Курс лекций по "Безопасности жизнедеятельности"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2012 в 11:50, курс лекций

Краткое описание

Работа содержит курс лекций по дисциплине "Безопасность жизнедеятельности"

Прикрепленные файлы: 1 файл

тіршілік қауіпсіздігі лекции.docx

— 710.70 Кб (Скачать документ)

Табиғи төтенше жағдайға жер  сілкісі, су алу, вулкан атқылауы, опырмалар, сел, дауыл, табиғи өрт және т.б. жатады.

Экологиялық төтенше жағдайға   атмосфераның ластануы, азот қабатының  бұзылуы, жердің шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың жаңбырлар және т.б. жатады.

Биологиялық төтенше жағдайға  эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады.

Әлеуметтік төтенше жағдайға - қоғамда  болып жатқан оқиғалар: ұлтаралық  конфликттер,терроризм,геноцид,соғыс  және басқалар кіреді.

Антропогендік төтенше жағдайлар  адамның қате іс-әрекетінен туындайды.

Жергілікті, бір жердің шеңберінен шықпайтын  төтенше жағдайлар - бұл өндіріс  орынының бір ғана жүйесінде,технологиялық  тізбегінде,қондырғысында орын алған  оқиға. Мұндай төтенше жағдайды жоюға  сол мекеменің өз күштері жеткілікті.

Төтенше жағдай обьектілері дегеніміз төтенше  жағдайдың зардабы белгілі бір  зауыттың, мекеменің, оқу орнының  аумағынан асып кетпейтін кездегі  жағдайды айтады. Бұл жағдайда да жергілікті төтенше жағдай секілді зардабын жоюға мекеменің өз күші жеткілікті. Жергілікті төтенше жағдай - бұл  поселке, қала, аудан, облыс масштабындағы  төтенше жағдай. Бұл төтенше жағдайдың  зардабын жою үшін жоғарыда аталған  әкімшілік –орталықтарының аумағындағы  құзіретті органдар мен мекемелердің күштері мен құрамын жұмылдырады. Ұлттық төтенше жағдай - бұл үлкен  региодағы және бірнеше облыстарды қамтыған төтенше жағдай. Ұлттық төтенше  жағдайдың зардабын жою үшін регионалдағы масштабтағы құзіретті органдар мен өкіметтің арнайы құрған топтары  айналысады. Сонымен қатар, құтқару  жұмыстарына әскери орындардан да адамдар  жұмылдыру ықтимал.

Глобальді төтенше жағдай - бұл төтенше жағдайдың  зардабының ауқымдылығы бірнеше  облыстарды, республика масштабын және шекаралас елдерді қамтиды. Оның зардабын жою үшін әскерді жұмылдырады. Атап айтқанда төтенше жағдай, қорғаныс, ішкі әскер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетін. Құтқару  жұмыстарымен арнайы құрылған үкімет комиссиясы айналысады.

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

Төтенше жағдайлар

Техно-

генді

Таби-

ғи

Эколо-гиялық

Биоло-

гиялық

Антро-

погендік

Әлеу-

меттік

Бірік-

кен

Пайда болу жағынан

         Масштабы бойынша

Локал-

ды

Объек-

тілі

Жергі-

лікті

Ұлт-

тық

Регио-

налды

Глобал-ды

Пайда болу әсері  жағынан

Ойластырылған

Ойластырылмаған

Өркендеу  жылдамдылығы бойынша

Өте тез (взрывные)

Кенет-

тен

Жылдам

жүрулі

Байсал 

жүрулі

Алдын алуы бойынша

Алдын алуға болмайтын жағдай

Алдын алуға болатын жағдай

Ведомствалық  қатыстығы

Өндірістік

Құрылыс

Көлік

Коммуналды тұрғын орта

Ауыл шаруашылық

Орман шаруашылық


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19-сурет  Төтенше  жағдайды топтау

 

 

 

7.2. Бейбіт уақыттағы төтенше  жағдай

 

  Бейбіт уақыттағы төтенше  жағдайды 5 топқа бөлуге болады:

  • қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын;
  • жарылыс,өртке алып келіп соғатын;
  • көлік комуникациясындағы орын алатын қатынас жолы;
  • әскери саясаттық сипатта болатын;
  • стихияға (бедетвия) әкеліп соғатын.

 

Төтенше жағдай кезінде қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын  жағдайларға:

  • атом электрстанцияларындағы апаттар;
  • атомдық кемедегі апаттар;
  • ғылыми-зерттеу орталықтарындағы ядролық қондырғыларындағы апаттар;
  • зиянды химиялық және биологиялық обьектлердегі апаттар.

 

Жарылыс,өртке  алып келіп соғатын төтенше жағдайларға  жататындар:

  • елді мекемелердегі өрттер;
  • көлік қатынастары мен обьектілердегі жарылыстар;
  • тұрғын үйлердегі жарылыстар.

 

Көлік жол  қатынастарында орын алатын төтенше  жағдайларға төмендегілер жатады:

  • авиациялық катастрофа;
  • темір жол көліктерінің соқтығысуы мен жолдан шығып кетулері;
  • су жол қатынастарындағы апаттар. Оған су жүйесінің мұнай өнімдері мен улы зиянды заттармен ластануы жатады;
  • құбырлардағы апаттың әсерінен тасымалданушы заттың ауаға тасталуының арқасындағы қорған ортаның зиянға ұшырауы.

 

Бейбіт  уақыттағы әскери саясаттың сипаттағы  болатын төтенше жағдайларға  жататандар:

  • ядролық қаруды тасмалдаушының апатқа ұшырауы;
  • әскери қоймаларға, байланыс торабына, басқару пунктеріне жасалынатын әскери шабуылдар;
  • қоғамға қарсы және ұлтшыл топтардың әрекетімен болған халықтың арасындағы қозғалыстар.

 

Стихиялық апатқа әкеліп соқтыратын төтенше жағдайлары төмендегідей:

  • геологиялық сипаттағы стихиялық апат;
  • метеоралогиялық сипаттағы стихиялық апат (боран, бұрқисын т.б.);
  • гидрогеологиялық сипаттағы стихиялық апат (тасқын, цунами т.б.);
  • табиғи өрт.

7.3.Техногендік сипаттағы төтенше  жағдай

 

Техногендік сипаттағы төтенше  жағдай адамның өндірістік қызметіне  байланысты және ол қоршаған ортаның  ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы  өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық  қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа  апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға  химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс  орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап  шығару,өндеу және тасымалдау кездегі  апаттар жатады.

Қоршаған  ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше  жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың  құлауы және т.б. апаттар жатады.

 

7.4.Техногендік сипаттағы төтенше  жағдайдың пайда болу әсері

 

      Қазіргі кезде қоршаған ортаға  және адамға тікелей зияны  бар өндіріс орындары көптеп  саналады. Бірақ ондағы технологияның  деңгейі бақылау және жұмыс  жүргізуі, сонымен қатар, орындау  тәртібінде талапқа сай емес  жағдайлар кездесуде. Оның үстіне  бұл жағдайды экономикалық кризиспен  экологиялық проблемалар қиындатып  жіберді. Өндіріс орында болып  жатқан апаттар мен катастрофаны  талдап көргенде олардың орнын  алатын жағдайлары технологиясы  ескі, техникалары өзіндік ресурстарын  тауысқан өндіріс орындарында  көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің  мекен жайларға жақын орналасуы  да өзінің әсерін беруде.

 

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай



 

Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар 

 

Радиациялық қауіпті объектілердегі апаттар

 

Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілердегі  апаттар апаттар 

 

Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро)

 

Гидродинамикалық қауіпті объектілердегі апаттар

 

Коммунаолды және электр жүйесіндегі  апаттар




 

 Сурет-20 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау

 

7.5. Химиялық қауіпті обьектідегі  апаттар

 

Химиялық  өндіріс халық шаруашылығында кеңінен  пайдаланады.Бірақ кейбір кездерде кішігірім апаттар орын алуда.Ол апаттар әсерінен химиялық зиянды заттар атмосфераға тасталынып қоршаған ортаны ластауда.Химиялық өндірістің қауіпсіздігі шикізаттың және өнімнің физика химиялық қасиетіне,қондырғылардың сенімділігіне, технологиялық процестің сипатына, химиялық зиянды заттардың сақталу  және тасмалдау шарттарына, бақылау  құралдардың деңгейі мен жағдайына, мамандардың профессионалдық біліктігі  мен дайындығына және апатқа қарсы  құралдардың тиімділігіне байланысты.Химиялық қауіпті заттардың  тасталуы химиялық ластануға әкеліп соғады. Химиялық қауіпті заттар адам организміне  тыныс алу жүйесі және тері арқылы енеді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне жара беттеріне де кіреді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне  әсер жағынан 4 қауіпті классқа бөлінеді:

  1. Өте қауіпті.
  2. Жоғары қауіпті.
  3. Орта қауіпті.
  4. Қауіптілігі аз.

