Курс лекций по "Безопасности жизнедеятельности"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2012 в 11:50, курс лекций

Краткое описание

Работа содержит курс лекций по дисциплине "Безопасность жизнедеятельности"

Прикрепленные файлы: 1 файл

тіршілік қауіпсіздігі лекции.docx

— 710.70 Кб (Скачать документ)

Буынның шығу белгілері. Домбығу, буының табиғи емес пішіні, өзгеруі, буын төңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сәл қозғалғанда, буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырайды.

Буынның шығуы да сүйектің сынғаны сияқты елеулі жарақат, арнайы медициналық  көмекті көмекті қажет етеді. Дененің жарақаттанған бөлігін  түзетуге тырыспаңыз. Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған  буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компрес қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстауға тырысыңыз, бұл буынның домбығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап, жатқызуға тырысыңыз.

 

 

 

 

 

 

IV-тарау.   Бас жарақаттары

 

   Бас сүйегі мен бас миының  зақымдануы механикалық жарақаттардың  аса ауыр түріне жатады. Бас  сүйегі мен бас миының жарақаттары  ашық және жабық болып бөлінеді.

   Бас сүйегі мен бас миының  жарақаттануы шартты түрде үш  топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың  жаралануы, өте алмайтын (қатты  ми қабы жарақаттанбайды) және (қатты ми қабы зақымданады).

   Бас миын зақымдаған заттардың  сипаты бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып  бөлінеді.

   Басқа қатты соққы тиген кезде  мидың зақымдануы мүмкін (мидың  шайқалуы және сыдырылуы).

   Мидың шайқалуынан адам есінен  айрылады. Соққы қатты болса, бұл  белгілер анық білінеді. 1-2 ден  20-30-ға дейінгі минутта естен  айрылу байқалып, артынша есі  кіріп жарақатқа ұшыратқан оқиға  мен жағдайды жадына тез түсіре  алмайды. Сырқаттар бастарының  ауырғандығына, айналғандығына шағымданады,  құсқылары келеді, әлсірейді. Мидың  клиникалық шайқалуы тері жамылғылардың  бозаруынан, болмашы ентікпеден, құсуға  әрекеттенуден, жүректің лүпілдеуінен  білінеді. Зақымданушыны әдеттегідей  сүлейсоқ, ал кейде керісінше  қозушылық байқалады.

   Бас сыдырылған кезде ес сақталады,  алайда оның төңірегінде ісік  болуы мүмкін. Бас қатты ауырады,  жүрек айныйды, кейде құстырады.

   Қатты соққы толқыны әсерінен (жарылыс) адам организмі жалпы  контузияға ұшырауы мүмкін. Ауыр  жағдайда адам ұзақ уақыт бойы есінен айрылады, бас ауырады, көру және есту қабілеті бұзылады. Есте сақтауы әлсірейді немесе жоғалтады.

  Ауыр  дәрежедегі мидың сыдырылуы сананың  өте өрескел бұзылуымен сипатталады  (ұйқы басу, естен тану).

  Ұйқы  басқан кезде сырқаттар қоршаған  ортаны елемейді, тапсырманы орындамайды,  сұрақтарға жауап бермейді. Сырқатты  осы күйден дөрекі денені ауыртатын  тітіргендіргіштерді қолдану арқылы  ғана шығаруға болады.

  Талықсыған  кезде сырқатқа сыртқы дүниенің  әсері сезілмейді, ол орталық  жүйке жүйесінің зақымдалу салдарынан  болады мұның себептері әртүрлі.  Олар бастапқы және қайталама  болып жіктеледі. Бастапқы себептер  орталық нерв жүйесінің зақымдалуына  байланысты. Ал қайталама себеп  орталық нерв жүйесінің зақымдалуы  ішкі органдар мен жүйелер  тарапынан болған қандай да  бір аурудың салдары болып  табылады.

Мидың қысылуы  көбінесе ішкі бас сүйегіндегі гематомадан (қа жиналған тер астында домбығу) немесе сынған бас сүйегінің сынығынан  туындайды. Әдетте жарақаттанғаннан кейін  ес жоғалады, ол біраз уақыттан кейін  қалпына келеді, содан соң сананың  бұзылуы басталады.

Алғашқы медициналық жәрдем. Ең   алдымен бас сүйегі мен ми жарақатының сипатын (ашық немесе жабық) және зардап шегушінің  жәй-күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн.

