Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2012 в 11:50, курс лекций
Работа содержит курс лекций по дисциплине "Безопасность жизнедеятельности"
Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сәл тамырларына, сөл арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бұзылып сепцис дамиды.
Антисептика- жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтірентін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, йод тұнбасы, спирт сутегі қолданылады.
Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі (анаэробтар) анаэробтық немесе газдық инфекция аса қауіпті.
Жараға топырақпен бірге сіріспені тудыратын анаэробтық микробтардың түрлері енуі мүмкін.
Механикалық антисептика жараны алғашқы хиррургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.
Физикалық
антисептика жарадағы микробтар
үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқанда
бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық
суды сыртқа шығарады. Микробтарды
күн сәулесі мен жасанды
Химиялық
антисептика микробқа қарсы қабілетке
ие әртүрлі дәрі-дәрмекті қолдануға
енгізілген. Бұлар антисептикалық заттар
деп аталады. Йод тұнбасы, этил спирті,
хлорамин, риванол, калий перманганаты
сияқты антисептиктер жиі қолданылады.
Антисептиктер вишневский майы сияқты
бірнеше заттардан құралуы
Биологиялық антисептиктер жара инфекциясынан сақтандырумен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады.
Антисептика
мен асептика әдістері жараның инфекциялық
зақымдануымен күресте бірін-
VI-тарау. Суға бату
6.1. Суға батқан кездегі алғашқы
медициналық және дәрігерге
Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о–қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.
Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.
Зардап
шегушіні жанталас немесе клиникалық
өлім жағдайында алып шыққан кезде
еанимация шараларының
Жоғары тыныс жолдарын босату мынадай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап шығып дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден, балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады.
Тыныс жолдары мен асқазаннан су мен көбікті шығару, суға батушыны етбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде клеткаларын қысады, алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд қана жұмсалуға тиіс (13-сурет).
Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз», «мұрынға-ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады.
Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады. Көмек көрсетуші өзінің ауызымен зардап шегушінің ауызын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік береді.
13-Сурет.
Зардап шегушінің тыныс
Жасанды тыныс алдыруды жүргізу кезінде кеуде клеткаларын ұдайы бақылауда ұстау қажет (14-сурет). Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеуденің әрбір онбес қысылуына екі-үш рет ауа үрлейді.
14-Сурет.
«Ауызға –ауыз» әдісімен
«Мұрынға ауыз» әдісін ем-дом жасау тәжірибесі болмаған жағдайларда, зардап шегушінің жағы қатты қысылған немесе жарақаттанған кезде қолданған дұрыс. Бұл жағдайда мұрын жолдары бос болуға тиіс.
«Мұрынға ауыз» әдісімен жасанды демалдыруды жүргізу үшін мына әрекеттерді жасайды. Маңдайдағы қолмен басты артқа қарай бұрайды, екі –үш қолмен төменгі жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Ауызды сонымен қатар үлкен саусақпен де жабуға болады.
Ауызды зардап шегушінің мұрнына қойып оған ауа үрлейді.
Балаға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінмен ауыз бен мұрынды қатар қамтиды. Ауаны ересектермен салыстырғанда азырақ үрлейді. Балалардағы тыныс алу жиілігі минутына 18-20-дан аспауы тиіс.
Құрсақ төңірегінің қампайуы асқазанға ауаның барғанын көрсетеді. Алақанмен сырқаттың басы мен мойын жағына қарай іштің төңірегін аударып алақанмен сақтықпен қысады.
Сильвестр әдісі жиі қолданылады. Зардап шегушіні шалқалай жатқызып, кеуде клеткаларының төменгі бөлігіне бүктелген төсеніштен төсем қояды. Егер жасанды тыныс алдыруды екі адам жүргізсе, онда олар зардап шегушінің кеуде клеткасының екі жағына тізерлей отырады (15а-сурет). Олардың әрқайсысы бір қолымен зардап шегушінің қолын иығының ортасына дейін апарады, ал екінші қолдарын саусақтың ұшынан жоғарырақ ұстайды (15б-сурет). Олар бір уақытта зардап шегушінің қолын көтереді және оның басының артына қарай созады. Осы арқылы кеуде клеткасы кеңейіп, ауаның кіруіне жол ашады. Бұдан кейін екі-үш секундтан соң зардап шегушінің қолын кеуде клеткасына қойып оны қысады, сөйтіп ауаны шығарады.