 

7.6. Химиялық қауіпті обьектілердегі  апатты топтау

 

Химиялық саладағы апаттар 2 категорияға  бөлінеді:

  • жарылыс салдарынан болған апаттан технологиялық тізбектің және инженерлік қондырғының бұзылуы;
  • апат салдарынан қосымша технологиялық және негізгі қондырғылардың зақымдануы.

Химиялық  апаттардың топталуы.

  1. Жеке.
  2. Обьектілі.
  3. Жергілікті.
  4. Регионалды.
  5. Глобальды.

 

Жеке - зақымдағы  улы заттарды атмосфералық ауаға  тастамаған апат.

Обьектілі-зияндығы жоғары улы заттардың санитарлық қорғау зонасының радиусынан аспайтын апат.

Жергілікті-зияндылығы жоғары улы заттардың қоймасының қирауынан туындаған апат.

 Регианалды-зияндылығы  жоғары улы заттардың үлкен  көлемді тасталуына алып келген  апат.

Глобальді-үлкен  химиялық қауіпті өндірістік барлық зияндылығы жоғары улы заттардың  барлық қоймаларының толық қирауының  салдарынан болатын апат (20-сурет).

 

 

 

 

7.7. Радиакциялық қауіпті обьектілердегі  апаттар

 

Қазіргі кезде көптеген шаруашылық және ғылым  салалары радиактивті заттар мен  жедел сәулесінің көздерін пайдалануда. Ядролық энергетикада жоғарғы қарқынмен  өркендеуде. Осыған орай бұл салаларда  да апат орын алуы мүмкін. Апат болған жағдайда мекендеген жай радиактивті  ластануға және адамдар сәулеленуге  душар болар. Локальді апат-бұл радиактивті  заттар мен жедел сәуленің радиактивті  қауіпті обьектілердегі қондырғылардың істен шығуының арқасында қондырғы технологиялық тізбектің қисында  және ғимараттық белгіленген нормадан аспай байқалады. Жергілікті апат-бұл  радиактивті заттар мен жедел  сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығу арқасында  санитарлық қорғау аумағында белгіленген  нормадан аспай байқалуы. Жалпы апат-бұл  радиактивті заттар мен жедел  сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығуының арқасында  санитарлы қорғау аумағынан тыс  жерде белгіленген нормадан артық  мөлшерде байқалуы.

Негізгі радиактивті қауіпті обьектілерге: атом станциялары, ядролық отын дайындайтын  өндіріс орындары, радиактивті қалдықтарды  көму және өндеу орындары, ядролық  реакторы бар ғылыми және жобалау  институттары, ядролық энергетикалық  қондырғылары бар көліктер жатады.

   Жедел сәуле көздері

Жедел сәуле  көздері табиғи және техногенді болып  бөлінеді. Табиғи сәуле көздеріне  жер радиакциясы мен ғарыштық сәулелер кіреді. Техногендік сипаттағы  жедел сәуле көздеріне жататындар:

  • медициналық апаттар. Бұлар техногендік сәуленің 50% құрайды;
  • ядролық отын комплексіндегі өндіріс орындар;
  • ядролық қаруды сынақтан өткізу.

 

7.8. Өрт және жарылыс қаупі  бар обьектілердегі апаттар

 

Өрт - бұл  жану салдарынан материалдық байлықтың  жойылуы және адамның өмірі мен  денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен  ауадағы оттегінің арасындағы тез  жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз  жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын  жағдай. Өзі тұтанудың температурасы  әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен  көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт  және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады.

Информация о работе Курс лекций по "Безопасности жизнедеятельности"