
Әр түрлі және әр жастағы қояндар мен терісі бағалы аңдарды күту, бағу, сондай-ақ азықтандыру ерекшеліктері. Көжектер мен аң күшіктері сандарын ұдайы толықтырып өсру гигиенасы. Мамандандырылған шаруашылықтарда қоян және терісі бағалы аңдарды іріктеу, ұдайы аң санын толықтыру, өсіру мен оларды бағып күтуге қойылатын гигиеналық талаптардың ерекшеліктері, оларды қорғау.
Тауарлы балықтарды қолдан өсіру және жетлдір гигиенасы
Тауарлы балық өсіруге арналған су қоймаларын таңдаудағы зоогигиеналық талаптар. Су қоймалары, оны пайдалану ережелеріне, режимдеріне қойылатын талаптар. Тауарлы балық шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын су сапасын санитариялық-гигиеналық тұрғыдан қадағалау: а) тоғандарды; б) жылулық және атомдық электростанцияларындағы бассеиндерді; в) шабақ балығын өсіру тоғандарын; г) балық қорын ұдайы көбейту үшін уылдырық өсіруші шаруашылық (УОШ) тоғандары; д) көлді-тауарлы балық шаруашылықтарын (КБТШ); е) балық өсіруші зауыттар (лосось, бекіре, сиг балықтары) жұмыстарына санитариялық-гигиеналық бақылау жүргізу.
Ара гигиенасы
Ара балы және одан өндірілетін өнімнің гигиеналық маңызы. Ара омартасы (бал арасының ұялары тұратын жер – пасека) тұратын орынды таңдап алу. Ара ұясы (улей) микроклиматы. Қыс мезгілінде ара өсіру гигиенасы. Ара омартасындағы ветеринариялық-санитариялық режим.
Малды көліктермен тасымалдаудың зоогигиеналық талаптары
Малды темір жолмен, су, автомобиль және әуе көлітерімен тасымалдау шарттары. Малды тиеу, тасу және түсіру кезінде қойылатын гигиеналық талаптар. Мал тасымалдағанда оны азықтандыру және суару жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Мал айдап жеткізудің зоогигиеналық режимі. Малды көлікпен тасымалдағанда ұрылып соғылу салдарынан пайда болатын қажу (стресс) үрдістерінің алдын алу шаралары.
Еңбек гигиенасы мен малшылардың жеке гигиенасы
Мал шаруашылығы жұмысшылары еңбек
өнімділігін арттыруда
Ұсынылған әдебиеттер тізімі.
1.Гершун В.И., Муслимов Б.М. Ветеринарная гигиена. Учебное пособие.Алматы,Қайнар, 1994.
2.Храбустовский И.Ф., Демчук В.М., Онегов А.П Практикум по зоогигиене. Уч.пособие Москва, Колос, 1984.
3 Мырзабеков Ж.Б. Сагындықов Қ.А. және т.б. Ветгигиена. Лабораториялық-практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулары. Алматы, 2005
4.Кузнецов А.Ф., Демчук М.В и др. Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга 1,2. Москва: Агропромиздат, 1991.
5.Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков Қ.А. және т.б. Жалпы зоогигиена. Оқу құралы. Алматы, 1992.
6. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш.
Ветеринариялық гигиена.
жолдары. Шетелдегі және ТМД елдеріндегі жылқы өсірудің озат тәжірибесі.
Жылқының ата-тегі, қолға үйрету және өзгерту
Жылқы (Eguus) көптеген тіршілік иелері
секілді табиғи және қолдан сұрыптау
нәтижесінде пайда болған малдың
эволюциялық үлгісі. Қазіргі замандағы
эквидтер, олардың биологиялық
Жылқы экстерьері, интерьері және конституциясы
Бағылатын түрлі тұқымды және типті
жылқылардың ерекшеліктері. Жылқы
экстерьері мен конституциясын оқу.
Формасы мен қызметінің байланысы.
Жылқы экстерьерін бағалау
Информация о работе Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы