ӘКУЗ – шаруашылық мақсатта
қолданатын зат, олардың қалай
болса солай сақтаулы немесе
төгілуі адамдарды жаппай улануына
алып келеді.
ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен
сақталады. ӘКУЗ қайнауға бейім,
олардың қайнау температурасы
+200С, ал атмосфераға газ немесе бу
ретінде бөлінеді, олар үлкен қашықтыққа
тарайды. Химиялық зақымдау ошағының көлемі,
оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі
және бумен дем алу нәтижесінде болуы
мүмкін.
ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілген
немесе істелінетін іс-әрекеттер:
- хлор – төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу керек;
- аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет.
Аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен
және басқа улы заттардан тыныс
органдарын қорғау үшін 30-100 минут
бойы қорғайтын противогаз кию
керек. Аммиак суға жақсы жайылады.
Осыған орай суланған мақта-дәке
таңғышы көмектеседі.
Тыныс органдарын хлордан қорғау
үшін өзінің немес балаңыздың
дәретімен шайылған мата таңғышпен
пайдаланамыз.
Бұл
уланғыш заттардың бәрінен тиімді
жеке және ұжымдық қорғау құралдары
қорғайды.
2.9. Халықты қорғаудың
ұжымдық құралдары
Халықты
қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала
салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы
қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының
қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі.
Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау
құралына жататын қорғаныс ғимараттарына
жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын
мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан
қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну
орындары жатады.
Панаханалар толқын соққысынан,
жарық сәулесінен, өткір радиациядан
және радиоактивті зақымданудан,
ядролық жарылыстың зақымданғыш
факторларынан, сондай-ақ уланғыш
заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар
мен қатты әсер ететін улы
заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды
қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы
қырып-жою құралдарынан, зілзаладан,
радиациялық және химиялық қауіпті
объектілердегі апаттардан қорғау
– маңызды мемлекеттік міндеттердің
бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар
жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше
жақын орналасуы тиіс.
2.10. Халықты қорғаудың
негізгі әдістері мен жолдары
Ядролық қарудың ауа толқынының
соққысынан, тек осы күшті есептеп
салынған баспана немесе панахана
(убежище) ғана сақтай алады.
Жарықтық
сәулеленуден кез келген жарық
өткізбейтін бөгет қорғай алады:
ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын,
тұман, қар оның әсерін азайтады.
Жаз кезінде оның әсерінен
өрт болуы ықтимал.
Өткір
радиация - әр түрлі нәрселерден
өткенде гамма сәулелері әлсірейді,
неғұрлым кедергі көп болса,
соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы,
ашық траншея – 3 есе азайтады;
жабық траншея – 7-10 есе азайтады;
бір қабатты ағаш үй – 10-15
есе; Жер астындағы үй –
7-15 есе (земляка), арнай дайындалған
жер асты үйі – 400 есе; Көп
қабатты үй подвалы – 100-400 есе;
арнай салынхан баспахана –
1000 есе; темір бетоннан салынған
баспана, шахта, тау қуысы –
түгел қорғайды еш зиянсыз.
Радиоактивті
ластану – жарылыс болған жердегі топырақ,
шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай
жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп
ластайды. Ол 3 зонадан тұрады:
- қауіпті зона;
- күшті ластанған зонасы;
- аздау ластанған зонасы.
Ластау мөлшеріне байланысты:
- жарылыс түрінен (бомбаның);
- оның күшінен (неше мегатонна);
- жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;
- эпицентрден қашықтығынан;
- жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.
Арнайы қорғану құрылымы бұл
соғыс және бейбіт уақыттағы
ядролық және химиялық қауіп
қатерде пайдаланатын герметикалық
қорғау құрылымы. Арнайы қорғану
құрылымында паналайтын адамдар
тері мен тыныс жолдарын қорғайтын
құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға
қарсы панахана бұл адамдарды
жедел сәуле мен радиоактивті
заттар және биологиялық аэрозольдерден
қорғайтын құрылым. Қарапайым
панахана бұл жер қабатындағы
саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған
үңгір (землянка). Бұларды жасауға
көп уақыт кетпейді және оларда
адамдар тиімді қорғана алады.