а)
15-Сурет.
Сильвестр әдісімен жасанды
а) ауа жұту; б) ауа шығару
Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16 рет жасалады. Егер жасанды тыныс алдыруды бір адам жасаса, ол зардап шегушіге тізерлей қарама қарсы тұрады, оның қолын көтеріп осындай қозғалыстар жасайды.
Шефер әдісі
Жасанды
тыныс алдырумен қатар жүрек
қызметінің қалыпқа түсуі қоса жүргізіледі.
Жүрек қызметінің тоқтауының басты
белгісі –ұйқы күре тамыры соғысының
байқалмауы. Тамырдың соғысын зерттеуге
алғашқы үш жасанды ауа жұтқызылғаннан
кейін жүргізіледі. Оның жоқтығы
–жүректің жабық сылауының
Жүректің сыртқы сылауы кеуде клеткасының алдыңғы қалқасы мен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты қысу арқылы жүргізіледі. Жүректің жабық сылауын жүргізу үшін зардап шегушіні қатты тегіс жерге жатқызады (16а-сурет), оның басы қозғалмау үшін иығының астына қатты зат қояды. Көмек көрсетуші зардап шегушінің сол жағынан тұрады, қолын семсер тәріздес талшықтан екісін биік етіп кеудеге қояды. Бір саусақты кеудеге тікелей, екіншісін кеуденің үстіне жапсарлас қояды (16б-сурет).
Сылау кезінде иық белдеуінің бүкіл ауырлығымен қысым жасау үшін қолдар созылуға тиіс. Құтқарушы омыртқаға қарай бағыты бойынша кеудені жанши қысады, ол жағдайда кеудені 3-4 см қысады. Әрбір жанши қысудан кейін қолды кеудеден алмай босаңсытады. Мұндай қозғалыстар минутына 60-тан кем болмауы тиіс.
а)
16-Сурет. Шефер әдісімен жанды тыныс алдыру:
а) ауа жұту; б) ауа шығару
Шефер әдісі (16-сурет)
а) ауа жұту; б) ауа шығару
17-Сурет. Жүректің сыртқы сылауы
Жүректің жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен үйлесімді жүргізіледі (17-сурет). Бұл жағдайда зардап шегушіге көмекті екі адам көрсетеді. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды (18б-сурет), ал екіншісі «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыру жүргізеді (18а-сурет). Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын қысуға болмайды. Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі.
а)
Ауа шығарған
кезде кеуде клеткасын төрт-
б)
18-Сурет. Жасанды тыныс алдыру және жүректі жанама сылау.
а) ауа жұту; б) ауа шығау
6.2. Электр жарақаты
Электр
тоғының немесе найзағайдың-
Жергілікті
зақымдау электр тоғы кіріп шыққан
жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді.
Тоқтың соғуы- организмге термиалық, электрлік
және механикалық әсерден туындайтын
күрделі химиялық-физикалық
Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.
Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерінін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.
Электр жарақаты кезіндегі жүйкі жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.
Жүйке клеткаларының
зақымдалуының нәтижесінде
Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы ” тоқ ілгегі” деп аталады.Ол төменгі, жоғары толық ілгек болып бөлінеді:
Төменгі ілгек-аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес).
Жоғарғы ілгек – қолдан-қолға (қауіптірек).
Толық ілгек- өте қауіпті.Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.
Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:
I-дәрежеде
зардап шегуші есінен
II-дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;
III-дәрежеде
зардап шегушіде есінен
IV-дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.
6.3. Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек
Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.
Жеңіл
ортақ құбылыстар қоса болатын
(талықсу, естен уақытша
Электр жарқатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс.
Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыруы мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.
Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі-дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4 мл 25пайыз ерітіндісі, кофеиннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі ) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1 пайыз ерітіндісі ) берумен орайластыру қажет.
Информация о работе Курс лекций по "Безопасности жизнедеятельности"