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

а)                                                  б)

 

Сурет-6  Басқа «тақия» тәріздес таңғыш орау.

 

   Қан аққан кезде жараға таза  қатты таңғыш байлайды. Тыныс  алу бұзылған кезде ауыз қуысы  мен жоғары тыныс жолдары босаған  соң жасанды тыныс алу шарасын  жасайды. Ессіз күйдегі адамдардың  тілін байқаған жөн, өйткені  ол қозғалыс кезінде тыныс  жолдарын жауып тастау мүмкін.

  Тыныс  жолдарына қанның, құсықтың түсуін  ескерту мақсатында жаралыны  бүйірлеп жатқызып тыныштықта  қалдырады. Мұндай кезде оған 50%-2 мл аналгин және 1%-2 мл димедрол  ерітіндісін немесе 2% супрастин  енгізеді. Ашық жарақат кезінде  пенициллин тағайындайды. Басқа  мұз салынған қуық қояды.

 

4.1. Бас жарақаты кезінде таза  таңғыш қою тәртібі

 

 Басқа  таңғышты-«тақияны» мынадай әдіспен  қояды. 1м-ға жуық бинт кесіндісін  төбеге қояды, оның ұшын (байламын) тік құлақ қалқанының алдынан  төмен түсіреді. Басты айналдыра  (6а-сурет) отыра байлайды, содан  соң түйінге жеткен соң бинтті  оның төңірегінен екі жағынан  да орап қиғаштай желкеге жеткізеді,  желке мен маңдай арқылы  кезекпен  орап, бастың бүкіл шашты бөлігін  жабады (6б сурет). Бас ауқымды  жараланған кезде беттің үстіндегі  олардың  орналасуына орай  «ауыздық» тәріздес таңғыш қойған  жақсы. Маңдай арқылы   2-3 рет  айналдыра мығым орағаннан кейін  (6а сурет) бинтті желке арқылы (7-сурет)  мойын мен иекке апарады,  иекпен төбе арқылы бірнеше  рет тіктей орайды, содан соң  иектен бинт желкеге апарылады.  Мойынды, көмей мен иекті жабу  үшін таңғыш (7б суретте) көрсетілгендей  қойылады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     а)                                                  б)

 

Сурет-7  Басқа «ауыздық»  тәріздес таңғыш орау.

 

Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды (8а,б,в сурет), бұл таңғыш енді бинттен немесе ұзындығы 75-80 см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың  ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен  айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлденең бағытта орайды.

Бұдан кейін 2-3 айналдыра орап таңғышты бекітеді таңғыштың ұшын иектің астынан бинтпен  бекітеді.

      


 

 

 

 

 

 

 

 

           а)  мұрынға                      б) маңдайға                в) иекке  

 

Сурет-8 Сақпан тәріздес таңғыш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • V-тарау.  Жаралар 

  • 5.1. Жаралар инфекциясы

 

Жаралар тері жамылғысының терідегі кілегейлі  қабықтың тұтастығы бұзылып, ұлпалардың механикалық зақымдануынан пайда  болады. Жаралар жеңіл және қатты  болып бөлінеді.

 

Сурет -9 Түйрелген  жаралар

 

Қатты жарақаттану  кезінде терінің астындағы клеткалар  ғана емес сондай-ақ бұлшық ет, сүйек, нерв, сіңір, байлам, ірі қан тамырлары  зақымданады. Жарақаттағыш зат дененің  ішіне –кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т.б. енуі мүмкін осындай  бойлай салынған жарақат ішкі органдарды зақымдайды (9-сурет).

 

                               Сурет-10  Кесілген  жаралар

 

 

 

 

 

 

5.2. Жаралардың жіктелуі

 

 Жаралар заттың немесе қарудың түріне байланысты жаралар: кесілген, тілінген, түйрелген, сыдырылған, тістелген, жарымдалған және оқ тиген болып бөлінеді. 


 

 

 

 

 

 

 

Сурет-11   Жарымдалған  жара

 

Түйрелген жаралар  түйрегіш қарулы найза, пышақ, біз, ине, шеге әсерінен болады. (9-Сурет)

Жараның осы түрі үлкен тереңдіктегі шағын  сыртқы саңылаумен сипатталады. Өйткені  жараның аузы тар, ал кейде ұлпалардың ауысу салдарынан (бұлшық еттің қысқаруы) ол үзілгіш және ирек тәріздес болады. Бұл түйрелген жараларды қауіпті  етеді, өйткені зақымдалу тереңдігі  мен ішкі органдардың ықтимал  жаралануын анықтау қиын.