Қорғаныс құрылымдары қызметіне,
орналасу уақытына, қорғану қасиетіне
және сиымдылығына байланысты
топталады (Сурет 4 ).
Қызметіне
байланысты қорғаныс құрылымы жалпы
және арнайы болып бөлінеді. Жалпы
қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы
халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі
құрылымы басқару органдары қызметіндегі
қызметкерлер, байланыс және хабарлау
жүйелері және емдеу мекемелерінің
қызметкерлерін олардың құралдарымен
қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі
бұл органдар тоқтаусыз жұмыс
жасау керек.
Азаматтық қорғаныстың қорғану
құрылымы
Қорғану құрылымы
(убежище)
Радиацияға қарсы
панахана (укрытие)
Қорғаныс
қасиеттер бойынша
Топтарға
Тұрғызу
шарты ьойынша
Арнайы
салынған
Икемден-дірілген
Салынуы бойынша
Алдын
ала тұр-ғызылған
Тез
арада тұрғызылған
Қорғаныс
қасиеттер бойынша
Тұрғызу
уақытысы бойынша
Сиымдылы-ғы бойынша
Орналасуына
байланысты
Қызыметіне байланысты байланысты
Топтарға
Алдын
ала тұрғызылған
Теэ тұргызылатын
Кіші
(150-600)
сыйымдылы
Орта
(600-2000)
сыйымдылы
Үлкен
сиымдылы (600 көп ад.)
Қосымша
салынған
Жеке тұрғызылған
Жалпы
Арнайы
4-Сурет. Көпшілікті
қорғау құралдарының топталуы
Көпшілікті қорғау құралдарына
арнайы қорғану құрылымы орналасуы
бойынша қосылып салынған және
жеке тұрғызылған қорғану құрылымы
болып бөлінеді. Қосылып салынған
құрылымға ғимараттың подвалын
жатқызуға болады. Бұл қорғаныс
құрылымдардың ішінде кең тарағаны.
Қорғану құрылымының жеке тұрғызылған
түрі ғимараттан бөлек орналасады.
Тұрғызылу
уақтысы бойынша алдын ала
тұрғызылған және тез арада тұрғызылған
болып келеді. Алдын ала тұрғызылған
қорғаныс құрылымы жанбайтын құрылыс
материалдарын пайдаланып салынған
салынған тұрғылықты құрылым. Ал тез
арда тұрғызылатын қорғаныс құрылымы
қолдағы бар материалдармен төтенше
жағдай туындағанда ғана тұрғызылатын
құрылым.
Қорғаныс
қасиеті бойынша қорғану құрылымы
(убежище) бірнеше топқа бөлінеді.
Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне,
оның қабырғаларының конструкциясына
және оның соққылы толқынының қысымының
белгілі бір шамасына шыдамдылығына
байланысты болуы.
Сиымдылығына
байланысты олар кіші сиымды (600 адамға
дейін), орта сиымды (600-2000 адамға дейін)
және үлкен сиымды (2000 адамнан артық)
болып бөлінеді.
Жеке қорғаныс құралдары теріні
және тыныс алу органдарын
радиоактивті, улы заттар және
биологиялық құралдардан қорғау
үшін пайдаланады. Осыған орай
жеке қорғаныс құралдары қызметіне
байланысты тыныс органдарын
және теріні қорғау, сонымен қатар
медициналық қорғау құралдарына
бөлінеді.
Тыныс органдарын қорғау
құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым
қорғау құралдары жатады.
Противогаздар
изоляциялық және фильтрлік болып
бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік
және балаларға арналған түрлерден
тұрады. Изоляциялық противогаздар
адамдарды ауа құрамындағы зиянды
заттардан қорғаса, ал филтрлік
противогаздар ауадағы әр түрлі
зиянды қоспалардан фильтр арқылы
тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың
ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік),
ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған)
және т.б. маркалары пайдалануда.
Изоляциялық противогаздардың ИП-4,
ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары
бар. Респераторлар тыныс алу
логагын радиоактивті шаңдардан
қорғайды. Мата және маталы-дәке
таңбалар да тыныс алу жүйесін
радиоактивті шаңдардан, бактериялық
заттардан қорғайды (5-сурет).
Жеке қорғаныс құралдары
Тыныс органдарын қорғау құралдары
Медициналық қорғау құралдары
Противогаздар
Респираторлар
Қарапайым құралдар
Изоляциялық
Фильтрлік
Азаматтық
Жалпы әскерлік
Балаларға арналған
Жалпы әскер-лік және азаматтық
Р-2
Балаларға арналған Р-2Д
«Лепесток» тәрізді және т.б.
Шаңға қарсы маталы маска
Маталы-дәке таңба
Радиоқорғаныс құралдары: радиопротектор-лар,
комплексон-дар, адсорбенттер
Антидоттар
Бактерия-ға қарсы құралдар
Жартылай санитарлық тазалау құралдары
ИПП-8, аптечкалар
Спецификалық профилактика-лар:сывороткалар,
антитоксиндер, бактериофаттар
Спецификалық емес профилактикалар:
Антибиотиктер, интерферондар
Теріні
қорғау құралдары
Қорғауға икемделген күнделікті
пайдаланатын киімдер
Қорғау киімдері
Изоляциялы
Фильтрлі
5-сурет. Жеке
қорғаныс құралдарының топталуы
Теріні қорғайтын құралдар
Теріні
қорғайтын құралдар қорғау және
қорғауға икемднлген күнделікті
пайдаланатын киімдерден тұрады.
Қорғау киімдері изоляциялық
(жалпы әскелік қорғаныс комплекті,
жеңіл бөлуші костюм Л-1 және
т.б.) және фильтрлік (қорғаныс
фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.)
болып бөлінеді.
Егер қарапайым
киімдерге сабындымайлы эмульсияны
сіңірсе, оны қорғаныс құралдары
ретінде пайдалануға болады.
2.12.
Медициналық қорғаныс құралдары
Медициналық қорғаныс құрардары
радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан,
бактерияға қарсы құралдардан
және жартылай санитарлық тазалау
құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс
құралдары бұл адам организмін
радиоактивті заттарға қарсы
төтеп беру мүмкіншіліктерін
арттыратын препараттар. Антидоттар
деп улы заттарды адам организмінен жоюға
арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық
құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады.
Жартылай санитарлық тазалау құралдарына
ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.
2.13. Жеке аптечка
Жарақат және күйік кезінде,
улы заттарды, бактериялық заттарды
жеке ионды сәулені әлсірету
және алдын алу үшін, өзара
және өзіне көмек көрсету, антидот
препараттары және радиопротекторлар
бар.
Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады:
1–ші
ұяда – ауруды басатын заты
бар шприц-тюбик орналасқан. Ол
қатты жарақат алғанда, сүйек
сынғанда және күйгенде колданады.
Оны пайдаланғанда сол колымен
бұдыр дөңгелегінен ұстайды да
тюбиктің денесінен оң қолысен
ұстап сағат тіліне қарай айналдырады.
Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып,
шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына
тамшы пайда болғанша ауаны шығарады.
Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары
жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің
сыртынан да егуге болады.
2-ші ұяда
- фосфорорганикалық улы заттармен
улануды әлсірететін және алдын
алатын зат – торен (6 дана)
таблеткасы дөңгелек қызыл түсті
пеналда орналасқан. Оны «Химиялық
кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан
қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса,
таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды.
Келесі қайталап қабылдау
5-6 сағаттан кейін болады.
3-ші ұяды
– түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға
қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин
(15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан
кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда
болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен
2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды.
4-ші ұяда – алқызыл түсті,
сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында
6 таблеткадан N7 радиоактивтіуланудан
қорғайтын зат – цистамин орналасқан.
Оны сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір
қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде6
таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды.
5-ші ұяда
– түссіз төрт қырлы 2 пеналда,
әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын
N4 бактерияға қарсы қолданатын
зат тетракциклин гидрохлориді
орналасқан. Оны бактериялық улану
және қауіп төнгенде, жарақат
және күйік алғанда пайдаланады.
Алдымен 5 таблетканы су ішумен
бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан
кеиін 5 таблетка қабылдайды.