а)                                                  б)

 

Сурет-12 Атыс қаруынан болған  жарақат.

 

Кесілген  жаралар жүзі өткір заттар арқылы болады ( пышақ, ұстара, шыны және т.б.). кесілген жаралардың шеті тегіс және зақымданбаған болып келеді. Қан  жиі ағады (10-сурет).

Жарымдалған жаралардың шеті тегіс және ластану  деңгейі үлкен, қанның ағуы жиі.

Тілінген  жаралар ауыр өткір заттың тиюінен  болады( балта, қылыш). Сырттай қарағанда  кесілген жараны еске түсіреді, алайда зақымдану аумағы үлкенірек, кейде  тіпті сүйектің зақымдануына апарып соғады. Жараның шеті біршама ісінеді.

Сыдырылған  жаралар ауыр жалпақ заттың соққысынан (балға, тас және т.б.). сыдырылған жаралардың шеті ісінеді, тегіс емес, қан қатады, тамырлардың және олардың тығындалуының  нәтижесінде жара шетінің нәрленуі бұзылады. Ісінген ұлпалар микробтардың көбеюіне септігін тигізеді (11-сурет).

Атыс  қаруынан болған жаралар атыс  қаруының зақымдау салдары болып табылады. Қару түріне байланысты оқтан жаралану, бытырадан жаралану, жарықшақтан  жаралану (мина, граната, снаряд). Атыс қаруынан болған жарақат тесік болуы  мүмкін. Жаралаушы зат тесіп өтеді  және оның кіріп-шығу саңылауы болады. Кейде зат денеде тұрып қалады, ал кейде тиіп өте шығады (12а –сурет).

Кіретін саңылау тесік жарақат кезінде  шығатын саңылаудан анағұрлым кіші болады. Жарақаттаушы зат ұлпа ішінде қалып қойған кезде басқа затқа  айналады. Жараланған жерге киімнің  қалдығы тұрып қалуы мүмкін, ол жара ішінде қалып оны іріңдетеді (12б –сурет).

Атыс  қаруынан болған жаралар сан-алуан  және күрделі болып келеді. Күрделі  жаралар кезінде оқ бірқатар органдар мен қуыстарды тесіп өтеді, мысалы, құрсақ қуысы, көк ет, плевра қуысы. Сонымен қатар бірнеше органдарды зақымдайды. Барлық ауралар сырқырау мен қанның ағуымен және үңіреуімен сипатталады.

Саусақ , тіс, тіл, жыныс органдары, құйрық сезімтал.

Жараның үңіреюі-оның шетінің алшақтауы  серіппелігіне байланысты және жұмсақ ұлпалардың қабілеттілігі төмендейді.

 

  • 5.3. Жарақаттар кезінде асқынушылық
  •  

  •  Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Қалған жағдайлардағы жаралар микроорганизмдер үшін ашық есік ретінде-жұқпалы ауруларды асқынжарушы ретінде қызмет етеді.

    Микробпен зақымданаған жараны жұқтырмалы, ал оқыс арқылы пайда болған аурады жара инфекциясы деп атайды. Микробтар жараға жарақаттаушы заттар мен ағаштың қабығымен, жердегі  түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның  төңірегін қолмен арқылы өнеді.

    Газдан  шіру аяқ жарақаттан жиірірек байқалады. Аурудың анық белгілерінің бірі жеңіл  шаншудың пайда болуы, артынша қатты  сырқыратуға ауысады. Жараның төңірегі домбығады, аяқтың тері жамылғылары  су үстін қара дақ басады. Тамырдың соғуы тоқтайды. Сипаған кезде  шықырлайды.

    Сіреспенің  алғашқы белгілері жоғары температура (39-41 градус), жара төңірегінде бұлшық еттің еріксіз дірілдеуі асқазан  төңірегінің, іш бұлшық еттің шаншуы жұту кезіндегі қиыншылық, беттің ымдау  бұлшық етінің қысқаруы ауызды аштырмайтын  шайнау бұлшық етінің қысқаруы және ауыз аштырмайтын шайнау бұлшық етінің түйілуі  болып табылады. Біраздан кейін бұған  жай тітіркеніс кезінде пайда  болатын азапты құрысу қосылады.

    Асептика және антисептика туралы түсінік. Асептика-жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады.

    Информация о работе Курс лекций по "Безопасности жизнедеятельности"